Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу саласын дамыту мәселелері бойынша анықтама

Loading...


жүктеу 184.55 Kb.
Дата25.02.2017
өлшемі184.55 Kb.


Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды

өңдеу саласын дамыту мәселелері бойынша

анықтама
2013 жылдың 30 мамырында Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу Концепциясына сәйкес, Қазақстанның қалдықтарды басқару саласындағы саясаты қайталама шикізаттан өнім алумен қалдықтарды қайта өңдеу секторының дамуына бағытталады.

Бекітілген саясатты жүзеге асыру мақсатында қалдықтарды басқару саласына инвестициялар және жаңа технологиялар тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осылайша, Энергетика министрлігі Корея Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, Корея Республикасы Техникалық инстутитымен (KEITI) меморандум, қайта өңдеу объектілерінің құрылысы бойынша жобаларды инвестициялауды қарастыратын қалдықтарды басқару мәселесі бойынша Эдмонд де Ротшильд Банкімен меморандум жасалды.

2016 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда автокөлік құралдары мен олардың компоненттеріне өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (бұдан әрі – ӨКМ) принципі енгізілді. ӨКМ-ді өнімнің (тауар) басқа да түрлеріне кезек-кезекпен енгізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта ӨКМ Операторлары мамандандырылған кәсіпорындармен бірлесе отырып, автокөлік шиналарын қайта өңдеу және кәдеге жарату, тасымалдау, жинау үшін шығындарды компенсациялау мәселелері пысықталды. Істен шыққан мотор майларды және аккумуляторларды кәдеге жарату мәселелері бойынша кәсіпорындармен келіссөздер жүргізілуде. 2017 жылдың екінші жартысында «Оператор ӨКМ» ЖШС автокөліктерді қайта өңдеу зауытын салуды және іске қосуды жоспарлап отыр.

Қайталама шикізат нарығының жұмысын бірыңғайлау және жүйелеу мақсатында Экологиялық кодекске түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, «коммуналды қалдықтарды бөліп жинау», «қайталама шикізат» ұғымдары енгізілді және қайталама шикізатқа, қауіпті қалдықтардың кейбір түрлерін кәдеге жарату және бөліп жинауға, тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа айналдыруға талаптар бекітіліп, алдын-ала қайта өңдеусіз қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) көмуге тыйым енгізілді, қалдықтарды көму және қайта өңдеу, кәдеге жарату, тасымалдау, жинау бойынша операцияларды жүзеге асыратын субъектілерге кәсіптік талаптарды бекітетін міндетті ұлттық стандарттар, сонымен қатар, қауіпті қалдықтардың кейбір түрлерін ( электронды және электрлі жабдықтар, құрамында сынап бар қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар) бөліп жинау және кәдеге жарату бойынша талаптар енгізілді. Сондай-ақ, ҚР Экологиялық кодексінде және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңында жергілікті атқарушы органдарға ҚТҚ-ны бөліп жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеуді ұйымдастыруға жауапкершілік жүктелген.

Дүниежүзілік банктің деректері бойынша Батыс Еуропа елдерінде соңғы 15-20 жылда алынатын өнімнің сапасының төмен болуына және шығындарды жаппайтын аз пайда әкелетініне байланысты аралас қалдықтарды өңдеу бойынша объектілер салынбаған.

Осыған байланысты қайталама шикізаттан өнім және энергия өндірумен ҚТҚ қайта өңдеу саласының дамуы үшін қалдықтардың бөліп жинауын енгізу және нарық инфрақұрылымын реттеу қажет. Бұл қайталама шикізат көлемінің өсуіне, экономикалық айналымға 48 млрд. теңге қайтаруына және шағын және орта бизнестің дамуына қосымша импульс беруге ықпал етеді. Инфрақұрылым дамуының жеткіліксіздігінен сұрыпталған қайталама шикізаттар негізінен Қазақстаннан тыс жерлерде жүзеге асады, нақтырақ айтқанда, Ресейде, Өзбекстанда, Қытайда, тек 2 %-ға жуығы ғана Қазақстанда қайта өңделеді, қалған көлемі ҚТҚ қоқыс орындарында және полигондарды орналастырылады. Қайталама шикізаттың жеткіліксіз көлемінен қоқыс өңдеуші зауыттың құрылысы тиімсіз болып табылады.

Алматы, Өскемен, Семей, Тараз, Қарағанды қалаларындағы қоқыс өңдеу объектілерінің құрылысы жобаларының жұмыстары әкімшілік және әлеуеттік инвесторлар арасындағы келісімге қарамастан инвесторлар тарапынан жобалардың экономикалық қызықтырмаушылығы, қалдықтардың жеткіліксіз көлемі, ынталандырудың жеткіліксіз шаралары себептеріне байланысты тоқтатылды.

Осыған байланысты, Энергетика Министрлігі Инвестициялар және даму министрлігіне қалдықтарды жинау, сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша қызметті инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қызметтің басым түрлер қатарына қосу ұсынысын жіберді, сондай-ақ, Қаржы министрлігіне негізгі қызметі қалдықтарды жинау, сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату болып табылатын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғаларға ынталандыру шаралары, атап айтқанда, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғаларды корпоративті табыс салығынан, қосымша құн салығынан, жер салығынан және мүлік салығынан босату; қайталама шикізаттан өндірілген өнімнен түскен пайдаға төмендетілген коэффиценттер қолдану; салықтық демалыстар беру және т.б.

ҚТҚ бөліп жинау, сұрыптау және қайта өңдеуді енгізу саласында тәжірибе алмасу мақсатында 2016 жылғы 14-15 маусым аралығында Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасында ҚТҚ басқару мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Семирнар шеңберінде, сарашылармен ҚТҚ басқарудың қазақстандық және шетелдік тәжірибесі, жобаларды қаржыландыру жағдайы және қаржылық институтаттардың несиелік мүмкіндіктері, Автокөлік және олардың қосалқы бөлшектеріне ӨКМ енгізу мәселелері, сонымен қатар, электронды және электрлі жабдықтарға, қаптамаға, ыдысқа ӨКМ енгізу перспективалары ұсынылды және талқыланды. Қарағанды қаласындағы тиімді қымбат емес технологияларды қолданумен қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату объектілеріне барды.

Семинарда қалдықтарды пайдалану саласында маманданған кәсіпорындардың, бизнес-қауымдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық ұйымдардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың 140-тан астам өкілдері қатысты.

Семинар қатысушылары ҚТҚ пайдалану саласындағы бизнесті дамыту тәжірибелерімен алмасты, инвестициялар тарту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. Семинар ҚТҚ тасымалдау, сұрыптау және қайта өңдеуге маманданған кәсіпорындар арасында ынтымақтастықты жақсартуға, тәжірибе алмасу үшін алаң қалыптастыруға мүмкіндік берді. Осыған ұқсас семинар-кеңестер 2016 жылғы 14 және 15 шілдеде Петропавл және Көкшетау қалаларында өтті.

Халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, білім берудің және тұлға ретінде қалыптасудың барлық деңгейлерінде қоғамда экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру мақсатында қалдықтармен жұмыс істеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарау бойынша тақырыптарды оқу курстарының және пәндердің бағдарламаларына енгізу бөлігінде білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша Білім және ғылым, Ақпарат және коммуникациялар министрліктерінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізілді.

ҚТҚ бөліп жинау, қайта өңдеу және кәдеге жаратуды енгізу есебінен қайталама шикізат нарығын кезеңмен қалыптастыру үшін Министрлік пен жергілікті атқарушы органдармен бірлесе, 2020 жылға дейін келесі шараларды қарастыратын Жол картасы бекітілді:

- сапалы қайталама шикізат алуға мүмкіндік беретін қалдықтарды бөліп жинауды кезеңмен енгізу;

- ірі қалалар мен аудан орталықтарында полигондардың жұмыс мерзімін ұлғайтуға, полигондарда орналастырылатын қалдықтар көлемін азайтуға және қайталама шикізат нарығын дамытуға мүмкіндік беретін пресс-компактормен бірге сұрыптау желісін орнату;

- өнім, материалды және энергетикалық ресурстар (биогаз, электр, компост) алумен қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату объектілерін салу;

- қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу маманданған кәсіпорындар арасында ынтымақтастықты жақсарту, қайталама шикізат нарығының қатысушыларының қайта өңдеушілермен ішкі және аймақаралық кооперациясын дамыту;

- ҚТҚ халықты бөліп жинау процессіне тарту және халықтың экологиялық хабардар болуын арттыру үшін халыққа үгіт-насихат (отырыстар, кітапша, бейне-роликтер, оқу орындарында лекциялар, акциялар және т.б.) жүргізу және ұйымдастыру.

Жол картасына сәйкес облыстарда контейнерлер орнату, қоқыс сұрыптау желілерін, қоқыс өңдеу кәсіпорындарын салу арқылы аумақтарда кезең-кезеңімен қалдықтарды бөліп жинау (2 фракция – қалалар үшін «ылғалды» және «құрғақ», «қауіпті» және «қауіпті емес» ауылдық елді мекендер үшін), сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату енгізілуде.

Ақмола облысының Көкшетау және Бурабай қалаларында қаптама қалдықтары және қалдық биоыдырайтын коқыстар үшін бөлк жинаудың екіконтейнерлі жүйесі енгізілді. Аймақта ҚТҚ бөліп жинау және сұрыптау саласында маманданған 4 кәсіпорын қызмет етеді, олар бес фракция бойынша сұрыпталады: жұмсақ пластик, қатты пластик, макулатура, қаптама полиэтилен қалдықтары, шыны сынықтары, пластмассаның әртүрлі түрі, қаңылтыр банкілер.

Көкшетау қаласында қоқыс сұрыптайтын тармақпен жаңа ҚТҚ полигонының құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Құрылыстың болжамдық құны – 2,2 млрд. теңге.



Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында ҚТҚ бөліп жинау үшін 310 сызықты контейнер орналастырылды,ҚТҚ ескі фракцияларын жинау және қайта өңдеумен айналысатын 14 кәсіпорын қызмет етеді. Істен шыққан люминесцентті шамдарды, құрамында сынап бар жабдықтарды, тозған автокөлік шиналарын, макулатураны, ПЭТ және пластикті, тозған акуммуляторды, майды, әйнекті, металл сынығын жинау жүзеге асады. Сұрыпталған қайталама шикізат қайта өңдеу және кәдеге жаратуға басқа аймақтарға және экспортқа жіберіледі.

2015 жылы облыс Әкімшілігі және RenTeh B.V.» (Нидерланды) қаржылық холдингі арасында «Ақтөбе қаласында қоқыс өңдеуші зауыт құрылысының жобасын жүзеге асыру бойынша Меморандум» жасалды. Зауыттың болжамдық қуаты құрылыс материалдарын шығарумен шамамен жылына 200 мың тонна ҚТҚ. Қайта өндеу тереңдігі - 80%. Жобаны қаржыландырудың 30% -ы жеке капитал, 70% -ы Еуропалық инвестициялық банктің (Люксембург). Шамамен 36 млн.евро.

Қосымша Ақтөбе қаласының қолданыстағы полигонын ұзақ мерзімді басқару және рекультивация үшін инвесторға беру мәселесі қарастырылуда.

Қалдықтарды пайдалану мәселелерін шешу жұмыстары аудандық деңгейде атқарылып жатыр. Ақтөбе облысының Ембі қаласында «Болат» ЖШС аула сыпыртқыларының цехты, қағаздан экомақта дайындатын, әйнекті ыдысты уақтайтын цехты, қалдықтардың пресс-капты қоқыс сұрыптайтын желіні орнату бойынша жоба әзірленді.



Алматы облысында Талдықорған қаласында макулатура, пластик, әйнек және басқа қалдықтарды бөліп жинау үшін 73 алаң орнатылған. Облыс аумағында әйнекті («САФ» АҚ), макулатураны («Kagazy Recycling» ЖШС), аккумулятор батареяларын («Кайнар АКБ» ЖШС), шиналарды («Утиль Экосервис» ЖШС), полимерлі қалдықтарды («КазПэтПолимер» ЖШС) қайта өңдеуге маманданған 7 кәсіпорын қызмет етеді.

Қатты және сұйық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша бірлескен қазақстандық-түрік «ЭкосервисАрман» ЖШС салынды. Кәсіпорынның жобалық қуаты – тәулігіне 50 мың тонна қалдық (резина, пластик, пайдаланылған майлар және т.б.). Бүгінгі күнде іске қосу-түзеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚТҚ қайта өңдеу бойынша «ADAL DAMU CAPITAL» ЖШС жобасы әзірленуде. Кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 60 мың тонна. Жоба 3 кезеңнен тұрады: 1 кезеңде 2016 жылы қайталама шикізат өндіру үшін цехты және ҚТҚ сұрыптау үшін қоқыс сұрыптайтын кешенді пайдалануға беру жоспарланып отыр; 2 кезеңде – ҚТҚ органикалық фракцияларды қайта өңдеу бойынга биогазды кешеннің құрылысы. Өндіріс қуаты – жылына 18 мың тонна газ; 3 кезеңде – органикалық қалдықтардан биогумус өндірісі үшін вермифабрика. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2016-2018 жылдар.

Облыс Әкімшілігімен қоқыс өңдеуші зауыт және сұрыптайтын желі құрылысына қызығушылық танытқан потенциалды инвесторлар тізімі қалыптасты («Таза Жер МПК», «Кринтел», «Риза-2006», «Зеймур», «DynexenergyCorp», «Актуал Сервис», «Балис», «Астертас», «EcologyFood», «Локоинжениринг»).

Іле ауданында «Таза ЖерМПК» ЖШС инвесторына қоқыс өңдеуші зауыт құрылысына 2 га жер бөлінді, Талғар ауданында «ЗейМур» ЖШС инвесторына «ҚТҚ сұрыптау және қайта өңдеу бойынша зауыт құрылысы» жобасын жүзеге асыру үшін 27,0 га жер учаскесі бөлінді, «ЗейМур» ЖШС-мен кейінгі ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Есіл аудандарында ҚТҚ сұрыптау, қайта өңдеу және жою бойынша 4 өндірістік кешеннің құрылысы қарастырылып жатыр. Кешен құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен 20 млн.теңге бөлінді



Атырау облысында пайда болу көздерінде ҚТҚ бөліп жинау енгізілмеген. «Вест-Дала» ЖШС, «Спецавтобаза» ЖШС ҚТҚ қабылдайды және сұрыптайды (қайталама шикізат: пластик, шыны, макулатура, полиэтилен, шиналар, маталл сынығы, аккумуляторлар).

Атырау қаласындағы қоқыс сұрыптайтын кешен құрылысының ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджет қаражаттарынан 70 млн. тенге бөлінді. Кешен құрылысын қаржыландыруды 2018-2020 жылдары Дүниежүзілік банк жүзеге асырады.



Шығыс Қазақстан облысында пайда болу көздерінде ҚТҚ бөліп жинау енгізілмеген. Облыс әкімшілігімен Өскемен, Семей, Аягөз, Зыряновск, Шемонаиха қалаларында қалдықтарды бөліп жинауды енгізу жоспарлануда. Облыста құрамында сынап бар шамдар, полимерлі қалдық, аккумулятор, шина, макулатура, шыны сынықтарын сұрыптау және қайта өңдеуге маманданған 10 кәсіпорын қызмет етеді. Өскемен және Семей қалаларында қоқыс сұрыптайтын зауыт құрылысының мәселесі қарастырылып жатыр. Семей қаласында «Хазипов» ЖК полигонда ҚТҚ сұрыптауды жүзеге асырады.

Өскемен және Семей қалаларында қалдықтарды сұрыптау желілерін орнату мәселелері пысықталуда. Өскемен қаласында ҚТҚ полигонының және қалдықтарды өңдеу зауытының құрылысына жер учаскесі бөлінді (30 га). Қазіргі уақытта мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде бірлескен жобаны жүзеге асыру үшін инвесторларды іздеу жүргізілуде.



Жамбыл облысында пайда болу көзінде ҚТҚ бөліп жинау әдісі енгізілмеген. Облыс әкімдігі ҚТҚ бөлек фракцияларын жинау үшін контейнерлерді, қалдықтарды бөліп жинау желілерін орналастыру бойынша кәсіпорындардың ұсыныстарын қарастыруда. Осылайша, «Eco Control» ЖШС ағымды жылда Тараз қаласының барлық 307 қоқыс алаңдарында пластик ыдыстарын жинау үшін торлы контейнерлерді орналастыру жоспарлануда. Облыста пластик қалдықтарын өңдеп, одан сайдинг, даретхана қағазын шығаруымен макулатура, резина үгіндісін шығарумен қолданыстан шыққан автокөлік шиналарын өңдеумен айналысатын 5 кәсіпорын бар. Қолданыстан шыққан майлар пиролиз әдісімен қайта өңделеді. Электр және электрондық жабдықтарды жинау жұмыстары іске асырылады.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында пластик бөтелкелерді жинау үшін 150 арнайы контейнер орналатылған, халықтан қалдықтарды жинау, сынап және люминисцентті шамдарды залалсыздандыру мен демеркуризациялау жолға қойылған. Аумақта макулатура, полимер қаптауыштарды, қолданыстан шыққан майларды, оргтехниканы, құрамында сынап бар шамдарды жинау және қайта өңдеумен айналысатын арнайы 12 кәсіпорын бар. Жанармай, майлы және ауа фильтрлерді, компьютер және оргтехника, металл сынықтарын, макулатураны өңдеу жолға қойылған. Орал қаласында «Экоплюс» ЖШС ТҚҚ сұрыптау жүргізеді.

2015 жылы Ақсай қаласында «ГринАксай» ЖШС кәсіпорнымен салынған қалдықтарды сұрыптау желісін қолданысқа енгізу көзделген болатын. Алайда, қаржылық қиындықтарға байланысты қызметтері тоқтатылды.

2015 жылы құрамында қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу кешендері бар жаңа ҚТҚ полигоны құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу басталды. Сонымен қатар, Орал қаласының әкімдігі «Doranova» фин компаниясының өкілдерімен Орал қаласында ҚТҚ полигонынан биогаз алумен инвестициялық жобаны іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Қарағанды облысында пластик, әйнек, макулатура, алюминийден жасалған банкалар, қаптама қалдықтарын жинау үшін «ГорКомТранс» ЖШС Қарағанды қаласында 480, «ТТК» ЖШС Қарағанды қаласында 250 және Теміртау қаласында 350 контейнер орнатқан.

Облыста өнім алумен қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеуді жүзеге асыратын 5 кәсіпорын қызмет етеді. Қарағанды қаласында «ГорКомТранс» ЖШС қуаттылығы жылына 100 мың тонна қоқыс сұрыптайтын станция салды.

Теміртау қаласында «ТТК» ЖШС қуаттылығы жылына 20 мың тонна құдықтарға люктерді дайындайтын цехы бар қоқыс сұрыптайтын желі салынды. «Темиртауцветмет» ЖШС жоғары сапалы түсті металл қоспаларының өндірісімен қаңылтыр алюминий банкаларын қайта балқытады, қуаты – жылына 2,4 мың тонна.

Қостанай облысының Қостанай және Рудный қалаларында полиэтилен, ПЭТ-бөтелке және пластикалық ыдыс қалдықтарын бөліп жинау іске асырылады. Қостанай қаласы бойынша 219, Рудный қаласы бойынша көлемі 2,5 текше метрлі 126 торлы контейнер орнатылған. Арқалық және Жітіқара қалаларында арнайы контейнерлерді орнату жоспарлануда.

Облыста өнім алумен қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеуді жүзеге асыратын 14 кәсіпорын қызмет етеді. Қостанай қаласында «Тазалық-2012» ЖШС геотор, тас төсеуіші, көру құдық люктерін шығару үшін пластик қалдықтарын (70 тонна/жыл) қайта өңдейді. «Эколайнспорт» ЖШС резеңке қиқымды өндірумен тозған шиналарды жинау және қайта өңдеуді жүзеге асырады. «KagazyRecycling» ЖШС филиалы макулатура жинап (шамамен 250 тонна/жыл), Алматы қаласына қайта өңдеуге бағыттайды. Қостанай қаласы бойынша «Атамакен 4+» ЖШС әйнек және шыны ыдыс қалдықтарын жинау үшін 70 контейнер орнатты, контейнерлер санын кезеңмен арттыру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың тамызынан бастап, әйнек қалдықтарының жиналған көлемі 20 тоннаны құрады. «S.M.F.SYSTEM» тоқусыз материалдар фабрикасы» ЖШС маңызды бөлігі елден тыс шығарылатын пластик қалдықтарын (300 тонна/жылына) жинауды жүзеге асырады.

Жітіқара және Арқалық қалаларында қағазды, макулатураны, әйнекті бөліп жинау үшін контейнерлерді сатып алу және орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыстың барлық қалаларында құрамына сынап қосылған шам жинау енгізілген.

Қазіргі уақытта облыс аумағында орнатылған және қолданыстағы қоқыс сұрыптайтын желі жоқ. Осыған байланысты Қостанай қаласында қоқыс сұрыптайтын желі (қолмен сұрыптау) құрылсының ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметімен серіктестік туралы жасалған келісім шеңберінде Дүниежүзілік Банкпен жобаны қаржыландыру мүмкіндігі туралы мәселе талқылануда.



Қызылорда облысында пайда болу көздерінде ҚТҚ бөліп жинау енгізілмеген. Облыста өнім алумен қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеуді жүзеге асыратын 4 кәсіпорын қызмет етеді. «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС полимерлі қалдықтардан жасалған жабынқышты, жаяужол плиткаларын шығарады. «Smart Rubber» ЖШС тозған автокөлік шиналарын қайта өңдеу арқылы тамшылап суландыру үшін шлангтар шығарады. «ТемирЖас-Груп» ЖШС тозған автокөлік шиналарын қайта өңдеу арқылы резеңке қиқымды шағарады. «ЭКО-Н Сервис» ЖШС құрамында сынап бар шамдарды демеркуризациялауды іске асырады.

ҚТҚ сұрыптау тек Қызылорда қаласында жүргізіледі. Полимерлі қалдықтар, пластмасса, полиэтилен, шыны ыдыс, макулатура, ПЭТ-бөтелкелер, ағаш қалдықтар шығарылады.

2014 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкімен «Қызылорда қаласында қатты-тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату» жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды. Жобада Қызылордада ҚТҚ биологиялық қайта өңдеу және механикалық сұрыптау қондырғысын жасау, жаңа полигонның құрылысы, сонымен қатар ескі полигонды қалпына келтіру көзделген.

Маңғыстау облысында люминесцентті шамдарды және сынапты демеркуризациялау халықтан оларды жинау реттелген. Ақтау қаласы бойынша люминесцентті және сынапты шамдар жинау үшін 27 контейнер орнатылған.

Пайда болу көздерінде ПЭТ-ыдыстар, полиэтилен қалдықтары, әйнек қалдықтары, тұрмыстық химия, алюминий банкалар қалдықтарын бөліп жинауды жүргізу мәселесі бойынша әлеуеттік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп және жобалар қарастырылуда.

2014 жылы Жаңаөзен қаласында қуаты жылына 50,0 мың тонналық ҚТҚ қайта өңдеу, кәдеге жарату және көму бойынша комбинат пайдалануға берілді. Жергілікті бюджет қаражаттарынан 2017-2018 жылдарға 40,0 млн. теңге сомаға Ақтау қаласында қоқыс өңдеу кешенін және облыстың 6 ірі елді мекенінде (Қарақия ауданының Жетібай және Құрық ауылдары, Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы және Ақшұқыр ауылы, Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы) қоқыс сұрыптау желілері құрылысының жобалық құжаттамасын (ТЭН, ЖСҚ) әзірлеу қарастырылған.

Павлодар облысында пайда болу көздерінде ҚТҚ бөліп жинау енгізілмеген. Облыста өнім алумен қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеуді жүзеге асыратын 8 кәсіпорын қызмет етеді. «Павлодар картон-рубероид зауыты» АҚ, «Завод Гофротара» ЖШС орам, төбе жабатын материалдарды және картон-қағаз бұйымдарын өндіру үшін макулатураны қайта өңдейді. «Inter Rubber Recycling» ЖШС резеңке қалдықтары және шинаны қайта өңдеу жолымен резеңке қиқымын шығарады. «Резон» Фирма ЖШС құрамында сынап бар шамдарды демеркуризациялауды іске асырады.

ATENA Environment Management итальяндық компания өкілдерімен кездесу өткізілді, кездесу барысында Павлодар қаласында ҚТҚ өңдеу зауыты құрылысы бойынша ниеттері расталды.



Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласы аумағында ПЭТ-ыдыстардың, алюминий банкаларының, макулатураның, қаптама полиэтилен қалдықтарын, пластмассаның әр түрін жинау үшін 472 контейнер орнатылған. Облыста бөліп жинаумен 14 кәсіпорын айналысады, ПЭТ-ыдыстан, жоғары және төмен сапалы полиэтилен қалдықтарынан жасалған шаруашылық тұтыну тауарлары, батпақтан қорғау қаптамалар, полиэтиленді қабыршық және пакет өндірісі реттелген. Қайталама шикізат қабылдау пункттері салынды. Әлеуеттік инвесторлармен қоқыс өңдеу зауыты құрылысының мәселелері әзірленуде. Потенциалды инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысында пайда болу көзінде ҚТҚ бөліп жинау енгізілмеген. Облыс әкімдігі ҚТҚ бөлек фракцияларын жинау үшін арнайы контейнерлерді орнату мәселелері қарастырылуда.

«Экошина» ЖШС-мен резина қалдықтары мен шиналарды жинау және қайта өңдеу және олардан резина теміржол төселгіштерін өндіру жолға қойылды. «Союз Plast» ЖШС қайталама гранула және агломерат өндіру үшін полимер материалдардың қалдықтарын өңдеуді іске асыруда.

Шымкент қаласында 2015 жылғы маусымда «Технологии 21» ЖШС ҚТҚ қайта өңдеу зауытын іске қосқан болатын. Алайда, қаржы мәселелеріне байланысты қызметі тоқтатылды. Облыс әкімдігі «Технологии 21» ЖШС-мен зауыт жұмысын қайта жандандыру мәселесін талқылауда.

Облыс аудандарында қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу саласын дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚТҚ сұрыптауды және электр энергиясын алу үшін ҚТҚ кәдеге жаратылмайтын фракцияларын жағуды көздейтін жобасын іске асыру бойынша отандық және шетел инвесторларымен (Қытай, Оңтүстік Корея, Польша) келіссөздер жүргізуде.



Астана қаласында «Астана-Тазарту» ЖШС-мен бөліп жинауды енгізу бойынша жобасы жүргізілуде. Жобаның бірінші кезеңінде пластик, сондай-ақ картон мен қағаз, шыны және басқа түрлі қалдықтарды жинау үшін 686 арнайы контейнерлерді орнату жоспарлануда, оның ішінде бүгінгі күні 227 контейнер орнатылды. Астана қаласында резина қиындысын шығаруымен қолданыстан шыққан автокөлік шиналарын жинау және өңдеу («Kazakhstan rubber recycling» ЖШС), құрамында сынап бар шамдарды жинау және демеркуризациялау («ADAL SERVICE» ЖШС, «НТП КазЭкотех Астана» ЖШС, «Ртутная безопасность» ЖК), сондай-ақ қайталама шикізатты: макулатура, ПЭТ-ыдыстарды, алюминий банкілерін, қаптама полиэтилен қалдықтарын, шыны сынықтарын, пластмассаның әр түрлі түрлерін жинау және бастапқы өңдеу («LS Astana» ЖШС) жұмыстары жолға қойылған.

2012 жылы қалдықтарды өңдеу кешені (бұдан әрі - ҚӨК) іске қосылды, оның жұмысында қалдықтарды сұрыптау «Имабе Иберика» испан технологиясы қолданылады. Өңдеу тереңділігі 7 % құрайды. ҚӨК-те пластик және макулатураны қайта өңдеу үшін 2 цех қарастырылған. «KazRecycleSеrvice» ЖШС басқару компаниясының мәліметі бойынша 2017 жылғы 30 маусымға дейін цехтарды іске қосу жоспарлануда.



Алматы қаласында «Тартып» АҚ 2017 жылдан бастап ПМТК (ПМК)-мен бірлесіп кіші және орта бизнес кәсіпорындарын тарта отырып қала аумағында ҚТҚ-ны кезең-кезеңімен селективті жинауды ұйымдастыру жоспарлауда. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен «Тәртіп» АҚ арасында ынтымақтастық және әрекеттесу туралы меморандумға қол қойылды.

«Азия-Утиль» ЖШС пилоттық тәртіпте пластик қалдықтарын жинауды жүргізеді. «Алматыэкологострой» МКК құрамында сынап бар шамдар мен термометрлерді қабылдайтын 10 пункт ашты. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 20 қабылдау пунктін ашу жоспарлануда.

Алматы қаласында макулатура, пластмасса және полиэтилен, түсті және қара металл сынықтарын, электронды және электр жабдықтарын, құрамында сынап бар құралдар мен бұйымдарды жинайтын және өңдейтін 13 кәсіпорын қызмет атқарады. Сонымен қатар, «Тәртіп» АҚ инвестициялық және жеке қаражаттар есебінен (6,6 млрд. тенгеден аса) қайталама шикізатты өңдеуді ұйымдастырумен қалдықтарды сұрыптау кешенін салу бойынша жобаны іске асыруда.

«Тоспа су» ЖШС «Kaukointernational» компаниясымен Алматы қаласының кәріз тазарту құрылыстарының ұйық тұнба алаңдарында биогаз алумен және оны жылу және электр энергиясына өңдеумен қалдықтарды өңдеу зауытын салу мәселесін пысықтауда. Жобаның ТЭН-і жасалды.



Korea Districh Heating Engineering Co.LTD шетелдік компаниясымен Іле ауданы Междуреченск ауылдық округінің полигонында қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтарды (оның ішінде медициналық) жағу бойынша зауыт салу мәселесі туралы келіссөздер жүргізілуде. ҚТҚ-дан энергия өндіру бойынша жобаның бизнес-жоспары әзірленді.

Сонымен, жергілікті атқарушы органдар ұсынған ақпарат бүгінде қалдықтардың пайда болу көзінде оларды бөліп жинау Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар и Оңтүстік Қазақстан областарында ендірілмегенін көрсетті. Басқа аумақтарда ҚТҚ-ны бөліп жинауды ендіру бойынша шаралар қабылданған. Қалдықтарды сұрыптау желілері тек Қарағанды (Қарағанды қаласы, Теміртау қаласы), Маңғыстау (Жаңаөзен қаласы), Шығыс Қазақстан (Семей қаласы), Батыс Қазақстан (Орал қаласы) облыстарында, Астана қаласында орнатылған. Астана және Жаңаөзен қалаларындағы қалдықтарды өңдеу зауыттары тек ҚТҚ сұрыптайды. Өнімнің өзіндік құнының жоғарылығына байланысты қайталама шикізаттан өнім шығару тиімсіз. Шымкент қаласындағы қалдықтарды өңдеу зауыты уақытша жұмыс істемейді.

Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында ҚТҚ сұрыптау, қайта өңдеу кешендерінің құрылысына жобалық құжаттар әзірлеуге жергілікті бюджетте қаражаттар қарастырылған.

Дүниежүзілік банкпен, Еуропалық қайта құру және даму банкімен Атырау, Көкшетау, Қостанай, Алматы және Қызылорда қалаларында ҚТҚ басқару бойынша инвестициялық жобаларды дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні республикада, негізінен шағын және орта бизнестің 100-ден астам кәсіпорны қызмет етеді, жыл сайын 90 мың тоннадан астам қайталама шикізат қайта өңдейді, өнімнің 20-дан астам түрін өндіреді: пластик, металл, ағаш, қағаз, резеңке қиқым, резинатехникалық бұйымдар, тыңайтқыш және пиролиздік жанармай. Аталған кәсіпорындардың қызметі есебінен жыл сайын елде пайда болатын ҚТҚ көлемінің 2%-ға жуығы қайта өңделеді.



: assets -> old -> uploads -> files -> 2016
2016 -> «Ақпарат ұсынудың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығының жобасына анықтама-негіздеме
2016 -> Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы № бұйрығына анықтама негіздеме
2016 -> «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы
2016 -> 56,88 млн тоннаны
2016 -> Бұйрығына анықтама-негіздеме № п/п
2016 -> Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2016 -> Өзгеріс енгізу туралы
2016 -> Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу ережесі Жалпы ережелер
2016 -> Есэдо го (версия 18. 3) Копия электронного документа
2016 -> Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру барысы туралы анықтама


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...