Қазіргі қазақ романдарындағы жаңа жанрлар

Loading...


Дата26.03.2020
өлшемі79.59 Kb.
Қазіргі қазақ романдарындағы жаңа жанрлар

Асылында, жер бетіндегі барша халықтардың даму жолы біркелкі еместігі аян. Алғашқы қауымдық құрылыстан неғұрлым күрделі қоғамдық өмір формаларына əр халық түрлі жолдармен, түрлі уақыттарда өтіп отырды. Соңғы жылдары қазіргі романның жай-күйі көп сөз болып, талай талқыға түсті. Роман проблемасының өзекті мəселеге айналғаны соншалық – кейінгі кезде бұған бағышталып ерекше кітаптар да жарық көрді. Ғалым Р. Бердібайдың роман теориясының негізгі мəселелері жайлы еңбектерін бағалау үшін, ең алдымен, романтанудағы əлем əдебиетіндегі ұстанымдарды, роман жанрының ерекшеліктерін, қазақ романының пайда болу мен қалыптасу тарихын таразылап алу керек екендігіне көз жеткіздік. Роман – күрделі қоғамдық сана дамуының жемісі. Ол жекелеген авторлардың туындысы болғанмен, оны дүниеге əкелетін қоғамдық ойлау жүйесін де естен шығаруға болмайды. Қоғамдағы ой-сана толып жетілмей, роман дүниеге келе алмайды. «Роман жанры дамуының өзіндік тарихи ерекшелігі бар. Барлық əдеби жанрлар ішінде болмыс, өмір, адам, қоғам, тіршілік тарихын, уақиғаларын, проблемаларын, уақыт, кеңістік өлшемдерінде көлемді түр, кестелі түрде бейнелей алатын, тереңдей қозғайтын, көркем көрсетуге мүмкіндігі өлшеусіз мол жанр – роман. «Аяз би», «Жармақ», «Қылкөпір», «Əн салуға əлі ерте», «Жаңғырық», «Қараөзек», «Мешкей», «Алаң», «Қаһарлы Алтай», «Туажат», «Тар кезең», «ХХ ғасыр», «Гүлдер мен кітаптар», «Талтүс», «Мұнара», «Ай қараңғысы» т.б. романдар бүгінде оқырман қауымға жаңа идея мен жаңа ой сыйлауда. Аталған романдардың жазылуы стилі де əр түрлі. «Адамзат барда – роман бар. Эпосқа жүк боларлық адам тағдыры андағайлайды. Бар құпия осында, сондықтан да адамзат мифы қилы да қиян қоғаммен əдеби əлем ретінде қатар өмір сүре берері хақ. Роман, ұлы Ахаңның (Байтұрсынов) айтуынша, — бар-жоғы əңгіме. Иə, «ұлы əңгіме». Ал адам жүрген жерде əңгіме пəлсапаланып, өсек өре жөнеледі... Романда толқын-толқын болып туып отырады . Əр тағдыр – бір роман. Кез келген пенденің қысқа өмірі – ұзақ эпос, ұзын əңгіме. Олай болса, эпос жыры ғұмыр бойы жырлана бермек» деп, Асқар Алтай айтқандай, романның халық үшін берері көп. Ең алдымен, қазіргі романдардың тақырыптық ауқымы кеңейе түскенін, халқымыз тарихының түрлі кезеңдері, Қазақстанның шартараптарында болған оқиғалардың тізбегі молынан көріне бастағанын айтар едік.. «Роман» дегенде, ең алдымен, бұл қазіргі күндегі ең өнімді жанр еместігін ескеруіміз керек. «Қазіргі қазақ романы» дегенде Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кітаптары», Айгүл Кемелбаеваның «Мұнарасы» алдымен ойға оралады. Себебі бұл шығармаларда постмодернистік сарын бар, бұрынғыларға ұқсамайтын, формалық ізденістер байқалады. «Гүлдер мен кітаптар» эстетикалық, философиялық сипатымен құнды болса, «Жармақ» қазіргі қазақтың екіге жарылған образын, біздің кері кеткен қоғамды анық көрсетті, «Мұнара» замандасымыздың бейнесімен қымбат. Таласбек Əсемқұловтың «Талтүсі», Смағұл Елубайдың «Жалған дүниесі» дəстүрлі романның лайықты жалғасы деуге болады. Соңғы кезде біз тұшынып оқыған дүниелердің ішінде Тынымбай Нұрмағамбетов, Төлен Əбдік, Асқар Алтай, Роза Мұқанованың шығармалары болды, бірақ олардың көбі хикаят пен əңгіме. Көлемді жанрда, əрине, Қажығұмар Шабданұлының «Қылмысын» ұмытуға болмайды. «Түрмеде жазылған əдебиет», «Мемуарлық роман» деп аталып жүргенімен, ол бір адамның ғана емес, күллі қоғамның жай-жапсарынан хабар беретін туынды ретінде бағасын да алды. Роман жанрының өзінен бұрынғы жанрлардан айырмашылығы туралы ғалымдар онда фабула болмайтынына, қарапайым өмірдегі жағдайдан басталып, жеке кейіпкердің əрекеті суреттелетініне назар аударады. «Сервантес начинает писать «Дон Кихота» не зная, чем закончится и даже какие этапы и дороги пройдет его повествование. Он исходит из определенной коллизии, начальной ситуации, а далее события развиваются уже как бы сами по себе», — дейді орыс ғалымы Кожинов. Қазіргі қазақ прозасының жай-күйі, шама-шарқы, бағыт-бағдары туралы пікір айту, болжам жасау аса қиын. Біз ғасырлар тоғысқан, жаңа мыңжылдықтар орын алмастырған, заманалар ауысқан кезеңге дөп келдік. Ауылдан қалаға көшіп, қағаз бен қаламнан компьютерге көшіп етене ене бастаған жұрт əлі де табалдырығын аттаған жаңа əлемге бой үйрете алмауда. Бұған əдебиет пен əдебиетшіге, жазушы мен кейіпкерге көңіл бөлгісі келмейтін, шығармашылық адамдардың жай-күйін жасауға құлықсыздық танытып отырған нарықтық заманды қосыңыз.Т.Əбдiковтiң «Парасат майданы» повесi, А.Жақсылықовтың «Аласталғандардың түсi» трилогиясы, Х.Əдiбаевтың «Жұлдыздар шоғыры» ашық сырласу романы, С.Елубайдың «Жалған дүние» толғау-романы, Б.Мұқайдың «Өмiрзая» романы, Т.Əсемқұловтың «Талтүс» романы, Д.Амантайдың «Түнгi жарық» романы, Р.Мұқанованың «Құдiрет-кие» повестер жинағында, А.Кемелбаеваның «Мұнары», «Майа» роман-повестерiнде жəне кейiнгi толқын жазушылар шығармаларында адам санасының екiге жарылуы, екiншi Менiмен бейсаналық түрде айтысқа түсуi, əлеуметтiк, саяси, рухани келеңсiздiктердi жан-жақты терең көркем бейнелеу үшiн аллегориялық тəсiлдер ретiнде əдеби айналымға енiп отыp .

Бізге 1927 ж. «Огонек» журналының бас редакторы Кольцовтың идеясымен, Александр Грин, Исаак Бабель, Леонид Леонов сынды беделі бел қайыстырар 25 жазушының бірін бірі жалғап жазып шыққан «Большие пожары» атты ұжымдық романы, серб жазушысы Милорад Павичтің ілгеріден кейін оқығанда басқа оқиға, соңынан алдына қарай оқығанда, тіпті басқа оқиға желісі шығатын, оқырманға романның жүзге тарта шешімін қатар ұсынып, қалағанын таңдауға мүмкіндік беретін роман-сканворды сынды, сонымен қатар əлем əдебиетіндегі ребус-кітап, гипертекст, пошымы мен мазмұны, құрылымы жағынан түрлі экспериментке түсетін əдеби пазлдар, мозаикалар сияқты туындылар керек. Қазіргі қазақ романдарында постмодернизм басым екенін айтып өткен болатынбыз. Бұл ағымның бастауын біз ХХ ғасыр соңы жəне ХХІ ғасыр басында туған шығармалармен тығыз байланыстырамыз. Атап айтқанда, Р. Мұқанова, А. Жақсылықов, А. Алтай, Д. Амантай, А. Ихсанов сынды жазушылардың шығармаларында жаңа поэтикалық өлшемдер анықталады. Адамзат баласының ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басынан бастап əдебиет əлемінде тың өзгерістер болды. Ал, өзгеріс, бетбұрыстардың өздігінен бола қоймайтыны мəлім. Адамзат қауымының ішкі əлемі, жан дүниесіндегі бұлқыныс, сілкініс пен серпіліс, бəрінен бұрын, дəл бұрынғыша, ғұмыр кешудің енді мəні болмасына баршаның көзі жетті. Бұл, əрине, қазақ əдебиетіндегі жаңа көзқарастар. Қазақ романындағы жаңашылдықтар.



Əдебиеттер тізімі

1 Жарылғапов Ж.Ж. Қазақ прозасы: модернизм жəне постмодернизм: моногр. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2015. — 290 б.

2 Жарылғапов Ж.Ж. Қазақ прозасы: ағымдар мен əдістер: моногр. — Қарағанды: Гласир, 2009. — 400 б.

3 Төлеубаева К.А. Қазақ романындағы кейіпкерлердің рухани əлемі. — Қарағанды: Санат, 2007. — 104 б



4 Камалқызы Ж. Рахманқұл Бердібай жəне қазақ роман. — Алматы: Волкова Е.В., 2016. — 320 б.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...