«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің жалпы жиналысының 2008 жылғы 11 наурыздағы шешімімен №35 хаттама бекітілді (29. 12. 2011ж жағдай бойынша) «Қазақтелеком»

Loading...


жүктеу 0.5 Mb.
бет1/3
Дата28.01.2017
өлшемі0.5 Mb.
  1   2   3
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы

Акционерлерінің жалпы жиналысының

2008 жылғы 11 наурыздағы шешімімен

35 хаттама



БЕКІТІЛДІ
(29.12.2011ж. жағдай бойынша)

«ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ КОДЕКСІ

Астана қаласы, 2008 жыл
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

ҚОҒАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

1-ТАРАУ. КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚАҒИДАТТАРЫ

1. АНЫҚТАМА ЖӘНЕ ҚАҒИДАТТАР

2. ҚОҒАМНЫҢ ІШКІ ҚҰЖАТТАРЫ

3. КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ

2-ТАРАУ. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МЕН БАСҚАРМАНЫҢ ТИІСТІ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ

1. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ

2. БАСҚАРМА

3. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МЕН БАСҚАРМА АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ; КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫ

3-ТАРАУ. АКЦИОНЕРЛЕРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ

1. АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

2. АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ

3. АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

4. ДИВИДЕНДТІК САЯСАТ

5. ЖАСАЛУЫНДА МҮДДЕЛІЛІК БАР МӘМІЛЕЛЕР

6. ЕЛЕУЛІ КОРПОРАТИВТІК ОҚИҒАЛАР

7. ҚОҒАМДЫ ТАРАТУ

4-ТАРАУ. АҚПАРАТТЫ АШУ ЖӘНЕ АЙҚЫНДЫҚ

1. АҚПАРАТТЫ АШУ САЯСАТЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ

2. ІШКІ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ

3. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК

4. ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ

5. СЫРТҚЫ АУДИТ

5-ТАРАУ. ЕНШІЛЕС ЖӘНЕ ТӘУЕЛДІ ҚОҒАМДАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ

6-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ
1. Осы құжатта «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексі (бұдан әрі - Кодекс) жазылған.

2. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Қоғам) корпоративтік басқаруды жетілдіру мен жүйелендіру, Қоғамды үлкен айқындықпен басқаруды қамтамасыз ету және корпоративтік басқарудың қолданыстағы қағидаттарын қолдануға Қоғамның бұлжымас дайындығын растау осы Кодекстің мақсаты болып табылады. Атап айтқанда:

- Қоғамды басқару Қоғам құндылығын және акционерлер үшін басқа да пайданы көтеру үшін тиісті деңгейдегі жауапкершілікпен, есеп берушілікпен және тиімділікпен жүзеге асырылуы тиіс;



- ақпаратты ашу, айқындық, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің тиімді жұмысы белгіленген тәртіпте қамтамасыз етілуі тиіс.

3. Қоғам ішінде және нарықтың басқа да қатысушыларымен қарым-қатынаста жоғарғы іскери әдеп деңгейін қамтамасыз ету үшін Кодекс Қоғамның өз қызметі барысында қолданатын ережелер мен ұсынымдар жиынтығы болып табылады.

4. Кодекс Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне сәйкес, сондай-ақ Қазақстанда дамып келе жатқан корпоративтік тәртіп тәжірибесін, әдеп нормаларын, компанияларды дамытудың ағымдағы кезеңінде капиталдар нарығындағы олардың қызмет қажеттіліктері мен талаптарын және халықаралық тәжірибеде танылған корпоративтік басқару қағидаттарын ескере отырып әзірленген.

5. Қоғам өз қызметінде Кодекс ережелерін сақтауы керек. Бұл ретте Кодекс ережелерінен ауытқу Қоғамның жеке ерекшеліктерін, даму кезеңдерін, сондай-ақ оның қызметінде туындайтын тәуекелдер мен проблемалардың сипатын ескере отырып, белгілі жағдайларда ақталуы мүмкін. Кодекс ережелерінен жаңылуға тиісті жағдайларды толық талдағаннан кейін және осы іс-қимылдарды Директорлар кеңесі мен акционерлер қарастырғаннан кейін ғана жол беріледі.

6. Қоғам корпоративтік басқару тәжірбиесі статикалық сипатқа ие емес екенін растайды. Директорлар кеңесі қажет болған жағдайда Акционерлердің жалпы жиналысының қарауына тиісті ұсыныстарды шығара отырып, заңнамаға енгізілетін өзгерістер, ұсынымдар мен қазақстандық және халықаралық компанияларға қатысты корпоративтік басқаруға қолданылатын қолайлы тәжірибе тұрғысынан Кодекс шартын мерзімді қайта қарайды.

7. Қоғамның лауазымды тұлғалары және қызметкерлері Қоғаммен жасалатын тиісті шарттардың негізінде осы Кодексте көзделген міндеттемелерді өзіне қабылдайды және Қоғамда және оның еншілес және тәуелді ұйымдарымен өзара қарым-қатынасты сақтау үшін оның ережелерін сақтауға міндеттенеді.

8. Кодексте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

акционерлер – Қоғам акционерлері;

директор (-лар) – Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі (-лері);

мүдделі тұлға - заңнамада және Жарғыда көзделген құқықтарын іске асыру Қоғам қызметіне байланысты тұлға;

заңнама –Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіппен қабылданған нормативті құқықтық актілерінің жиынтығы;

кодекс – Қоғамның корпоративтік басқару кодексі;

комитет (-тер) – Директорлар кеңесінің комитеті (-тері);

аудит комитеті – Директорлар кеңесінің аудит комитеті;

сыйақылау комитеті – Директорлар кеңесінің сыйақылау комитеті;

тағайындау комитеті – Директорлар кеңесінің тағайындау комитеті;

корпоративтік хатшы – Қоғамның корпоративтік хатшысы;

корпоративтік жанжал – акционерлердің мүддесіне және Қоғам қызметіне теріс ықпал ететін Қоғамды корпоративтік басқару мәселелері бойынша: 1) Қоғам акционерлері мен органдары; 2) Қоғам органдары мен оның мүшелері/ішкі аудит қызметінің қызметкерлері; 3) Қоғам органы мен Қоғамның мүдделі тұлғалары арасындағы келіспеушілік пен дау;

листингілік ережелер – сауда алаңында Қоғамның бағалы қағаздары айналымға шығатын қазақстандық қор биржасы және/немесе өзге де қор биржасы жариялаған листингілік ережелер;

тәуелсіз директорлар – Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және Жарғыға сәйкес тәуелсіз болып анықталатын директорлар;

акционерлердің жалпы жиналысы – Қоғамның жоғары органы;

директорлар кеңесі – Қоғамның басқару органы;

басқарма – Қоғамның атқарушы органы;

елеулі корпоративтік оқиғалар – Қоғамның жасауы Қоғам қызметінде түбегейлі өзгерістерге әкелуі мүмкін бірқатар оқиғалар мен мәмілелер;

жарғы – Қоғам Жарғысы.

9. Осы Кодексте қолданылатын, бірақ анықталмаған терминдер заңнамадағы, Жарғыдағы, листингілік ережелердегі мағынада пайдаланылады.

ҚОҒАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
10. Қоғам миссиясы Қазақстан Республикасы аумағында осы заманғы телекоммуникация желілерін құрудан және оларды әлемдік телекоммуникация желісіне қосудан, Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде пайдаланушыларға барлық түрдегі телекоммуникация қызметтерін көрсетуден тұрады.

11. Қоғам өз қызметін экономиканың телекоммуникация саласында іске асырады. Осы Кодексті бекіту күні Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүзеге асырады. Мұнымен бірге, Қоғамның мынадай елдерде өкілдіктері бар: Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Тәжікстан Республикасы. Қоғамның жай және артықшылықты акциялары КАSЕ листингіне («А» листингі) және 1-ші шарт бойынша Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы арнайы сауда алаңының ресми тізіміне қосылған. Сондай-ақ Қоғам акциялары Америка Құрама Штаттарындағы биржадан тыс сауда-саттықта және Франкфурт қор биржасында депозитарлы қолхаттармен ұсынылған.

1-тарау. КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚАҒИДАТТАРЫ
1. АНЫҚТАМА МЕН ҚАҒИДАТТАР
12. Қоғам қызметін басқару мен бақылауды қамтамасыз ететін және акционерлердің мүддесіне акционерлер, Директорлар кеңесі, Басқарма, Қоғамның өзге де органдары мен мүдделі тұлғалар арасындағы қарым-қатынастарды біріктіретін үдерістер жиынтығы корпоративтік басқару болып табылады.

13. Қоғам корпоративтік басқаруды Қоғам қызметінің тиімділігін арттыруға, оның беделін бекітуге және ол капитал тартқан жағдайда, шығындарды төмендетуге ықпал ететін әдістердің бірі ретінде қарастырады. Қоғам корпоративтік басқарудың тиісті жүйесін Қазақстан Республикасы заңының үстемдігін қамтамасыз етудегі өз үлесі және осы заманғы экономика мен тұтас қоғамдағы оның орнын анықтайтын фактор ретінде қарайды.

14. Қоғамның корпоративтік басқаруы әділдік, адалдық, жауапкершілік, айқындық, кәсібилік және біліктілік негіздерінде құралады. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы Қоғам қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді көздейді және Қоғамның табысты қызметіне, оның ішінде оның беделінің өсуіне, қаржылық тұрақтылық пен кірістілікті сақтауына мүмкіндік туғызады.

15. Осы тармақта жазылған корпоративтік басқару қағидаттары Қоғамды басқаруға байланысты туындайтын қатынастарда сенім құруға бағытталған және Кодекстің кейінгі бөлімдерінде қамтылған барлық ережелер мен ұсынымдардың негізі болып табылады.

Осы Кодекстің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:



  • акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;

  • Директорлар кеңесі мен Басқарманың Қоғамды тиімді басқару қағидаты;

  • Қоғамның дербес қызмет қағидаты;

  • Қоғам қызметі туралы ақпаратты ашудың айқындық және объективтілік қағидаттары;

  • заңдылық пен әдеп қағидаттары;

  • тиімді дивидендтік саясат қағидаттары;

  • тиімді кадр саясаты қағидаттары;

  • қоршаған ортаны қорғау қағидаты;

  • корпоративтік жанжалдар мен мүдделер жанжалын реттеу саясаты;

  • жауапкершілік қағидаты.

16. Қоғамның корпоративтік басқару құрылымы заңнамаға және листингілік ережелердің талаптарына сәйкес келуі, сондай-ақ Қоғам органдары арасында міндеттерді айқын бөліп жүктеуді анықтауы тиіс.

17. Кодексте жазылған корпоративтік басқару қағидаттарын қолдану Қоғам қызметін объективті талдауға және қажет болған жағдайда, аналитиктерден, консультанттар мен рейтингілік агенттіктерден тиісті ұсынымдарды, бағаларды алуға мүмкіндік туғызуы керек.

1.1. АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ҚАҒИДАТЫ
18. Қоғамдағы корпоративтік басқару акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және құрметтеу қағидатына негізделген және Қоғамның тиімді қызметіне, оның ішінде активтердің өсуіне және қаржылық тұрақтылық пен кірістілікті сақтауына мүмкіндік туғызады.

19. Акционерлер заңнамада және Жарғыда көзделген құқықтарға ие.

20. Корпоративтік басқару акционерлерге Қоғамды басқаруға қатысуға байланысты өз құқықтарын жүзеге асыруына нақты мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Қоғам органдары заңнама және Жарғы нормаларын бұзатын әрекет жасаған жағдайда, акционерлердің заңнамада көзделген тәртіппен өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдарына жүгінуіне құқы бар.

21. Қоғам мен акционерлер арасындағы ақпаратпен алмасу тәртібі заңнамамен, Жарғымен, листингілік ережелермен және Қоғамның ішкі құжаттарымен реттеледі.
1.2 (1) ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАҒИДАТТАРЫ
22. Директорлар кеңесінің қызметі:

- акционерлер мен Қоғам мүдделерін барынша сақтау және іске асыру, сондай-ақ акционерлердің құқықтарын қорғау;



- Қоғам қызметіне жауапты қарау қағидаттарында құрылады.

23. Директорлар толық ақпараттанғандық, адалдық негізінде және акционерлер мен Қоғам мүддесі үшін іс-қимыл жасауы тиіс.

24. Директорлар кеңесі акционерлер алдында өз қызметінің айқындығын қамтамасыз етеді.

25. Ешқандай тұлға/тұлғалар тобы Директорлар кеңесінің шешім қабылдауына шектеусіз құқықтарға ие болмауы тиіс. Директорлар кеңесінің төрағасы және Басқарма төрағасы бір тұлға болмауы керек.

26. Директорлар кеңесінің қызметін қамтамасыз етуге жауапты директорлар кеңесінің төрағасы мен Қоғамның ағымдағы қызметіне жауапты басқарма төрағасы арасындағы жауапкершілік айқын бөлініп, Қоғамның тиісті ішкі құжаттарында бекітілуі керек.

27. Тиісті Директорлар кеңесі туралы және Басқарма туралы ережелерде жазылған Директорлар кеңесі мен Басқарма арасындағы өкілеттіктер бөлінуі тиіс.

28. Директорлар кеңесінің төрағасы Директорлар кеңесіне басшылық жасауға жауап береді, жауапкершілік саласының барлық аспектілері бойынша оның тиімді қызметін қамтамасыз етеді және Директорлар кеңесі бекітетін мәжілістің күн тәртібін белгіленген тәртіппен дайындайды. Директорлар кеңесінің төрағасы корпоративтік хатшымен бірге директорлардың дұрыс және нақты ақпаратты уақытында алуын да қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесінің төрағасы акционерлермен тиімді байланысты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Директорлар кеңесінің төрағасы директорлардың Директорлар кеңесінің қызметіне, атап айтқанда, директорлар мен Басқарма арасындағы сындарлы қарым-қатынастарға тиімді үлес қосуын қамтамасыз етеді.

29. Егер Директорлар кеңесінің шешімдері акционерлердің түрлі топтарына әр түрлі ықпал ететін болса, директорлар шешім қабылдағанда Қоғам үшін барынша пайданы қамтамасыз ету мақсатына сүйену керек.

30. Директорлар кеңесінің құрамында Директорлар кеңесінің жалпы санының кемінде үштен бір бөлігі тәуелсіз директорлар болу керек. Акционерлерден және Қоғам басшылығынан тәуелсіз болуы тәуелсіз директордың өзіндік ерекшелігі болып табылады.

31. Директорлар жұмысын бағалау және әділ сыйақылау жүйесі олардың акционерлер мен Қоғам мүддесіндегі жұмысын ынталандыруы тиіс.
1.2 (2) БАСҚАРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАҒИДАТТАРЫ
32. Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық ету үшін Қоғам Басқармасының төрағасы тұлғасында көшбасшы қажет екенін жете түсінеді. Сондай-ақ Қоғамның басқару үдерісінде күрделі міндеттерді шешетінін ұғынады және оларды шешу үшін жеке ыңғай емес, алқалы ыңғай қажет. Осыған орай, Қоғам Басқарма төрағасы басқаратын Басқарма нысанында атқарушы органды құрады.

33. Ешқандай тұлға/тұлғалар тобы Басқарманың шешім қабылдауына шектеусіз құқықтарға ие болмауы тиіс.

34. Басқарма Қоғам міндеттерін орындау және стратегиясын іске асыру мақсатында Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық жасайды.

35. Шынайылық, адалдық, парасаттылық, сақтық және тұрақтылық Басқарма қызметінде негізгі қағидаттар болып табылады.

36. Басқарма қызметі акционерлердің мүддесін барынша сақтау қағидатының негізінде құрылады және Акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне толықтай есеп береді.
1.3 ҚОҒАМНЫҢ ДЕРБЕС ҚЫЗМЕТ ҚАҒИДАТЫ
37. Қоғам қызметі Жарғыны сақтаған жағдайда, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қоғам акционерлерінің мүддесін жақсы сақтау мақсатында жүзеге асырылады.

38. Қоғам өз қызметін өз бетінше ұдайы жүзеге асыратын болады.

39. Қоғам мен акционерлер арасындағы мәмілелер мен қарым-қатынастар заңнама шеңберінде әдеттегі коммерциялық негізде жүзеге асырылады.

1.4. ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ АШУДЫҢ АЙҚЫНДЫҚ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІЛІК ҚАҒИДАТТАРЫ
40. Қоғам акционерлердің дәйекті шешімдерді қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мүдделі тұлғалардың назарына Қоғам қызметі туралы ақпаратты жеткізу мақсатында акционерлер мен мүдделі тұлғалар алдында Қоғам туралы, оның ішінде оның қаржылық жағдайы, экономикалық көрсеткіштері, қызметінің нәтижелері, меншік және басқару құрылымы туралы дұрыс ақпаратты уақытында ашуды қамтамасыз етеді.

41. Қоғам қандай да бір ақпаратты ашу және (немесе) жариялау кезінде коммерциялық және өзге де заңнамамен қорғалатын құпия туралы заңнаманың ережелерін, сондай-ақ Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын ескереді.
1.5. ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДЕП ҚАҒИДАТТАРЫ
42. Қоғам заңнаманаға, жалпы қабылданған іскери әдеп қағидаттарына (әдеттеріне), Жарғыға, осы Кодекстің ережелеріне, листингілік ережелерге және өздерінің шарттық міндеттемелеріне қатаң сәйкестікте іс-қимыл жасайды.

43. Акционерлер, Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелері арасындағы қарым-қатынас өзара сенім, құрмет, есеп беру және бақылау негізінде құрылады.
1.6. ТИІМДІ ДИВИДЕНДТІК САЯСАТ ҚАҒИДАТЫ
44. Қоғам заңнаманың нормаларын және оның дивидендтік саясатын айқындайтын Қоғамның ішкі құжатын қолданады.

45. Дивидендтер көлемін және оларды төлеу талаптарын айқындаудың қарапайым және анық құрылымын қамтамасыз ету дивидендтік саясаттың негізі қағидаттарының бірі болып табылады.

46. Қоғамның дивидендтік саясаты акционерлердің, әлеуетті инвесторлардың және Қазақстан Республикасы жұртшылығының зерделеуі үшін айтарлықтай транспарентті және қолжетімді болуы тиіс.
1.7. ТИІМДІ КАДР САЯСАТЫ ҚАҒИДАТЫ
47. Қоғамдағы корпоративтік басқару заңнамада көзделген Қоғам қызметкерлерінің құқықтарын қорғау негізінде құрылады және әлеуметтік мәселелерді шешуде және еңбек жағдайларын тәртіптемелеуде Қоғам мен оның қызметкерлері арасындағы серіктестік қарым-қатынасты дамытуға бағытталуы керек.

48. Қоғамдағы жұмыс орындарын сақтау (мүмкіндігінше, Қоғам жұмысының көрсеткіштеріне қарай), еңбек жағдайларын жақсарту және Қоғам қызметкерлерін әлеуметтік қорғау нормаларын сақтау кадр саясатының негізгі жақтарының бірі болып табылады.

49. Қоғам айқын конкурстық іс-жосықтар негізінде Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес қызметкерлерді іріктеуді жүзеге асырады.

50. Корпоративтік басқару еңбек ұжымында қолайлы және шығармашылық ахуалды құру үдерісіне жағдай жасап, Қоғам қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға көмек көрсетуі тиіс.
1.8. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ҚАҒИДАТЫ
51. Қоғам өз қызметінде заңнаманың талаптарына және қызметтің жалпы танылған стандарттарына сәйкес қоршаған ортаға барынша ұқыпты және ұтымды қарым-қатынас қағидаттарын қолдануы керек.

52. Қоғамда қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатын айқындайтын ішкі құжат әзірленуі тиіс.

53. Қоғам, оның ішінде өзінің еншілес және тәуелді ұйымдарында, экологиялық аудит өткізуге талпынатын болады.
1.9. КОРПОРАТИВТІК ЖАНЖАЛДАРДЫ ЖӘНЕ МҮДДЕЛЕР ЖАНЖАЛЫН РЕТТЕУ САЯСАТЫ
54. Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелері Қоғам қызметкерлерімен бірге Қоғам мен акционерлердің мүддесі үшін тиісті қамқормен және ыждағаттылықпен өздерінің кәсіби функцияларын жанжалсыз, адал және дұрыс орындайды.

55. Жанжалдар болған (туындаған) жағдайда, Қоғамның лауазымды тұлғалары корпоративтік хатшыға жанжалдың болуы (туындауы) туралы уақытында хабарлауы керек.

56. Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелері Қоғам қызметкерлерімен бірге өзінің қызметін әдеп стандарттарына және жалпы қабылданған іскери әдеп нормаларымен қатар, заңнаманың талаптарына және осы Кодекстің қағидаттарына толық сәйкестікте қамтамасыз етеді.
1.9.1. КОРПОРАТИВТІК ЖАНЖАЛДАРДЫ РЕТТЕУ САЯСАТЫ
57. Корпоративтік жанжалдардың алдын алу және реттеу жұмысының тиімділігі ең алдымен, осындай жанжалдардың барынша толық және тез арада анықталуын (Қоғамда олар туындаған немесе туындауы ықтимал жағдайда) және Қоғамның барлық органдарының іс-қимылын айқын үйлестіруді көздейді.

58. Корпоративтік жанжалды объективті бағалауды қамтамасыз ету және оны тиімді реттеу үшін жағдайлар жасау мақсатында жанжал мүддесіне тиетін немесе тиюі мүмкін тұлғалар оны реттеуге қатыспауы керек.

59. Директорлар кеңесі корпоративтік жанжалдарды реттеу саясатын және ережесін әзірлейді және оны мерзімді қайта қарайды. Олардың шешімі заңды және дәйекті бола отырып, Қоғам мен акционерлердің мүддесіне барынша жауап беретін болады.

60. Корпоративтік жанжалдар туындаған жағдайда, қатысушылар акционерлер құқықтарымен қатар, Қоғамның іскери беделін тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында келіссөздер арқылы оларды шешу жолын іздейді.

61. Келіссөздер арқылы корпоративтік жанжалдарды шешу мүмкін болмағанда, олар заңнамаға қатаң сәйкестікте шешіледі.

62. Басқарма төрағасы Қоғам атынан барлық мәселелер бойынша корпоративтік жанжалдарды реттеуді, Қоғамның Директорлар кеңесінің құзыретіне жатпаған шешімдерді қабылдауды, сондай-ақ корпоративтік жанжалдарды реттеу бойынша жұмысты жүргізу тәртібін өз бетінше анықтауды жүзеге асыруы керек.

63. Директорлар кеңесі өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша корпоративтік жанжалдарды реттеуді жүзеге асырады. Бұл жағдайда корпоративтік хатшыға корпоративтік жанжал мәні туралы Директорлар кеңесінің барынша хабардар болуын қамтамасыз ету бойынша міндет, сондай-ақ корпоративтік жанжалды шешуде делдал рөлі жүктеледі.

64. Директорлар кеңесі Басқарма құзыретіне жататын жекелеген корпоративтік жанжалдарды қарайды (мысалы, егер осы органның әрекеті (әрекетсіздігі) немесе оның қабылдаған актілері жанжал мәні болып табылса).
1.9.2. МҮДДЕЛЕР ЖАНЖАЛЫН РЕТТЕУ САЯСАТЫ
65. Мүдделер жанжалы ретінде Қоғам қызметкерінің жеке мүддесі оның өз лауазымдық міндеттерін риясыз орындауына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін жағдай анықталады.

66. Қоғамның барлық қызметкерлері өздеріне де (немесе өзімен байланысты тұлғаларға), өзгелерге де қатысты мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін жағдайларға жол бермеуі тиіс.

67. Мүдделер жанжалын болдырмаудың негізгі қағидаттары Директорлар кеңесі бекітетін Қоғамның Іскери этика кодексінде белгіленеді.
1.10. ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАҒИДАТЫ
68. Қоғам барлық мүдделі тұлғалардың құқықтарын таниды және құрметтейді, өз қызметін дамыту мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында осындай тұлғалармен ынтымақтасуды көздейді.

69. Өз құқықтарының бұзылғаны үшін мүдделі тұлғалардың заңнамада көзделген жағдайларда өтемақы алуға мүмкіндігі болуы тис.

70. Мүдделі тұлға корпоративтік басқару үдерісіне қатысқан жағдайда, ол елеулі, жеткілікті және сенімді ақпаратқа уақытылы және тұрақты негізде қол жеткізуі қажет.

71. Мүдделі тұлғалардың Басқарманың заңсыз және этикаға жатпайтын іс-әрекеттері туралы Директорлар кеңесіне еркін хабарлауына құқы болуы керек және осындай хабар жеткізген жағдайда, олардың құқықтары шектелмеуі тиіс.

2. ҚОҒАМНЫҢ ІШКІ ҚҰЖАТТАРЫ
72. Корпоративтік басқарудың нақты құрылымдары, іс-жосықтары мен тәжірибесі Жарғымен және Қоғамның ішкі құжаттарымен реттеледі, оның ішінде:

- Акционерлердің жалпы жиналысы туралы;

- Директорлар кеңесі туралы;

- Басқарма туралы;

- комитеттер туралы (олардың құрылуына қарай);

- корпоративтік хатшы туралы;

- ішкі бақылау туралы;

- тәуекелдерді басқару туралы;

- ақпаратты ашу туралы;

- еншілес және тәуелді ұйымдардағы корпоративтік басқару туралы.



73. Жоғарыда аталған құжаттар заңнамаға және халықаралық тәжірибеде танылған корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес әзірленеді.

3. КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ
74. Қоғамның органдары арасындағы жауапкершілікті бөлу анық жазылуы тиіс және акционерлер мүддесінің сақталуына кепілдік беруі тиіс.

75. Қоғам органдарының өз міндеттерін кәсіби деңгейде және мәніне қарай орындау өкілеттіктері мен ресурстары болуы тиіс. Мұнымен қоса оларды басқару уақытылы, айқын және толық түсінікті болу керек.

76. Қоғам органдарының жүйесіне мыналар кіреді:

- Акционерлердің жалпы жиналысы – Қоғамның жоғарғы органы;

- Директорлар кеңесі – Қоғамның стратегиясын әзірлеуге, оның қызметін жалпы басқаруға және Басқарманың қызметін бақылауға жауапты басқару органы;

- Басқарма – Қоғамның ағымдағы қызметін басқаратын және Директорлар кеңесі мен Акционерлердің жалпы жиналысы анықтаған стратегияны іске асыратын алқалы атқарушы орган;



- Ішкі аудит қызметі – Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалу саласындағы бағалауды және Қоғам қызметін жетілдіру мақсатында кеңес беруді жүзеге асыратын орган.

: storage -> files
storage -> Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарыналуғаарналғанжұмыстардыұсыну,ресімдеу және беру
files -> Алматы отд бойынша 29. 12. 2012ж бос орындар: «Қазақтелеком» АҚ филиалы Алматы отд -на қажет: Бас аппарат бойынша бос орындар
storage -> Регламенті Жалпы ережелер
storage -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
storage -> Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы
storage -> «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау»
files -> Алматы отд бойынша 11. 01. 2013ж бос орындар: «Қазақтелеком» АҚ филиалы Алматы отд -на қажет: Бас аппарат бойынша бос орындар
files -> Алматы отд бойынша 18. 10. 2013ж бос орындар: «Қазақтелеком» АҚ филиалы Алматы отд -на қажет: Бас аппарат бойынша бос орындар
files -> Алматы отд бойынша 02. 08. 2013ж бос орындар: «Қазақтелеком» АҚ филиалы Алматы отд -на қажет: Бас аппарат бойынша бос орындар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...