ҚазақстанРеспубликасыбілімжәнеғылым министірлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы



жүктеу 200.74 Kb.
Дата10.09.2017
өлшемі200.74 Kb.
ҚазақстанРеспубликасыбілімжәнеғылым министірлігі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы

АҚ филиалы «Ақмола облысы бойыншы педагогикалық

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

Қысқа мерзімді курс тыңдаушысының өздік жұмысы
Тақырыбы: Ұсақ моторика, қимылды дағдылар, мәдени-гигиеналық және т.б дамыту саласындағы жұмыстың позитивтік тәжірибесін тыңдаушылармен ұсыну.

Орындаған:Бірімжанова М.З

Ақмола облысы Жақсы ауданы

«Құлыншақ» балалар бақшасы

Тексерген:ЖалмұқановаЖ.У

МКД ППС кафедрасының аға оқытушысы

Көкшетау-2017ж

Мазмұны (жоспары)

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

1.1 Балалардың қолдарының ұсақ моторикасын ұсақ моторикасын дамыту.

2.1 Балардың өз беттерімен жасайтын қимыл-қозғалыс ойындары және қимыл әрекеттеріне басшылық ету.

ІІІ.Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.



Кіріспе.

Еліміздің білім беру жүйесін жаңғырту мектепке дейінгі білім берудің жалпы білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде статусын және орнын анықтауға, мектепке дейінгі білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін нақты жаңа құжаттардың пайда болуына мүмкіндік туғызды. Жаңа нормативтік құжаттарды енгізу қазіргі балабақшалардағы білім беру жұмыстарын ұйымдастыруға, атап айтқанда мектепке дейінгі білім берудің негізгі жалпы білім бағдарламаларын әзірлеу бойынша мекеменің өзіндік қызметіндегі маңызды өзгерістерге себепші болды.



Өзектілігі: Дегенмен ғылыми және әдістемелік әдебиетте мектепке дейінгі білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының міндетті бөлімдерін әзірлеу ерекшеліктері барынша толық ұсынылған: оның құрылымы анықталған, әрбір құрылымдық бірліктің қажетті мазмұны жазылған.Сонымен бірге білім беру процесіне қатысушылар қалыптастырған (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларының вариативтік бөлімі) бөлімді әзірлеу мәселесі айтарлықтай қарастырылмаған.Осы бөлімді әзірлеу – педагогтың шығармашылық жұмысы және тәрбиеші осы тәрізді құжаттарға қойылатын талаптарға сүйене отырып, бағдарламадағы өз бөлігін мазмұнды толықтырырады және құрылымын ерікті таңдайды.Қазіргі қоғам жас ұрпаққа білім беру жүйесіне, оның ішінде оның бірінші сатысы – мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңа талаптар қояды.Мектепке дейінгі білім беру вариативтігі және ізгілік қаидалары өмірге енді. Балабақшаларға арналған көптеген жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламалары пайда болды.Кезекті маңызды міндет – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың вариативтік бөлімін енгізу және осы үлгідегі білім беру процестерін нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету негіздерін әзірлеу.Ғылыми түпнұсқаларда ұсынылған ұғымдар талдауы педагогтардың кәсіби шеберлігін, мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелік-білімдік жұмыстардың жоғарғы сапасын қолдап арттыруға бағытталған әдістемелік жұмысты біртұтас өзара байланысты шаралар жүйесі деп білуге мүмкіндік береді.

Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.

Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете  және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Негізгі бөлім.

1.1 Балалардың қолдарының ұсақ моторикасын ұсақ моторикасын дамыту.
Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.

Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.

Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.

Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ –бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақпен орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім»,

Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмыз ғой.

Бір жастан асқан балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.

Мектеп жасындағы балалық шағы қазіргі педагогикада баланың психикасының қалыптасуы аса құнды және ерекше маңызды кезең ретінде қарастырылады. Осы кезеңде баланың ақыл-ой мен қызметінің мәдени формаларымен қоршаған ортаны тануда адамға тән әдіс-тәсілдерімен меңгереді; оның ойлаумен қатар жалпы және ұсақ моторикасы қарқынды дамиды.

Сенсомоторикалық даму бала дамуының жетекші факторының бірі болып табылады. Оның қоршаған ортамен (перцептивті, кинестетикалық, кеңістік) белсенді түрде өзара әрекеттесуі қабылдау жүйесін қалыптастырады.

В.А.Сухомлинский «балалардың қабілеттері мен дарындылығының бұлағы – олардың саусақ ұшында. Неғұрлым бала қолының қозғалысында ширақтылық болса, соғұрлым қолының еңбек қаруымен өзара іс-қимылы жіңішкерек болады, бала ақыл-ойының шығармашылық сұрапылдығы көрнекті болады. Ал бала қолында шеберлік көбірек болса, бала ақылды болады...» деп жазған.

Мектеп жасындағы балалардың бейнелеу сабақтарында ұсақ моторикасын дамыту мәселесі тым өзекті, өйткені нақ бейнелеу қызметі сенсомоториканың дамуына себеп болады: жұмыс жасау кезінде көз және қол келісімділігі, іс-әрекет жасау кезіндегі дәлдігі мен қозғалыс және икемділікті үйлестіруді жетілдіру, қол саусақтарының ұсақ моторикасын түзету.

Қолдың саусақтары мен білезігінің ұсақ моторикасын дамыту мен жетілдіру орталық жүйке жүйесін, барлық психологиялық процестерін, сөйлеуді дамытудың басты ынталандыру болып табылады.

Орталық жүйке жүйесінде ақпаратты өндеу кезінде талдау мен синтезі ұшталған моторлық қызметінің саналы таңдауды қамтамасыз етеді. Бала моторлық қызметінің жақсарған кезінде өзін кез келген жағдайда, кез келген ортада жайлы сезінетінін түсінеді.

Зерттеу бағытында балалардың тіл дамуы саусақтың қозғалуына байланысты. Саусақтың қозғалуы, баланың жасына сай болу керек. Ғылыми тұрғыда, балалардың тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды. Жалпы моториканың және саусақтың қозғалуы жетіспеуі тілдік функциясына байланысты. Баланың қол еңбегі мен тілін арттыру үшін не істеу керек?

- Қолмен ермексазды жұмсарту

- Әр саусақпен тасты, маймақты, шарикті айналдыру

- Алақандарымызды жұмып ойын ойнау (таңертең тұрдық – ашылу, кешке ұйықтадық - жабылдық)

- Жұмсақ жұдырық жасау, тез ашу, үлкендер саусақтарын өткізу, қатты аша алмайсың

- Екі қолдың саусақтарымен «Жүру» үстелмен, алдымен ақырын, біреу ұрлану, содан кейін тез жүгіріп келуі.

- Жаттығу алдымен оң қолмен, содан кейін сол қолмен

- Жеке бір саусақты көрсету, содан соң екеуін ары қарай үш, төрт, бес

- Жеке бір саусақты көрсету – үлкенін

- Барлық қолдың саусақтарымен үстелді соғу

- Ауада саусақпен былғау

- Қолдың басымен фонарик жасау

- Қол соғу: ақырын, қатты, әр түрлі әрекетте

- Барлық саусақты бірге жинау (саусақтар жиналды - қашты)

- Жуан жіпке түймелер, шарлар, мойыншақтар кигізу.

- Түрлі түсті жіңішке сымды катушкаға орап, өзінің саусағына арнап (сақина немесе спираль шығады)

- Қалың арқан, жіп ұштарын байлау

- Түймелерді, ілгіш, замок, қақпақтарды жабу, механикалық ойыншықтарды кілтпен жүргізу

- Болттар мен гайкаларды бұрау

- Ауада сурет салу

- Құммен, сумен ойнау

- Сурет салу, бояу, штрихтау(қаламмен, қарындашпен, бормен, түрлі-түсті бояу, гуашьпен, көмірмен, түрлі-түсті борлар және т.б.)

Зерттеу өзектілігі ұсақ моториканың дамуы психиканың тану, еріктілік пен эмоционалды салаларын дамыту байланыстығымен белгіленеді. Мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балаларда ұсақ моториканы дамыту деңгейі тану қызметінің мүмкіндіктерімен келісілген және оқыту тиімділігіне үлкен әсер етеді. Жіңішке моториканы дамыту – бұл тану қызметін жүзеге асырудың басты шарты болып табылады, тек дәстүрлі әдістерімен ғана емес, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларын пайдаланумен өткізілетін табысты оқыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балаларда мәселенің шешімі түрлі қызмет түрлерінде жүзеге асырылады, олардың ішінде ерекше орынды бейнелеу өнері алады.

Егер бала қандай да бір саусақ ойынын жетік меңгерсе, онда ол міндетті түрде бір көрініске не өлеңге жаңа бір сахналау ойлап табуға тырысады. Бір жастан екі жасқа дейінгі балалар бір қолмен ойналатын саусақ ойындарын жақсы қабылдайды. Үш жастағы балалар екі қолмен ойналатын саусақ ойындарын игере алады. Мысалы, бір қол үйшік те, екінші қол үйге жүгіріп келе жатқан мысық болуы мүмкін. 4 - 5 жастағы балалар белгілі бір көріністі саусақ арқылы сахналай алады.

Өз тәжірибемде тәрбишілерге саусақ ойындарын сергіту жаттығуларына, ертеңгілік жаттығуларға, барлық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері үстінде үнемі пайдалануды ұсындым. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл, қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамыды.

Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен. Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиеші ге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.

Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.

Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.

Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек.

Бір жастан асқан балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.

Қолдан ұсақ-түйек заттарды жасау - балалардың ең жақсы көретін шығармашылық жұмыстары. Бұндай жұмыс балалардың қиялдарын, ойлары мен бармақтарының ұсақ моторикасын дамытады.

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.



Балалардың өз беттерімен жасайтын қимыл-қозғалыс ойындары және қимыл әрекеттеріне басшылық ету.

Мектеп жасына дейінгі балалар сан алуан өмірлік жағдайларда сансыз көп қимылдарды жасайды, ол қимылдар оның моторикасын және күш-қайратын дамытуға мүмкіндік береді.

Қимыл-қозғалыс ойындарының дер кезінде және дене дамуын қамтамасыз ету үшін, бәрінен бұрын ең алдымен қолайлы жағдайлар жасау қажет. Алдымен ойындар өткізілетін бөлмеде балалардың қимылдық әрекеттеріне қажетті жағдай жасау: жиһаздар, құрал-жабдықтарды сәйкесті орналастырып, орын босату, балалардың қимыл-қозғалысын, қимыл белсенділігін арттыратын әр түрлі ойыншықтар мен заттарды еркін пайдаланып ойнауға мүмкіндік беру.

Құрал-жабдықтарды балалардың қимылдық белсенділігін арттыруға пайдасын тигізетіндей етіп орналастырған жөн. Қимыл-қозғалыс ойындарында және қимылдық әрекеттерде құралдарды пайдалануда балалар ықыласын үнемі қолдап отыру өте маңызды. Сондықтан барлық қажетті құралдарды әрқашанда қолданып отыру керек. Әрқашанда қимыл-қозғалыс ойыны балаларды жалықтырмайды, керісінше, олардың көңіл-күйлері көтеріңкі болады.

Өз беттерімен ойналатын орындарында балалардың қимылдық әрекеттеріне бпсшылық ету үшін, әр сәт барлық балалардың немен шұғылданып жатқанын көре білу қажет, қажет болған жағдайда оларды басқа бір әрекеттер істеуге ауыстырған жөн.

Еркін әрекет жасауға педагогикалық басшылықты жүзеге асыра отырып, баланың ықыласына сергектікпен қараған, оның ойындық негізгі мақсаттың дамуына кедергі жасамауға тырысқан жөн.

Бірақ педагог балалардың іс-әрекеттеріне үнемі кірісіп отыруға тиіс деп ойламау керек. Бала өзінің әрбір қолынан келетін жаңа қимылдарды жасауға қабілеті мен мүмкіндігінің барын басынан кешіреді. Мектеп жасына дейінгі балалардың өз беттерімен жасайтын қимылды іс-әрекетін өрістете түсу үшін секіргіштер, шығыршықтар, доптар, құрсаулар, серсо, т.б. жеткілікті болуы керек. Бұл заттармен жаттығуға және балалар жолдастарына ойынның басқа түрімен айналысуға кедергі жасамау үшін арнаулы орындар бөлінеді.

Балалардың өз беттерімен орындайтын «с-әрекетінде қолданылатын қозғалыстары одан әрі айтарлықтай жан-жақты бола бастайды және күрделене түседі: ұстап алу және бұлтарыс жасайтын жүгіріс, лақтыру, биіктікке көтерілу, секіру сияқты қимылдар кірістіріледі.

Тәрбиеші балалардың ойындар үшін немесе әр түрлі жаттығулар мен спорттық ойындардың элементтерін (баскетбол, футбол, бадминтон) таңдағанда оларға берілген қимыл тапсырмаларын орындау үшін шағын топтарға бөлінуін қолдап отырады.

Балалар күнделікті серуен кезінде өз беттерімен жасайтын қимылдарында спорттық жаттығулардан алған шеберлік пен дағдыларын бірте-бірте кең қолдана бастайды. Велосипедпен жүрген кезде балалар ойын үстінде өздігінен көшеде жүру ережелерін сақтап үйренеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың өз беттерімен жасайтын әрекеттері бір-бірінен ерекшеленбеуі керек. Олардың барлығына да әр түрлі дене шынықтыру жаттығулары мен ойындарының бәрі пайдалы.

Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамыту.

Ұлт ойындары – интернационалдық тәрбиенің құралы. Олай дейтініміз ұлтойындарының арасында өзара үндестік, тығыз байланыс бар.

Ойынға тек ойын деп қарамай,халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы,бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды.

Ұлт ойындары балалардың іс - әрекеттерінің мазмұнын байытып, нақтылаудың нәтижесінде балалардың белсенділігін жетілдіріп, жұмыс қабілеттерін жақсартады, түрлі қиындықтар мен кедергілерді еркін игеруге мүмкіндік туғызады.

Бала бала-бақша қабырғасында, бала-бақшадан тыс ұйымдарда ұжым арқылы білім айғағынан, ол әрдайым өз алдында дербес тұлға арқылы іске асқанымен, ойынға қатынасқан әр баланың алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Бала белсенділігі негізінен екі түрлі: сыртқы және ішкі белсенділіктен түрады. Сыртқы белсенділігі көбінесе ойын арқылы, қимыл, қозғалысы, әсіресе өмірлік әрекетіне байланысты болып келеді. Баланың ішкі белсенділігіне оның ойлау әрекетіндегі белсенділігі жатады.

Баланың ішкі, сыртқы белсенділігін бөле - жара, бір - бірінен ажырата қарауға болмайтыны байқалады. Нақтылап айтсақ, баланың ойы, қабылдауы, дағдысы ең сақ, баланың ойы, кабылдайы, дағдысы ең алдымен сырттан болатын әсерлердің негізінде ішкі әсерлерді туғызып, қабылдау белсенділігін арттырады. Егер сыртқы әсер солғын болса, ішкі әсердің де солғын болары сөзсіз. Сондықтан А. С. Макаренканың бала ойында кандай болса, өмірде де сондай болады, үлкенднрдің жұмыстағы қоғамдық өмірдегі қызметкерлігі, қайраткершілігі баланың ойынымен тең деген пікірін мындықтан алшақ деп түсіну қиын. Ұлт ойындарымен бойында бүгінгі жас ұрпақтың бойына дарытарлық ұлттық жағымды қасиеттері үшан - теңіз, соның бәрі әлеуметтік педагогикалық талаптарды үнемі шыңдап, қоғам талаптарына сай жастарды тәрбиелену ісіне қосар үлесі мол екені даусыз.



«Қимыл - қозғалыс ойындар» 
Оқушы сабаққа белсенді қатысу үшін ең маңызды оқушылардың қызығушылығын арттыру. Бастауыш сынып оқушылары ойын балалары болғандықтан, сабақта қимыл – қозғалыс ойындары мен деңгейлік тапсырмалар көбірек пайдалану арқылы қызығушылық, қозғалғыштық, оқыту дербестігі белсенділігін арттыру үстіндемін. Жақсы нәтижеге жету үшін ең басты дұрыс моральдық –психологиялық климат жасауы, оқушылармен тіл табыса білу керек. Сабақтың негізгі, қорытынды бөлімінде тақырыпқа,жас ерекшелігіне сай қимыл – қозғалыс ойындары мен деңгейлік тапсырмалар таңдап алып отырмын. Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Қимыл-қозғалыс ойындарын өткізуді белгіленген формасы мұғалімнің жетекші рөлін, қатысушылардың өзгеріссіз құрамы бар сабақтың реттілігі, ойын материалының регламентациялан ған (белгілі бір ережеге бағындырылған) мазмұны мен көлемі және берілген ойын енетін оқу-тәрбие үрдісінің әдістемесі,мазмұ ны және ұйымдастырылуы бар оның өзара байланысы. Жоғарыда көрсетілгендей қозғалмалы ойындарды өткізудің бекітілген формасында келесі міндеттерді шешуі тиіс жетекші басты орынға ие,олар;1) сақтандыру; 2)білім беру; 3)тәрбиелік; 

Қозғалыс ойындардың сауықтыру міндеттері.

Ойыншылардың дене даярлықтарын және жас ерекшіліктерін ескерілген сабақты дұрыс ұйымдастыру,бой өсуіне, сүйек-байланыс аппараттарының бекітілуне және дамуына,тұлғасын ың дұрыс қалыптасуына,сон ымен бірге ағзаның қызметін жоғарлатады. Ойындары бар сабақтар кезінде дене жүктемелері оңтайлы болуын қадағалау қажет.Бұл өмірмен еңбекте үлкен маңызға ие. Алайда қатысушыларды қатты шаршап-шалдығуға апаруға болмайды. Қозғалыс ойындарын сауықтандыру әсерін беретін ойын үрдісіндегі балаларда туатын функционалды және эмоционалды көтерілуі аурушаң балалардың денсаулығын қалыпқа келтірудегі арнайы емдік мақсаттарға да қолданылады. Қозғалыс ойндары таза ауада ойнаған өте пайдалы.



Қозғалыс ойндарының білім-беру міндеттері.

Ойын жеке тұлға қалыптастыруда үлкен ықпал ететін бұл талдау, салыстыру,жалпыл ау және қорытынды шығару іскерлігі көрінетін және дамыталатын саналы іс-әрекет. Ойындармен айналысу күнделікті практикалық іс-әрекеттегі маңызға ие әрекет ету қабілеттерін дамытуға әсер етеді. Қозғалыс ойындары қозғалыс әрекеттері және ережесі ойыншыларда нақты өмірге деген мінез- құлық туралы сенімді ұғымдарды қалыптастырады.


Қозғалыс ойындарының тәрбиелік міндеттері.

Көп жағдайда қозғалыс ойындары төмендегідей дене қасиеттерін тәрбиелеу жағдайнда жасалады. Олар;шапшаңдық,ептілі к,күш, шыдамдылық, икемділік және бұдан да маңыздысы, бұл дене қасиеттерін комплексте дамытылады. Қозғалыс ойындарының көпшілігі шапшаңдылықты талап етеді. Күш пен энергияның көп жоғалуына алып келетін үнемі қозғалыс белсенділігі және қуаты қозғалыстың көп қайталануы бар ойындар шыдамдылықты дамытуға әсер етеді. Тартымды ойын сюжеті қатысушылар бойында жағымды эмоцияны тудырады және қажетті ерік сапалары мен дене қабілеттерін қоса отырып кез-келген тәсілдерде көп қырлы зор белсенділікпен жеңіп отыруға шақырады.

Сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттерін комплексте шешу қажет, тек осы жағдайда ғана әрбір қозғалыс ойындары балаларға жан-жақты дене тәрбиесінің тиімді құралы болмақ.

Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары оқушылардың ептілік дағдыларын жетілдіреді. Мұндай ойындар оқушылардың ептілік,жылдамды қ қасиетін дамыта отырып, төзімділікке тәрбиелейді.Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасында спорттық ойындар бар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы. Ал сабақта қозғалыс ойындарын,деңгей лік тапсырмалар арқылы шынығып,табиғи дарынын шыңдайды. Деңгейлік тапсырмалар оқушының жасына, жынысына қарай таңдап аламын. Тапсырмалар сабақтың тақырыбына байланысты алынады.Мысалы:ж еңіл атлетика сабағына жылдамдық қасиетін дамытуға болса, гимнастикада ептілік, күштілік қасиетін дамытатын жаттығулар таңдап алынады.Ал,ойындар арқылы бала назар аудару және бұлшық еттің ширығу дәрежесін реттеуді үйренеді. Сонымен бірге бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап, бағдар белгілеу,қиын жағдайда жол тауып шығуға,батылдық, ептілік,мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі. Қимыл - қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады.



Қорытынды. Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.

Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.

Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.

Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

Пайдаланылған әдебиеттер 

Негізгі.



Нормативтік құжаттар.

Білім туралы заңы.

1.  Аммарин Б. А. «Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі» М. 1999.

2.  Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық ізденістің ілімі мен әдістемесі. — М., ФиС, 1978

3.  Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қамтамасыз
етудегі дене тәрбиесі Республикалық ғылыми әдістемелік түтас жинақ
бағдарламасы 2001-2005 жыддарға. Алматы 2001.

4. Дене тәрбиесі іліміне кіріспе дене тәрбиесі институттарына арналған оқу құралы.  Матвеев А. Т. редакциясы  М. ФИС. 1993.

5.  Дене тәрбиесі жэне спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын
сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.

6. Дене тәрбиесі мүғалімдеріне арналған кітап.   Каюрова С. редакциясы

бойынша. -М., ФиС, 1973 Н.Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі. 26. 7. 7. Дене тәрбиесі институттарынға арналған оқу құралы.   Матвеев М., Говиков   А.Д. басқаруымен. 2-ші басылым. —М.:ФиС, 1976. Т.1,  2тарау.

7. Ұ.Б. Мұхамеджанова «Дене тәрбиесі пәнінің әдістемесі» Астана 2004ж

8. Назарбаев      Н.Ә.      Қазақстан      2030:      Қазақстан      Республикасы Президснтінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.

Газет-журналдар:

1.Отбасы және балабақша.

2.Тәрбиелік іс-шаралар: мектепте және мектепке дейінгі мекемелерде.

3.Оқыту- тәрбиелеу технологиясы.



Интернет ресурстары:

www.yandex.ru ; http://group-global.org/ru

https://infourok.ru

http://sc0003.enbekshilder.akmoedu.kz/

Қосымша.

Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы.

Білімдік салалар: Денсаулық

Тараулар: Денешынықтыру

Тақырыбы : «Секіргіште қысқа секіртпемен секіру»

Мақсаты: ұйымшылдыққа,дербестікке, шығармашылыққа, құрдастарымен өзара достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу, икемділікке, шапшаңдылыққа үйрету, тепе-теңдік сақтау іскерліктерін меңгерту; барлығы бірге қарқынмен әрекет етуге үйрету.

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мақсатты -түрткі болғыш


Жылулық шеңбері

(балаларды ортаға жинау)

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біздер тату баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Балалар жылулық шеңберін жасайды.

Іздестіру- ұйымдастыру

Сапқа тұру.

Денені шынықтырып алу үшін, қимылды жаттығулар, жүру, жүгіру жаттығуларын жасаймыз.

-Арқаны түзу ұстау,денені бос, басыңды кішкене көтеріңкіреу керек.

-Жұптасып жүру, жүгіру.

-Отырып, тұру.

-Балалар біз бүгін секіргіште қысқа секіртпемен секіруді үйренеміз.

(педагог балаларға қимылдарды көрсетіп тұрады.)

Сергіту сәтін жасайық:

Көкке бойын созады.

Көпке қолын созады.

Кең құшағын ашады,

Көлеңкесін тосады.

Көк қарағай қарағай,

Мейірбанды анадай.



Балалар жаттығуларды орындайды.

Сергіту сәтін жасайды.



Рефлексті - дәлелдеу

Балалар, сендер шаршадыңдар ма? Онда біз тыныс алу жаттығуларын жасайық.

Балалар тыныс алу жаттығуларын жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: жаттығулар жасауды;

Қандай түсініктерді игерді: секіргіште қысқа секіртпемен секіруді;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тыныс алу жаттығуларын жасауға дағдыланады.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет