Қазақстандағы коммерциялық банктердің жобаларды қаржыландыру тиімділігін арттыру бағыттары



жүктеу 107.65 Kb.
Дата20.03.2017
өлшемі107.65 Kb.
УДК 336 Т.М.Үсенбаев, э.ғ.к.,

ҚазЭҚХСУ, Астана



ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫ
Аннотация

Бұл мақалада Қазақстандағы коммерциялық банктердің жобаларды қаржыландыру тиімділігін арттыру бағыттарын қалыптастырудың күрделі мəселелерін шешу, ақпараттар сапасына қойылатын басты талаптарды анықтау мен тиімді пайдалану қарастырылған.



Кілт сөздер: Қазақстан Республикасы, Коммерциялық банктер, қаржыландыру, жобалар, пайыз, несие, инвестиция, жиынтық ішкі өнім(ЖІӨ), экономика.
Мемлекет өндіріс саласына, экономиканың негізгі реттеуші күші ретінде ерекше көңіл аударады. Себебі, өндіріс саласы айтарлықтай дамыған және осы сала бойынша көптеген жетістіктерге жеткен мемлекет қана, бәсекеге қабілетті және дамыған деп әлемге танылады[1]. Ал өндірістің жедел дамуына әсер ететін күш, біріншіден коммерциялық банктердің жобаларды қаржыландыру екенін ұмытпауымыз қажет! Коммерциялық банктердің қаржыландыру саясаты кез-келген экономикалық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде экономикалық дамудың қозғаушы күші болып табылады.

Экономикалық өсімге маңызды ықпалын тигізетін ғылыми ауқымды ішкі және сыртқы нарыққа бағдарланған өнеркәсіп салаларының орны ерекше. Бұл салалардың әлеуметтік-экономикалық жағынан орны ерекше болғандықтан шығаратын өнімі бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған және импорт алмастыруға мүмкіндігі бар сипатқа ие болады. Сондықтан бұл алғышарттардың жүзеге асуына коммерциялық банктердің жобаларды қаржыландыруын қалыптастырушы және дамытушы фактор ретінде қабылдауымыз тиіс. Демек, коммерциялық банктердің жобаларды қаржыландырудың орта және ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асырудың тиімділігін бағалау маңызды болып табылады. Коммерциялық банктердің жобаларды қаржыландыру тиімділігін бағалау және талдау кез-келген саласының сапалы қызметіне, тұрақты дамуына қозғаушы фактор болып табылатын қызмет болғандықтан, таңдалынып отырған тақырып төңірегіндегі өзектілігімен ерекшелінеді! Коммерциялық банктердің қаржыландыру макро деңгейде, сондай-ақ микродеңгейде де маңызды рөль атқарады. Негізінде олар, жалпы елдің, шаруашылықтың бөлек субъектілерінің болашағын анықтайды және экономика дамуының локомотиві болып табылады[2].



Біздің зерттеуіміздің басында терминологиялық жағынан анықтап алған жөн деп көрдік. Экономикалық әдебиеттерде инвестиция сөзіне қандай анықтама бергенін қарастырып көрейік. Мұнда бұл категорияға анықтама беруде макроэкономика деңгейінде және салалық экономика деңгейінде тұрақталған атарлықтай айырмашылық бар екенін атап өту керек. Осылайша, мамандарға және кәсіпкерлерге арналған анықтамалық оқулықта біз келесі анықтамаларды оқимыз[3]: «Инвестицияға - ақша қаражаттары, мақсатты банктік салымдар, үлестер(паи), акциялар және басқа да бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауарлық белгілерге де, несиелер, кез-келген мүлік немесе мүліктік құқық, кәсіпкерлік қызметтің обьектілеріне салынатын интеллектуалдық құндылықтар, сондай-ақ пайда табу және экономикалық, әлеуметтік тиімділік кежету мақсатында қызмет ететін қызмет түрлері жатады.

Тікелей коммерциялық банктердің қаржыландыруға мемлекеттік қолдау көрсетудің мақсаты экономиканың басымды секторларында тауар өндіруді, қызмет көрсетуді және жұмыстарды жедел дамытуды қамтамасыз етуге қолайлы коммерциялық банктер үшін оңтайлы қаржыландыру климатын құру болып табылады, олардың тізімі ҚР Президентімен бекітіледі.

Мақсатқа жету барысында ҚР келесі мәселелерді шешеді:

-Жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техникаларды және ноу-хауды енгізу.

-Ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен және қызметтермен толтыру.

  • Отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету және ынталандыру.

  • Экспортқа бағытталған және импорт алмастырушы өндірістерді дамыту.

  • ҚР шикізат базасын рационалды және кешенді пайдалану.

  • Менеджменттің және маркетингтің қазіргі заманауи әдістерін енгізу.

  • Жаңа жұмыс орындарын құру.

  • Жергілікті кадрларды үздіксіз оқыту, олардың біліктілік деңгейін жоғарлату жүйесін енгізу.

  • Өндірістің интенсивтігін қамтамасыз ету.

- Қоршаған табиғи ортаны жақсарту.

Статистикалық есепте және экономикалық талдауда нақты коммерциялық банктердің қаржыландыруды тағы да капитал құрушы деп те атайды. Капитал құрушы коммерциялық банктердің қаржыландыру келесі элементтерден тұрады[4]:

- Негізгі капиталға коммерциялық банктердің қаржыландыру;

- Күрделі жөндеуге кеткен шығындар;

- Жер телімдерін және табиғи пайдалану объектілерін алуға кеткен коммерциялық банктердің қаржыландыру;

- Материалды емес активтерге коммерциялық банктердің қаржыландыру (патенттер, лицензиялар, бағдарламалық өнімдер, ғылыми–ізденіс және сынама– конструкторлық әзірлемелер және т.б.);

- Материалды айналым қаражаттарының запасын толтыруға коммерциялық банктердің қаржыландыру;

Капитал құрушы коммерциялық банктердің қаржыландырудың құрылымында негізгі орынды негізгі капиталға кеткен коммерциялық банктердің қаржыландыру алады, олардың ішіне жаңа құрылысқа, істеп тұрған өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, көліктік, сауда және басқа да кәсіпорындарды кеңейтуге, қайта құруға және техникалық қайта жарақтандыруға кеткен шығындар, тұрғын-үй және мәдени-тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар кіреді.

Коммерциялық банктердің қаржыландыру экономикалық категория ретінде, кез-келген мемлекеттің экономикасы оларсыз дұрыс дами алмайтын бір-қатар маңызды қызметтерді атқарады. Коммерциялық банктердің қаржыландырудың макродеңгейде:

- кеңейтілген өндірісті іске қосу саясатын жүргізу үшін;

- ҒТП жеделдету, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және сапасын жақсарту үшін;

- халықтық өндірісті құрылымдық қайта құру және халық шаруашылығының барлық саласын тең дамыту үшін;

- өнеркәсіптің қажетті шикізат базасын құру үшін;

- азаматтық құрылыс, денсаулық сақтауды, мәдениетті, жоғары және орта мектепті дамыту үшін, сондай-ақ басқа да әлеуметтік проблемаларды шешу үшін;

- жұмыссыздық проблемасын шешу немесе жұмсарту үшін;

- табиғи ортаны қорғау үшін;

- әскери-өнеркәсіптік кешенді конверсия үшін;

- мемлекеттің қорғанысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін және көптеген басқа да проблемаларды шешудің негізі болып табылады.

Ұзақ уақыт экономикалық дағдарыс жағдайында тұрған ҚР экономикасы үшін, ең алдымен оның тұрақтылығы мен өсуі үшін коммерциялық банктердің қаржыландыру өте қажет болды. Жаңа технологияларға, өндіріске коммерциялық банктердің қаржыландыруы, қатаң бәсекелестік күресте өмір сүруге көмектеседі (ішкі және сыртқы нарықта да), өз өнімінің бағасын жеңіл реттеуге мүмкіндік береді.

Коммерциялық банктердің қаржыландыру микродеңгейде де маңызды рөль атқарады. Бұл деңгейде олар ең алдымен келесі мақсаттарға жету үшін қажет:

- өндірісті кеңейту және дамыту;

- негізгі қорлардың шамадан тыс моральды және физикалық тозуын жібермеу;

- өндірістің техникалық деңгейін көтеру;

- нақты кәсіпорын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру;

- табиғатты қорғау іс-шараларын өткізу;

- бағалы қағаздарды сатып алу және басқа кәсіпорындардың активтеріне қаражаттарды салу;

Қорытындылай келе олар кәсіпорынның болашақта дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету үшін, тұрақты қаржылық жағдай және пайданы максимизациялау қажет.

Осылайша, коммерциялық банктердің қаржыландыру маңызды экономикалық категория болып табылады және макро және микро деңгейде де маңызды рөль атқарады, ең алдымен қарапайым және кеңейтілген өндіріс үшін, құрылымдық қайта құрулар, пайданы максимизациялау және осы негізде көптеген әлеуметтік проблемаларды шешу үшін маңызды болып табылады.

Қазақстандағы коммерциялық банктердің қаржыландыру қызметтің жағдайын келесі көрсеткіштердің динамикасы сипаттайды:

- инвестицияның жалпы көлемі;

- ішкі жалпы өнімде (ЖІӨ) инвестицияның үлесі;

- инвестицияның жалпы көлеміндегі нақты коммерциялық банктердің қаржыландырудың үлесі;

- нақты коммерциялық банктердің қаржыландырудың жалпы мөлшері;

- негізгі капиталға бағытталған, нақты коммерциялық банктердің қаржыландырудың үлесі.

1-суретте көрсетілгендей, коммерциялық банктердің қаржыландыруға сұраныс сызығы банктік пайыз мөлшерлемесіне (Сп) және күтіліп отырған таза пайда нормасына (Нп), инвестиция салымдарына байланысты екені белгілі.
Сн

сұраныс


Нп
Сурет 1 - Коммерциялық банктердің қаржыландыру деңгейі
Жанама түрде коммерциялық банктердің қаржыландыру қызметтің жағдайын, негізгі макроэкономмикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны қажетті деңгейде дұрыс сипаттайды[5]:

1) ұлттық табыс;

2) ЖІӨ және ЖҰӨ;

3) өнеркәсіптік өндірістің көлемі;

4) өнеркәсіптік өнімнің кейбір маңызды түрлерін шығару;

5) ауыл шаруашылық өнімінің көлемі;

6) халықтық еңбектің өнімділігі және тағы басқалар.

Бұл көрсеткіштердің дұрыстығы коммерциялық банктердің қаржыландыру қызметтің бағалауында, олардың өсуі инвестиция салуынсыз мүмкін емес дегенмен байланысты. Осы көрсеткіштер белгілі бір мөлшерде инвестицияны пайдаланудың тиімділігін де сипаттайды. Егер осы көрсеткіштердің өсу қарқыны инвестицияның өсу қарқынынан озып кетсе, онда бұл инвестицияны пайдаланудың тиімділігі артқанының айқын нышаны және керісінше.

Коммерциялық банктердің жобаларды қаржыландыру деңгейі халықтың табысының көлеміне айтарлықтай әсер етеді.

Коммерциялық банктердің жобаларды қаржыландыру процессі мынадай маңызды факторларға байланысты, олар: күтіліп отырған табыс нормасы немесе болжанып отырған капитал салымдарының рентабельділігі. Егер бұл рентабельділік инвестордың ойы бойынша өте төмен болса, онда салым жүзеге асырылмайды.

Еліміздегі инфляция ең маңызды түрінде коммерциялық банктердің жобаларды қаржыландыру қызметке әсер етеді, ол өз кезегінде, экономикалық жағдайға байланысты – экономиканың тұрақты және өсуі кезінде – ол төмендейді. Бұл кезде инфляция процессімен банктік несие мөлшерлемесі тығыз байланысты екенін ескерген жөн.

Ел экономикасына шетелдік банктерден қаражаттарды тарту және оларды игеру экономиканың өндірістік әлеуетінің өсуіне септігін тигізеді, техникалық және басқарушылық қабілеттерді шетелдерден тасымалдаудың маңызды құралы болып табылады. Алайда бұл процесс ұзақ уақыт бойы өз жалғасын табатын болса, Қазақстанның болашақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы көңіл толатындай жоғары дәрежеге жете қоймас. Тіпті күтпеген жағдайларға, мемлекеттің әлеуметтік жағдайының күрт төмендеуіне әкеліп соғуы ғажап емес. Себебі, естеріңізге сала кетсек, экономикалық әдебиетте инвестиция – кәсіпкерлік шаруашылық объектіге қаражат құю арқылы, алдағы уақытта толық қанағаттанарлық пайда түсіру мақсатында, қолда бар бос қаражатты дәл қазіргі мезетте жаратудан бас тарту ретінде қарастырылады. Ал еліміздегі негізгі өндіріс пен коммерциялық банктердің жобаларды қаржыландыру көпшілігі, шет елдік инвесторлардың қаржыландыруымен өз қызметін бастап отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстанға тек тікелей шетелдік банктердің қаржыландырудың жалпы соммасы шамамен 6,8 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал Қазақстан Республикасының экономист сарапшыларының хабары бойынша, тек американдық коммерциялық банктердің қаржыландырудың көлемі 1,9 млрд. АҚШ долларын құрайды екен, бұл тікелей коммерциялық банктердің жобаларды қаржыландырудың жалпы соммасының 28% құрайды және Орта Азия аймағында ең ірі болып табылады.

Мұнда, шетелдік тікелей коммерциялық банктердің жобаларды қаржыландырудың негізгі легі соммалық көрсеткіште мұнайгаз кешеніне тартылғанын атап өту керек. Өткен төрт жылда берілген салаға барлық шетелдік капиталдардың жартысынан астамы салынған. Металлургиялық кешенге салынатын коммерциялық банктердің қаржыландырудың көлемі өсуде. Сондай-ақ экономиканың басқа да салаларында коммерциялық банктердің жобаларды қаржыландыру өсуде, олардың көлемі осы кезеңде 2,5 есе өсті. Осы барлық қаражаттар, бүгінгі күні Қазақстанда тек кәсіпкерлік қызметтін жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпкердің мүліктік мүдделерін қажетті деңгейде сенімді қорғауға болатынын айтады.

Ал қазіргі таңда ол көрсеткіш айтарлықтай өскеніне еш күман жоқ. Әрине бұл көрсеткіштің әлде болса өсіп келе жатқаны біздерді қуантады, себебі біріншіден, жаңа өндіріс кешенінің іске қосылуы, қарапайым халықты, яғни өзіміз секілді мыңдаған отандастарымызды жаңа жұмыс орнымен және ай сайын үздіксіз маңдай терімен жасаған еңбегі үшін жалақымен қамтамасыз етеді. Екіншіден, жаңа өндіріс кешенінің ашылуы еліміздің бәсекеге қабілетті, дамушы мемлекет ретінде әлемге паш етеді.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

- коммерциялық банктердің жобаларды қаржыландырудың теориялық аспектілерін қарастыру;

- коммерциялық банктердің жобаларды қаржыландыру экономикалық тиімділігін бағалау;

- Қазақстан Республикасы коммерциялық банктердің жобаларды қаржыландыру жағдайын талдау;

- Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жобаларды несиелендіруін жетілдірудің негізгі бағыттары мен отандық инвесторларға барынша қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Алайда біздер экономист, қаржыгерлер ретінде Қазақстанның өндіріс саласын дамытуға бағытталған шет елдік коммерциялық банктердің қаржыларын тарту арқылы, шет елдік инвесторлардан алар пайдамыздан, көретін шығынымыз уақыт өте келе еселей түсетінін, біз жақсы түсінуіміз қажет. Cондықтан біздер Қазақстандағы коммерциялық банктердің жобаларды қаржыландыру тиімділігін арттыру бағыттарын қалыптастырудың күрделі мəселелерін шешу мен отандық инвесторлар санын барынша арттыруымыз керек.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www. nationalbank.kz/. веб-сайты.

2. Суэтин А. Балансы международных расчетов // Вопросы экономики. 2004.№ 27

3. Stern R.M. The Balance of Payments: Theory and Economic Policy. London, 1973. P.34.

4. Арыстанбеков К. Экономическая политика Казахстана в условиях высокого уровня иностранных инвестиций // Вопросы экономики. 2004. № 8.

5. Арыстанбеков К. Качество экономической политики и платежный баланс Казахстана // Вопросы экономики. 2008. № 12 (стр.120-132)




Резюме

В данной статье проведена оценка эффективного использования инвестиционных ресурсов в части финансирования долгосрочных проектов банками, что определяет их финансовую устойчивость на современном этапе. В условиях инвестиционного развития страны, рассмотренные в статье методы оценки и анализа проектов, направлены на достижение эффективности и рентабельности реализованных проектов.


Summary
In this article assessed the effective use of investment resources in financing long-term projects by banks, which determines their financial stability at the present stage. In terms of investment the country’s development, discussed in the article methods of evaluation and analysis of projects aimed at achieving efficiency and effectiveness of completed projects.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет