Қазыналы биікте. Р. Нұрғалидің азаматтық, ұстаздық, ғалымдық келбеті. Алматы, «Innopress», 2005. 312 бет



жүктеу 4.53 Mb.
бет1/22
Дата15.05.2017
өлшемі4.53 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

ҚАЗЫНАЛЫ БИІКТЕ. Р.Нұрғалидің азаматтық, ұстаздық, ғалымдық келбеті. –Алматы, «InnoPRESS», 2005. -312 бет.


Бұл жинақта Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ғылым саласындағы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Р.Нұрғалидың азаматтық, ұстаздық, ғалымдық келбеті туралы әдебиет зерттеушілерінің, шәкірттерінің, қатарлас-қаламдастарының сындарлы ой-пікірлері, толғаныстары берілген.
Кітап студенттерге, ізденушілерге, көпшілік әдебиет сүйер қауымға арналады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ РЫМҒАЛИ НҰРҒАЛИҰЛЫ НҰРҒАЛИДЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ

– Рымғали Нұрғалиұлы НҰРҒАЛИ 1940 жылы 1 маусымда Семей облысының Абыралы ауданы Қайнар селосында туған.

1957 ж. – Семей облысы Шұбартау ауданы Баршатас селосындағы қазақ орта мектебін медальмен бітірді.

1958-1963 жж. – Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің алдымен қазақ тілі мен әдебиеті (2 курс), артынан журналистика бөлімінің студенті.

1960 ж. Алматыда өткен Орта Азия және Қазақстан студенттерінің ғылыми конференциясында «Иран тақырыбы қазақ әдебиетінде. Сабыр Шарипов» тақырыбында баяндама жасады.

1962 ж. Қазан университетінде өткен бүкілодақтық студенттердің ғылыми конференциясында «Қазақ-татар әдеби байланыстары тарихынан. Ғ.Ибраһимовтың «Қазақ қызы» романы» тақырыбында баяндама жасады.

1962-1965 жж. Республикалық «Лениншіл жас» газетінің қызметкері, Тың өлкесіндегі тілші.

1963-1966 жж. Қазақ мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының аспиранты.

1966-1968 жж. – Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының сын секциясының меңгерушісі.

1967 ж. – «Мұхтар Әуезовтың традегиялары» тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады.



  • 1968 ж. – Омбыда өткен қазақ әдебиеті күндеріне қатысты.

  • «Трагедия тақырыбы» монографиясы басылды.

  • 1968-1970 жж. – Қазақ мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті

кафедрасының доценті.

  • 1969 ж. – СССР жазушылары Одағының мүшесі.

  • «Жалын» альманағының (кейін журналының) редколегия мүшесі.

  • Душанбеде өткен Орта Азия және Қазақстан сыншыларының

аймақтық кеңесіне қатысты.

  • «Талант тағдыры» кітабы шықты.

  • 1970 ж. – Қазақ ССР мәдениет министрлігі репертуар

коллегиясының мүшесі.

  • 1970-1972 жж. – Қазақ мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті

кафедрасының докторанты.

  • 1971ж. – Кишиневте өткен Молдавия жазушыларының съезіне

қатысты.

1972-1986 жж. – «Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми мақалалар жинағының редколлегия мүшесі.

- 1973 ж. – «Қазақ драматургиясының поэтикасы» тақырыбында филология ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Қазақстан және Өзбекстаннан түскен домалақ арыздарда айтылған «диссертацияда ұлтшылдық, Алашорда жазушыларын мадақтау, саяси қателер бар» деген тұжырыммен Москвадағы Жоғары аттестациялық комиссия еңбекті бес жыл бойы қарап, ең соңғы сатыда бекітпей тастады.

- 1973-1983 жж. – Қазақ мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті.

- Алматыда өткен Азия мен Африка елдері жазушыларының конференциясына қатысты.

- «Күретамыр. Қазақ драматургиясының поэтикасы» монографиясы шықты.

- Театр сыншыларының Ригада өткен бүкілодақтық конференциясына қатысып, баяндама жасады.

- 1974 ж. – «Өнер алды – қызыл тіл» кітабы шықты.

- Қазақ тілі мен әдебиеті кафедралары меңгерушілерінің республикалық кеңес-семинарын өткізуде жасаған еңбегі үшін (жауапты хатшы) Қазақ ССР Жоғары оқу орындары министрінің бұйрығымен алғыс жарияланды.

- Москвада өткен сыншылардың бүкілодақтық жиналысына қатысты.

- 1975 ж. – Бүкілодақтық білім қоғамының құрылтайына қатысты.

- 1977 ж. – «Дән» новеллалар кітабы жарияланды.

- 1978 ж. – Грузияда өткен совет әдебиеті күндеріне қатысты.

- 1979 ж. – «Поэтика драмы» монографиясы орыс тілінде жарияланды.

- «Өнердің эстетикалық нысанасы» кітабы басылды.

- 1981 ж. – «Зерно. Новеллы» кітабы орыс тілінде жарияланды.

- 1982 ж. – «Қазақ әдебиеті» газетінің редколлегия мүшесі.

- 1983 ж. – «Проблемы жанров казахской советской драматургии» тақырыбында филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін орыс тілінде диссертация қорғады. Сол жылы ғылым докторы дипломын алды.

- 1984 ж. – Москвадағы Жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен профессор атағы берілді.

- Жоғары мектептің үздік қызметкері белгісі берілді.

- Москвадағы М.Горький атындағы әдебиет институтында лекция оқыды.

- 1985 ж. – Алматыда өткен Халықаралық сыншылар ассоциациясының (МАЛК) конференциясына қатысты.

- «Айдын. Қазақ драматургиясының жанр жүйесі» монографиясы басылды.

- 1985-1986 жж. – Қазақ университеті филология факультетінің деканы.

- 1986 ж. – СССР жазушылар одағы басқармасы Әдеби сын кеңесінің мүшесі.

- «Телағыс. Әдеби дәстүр мен әдеби даму» монографиясы басылды.

- «Большая советская энциклопедия» баспасының ғылыми-редакциялық кеңесінің мүшесі.

- СССР жазушылары ҮІІІ съезінің делегаты.

- Қазақ ССР Министрлер советінің жанындағы Терминология және ономастика комиссияларының мүшесі.

- 1986-1997 жж. – Қазақ энциклопедиясының бас редакторы.

- Қазақ мемлекеттік университеті және Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты мамандандырылған ғылыми кеңестерінің мүшесі.

- 1987 ж. – «Қазақ революциялық поэзиясы» монографиясы басылды.

- 1988 ж. – «Айдын», «Телағыс», «Қазақ революциялық поэзиясы» әдеби-сын трилогиясы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.

- 1989 ж. – Қазақстан ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.

- Республика делегациясы құрамында Чехославакияда өткен Қазақстан мәдениеті күндеріне қатысты.

- «Ай қанатты арғымақ» роман, новеллалар кітабы шықты.

- «Древо обновления» монографиясы орыс тілінде басылды.

- 1990 ж. – Семей облысы Абай ауданының құрметті азаматы атағы берілді.

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комитетінің мүшесі.

- «Ана тілі» газетінің редколлегия мүшесі.

- Пекиндегі ұлттар институтында Қазақстанда қудаланған жазушылар тағдыры туралы баяндама жасады.

- Абыралы ауданын қалпына келтіру жөніндегі Мемлекеттік комиссияның мүшесі.

- 1991-1996 жж. – Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы.

- «Арқау. ІІ томдық шығармалары» басылып шықты.

- СССР жазушылары ІХ съезінің делегаты.

- 1992 ж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы филология және өнертану сараптау кеңесінің төрағасы.

- Қазақстан ПЕН-клубының мүшесі.

- М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инстиуты жанындағы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесінің мүшесі.

- 1992-1999 жж. – Қазақстан Жазушылар одағының халықаралық Алаш сыйлығы комиссиясының төрағасы.

- 1993 ж. – «Қазақ энциклопедиясы. Казахская энциклопедия» кітабы басылды.

- Түркі мемлекеттері мен елдері достық, туыстық және іс бірлігі І құрылтайына қатысып, сөз сөйледі (Анталия қаласы).

- 1994 ж. – Түркі мемлекеттері мен елдері достық, туыстық және іс бірлігі ІІ құрылтайына қатысып, сөз сөйледі (Ізмір қаласы).

- Сеул университетінде қазақ әдебиетінің даму жолдары тақырыбында баяндама жасады.

- 1995 ж. – Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі болып сайланды.

- ЮНЕСКО шешімімен Парижде өткен Абайдың 150 жылдығына арналған симпозиум-коллоквиумға қатысып, баяндама жасады.

- Дели қаласында Индия әдебиет академиясы ұйымдастырған Абайдың 150 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысып, баяндама жасады.

- 1996 ж. – Улан-Баторда өткен «Азия елдеріндегі баспасөз: проблемалар, перспективалар» халықаралық конференциясына қатысып, баяндама жасады.

- 1997 ж. – Түркия мен Қазақстан бірігіп жариялаған М.Әуезовтің шығармашылығына арналған Халықаралық бәйгеде «М.Әуезовтің көркемдік әлемі», «Алаш ұранды әдебиетте Әуезов көтерген азаттық идеясы», «Дала тағдырын толғаған ұлы шығарма» еңбектері үшін бірінші сыйлық берілді.

- «Әуезов және Алаш» монографиясы басылды.

- «Вашингтон таймс» газеті Америкада өткізген Халықаралық конференцияға барды (Вашингтон қаласы).

- Венгрияда өткен М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған Қазақстан күндеріне қатысты.

- Қазақстан ғылымы мен техникасына қосқан аса үлкен табысы үшін берілетін Мемлекеттік стипендия тағайындалды.

- 1998 ж. – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ғылым және техника қайраткері атағы берілді.

- «Вершины возвращенной казахской литературы» кітабы орыс тілінде жарияланды.

- Меккеге қажылыққа барып қайтты.

- 1999 ж. – Қазақстан Республикасы ғылым саласы бойынша мемлекеттік сыйлықтар беру комиссиясының мүшесі.

- «Абай», «Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - ғылым академиясының хабарлары. Тіл-әдебиет сериясы» журналдарының редакция алқасының мүшесі.

- Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялау комиссиясының президиум мүшесі.

- Халықаралық тұрақты алтайтану конгресінің (PIAC) Прагада өткен 42 мәжілісіне қатысып, баяндама жасады.

- 2000 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Р.Нұрғалидың ғылыми, жазушылық, педагогтық қызметіне арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.

- 2000 ж. - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.

- 2000 ж. - Айғақ. Зерттеулер, мақалалар.

- 2000 ж. - Сырлы сөз. 1 томдық зерттеулер.

- 2001 ж. - Драма өнері. Монография.

- 2002 ж. - Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры.

- 2003 ж. - Сөз өнерінің эстетикасы. Монография.

- 2003 ж. - Әдебиет теориясы. Оқулық-хрестоматия.

- 2004 ж. - Қазақтың жүз романы. Оқу құралы.

- 2005 ж. - Алашордынцы. Монография.

- 2005 ж.- Орыс классикалық драматургиясы.

- 2005 ж. - Б.Кенжебаев. Биобиблиография.

- 2005 ж. - Алаш туы астында.

- 2005 ж. - Эпическая драматургия. Монография.

- 2005 ж. - Қазақ әдебиеті. 11 сынып оқулығы.



ОСНОВНЫЕ ДАТЫ ЖИЗНИ И ДЕЯТЕЛЬНОСТИ АКАДЕМИКА НАЦИОНАЛЬНОЙ АКАДЕМИИ НАУК РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН РЫМГАЛИ НУРГАЛИУЛЫ НУРГАЛИ (НУРГАЛИЕВ)

Рымгали Нургалиулы НУРГАЛИ (Нургалиев) родился 1 июня 1940 года в селе Кайнар Абралинского района Семипалатинской области.

- 1957 г. – Закончил с медалью Баршатасскую казахскую среднюю школу Чубартауского района Семипалатинской области.

- 1958-1963 гг. – Студент филологического факультета (2 курса отд. Каз.языка и литературы, после журналистики) Казахского государственного университета.

- 1960 г. – На научной конференции студентов Средней Азии и Казахстана выступил с докладом: «Тема Ирана в казахской литературе. Сабыр Шарипов». (г.Алматы).

- 1962 г. – Выступил на всесоюзной студенческой конференции с докладом: «Из истории казахско-татарских литературных связей. Роман Г.Ибраһимова «Дочь казаха». (Казанский университет).

- 1962-1965 гг. – Работник республиканской газеты «Лениншіл жас», собственный корреспондент по Целинному краю.

- 1963-1966 гг. – Аспирант кафедры казахской литературы Казахского университета.

- 1967 г. – Защитил диссертацию на соискание ученой степени кандидаты филологических наук по теме «Трагедии Мухтара Ауэзова».

- 1968 г. – Участник Дней казахской литературы в г.Омске.

- Издана монография «Природа трагедии».

- 1968-1970 гг. – Доцент кафедры казахской литературы Казахского университета.

- 1969 г. – Член Союза писателей СССР.

- Член редколлегии альманаха (после журнала) «Жалын».

- Участник регионального совещания литературных критиков Средней Азии и Казахстана (г.Душанбе).

- Вышла книга «Судьба таланта».

- 1970 г. – Член Репертуарной коллегии Министерства культуры Казахской ССР.

- 1970-1972 гг. – Докторант кафедры казахской литературы Казахского университета.

- 1971 г. – Участник съезда писателей Молдавии (г.Кишинев).

- 1972-1986 гг. – Член редколлегии научного сборника «Қазақ тілі мен әдебиеті».

- 1973 г. – Защитил диссертацию на соискание ученой степени доктора филологических наук на тему «Поэтика казахской драматургии». Высшая Аттестационная комиссия (ВАК) Москвы, продержав работу 5 лет, на конечной стадии отклонила за «национализм, восхваливание алашордынцев, политические ошибки», которые были указаны в анонимных письмах, присланных из Казахстана и Узбекистана.

- 1973-1983 гг. – Доцент кафедры казахской литературы Казахского университета.

- Участник конференции писателей Азии и Африки в г.Алматы.

- Вышла в свет монография «Главное направление. Поэтика казахской драматургии».

- Выступал с докладом на Всесоюзной конференции театральных критиков в г.Риге.

- 1974 г. – Издана книга «Искусство слова».

- За проведение семинара – Совещания заведующих кафедрами казахского языка и литературы Указом министра Высшего образования Казахской ССР награжден Почетной грамотой.

- Участник Всесоюзного совещания литературных критиков в г.Москве.

- 1975 г. – Участник съезда Всесоюзного общества «Знание».

- 1977 г. – Издана книга новелл «Зерно».

- 1978 г. – Участник Дней советской литературы в Грузии.

- 1979 г. – Вышла в свет монография «Поэтика драмы» на русском языке.

- Издана книга «Эстетическая сущность литературы».

- 1981 г. – Издана на русском языке книга «Зерно. Новеллы».

- 1982 г. – Член редколлегии газеты «Қазақ әдебиеті».

- 1983 г. – Защитил диссертацию на соискание ученой степени доктора филологических наук на тему: «Проблемы жанров казахской советской драматургии». В этом же году получил диплом доктора наук.

- 1984 г. – Решением ВАК СССР присвоено звание профессора.

- Вручен знак «Отличник высшей школы».

- Читал лекции в Литетурном институте имени М.Горького в г.Москве.

- 1985 г. – Участник конференции Международного ассоциации литературных критиков в г.Алма-Ате.

- Издана монография «Эстетические искания казахской драматургии».

- 1985-1986 гг. – Декан филологического факультета Казахского университета.

- 1986 г. Член Совета критики Союза писателей СССР.

- Издана монография «Традиции и литературный процесс».

- Член научно-редакционного Совета издательсвта «Большая советская энциклопедия».

- Делегат ҮІІІ съезда Союза писателей СССР.

- Член Комиссии по «Терминологии и ономастике» при Совете Министеров Казахской ССР.

- 1986-1997 гг. – Главный редактор Казахской энциклопедии.

- Член специализированных научных Советов Казгосуниверситета и Казгопединститута.

- 1987 г. – Вышла в свет монография «Казахская революционная поэзия».

- 1988 г. – Лауреат Государсвтенной премии Казахской ССР за литературно-критическую трилогию «Эстетические искания казахской драматургии», «Традиции и литературный процесс», «Казахская революционная поэзия».

- 1989 г. – Избран членов-корреспондентом Академии наук Казахской ССР.

- В составе Республиканской делегации участвовал в Днях культуры Казахстана в Чехославакии.

- Издана книга «Скачки завтра. Роман. Новеллы».

- На русском языке вышла в свет монография «Древо обновления».

- 1990 г. – Почетный гражданин Абайского района Семипалатинской области.

- Член комитета по Государсвтенным премиям Казахской ССР.

- Член редколлегии газеты «Ана тілі».

- Выступал с докладом о репрессированных писателях в Институте национальностей (г.Пекин).

- Член Государсвтенной комисси по восстанвлению Абралинского района.

- 1991-1996 гг. – Секретарь Правления Союза писателей Казахстана.

- Издан двухтомник научных исследований.

- Делегат ІХ съезда писателей СССР.

- 1992 г. – Председатель Экспертного совета по филологии и искусствоведению Государственной аттестационной комиссии Республики Казахстан.

- Член диссертационного Совета по защите докторских диссертации при Институте литературы и искусства имени М.О.Ауэзова.

- Член ПЕН-клуб Казахстана.

- 1992-1999 гг. – Председатель комиссии по присуждению международной премии Алаш Союза писателей Казахстана.

- 1993 г. – Вышла в свет книга «Қазақ энциклопедиясы. Казахская Энциклопедия».

- Выступал с докладом на І съезде дружбы, взаимопонимания и делового сотрудничества тюркских народов и народностей (г.Анталия).

- 1994 г. – Выступал с докладом на ІІ съезде дружбы, взаимопонимания и делового сотрудничества тюркских народов и народностей (г.Измир).

- Выступал с докладом о путях развития казахской литературы в Сеулском университете.

- 1995 г. – Избран академиком Международной академии информатизации.

- Выступал с докладом на семинаре-коллоквиуме, посвященном 150-летию Абая (ЮНЕСКО г. Париж).

- Выступал с докладом на международной конференции в Литературной академии Индии, посвященному 150-летию Абая (г.Дели).

- 1996 г. – Выступал с докладом на международной конференции «Печать в странах Азии: проблемы, перспективы» (г.Улан-Батор).

- 1997 г. – Получил первую премию на международном конкурсе (Казахстан, Турция) за цикл статей «Художественный мир Ауэзова», «Идея свободы в творчестве Ауэзова в контексте алашской литературы», «Великая книга о судьбе степи», посвященных новому чтению Ауэзова.

- Издана монография «Ауэзов и Алаш».

- Участник международной конференции, организованной газетой «Вашингтон таймс» (г.Вашингтон).

- Участник Дней Ауэзова в Венгрии.

- Обладатель Государственной стипендии за выдающийся вклад в науку и технику Республики Казахстан.

- 1998 г. – Присвоено звание заслуженного деятеля науки и техники Республики Казахстан.

- Издана монография на русском языке «Вершины возвращенной казахской литературы».

- Совершил хадж в Мекку.

- 1999 г. – Член комиссии по присуждению государственных премии в области науки Республики Казахстан.

- Член редколлегии журналов «Абай», «Известия» Министерства науки – академии наук РК. Серия литературы и языка».

- Член Президиума ВАК Республики Казахстан.

- Выступал с докладом на постоянной международной 42-ой конференции алтаистики в г.Праге (PIAC).

- 2000 г. - Айғақ. Материалы и исследования.

- 2000 г. - Сырлы сөз. Литературная критика, исследования.

- 2001 г. - Драма өнері. Монография.

- 2002 г. - Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Монография

- 2003 г. - Сөз өнерінің эстетикасы. Монография.

- 2003 г. - Әдебиет теориясы. Учебник-хрестоматия.

- 2004 г. - Қазақтың жүз романы. Учебное пособие.

- 2005 г. - Алашордынцы. Монография.

- 2005 г.- Орыс классикалық драматургиясы.

- 2005 г. - Б.Кенжебаев. Биобиблиография.

- 2005 г. - Алаш туы астында. Материалы и исследования

- 2005 г. - Эпическая драматургия. Монография.

- 2005 г. - Қазақ әдебиеті. Учебное пособие.



І. ҰСТАЗ

М.Құл-Мұхаммед

АЛАШҰЛЫ

(«Менің ағаларым» циклынан)

Әдетте белгілі ғалым, әдебиет қайраткері туралы мақала мерейтой тұсында жазылады. Мұндайда той иесінің бар атақ-даңқтары адақталып, оның қай жылы, қандай еңбегі үшін берілгенін санамалап шыққанша, сөз де сұйылып, ой да сарқылады. Нәтижесінде күмпілдек көңілдің сабасы шала пісіліп, оқырманға таңдайдан шығар уыз қымыздың орнына су татыған шалап бұйырады. Сондықтан бүгінгі сәті түскен әңгіме әлі жетпістің ауылынан алыс болса да, алпыстың жуан ортасына келген алаш қайраткері, академик Рымғали Нұрғали жайлы.

Ол Қазақ энциклопедиясы бас редакторы қызметіне кеңес қоғамына жыл келгендей жаңалық әкелген қайта құрудың көрігі қыза бастаған тұста келді. Бұл жыбырлап жүріп ақтаңдақтар ашылып, сыбырлап жүріп жариялылықты айта бастаған кез еді.

Ұмытпасам, 1987 жылдың күзі болатын. Бас редактор кабинетіне шақырды. Оның алдында жүзін әжім торлап, жанарынан нұр тайса да, еңкіш тартқан бойын тік ұстауға тырысып, шуақ шаша сөйлейтін қартаң әйел отыр екен.

- Мұхтар, апаңды танымаған шығарсың. Дәмеш Әмірханқызы – Темірбек Жүргенов деген ағамыздың үйіндегі жеңгеміз, сенің нағашы апаң. Еміс те болса естіген боларсың, Әлімхан Ермеков деген ұлы қазақтың қарындасы, - деп апамызды таныстырып өтті.

Темірбек Жүргенов әлдеқашан ақталған, өмірі де, еңбегі де әжептәуір жазылып, санада жатталыңқыраған есім. Ал Әлімхан Ермековтің Алашордаға қатысы барын білсем де, өмірінен толық хабардар емес едім. Нағашы деген сөздің салмағынан апамыздың кең Арқаға қанат жайған қалың арғыннан шыққанын аңғардым.

- Ал, апа, жаңағы айтқан Мұхтар деген балаңыз осы. Сіздерге жас болсақ та, біз де Абай атамызға «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арманды» айтқызған жасқа келіп қалыппыз. Алаштың рухын енді осындай қылшылдаған жастар жалғастырғаны жөн. Оның үстіне бұл жігіт Сізге жиеннің де ел болатынын дәлелдесін, - деп әзіл-қалжың араластыра түйіндеді сөзін бас редактор.

Апамыз бас редакторға алғысын айтып есікке беттеді.

Мен ол кезде энциклопедияның философия, право және социология редакциясының меңгерушісі едім. Жаңа тапқан нағашы апаммен екінші қабаттағы кабинетке көтерілдік. Ол кезде редакция меңгерушісі өзге қызметкерлермен бірге ортақ кабинетте отырушы еді. Соны аңғарып қалған Дәмеш Әмірханқызы әңгімесін қысқа ғана қайырып:

- Мұхтар, айналайын, саған айтар әңгіме де, көрсетер құжат та көп. Мүмкін жұмыстан кейін үйге келерсің. Телефонымды қалдырайын, бүгін реті келмесе қолың босағанда хабарласып, басқа кезде келеуіңе де болады, - деп жедел қоштасып, кабинеттен шығып кетті.

Сол сәтте апамыздың осынша асығыстығының сырын түсінбесем де, кейін барып аңғардым: сталиндік қуғын-сүргін, алдау-арбау, сөз тасу, тыңшылықтың талайын көрген қарт апамыз екеуара әңгімеде артық құлақтың болуын қаламаған екен.

Мейірбан жүзі әжемнен айнымайтын осы кісіні мен кейін ерекше жақсы көріп кеттім. Әрине, Темірбектей темір наркомның жары, Әлімхандай Алаш ардақтысының қарындасы болған Дәмеш апамыздың пәтеріне мен сол күні кешке-ақ келдім.

Дәмеш апа сталиндік зұлматтың жан түршігерлік азаптарын бастан кешіріп, затын былай қойып, атын естігенде бойыңды аяз қаритын Алжир (Акмолинский лагерь жен изменников Родины) лагерінде Гүлжамал Майлина, Гүлбаһрам Сейфуллина сияқты ғазиз жандармен бірге жазықсыз жапа шеккен, зорлық-зомбылықтың неше атасын көрсе де, сағы сынбаған қазақтың қайсар қыздары қатарынан. Апамыз өзі босап шығысымен-а, басын бәйгеге тігіп, Темірбек Жүргеновтің ақталуына жанын салады. Жарының реабилитациясына қатысты құшақ-құшақ құжат жинай жүріп, оны әкесіндей сыйлап, құрақ ұша қызмет көрсетумен болған.

Дәмеш апаның аянышты әңгімелерін тыңдау өте қиын болатын. Бүгінде сталиндік лагерьдің тозаққа ұқсас тірлігі көзі қарақты оқырмандардың бәріне таныс: талай кітап жазылып, талай фильм түсірілді. Ал Алаш қайраткерлерін ақтау туралы әңгіме енді-енді көтеріле бастаған сол жылдарда бұл мүлде жабық тақырып еді. Сондықтан Дәмеш апамыздың естіген жанның төбе шашын тік тұрғызатын сол әңгімелері еске түскенде әлі күнге дейін құлақ тұнып, бой шымырлайды.

Көп ұзамай апамыз мені Әлекеңнің Қарағандыда тұратын ұлы, академик, геология-минералогия ғылымдарының докторы Мағауия Әлімханұлымен таныстырды. Ол да маған әкесі жайлы тебіреніске толы естеліктерін айтты. Жалпы Ермековтер отбасын ғалымдар әулеті деуге әбден болады. Әлекеңнің туған інісі Мүсілім Ермеков те Қазақстандағы қой тұқымын асылдандыруға үлес қосқан ғалым, белгілі академик болды. Бұл әулеттің кейінгі буыны ішінде де ғылым жолын таңдағандары аз емес.

Дәмеш апамыздың сол әңгімелерінен соң, аяқталуына аз-ақ қалған «Орыс энциклопедияларындағы қазақ тарихының проблемалары» атты диссертация тағы да кейінге қалдырылып, мен қазақ ұлтын танудың түп өзегі саналатын алаштану тақырыбына біржолата бой ұрдым. Соның нәтижесінде 1989 жылдың желтоқсанында Шәкәрім, Ахмет, Мағжандар ақталатын әйгілі қаулыға дейін-ақ Ә.Ермеков туралы есімнамалық мақалалар 1989 жылғы «Қарағанды», «Қазақ ССР» қысқаша энциклопедиясының орысша, қазақша томдарында жарық көріп, көлемі екі баспа табақтық «Профессор Ермеков: көзқарас эволюциясы» атты эссе алашшыл жазушы Мұхтар Мағауин бас редакторлық жасайтын «Жұлдыз» журналының 1989 жылғы қараша айындағы санында жарияланды.

Ә.Ермеков Алашорда үкіметі басшыларының бірі болып қана қойған жоқ, оларға кешірім жасалған соң, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасын құру ісіне белсене араласты. Ол 1920 жылдың сәуір айында Ресей құрамындағы болашақ автономиялық республиканың шекарасын айқындау жөнінде В.И.Лениннің төрағалығымен өткен мәжілісте осы күнгі қазақ жерінің Ертістен, Нұрадан жоғарғы бөлігі мен бүгінгі Қазақстан байлығын еселеп отырған Каспийдің Нарын құмына дейінгі солтүстігі тұтастай Ресей жемсауына кеткелі тұрғанда Компартия хатшылары Крестинский, Сафаров, Астрахань губерниясының губернаторы Брюхановтардың аузына құм құйып, қазақ жерінің тұтастығын қорғап қалған бір еңбегімен-ақ есімі ел тарихына алтын әріппен жазылуға лайық азамат.

Ә.Ермеков өз заманының аса үлкен интеллектуал тұлғасы еді. Оның Ленин алдындағы ерлігін естіген Ахаңнан (Ахмет Байтұрсынов): «Уа, шіркін, орыста да Әлімханды тыңдауға жарайтын бір ұл туған екен», - деген лепес қалыпты.

Ә.Ермеков саясатты тастаған соң ғылыммен айналысып, қазақтан шыққан тұңғыш математика профессоры атанды. Қазақтың болашақтағы ұлы ғалымы Қаныш Сәтбаевты қолынан жетектеп, өзі оқыған Томск технология институтына түсірген де осы Ермеков екендігін Қанекең көзі тірісінде айтып та, жазып та кеткен. Тіршілік болс, Ермеков тақырыбына түбі бір айналып соғармын. Әзірге бұл әңгімені осымен тәмәмдап, келесі оқиғаға ойыссақ.

Екінші эпизод осы оқиғадан тура бір жыл өткен соң қайталанды. Бұл жолы бас редактордың алдында бәкене бойлы, ақсары өңді, ақ сүйек мінезді апам отырды.

- Ал, Мұхтар, тағы бір нағашы апаң іздеп келді сені. Түбі бар жұрағатыңды мен тауып беретін болдым саған. Бұл кісі Жақып Ақбаевтың туған қызы – Арғыния апаң. Әлекеңді жаздың ғой, Жақаң жайлы білетін боласың. Білмегеніңді осы апаң айтады. Ал, апа, бауырыңызды таптыңыз, ендігі шаруаны өздеріңіз ыңғайларсыздар, - деп бұл жолы да әңгімесін қысқа қайырды.

Арғыния апам «сыры кетсе де сыны кетпеген» дейтін қазақтың асылзада қыздарынан болатын. Жақаңның бес қызы болған: Иммузия, Арғыния, Наймания, Аспазия, Андромеда. Алғашқысы сәби күнінде шетінеп кетсе де, өзгелері өмірдің бар қиындықтарына қасқая қарсы тұрып, ғылымның әр саласынан кандидаттық диссертация қорғап, әке даңқын асырды. Арғыния Орта Азия мемлекеттік университетінің химия факультетін үздік бітірген соң химия ғылымдарының кандидаты, доценті атанып, ұзақ жылдар бойы Қыздар педагогика институтында кафедра меңгерсе, Наймания Қазақ педагогика институтының филология факультетін тәмамдаған соң, осы ғылым саласынан диссертация қорғап, доцент атағын алды. Андромеда Мәскеу мемлекеттік университетіне түсіп, кейін биология ғылымдарының кандидаты атанса, Аспазия әке жолын жалғастырып, қазақ қыздары арасынан тұңғыш заң ғылымынан кандидаттық диссертация қорғап, Жақаң зерттеген отбасы және неке тақырыбында ғылыми еңбектер жариялады. Кейін Шерағаңның естелігінен оқыдым: Алматыда тұруға тыйым салынып, Жамбылда жер аударылып жүргенде Арғыния апамыз Шерағаңа химиядан сабақ берген екен.

Мен Санкт-Петербург университетін үздік бітіріп, қазақтан шыққан алғашқы право магистрі болған, бүкіл өмірі әуелі патшалық Ресейдің отаршылдық аппараты тарапынан, кейін Кеңес Одағының сталиндік сұрқия саясатынан қуғын-сүргінде өткен алаш ардақтысы Жақып Ақбаев тақырыбына осылай келдім. Кейін ол туралы энциклопедиялық, танымдық мақалалар қазақ және орыс тілдерінде басылған монографияларға жалғасып, ақын соңында Ақбаевты қазақ жұртына алғаш таныстырған, ғұлама заңгер С.Зимановтың ғылыми кеңесшілігімен қорғалған «Алаш қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастары» атты докторлық диссертацияға ұласты. Осылайша академик Рымғали Нұрғали мені кейінгі өмірімнің бар мәні мен мағынасына арналған алаштану тақырыбына алып келді.

Кейін ағамыздан таңдаудан неге маған түскенін сұрағанымда:

- Сен қазақ тарихын зерттеп жүрген азаматсың, ал қазақты тану Алашты танудан басталады. Сонда сен тұрғызған ғылымның іргетасы берік, сен ашқан тұманың бастауы тұнық болады. Екіншіден, біздің алдымыздағы буын сталиндік зұлматтың неше атасын көріп, жігері жасыған буын. Олар көп біледі, бірақ тартынып жазады. Себебі, алдыңғы буынның осы тақарыпқа көп арандағанын өз көзімен көрген. Тіпті хрущевтік жылымықпен көзін ашқан біздің буынды күшік кезінде талап, тауын шағып, тауанын жықты. Әрине, біз де жазамыз, бірақ бізге алаш рухын алға апарар ұрпақтар тізбегі, сабақтастығы керек. Қайта құрудың қаншаға созыларын, немен аяқталатынын кім біледі. Тіпті, өлшеулі ғұмырдың дәм-тұзы қашан таусыларын кім болжаған. Бірақ біздің мақсат сол аз күндік мүмкіндікті пайдаланып, алаштың мәңгі өлмес рухы сақталған сол тақырыпты өзімізден кейінгі ұрпақтың жадына сіңіріп қалу керек еді, - деп ағынан жарылған еді.

Үшінші эпизод. Бұл оқиға 1990 жылдың көктемінде болды. Тағы сол бас редактордың кабинеті.

- Ал, Мұхтар, бүгін бір үлкен іске кіріскелі отырмыз. Энциклопедияның арғы-бергі тарихын зерттеп жүрсің ғой, біздің әлі күнге дейін қолға ала алмай жүрген бір ісіміз – есімнамалық энциклопедия шығару.

Соны Абайдан бастасақ деймін. Орталық Комитет қарсы. «Мәскеудің алдына түсуге болмайды, олар әлі «Пушкинді» шығарған жоқ», - дейді. Менің де уәжім осал емес: «Лермонтов», «Шевченко» бар, тіпті белорустар «Янка Купаланы» шығарып қойды, біз кімнен кембіз», деймін. Сонымен әзірге позициямыз текетірес. Дегенмен, «Нар тәуекел!» деп кірісіп кетсек, қара шалдың аруағы әйтеуір бір жерден алып шығар. Ұзын сөздің қысқасы, «Абай» энциклопедиясын шығаратын арнайы редакция құрамыз. Сен соған барасың. Пікіріңді сұрамаймын да. Өйткені «Абай» жұрт ойлағандай әдеби энциклопедия емес, қазақ руханиятының энциклопедиясы болуға тиіс. Сен бұған дейін тарих, әдебиет, философия, право редакцияларында істедің, тақырыпты білесің. Бәлкім, қара шалдың аруағы шығар, сені осы тақырыптардан өткізіп, осы күнге сақтаған. Бүгіннен бастап бұл іске кіріс, бұйрыққа қазір қол қоямын, - деді бас редактор. Оның «айттым – бітті, кестім - үзілдімен» қысқа қайырылған бұл сөзінен кейін мен «Абай» энциклопедиясын әзірлеуге кірісіп кеттім.

Шындығында «Абай» энциклопедиясы ұлт пайғамбарының өмірі ғана емес, оның философиялық, психологиялық, педагогикалық, тарихи, құқықтық, т.б. көзқарастары арқау етіліп, өзбектің «Науаи», әзірбайжанның «Низами», түркіменнің «Мақтымқұлы», қырғыздың «Манасы», ежелден біздің алдымызды орап кететін Кавказ жұрты халықтарының есімнамалық энциклопедияларының бәрінен бұрын жарық көріп, республика Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

«Абай» энциклопедиясын шығаруға байланысты тағы бір оқиға есімде қалыпты.

Энциклопедияға дайындық басталып, болашақ басылымның сөзтізбесі жасала бастаған кез. Бас редактор Р.Нұрғали абайтанушы профессор Мекемтас Мырзахметовпен мені ертіп Абай еліне аттанды. Мақсат – елді жаңа басылым жайынан құлағдар ету. Бұл сапар менің есімде мәңгі қалып қойды...

Дәл осы сапарда мен Абайдың нұрлы жүзін көріп, сарқытын ішкен, қазақтың ғасыр жасаған қарт ақыны Шәкір Әбенов, ұлы Мұхаңның бар мейір-шапағатына бөленген адал шәкірті, әйгілі абайтанушы, әуезовтанудың негізін салған профессор Қайым Мұхамедханов, ширек ғасыр ел басқарған, ел басқара жүріп Абай рухын ардақтақтаған қайраткер Хафиз Матаев, Абай музейінің шырақшысы ғана емес, жанашыр жоқшысы Төкен Ибрагимов, шешендігімен Димекеңнің өзін таң-тамаша қалдырған, қара тілден бал тамызған Батташ Сыдықов, сұлтанмахмұттануды жаңа биікке көтерген профессор Арап Еспенбетов, кейін Парламент депутаты болған философ Нәубәт Қалиев сияқты небір жақсы-жайсаңдармен жақын танысып, кейін сыйластығы жарасқан аға-ініге айналдық. Ең бастысы, Жидебай, Бөрілі, Күшікбай, Қасқабұлақ, Таңбалы тас, Қоңыр әулие басындағы әсерлі кездесулер менің жүрегіме әкем жаққан мәңгі сөнбес Абай шырағын одан әрі маздатты. Бұрын да тәңірдей табынатын Абай атам қай істі бастасам да қолтығымнан демеп, аруағымен жебейтін піріме айналды. Тағдырдың жазуын қараңызшы: тәуелсіздіктің жуан жіңішкеріп, жіңішке үзілердей болған алғашқы жылдарында қаржы тапшылығынан тоқтап қалған «Абай» энциклопедиясын шығару тағы менің маңдайыма жазылды. Мен мұны тағдырдың жазуы ғана емес, қара шалдың қалуы деп ұқтым. Ендеше қанша қанып ішсең де қазақ атаулының мәңгі сарқылмас кәусары Абайға тапсырып, Алашқа табыстағаны үшін асыл ағаның бұл жақсылығын қалай ұмытамын...

Тілге байланысты тағы бір эпизод.

Әйгілі Желтоқсан оқиғасынан соң «тазалау» деген науқанмен жазалау, «тыю»деген тірлікпен қырып-жою басталып, республикада кіші репрессия белең алды. Бірақ Абылай, Кенесары рухын ана сүті, ата тәрбиесімен бойына сіңірген қазақ жастарын біржолата жуасыту қиын еді. Көп ұзамай мұны түсіне бастаған билік өздерінде де кінә барын мойындаған сыңай танытып, тіл. Тұрғын үй мәселесіне көңіл бөле бастады. Академик Нұрғалиев мұны бірден қағып әкетті.

- Ал, жігіттер, көктен тілегенімізді құдай қолдан берді. Бүгін Орталықта болдым. Тез арада орысша-қазақша разговорник (ол кезде тілашар сөзі әлі қолданысқа енбеген) сөздік шығару керек. Разговорникке Мұхтар, сөздікке Орынбике (сол кезде энциклопедияда редакция меңгерушісі болып қызмет атқарған жас лингвист ғалым Орынбике Тоққожаева) жауапты. Жалпы басшылықты профессор А.О.Мусинов жасайтын болады. Уақыт аз, басшылық айнып қалмай тұрғанда тез іске кірісейік, - деп энциклопедия ұжымын жаңа бастаға жұмылдырды.

Мен сол күні-ақ кітапханаға тарттым. Зерттеп көрсек, негізінен 1980 жылғы Мәскеудегі олимпия ойындары кезінде ғана екі тілді тілашарлар шығарылған екен. Оның өзі көбінесе спорт тақырыбына арналған. Басқа республикаларда да бұл тақырып мүлде «ұмыт» қалған. Бірақ біздер бас-аяғы бір айдың ішінде қазақ тарихындағы тұңғыш орысша-қазақша тілашарды даярлап шықтық. Оған «тілашар» деп ат қойып, осы сөзді алғаш ғылыми айналымға енгізген, тұңғыш тілашардың алғашқы рецензенті академик Р.Сыздықова апамыз болды.

Екінші топ профессор С.Исаевтың басшылығымен сонау 1954 жылы жарық көрген Ғ.Мұсабаев пен Ғ.Махмудовтың «Қысқаша орыс-қазақша сөздігін» дайындап, баспаға әзірледі. Тілашар әуелі 100, кейін 150 мың, ал сөздік 100 мың, ал бұдан кейін жарық көрген «Ағылшынша-орысша-қазақша тілашар» 200 мың тиражбен басылып, аз ғана уақыт ішінде тарап кетті. Кейін мемлекеттік мәртебе алған ана тілімізге қазақ қоғамының назарын аударған осы істің басы-қасында сол баяғы ұлтжанды бас редактор жүрді. Өкінішке қарай, тәуелсіздік тұсында жарық көрген барша сөздіктер мен тілашарлардың тиражын қосып есептегенде ұзын саны жарты миллионға жетіп жығылған Р.Нұрғали басшылығымен жарық көрген сол сөздіктер мен тілашарлардың маңына да маңайлаған жоқ. Реті келгенде айта кетейік, кейбір зиялы қауым өкілдерімен салыстырғанда академик Р.Нұрғали бар баласын қазақ сыныбына беріп, қазақ мектебіне жетеледі. Бірақ ешқашан ана тіліне сіңірген еңбегін ел алдына шығып еселеп айтқан емес.

Ол кезде «қазақтың Белинскийі» атанған академик М.Қ.Қаратаев негізін салып, қазақ тарихшыларының жаңа мектебін қалыптастырған ғұлама тарихшы М.Қ.Қозыбаев жаңа биікке көтерген Қазақ энциклопедиясы 130 адам қызмет ісейтін іргелі ғылым ордасы еді. Энциклопедияның әрбір томының жарық көруі ғылыми-әдеби өмірдегі зор жаңалық көруі ғылыми-әдеби өмірдегі зор жаңалық ретінде қабылданатын. Негізінен ұлттық энциклопедиялық басылымдар шығарумен айналысатын бұл мекемеге аударма энциклопедиялар шығаруға да шек қойылмаушы еді. Осы мүмкіндікті шебер пайдаланған бас редактор сол кезеңде Мәскеуде басылған «Краткая энциклопедия домашнего хозяйства» атты біртомдықты ықшамдап, қазақша материалдармен байытып «Шаңырақ» үй-тұрмысы энциклопедиясын басып шығарды. «Шаңырақ» деген әр қазақтың «тіліне жеңіл, жүрегіне жылы тиетін» әдемі атты қойған да қазақ үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген академик ағамыз еді.

«Шаңырақ» аты аударма дегенмен, заты белгілі ғалымдар Х.Арғынбаев, А.Сейдімбек, этнографтар Ж.Бабалық, М.Юсупов т.б. авторлығымен жазылып, ұлттық салт-дәстүр кеңінен насихатталған тың материалдармен толықтырылып, әсем безендірілген төлтума басылым болды. Ел тәуелсіздігінің қарсаңында – 1991 жылы әуелгіде 100 мың тиражбен басылған бұл энциклопедия ата салтын ардақтап, ұлт тұрмысын ұрпақ өміріне серік етуде өзіндік рөл атқарды. Әлдеқашан әр үйдің кітап төрінен орын алған бұл энциклопедияға бас редактордың орынбасары – жауапты хатшы ретінде мен де хал-қадерімше үлес қостым, бірақ қазақ тарихында алғаш рет (өкінішке қарай әзірге соңғысы да осы) 345 мыңнан астам тиражбен жарық көрген бұл энциклопедияның бар жауапкершілігін көтерген нар тұлғаңыз сол баяғы бас редактор екендігін тағы бір атап өтсем артық бола қоймас.

Энциклопедия гректің «энциклос пайдейа» - ғылым-білімге үйретемін деген сөзінен шыққан екен. Шындығында әр томына бірнеше мың мақала енгізіліп, авторлығына бірнеше жүз адам тартылатын бұл басылым кез келген ұлттың үлкені мен кішісін түгелдей ғылым-білімнің қыр-сырына үйрететін басылым болатын. Академик Нұрғали осы мүмкіндікті алғашқы күннен-ақ айқын аңғарып, ұлт жадын қалыптастыру жолында қызмет етті. Сол үшін 1988 жылы Алаш қайраткерлері ақталудан бір жыл бұрын «Қазақ ССР» қысқаша энциклопедиясының 3-томына энциклопедияны қойып, күнделікті газет-журналдарда аты аталмайтын «Ермеков», «Ақбаев» сияқты мақалалар енгізілді. Бұл барлау ғана емес, басты бәйгеге тігумен бірдей еді. Себебі сол Ермеков қайтыс болғанда қарапайым қазанама бергені үшін мүйізі қарағайдай жазушымыз Ә.Әлімжанов 1972 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметінен қуылып, партиялық жаза алса, ал Ақбаев туралы қалам тартқан сол замандағы жас ғалым, бүгінде атақты академик Ғ.Сапарғалиев қуғын-сүргінге ұшыраған еді. Мұның бәрінен хабардар Р.Нұрғалидың әрекеті оның Алаш ардагерлерінің ұлы рухы алдында неден болса да тайынбайтындығын көрсетті.

Келесі, 1989 жылдың соңында Шәкәрім бастаған ұлт ұлылары ақталып, халқымен қайта табысты. Басулы тұрған әдебиет пен өнерге арналған төртінші томды қаңтарып қойып, академик Нұрғали оған Шәкәрім, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов бастаған алаш аяулыларын қосты. Өзі білек сыбанып, авторлар қатарына кірді. Кейін оның бұл еңбектері монографиялық зерттеулерге ұласып, жеке жинақтар түрінде басылды. Репрессияның азабын бастан кешіп, Степлагта отырған талантты әдебиетші, ғалым Бүркіт Ысқақовқа «репрессия», «реабилитация» атты мақалалар жазғызып, есімдері әлдеқашан ұмыт бола бастаған талай ұлт зияткерлерінің сауабын алды. Бұл аспаннан Алланың нұры жауып, ұлт жолында шейіт болған ұлылар аруағының әр қазақтың жүрегіне шапағат шырағын жаққан кез еді. Осы істің де басы-қасында аузына Мағжан түкірген кешегі Кенжебаевтың бел баласы Рымғали Нұрғали жүрді.

Академиктің әдебиетшілігін өзге шәкірттері айта жатар. Ал азаматтығы жайында мына бір жайларға арнайы тоқталып өткенім жөн сияқты.

Әуелгі әңгіме оның адалдығы жайында. Иә, жеңгелерім алдындағы адалдығын құрдастары келістірер, ал менің білетінім – ғылым мен ұстазға адалдығы.

Әншейінде жадырай күліп, жарқылдап сөйлейтін академиктің қабағы ғылым тағдыры таласқа түскен кезде қатуланып, қаһарланып кетеді. Алла тағаланың бір есімі саналатын «ғылым» сөзі академик үшін жан алысып, жан беретін ұғым. Ғылымға аярлық, қараулық жасағанды, жан досы болса да, тарпып тастауға әзір. Сондықтан ғылымға барар жолда кейбір ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүргісі келетін шәкірттері мен достарының академик алдынан жігері жасып шығатындығы және де рас. Оның бұл әрекетін қызғаншақтыққа балайтындар да бар, бірақ академик солардың біріне елпілдеп-жалпылдаған емес. Өйткені ол ғылымға тек адал қол, таза жүрекпен келуді ғана ұстанады. Бұл жолда кіммен болса да маймаңдасуға әзір.

Екіншісі – ұстазға адалдық. Мен профессор Бейсенбай Кенжебаевтың алдын көрген емеспін. Оның ХХ ғасыр басындағы әдебиет пен Сұлтанмахмұтқа арналған еңбектері бүгінгі оқырманға жаңалық болудан қалғанмен өз заманында озық ойларға жетелеген оқулықтар еді. Әдебиеттанудың еңбек торысы атанған Б.Кенжебаевтың үлкен жүректі ұстаз болғандығын академик Рымғали Нұрғалидан талай естіп, жазғандарынан талай оқыдым. Ұстазының дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері, жүріс-тұрысына дейін салатын Рекеңнің әсерлі әңгімелерінен Б.Кенжебаевтың қандай болғандығын көз алдыма елестете аламын және тіпті өзімді кейде Бейсекеңнің шәкіртіндей сезінетінім де бар. «Ойпырмай, Бейсекең жарықтықты мен, Мұхтар, Мырзатай үшеуміз кезек-кезек емдік қой езуімізден ақ сүт аққанша. Таусылмаушы еді жарықтықтың сақтағаны. Сарқыты Құлбекке дейін жетті ғой», - дейді желпініп Рекең ұстазы туралы әңгіме айтқанда. Нұрғалидың қызды-қыздымен Бейсекеңді Әуезовтің қатарына дейін апарып қоятыны да бар. Бейсекең туралы қалжың ретінде айтылған сөздің өзіне шыр-пыр болып, ұстазын қызғыштай қорғайды. Егер шәкірт біткеннің бәрі Нұрғалидай болса, жер бетінде бақытсыз ұстаз болмас еді, сірә. Бірақ ұстаз ұлылығын тану – кішіліктің белгісі емес, кісіліктің нұсқасы. Міне, біз білетін Нұрғали осындай кісі.

Адалдық туралы айтқан екенмін, екеуара қатынасымызға келгенде де ағынан жарылайын. Ана бір жылдары кейбір сумаңдаған сөз тасығандар араға түсіп, ағалы-інілі екеуіміздің арамызға сызат түсті. Шарт сынып, шалқақтап мен кеттім, үндемей үнсіз аға қалды. Кездестік, күлбілтемелей көңілімдегі өкпені ашық айттым. Ағамыздың қабағын мұң шалды.

- Тағдыры талайға түскен жан таусылғанда не айтпаушы еді. «Алдыңа келсе – атаңның құнын кеш» демеуші ме еді. Ағаңның ашу үстінде айтылған сөзін кешіре алмасаң, інілігің қайсы, - деп құшағын ашты. Мен ағамның ып-ыстық құшағына күмп бердім. Осыдан кейін «кірбіңі кеткен көңілдің» белгісіндей болып: «Құлағанда – қолтықтан демеген, қиналғанда – қол ұшын берген, сенген, сенімді інім Мұхтарға! Ұрпағыңа нұр жаусын!» деген қолтаңбамен ағаның «Сырлы сөзі» менің кітапханамның төрінен орын алды.

«Сырлы сөз» дегеннен шығады. Рекеңнің творчествосындағы маған ерекше ұнайтын тағы бір жәйт – кітаптарының аттары. «Күретамыр», «Айдын», «Телағыс», «Арқау», «Айғақ» деген кілең бір кесек туралған, түзу қашалған, балталасаң бұзылмас атаулар. Көркем шығармалары да «Жартастағы қарағай», «Атшабыс ертең», «Ай қанатты арғымақ» сияқты шығарманың өзін қойып, автордың да болмыс-бітімінен мағлұмат беретін «мінезді» атаулар болып келетінін қайтерсің.

Тақырып турасында академиктің жүрісінен жаңылған тұстары да болды. Ана бір жылдары Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Айдын» мен «Телағысқа» қан-сөлі жоқ атаумен «Қазақ революциялық поэзиясы» деген кітап қосақталды. Мен жаратпадым және онымды ашық айттым:

- Әй, бауырым-ай. Ол қармаққа шаншылған шылаушын емес пе? «Қырағылар» соған алданғанда, қармақта шортан шоршымай ма? Бірақ дұрыс байқаған екенсің. Оның «азан шақырып қойылған» аты «Қайнар» еді, - деген жадырай күліп.

Шындығында ағамыздың бұл әрекеті талай алданып, талай алдырған заманға жасаған өзінше «қулығы» екен. Талқылау кезінде сол баяғы «алашшыл», «ұлтшыл» деген қызыл-көздер алдынан шықса, қып-қызыл революциялық тақырыппен талайды жасқауға болатынын артынан аңғардым.

Бүгін Алашұлы дер шағында. Енді ештеңе жазбаса да ұлт әдебиеті тарихына өз есімін өшпестей жазып қойды. Бірақ жазады, иә, Марғұлан айтақндай: «біледі, білген соң жазады». Әуелден графомандыққа қаны қас, ұлт тарихы, оның ой-санасы жөнінде көл-көсір білімі бар академик бөтен тақырыпқа келгенде қаламын іріксе де, әдебиет, драматургияға келгенде алдына жан салған емес. Үнемі қияларға барып, қиындардан тартады. Өйткені оның пәледен қорқып, жаладан арашалап алар қос киесі бар: бірі – Абай, екіншісі – Алаш. Сол қос кие тура келген ажалдан да қалқалап қалды. Полигонның кіндігі Дегелеңде туып өскен Нұрғали әулетінің алды-арты ажал тырнағына түгел ілінгенде Рымғалиды іркіп қалған да сол қос кие. Тағдырдың талай сынағына төтеп берген академикке енді алаңдар ештеңе жоқ: ғасыр жасаған Нұрата биігін бағындырғанша тарта бер алға, ер досы ардақты Алашұлы.



Еліміздің тұңғыш энциклопедиясын шығару кезінде жұртшылық өзіңізді іскер ұйымдастырушы, биік өрелі ғалым және халқымыздың рухани мұрасының жанашыр азаматы ретінде танып білді. Ұзақ жылдар бойы еліміздің басты білім ұясында ұстаздықпен айналысып, шәкірттер тәрбиелеудегі еңбегіңіз де ілтипатпен атап өтуге лайық.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет