Қазақстанда корпоративтік деңгейде стратегияға формулировка беру

Loading...


жүктеу 156.83 Kb.
Дата10.09.2017
өлшемі156.83 Kb.

Қазақстанда корпоративтік деңгейде стратегияға формулировка беру

Еліміз алдымен «Қазақстан – 2030», содан соң қазіргі уақытта «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасы, сондай-ақ әр түрлі салаларға арналған мемлекеттік бағдарламаларға негізделген мақсатты даму үстінде. Еліміздің мақсатты даму стратегиясы сияқты, кез келген шаруашылық жүргізуші субъекті де даму стратегиясын, перспективаларын айқындамай тұрақты даму жолына түсе алмайды.

Кәсіпорын стратегиясы—барлық негізгі функциялар мен бөлімшелерді қамтитын мақсаттарды, тұтынушыларды қанағаттандару және нарықтық позициясын нығайтудағы кәсіпорынның басқару жоспары.

Стратегияны таңдау - бүкіл ұйым бойынша жинақталған өндірістік шешімдер мен бәсекеге қабілетті амалдарды бір арнаға келтіру. Амалдар мен тәсілдердің мұндай бірлігін кәсіпорынның ағымдағы стратегиясы білдіреді. Жақсы ойластырған стратегия кәсіпорынды келешекке дайындап, оның ұзақ мерзімді даму бағытын белгілейді және оның нақты іскерлік позицияға орналасу ниетін анықтайды. Кәсіпорынның міндетін (миссиясын) анықтаған басқарушы кәсіпорынның атқарар қызмет аясын және тұтынушыларға ұсынатын қызмет түрін айқындайды. Басқарушы кәсіпорын қызмет аясын тандауды стратегиялық тұрғыдан орындау керек және ол кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасымен үйлесіп, қатар жүруі керек.

Әрбір бөлімшенің нақты міндеттері болу керек және ол міндеттер ұйымның басты мақсатына бағатталуы қажет. Ұйымның жалпы мақсаты нақты міндеттерге бөлініп, әрбір бөлімше мен менеджерлерге жүктелсе, жұмыс нәтижесіне деген жалпы мүдде пайда болады.

Кәсіпорынның стратегиясын айқындау үшін оның сыртқы және ішкі факторларын зерттеп шығару қажет. Менеджер кәсіпорынның жағдайы мен нарық ерекшелігі туралы анық және нақты мәлеметке ие болғанда ғана дұрыс стратегияны таңдауға мүмкіншілік туады.

Кәсіпорын стратегиясы - ойланып істелген мақсатты іс-әрекеттерден және күтілмеген оқиғалар мен күшейе түскен бәсекелестік күреске жауап қайтару. Кез келген кәсіпорында қай деңгейде болсын, келешекке тәуелді болады. Менеджерлер кәсіпорын жағдайы мен нарық ерекшелігі туралы анық және нақты мәліметке ие болғанда ғана дұрыс стратегияны таңдауға мүмкіншідік туады. Ал, әр тараптандарылған кәсіпорын стратегиясы жеке ұйымда төрт деңгейде қалыптасады.

Стратегиялық басқару дегеніміз – ол ұйымдардың қоршаған ортамен өзара қатынастарын басқару барысындағы ұйымдардың мақсатын жүзеге асыру миссиясы. Стратегиялық басқару – ол ұйымның өз алдына қойған мақсатына жетудегі шешімдер жиынтығы мен әрекеттері. Стратегия – ол негізгі мақсаттарға қол жеткізудегі басымды мәселелер мен ресурстарды анықтаудағы әрекеттердің бас бағдарламасы. Стратегиялық басқарудың нысандарына коммерциялық фирмалар, аймақтар, ел, шағын кәсіпорындар және тағы басқалар жатады. Стратегиялық басқарудың субъектілеріне ұйымдық басқару жатады. Мұнда басқарудың жүйелік субъектілері бар, олар әр деңгейде қызмет етеді. Мысалы, корпоративті стратегия, бизнес стратегиясы , функционалды стратегия .

Стратегиялық менеджменттің негізгі мазмұнын мыналар құрайды:



  • фирма бизнесін белгілеу мен негізгі мақсатын анықтау;

  • фирманың сыртқы ортасын талдау;

  • оның ішкі жағдайын талдау;

  • фирманың шаруашылық аймағы деңгейінде стратегияны таңдау мен дайындау;

  • әртараптандырылған фирманың портфелін талдау;

  • оның ұйымдық құрылымын жобалау;

  • компания стратегиясы мен нәтижелерінің кері әсерін қамтамасыз ету;

  • стратегияны, құралымды және басқаруды жетілдіру.



Жаңа мүмкіндіктерді пайдалану бойынша әрекеттер (шетел нарыктарын ашатын жаңа технологиялар, жаңа тауарлар, бәсекелес компанияны сатып алу мүмкіндігі, жаңа саудалық келісімдер)

Саладағы жағдайлардың өзгеруін қамтамасыз ететін жауапты әрекеттер (тауарға талаптардың өзгеруі, мемлекеттік емес шектеулер, белгіленген мөлшердің өзгеруі, жаңа бәсекелестердің келуі және кетуі)

Қысқа мерзімді табыстылықты жақсарту әрекеттер

Шығарылған өнімнің ассортиментін кеңейту және тоқтатуға, тауар сапасын немесе сатып алушыларды модификациялауды өзгертуге күш салу

Компанияның стратегиясын анықтайтын әрекеттер мен тәсілдер

Ұзақ мерзімді бәсекелестік позицияны күшейту үшін жаңа шабуылдық әрекеттер және бәсекелестік басымдьшықты сақтау



Негізгі функциялар мен әрекеттерді анықтайтын қадамдар мен тәсіддер

Бәсекелестік әрекетіне қарсы қорғану шаралары және сыртқы қауіп-қатерден қорғану


Алға және кейін интеграциялау бойынша күш салу

Компанияның табыс базасын әртараптандыру бойынша қадамдар және қызметтің жаңа саласына немесе өрісіне бірлесіп ену

Географиялық таралудың өзгерістері бойынша күш салу

Менің ойымша, стратегия түпкі мақсаттардан ешқандай мәнге ие болмайды, егер де мақсат түсініктері болмаса ешқандай стратегия және ешқандай стратегиялық жоспарлау көмектесе алмайды Мақсаттарға әдетте пікір-талас барысында және болашақ компанияны бүгінгі күн жағдайымен талқылау арқылы қол жеткізуге болады. SWOT – талдау (күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктер мен қауіп-қатер) бүгінгі күнмен түсінуге негізделіп жүргізіледі.

Ұйым қызметіне әсер ететін факторларды бағалау барысында ұйым жүйе ретінде қарастырылады және кәсіпорынның келесі параметрлері бар:


  • Кәсіпорынның перспективалық дамуы мен нақты жетістікке жету туралы көрсеткіштер: рыноктың ұлғаю географиялық динамикасы; кәсіпорын өніміне сұраныстың қанығу деңгейі; басқа кәсіпорындармен іскерлік байланыс; кәсіпорын өнімінің қоғамдық қолайлылығы; өнімді сату/өткізу көлемі; өнімдерге «тапсырыс портфелінің» жағдайы; жаңа өнімдер ассортименті мен ағымдық ассортименттегі өнімдердің өзара ара қатынасы.

  • Кәсіпорынның ғылыми-техникалық деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер: ескірген өнім түрлерінің деңгейі; өнімдерді жаңарту дәрежесі; өндірістегі техникалық олқылықты сипаттайтын бұйымның үлес салмағы; бұйымның өмірлік циклын қысқарту деңгейі; ҒЗТҚЖ-ды жүзеге асыру барысында техникалық жетістіктің ықтималдылығы; ғылыми-техникалық ресурстар саны; ағымдық өңдеу бағыттары; өнім сапасының деңгейі.

  • Кәсіпорын қызметінің қаржылық аспектісін сипаттайтын көрсеткіштер: қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу деңгейі; шығынды төмендету саясаты; жаңа өнімдер үшін бастапқы шығындар; алынған пайданың тұрақтылығы мен өсуі.

  • Өндірістік потенциал көрсеткіштері: өндіріс көлемінің өсу шегіне жету деңгейі; өндірістік қуаттылық (жаңа өнімдердің өндірістік талаптар арасындағы алшақтық дәрежесі)



Сыртқы талдау

Ішкі талдау



Ішкі күштері және нашар жақтары
Негізгі стратегиялық бағыттар

Баламаны бағалау және стратегияны таңдау

Іске асыру және менеджмент стратегиясы

Сыртқы мүмкіндіктер және қауіптер

Сыртқы орта жағдайында келесі параметрлер бар:


  • Нарықты сипаттайтын көрсеткіштер: өнімді тұтынушылар санының өсуі; мемлекеттік тапсырыстың кері қайту (төмендету) ролі; нарық көлемі; саудадағы ынталандыру мен тосқауылдар; өнімді тұтынуда болашақ тұрақсыздық деңгейі; өндіруші монополистер немесе тұтынушылар қызығушылығының алғы шарттары.

  • Сыртқы ортаның ғылыми-техникалық қызығушылығын сипаттайтын көрсеткіштер: өнім сапасының деңгейі; өнімді жаңарту дәрежесі.

  • Сыртқы ортаның қаржылық аспектісін сипаттайтын көрсеткіштер: валюта тенденциясы; инфляция тенденциясы; баға белгілеу тенденциясы.

Аталған көрсеткіштер кәсіпорынның даму стратегиясын салыстырмалы түрде құруда өзара қарым-қатынасы мен даму перспективасының жағдайын экономика-статистикалық бағалауға мүмкіндік береді.

Жүйеден шығу стратегиялық бағыттарды (сәйкес саласы бойынша кәсіпорынның даму жоспары: нарық, ғылыми-техникалық деңгей, қаржы, өндіріс) дайындау болып табылады.

Стратегиялық басқарудың этаптары:

1-этап. Сыртқы ортаны талдау.

2-этап. Ішкі мүмкіндіктерді бағалау.

3-этап. Негізгі стратегия мен стратегиялық баламаларды таңдау.

4-этап. Функционалдық стратегияны таңдау мен бағалау.

Енді, осы жоғарыда айтылғандарға қорытынды ретінде нақты бір кәсіпорын мысалында қарастырып көрейік:

Стратегияны әзірлеу үшін бірінші қадам –талдау жұмысын жүргізу. Талдау қалыптасқан, болған жағдайларды анықтау үдерісі. Онсыз ешқандай болжау, жоспарлау, бағдарламалау мүмкін емес. Компания қандайда болмасын стратегияны қабылдауы үшін, алдымен ішкі және сыртқы жағдайларды анықтап бағалау қажет.

« Алекс» ЖШС-ң қызметін басқаруда стратегияны қалыптастыру жағдайын талдау

«Алекс» ЖШС-ң сыртқы ортасын талдау




Факторлар тобы

Факторлар

Факторлар

Мақсатқа жетуге ықпал ететіндер

Мақсатқа жетуге кедергі келтіретіндер

1.Экономикалық

1. Салықтар мен баждар

2. Валюта бағамы

3. Инфляция

4. Жұмыссыздық






-

-

-



-

2.Саяси

1. Елдің саяси бағыты өзгеруі

2. Экономикалық қатынастарды реттудің нормативтік-құқықтық базасындағы өзгерістер



+
+


-

-


3.Технологиялық

1. Өткізуді жетілдіру

2.Жеткізуді жетілдіру



+

+





4. Әлеуметтік

1. Персоналдың біліктілік деңгейі

2. Жұмысқа көзқарасы

3.Персонал логистикасы мен контролингі

4. Құндылықтар мен бағыттар



+
+
+
+

-


Осылайша, көрсетілген кестеден шығатыны, ұйымның сыртқы ортасының негізі қауіптері экономикалық және саяси факторлар. Салық салудағы өзгерістер, инфляциялық тәуекелдердің әсері, жұмыссыздық деңгейінің өсуі кәсіпорынның жалпыэкономикалық жағдайына айтарлықтай ықпал етеді. Сол сияқты, мысалы, валюта бағамының құнсыздануы немесе көтеріңкі кедендік баж енгізу кәсіпорын қызметінің жалпы экономикалық тиімділігіне ықпал етеді. Рыноктық факторлар да (бәсекелестік, демография, мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі) кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметіне теріс әсер ете алады.
«Алекс» ЖШС-ң ішкі ортасын талдау:


Салалар

Факторлар

Факторлар

Мықты жағы

Әлсіз жағы

Кадрлар

1. Басқару персоналы стилі

2. Кадрлық саясат

3. Дәйектеме

4. Кадрлардың тұрақтамауы

5. Жұмыс тәжірибесі


+

+

+



+

-


Жалпы басқаруды ұйымдастыру

1. Ұйымдастырушылық құрылым

2. Компанияның беделі мен келбеті

3. Коммуникациялық саясат

4. Контроллинг деңгейі

5. Ұйымдастырушылық мәдениеті


+

+

+



-



Қызметтер өндірісі

1. Баға саясаты

2.Бәсекелестік саясаты

3.Сауда-саттықты бақылау жүйесі


+

+

+






Маркетинг

1.Тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі

2. Өткізудің ақпараттық қамтамасыз етілуі

3.Рынок үлесі

4. Өнімнің өмірлік циклі

5. Өткізу саясаты

6. Жайғастыру

7.Өткізуді қалыптастыру және ынталандыру


+
+

+

+



+

+

-


Қаржылар

1. Активтермен қамтамасыз ету

2. Капиталды пайдаланудың тиімділігі

3.Инвесторларға тәуелділік деңгейі

4. Экономикалық тиімділік


+


-

-

-



Жалпы алғанда, экономика дағдарысы, инфляцияның күшеюі мен халықтың төменгі тіршілік ету минимумына қарай, компанияның банкроттық тәуекелін ұлғайтатынын атап өту қажет. Компанияның қаржылық жоспарларында құнсызданудың фирманың негізгі жұмыс көрсеткіштеріне әсері қарастырылған. Заңналық және нормативтік актілердегі өзгерістер де кәсіпорынның кейбір техника-экономикалық сипаттамаларына дисбаланс туғыза алады. Сондықтан компания фирманың экономикалық жағдайына әсер ететін саяси факторларды үнемі талдап отыруға шешім етті. Әрі қарай, кәсіпорынның ішкі ортасын келесі кестемен талдаймыз. Осылайша, кәсіпорынның негізгі ішкі тәуекелдері болып кәсіпорынды басқаруға және ұйымдастырушылық құрылымға байланысты тәуекелдер шығады, бұлар дереу өзгертуді және реформалауды талап етеді. Бұдан басқа, ортаны талдау, стартегиялық басқаруда ол қалай өткізіледі, ұйымға қатысты сыртқы ортада пайда болуы мүмкін қауіптер мен мүмкіндіктерді, ұйымның мықты және әлсіз жақтарын анықтауға бағытталған. Басқару ортаны зерттеу көптеген әдістермен жүргізіледі. Оларға мынандай талдау әдістері жатады: Әлеуметтік, технологиялық, экономикалық, саясаттық (PEST-анализ) және күшті жағы, әлсіз, мүмкіндіктер, қауіптер (SWOT – анализ). Зерттеушілер осы талдау әдістері арқылы мына стратегиялық сауалдарға жауап іздейді: ұйымның қазіргі жағдайы қалай; болашақта ұйымның алдында тұрған қандай кедергілер және қандай дұрыс ықпал ететін жағдайлар бар; қойылған мақсаттарға жету үшін қандай мүмкіндіктерді іске асыру керек; стратегияны жүзеге асыру үшін қалай басқару керек?

PEST және SWOT талдау нәтижесінде басқарушы жүйенің даму стратегиясы қалыптасады (фирмалар, ұйымдар, социум).

PEST – ұйымның сыртқы жағдайын талдаудың бір түрі. Ол болашақ стратегияны дайындауға қолданылады және сараптау арқылы факторлардың салыстырмалы мәнін анықтауға көмек етеді. Ал факторлар әлеуметтік, технологиялық, экономикалық және саясаттық болып төрт топқа бөлінеді.

PEST талдаудың жақын ортаға әсер етуі төрт категориялы:

- Социодемографиялық әсерлер – қоғамдық, мәдениеттік және демографиялық;

- Технологиялық әсерлер – өнімдер, инновациялық технологияның үрдістері, коммуникация және көлік:

- Экономикалық әсерлер – ақша-несие саясаты, табыстар, өмір әл-ауқатының деңгейі және т.б;

- Саяси әсер – үкіметтік, құқықтық және мөлшерлі әсерлер.
«Алекс» ЖШС» қызметіне SWOT талдау:


Күшті жағы

Әлсіз жағы

- Барлық өндірілген өнім табиғи, сапалы және сапалығын дәлелдейтін сертификацияланған құжаттары бар;

-2000 метр тереңдіктегі скважинадан қазып алынып, қосымша өңдеудің бірнеше сатысынан өтеді және «Экологиялық таза өнім» этикетін иемденіп өнім шығаруға рұқсаты бар.

- Компанияның саясаты клиенттермен компания қызметкерлері арасында барынша қарапайым байланыс орнату;

- Біпқатар шет мемлекеттерде, араб елдеріне экспортталады және сапасымен танымал.

- компанияның әлсіз жақтарын және қауіптерін жоюда қаржылық және кадр потенциалы жеткілікті;

- жоғары кәсіби білікті персоналды таңдау жоспары бар;

- ішкі шаруашылық қызметті қатаң бақылау;

- басқарушы іскерлік және ұйымдастырушылық сапаларымен, болашақты көре білетін, жаңашыл, жоғары кәсіби білікті, істі соңына дейін жеткізетін жауапкершілік қаситеттерді иеленеді.



-Осы салада қызмет жасайтын басқа компаниялармен байланыстың болмауы;

-Лизинг компанияларының алдында міндеттемелерінің болуы;

- жаңа жобаларды іске асыру үшін қосымша жұмыс орындарын ұйымдастыру қолға алынбаған;

-компанияның қосымша көздерден қаражаттар тарту мүмкіндігі жоқ;




Мүмкіндіктер

Қауіптер

- Жергілікті және жоғарғы басқару органдарының минералды су саласын дамытуға қызығушылықтарын тудыру;

- «Алекс» ЖШС өнім минералды су құю өндірісін дамытып Оңтүстік Қазақстан облысы ғана емес бүкіл Қазақстан бойынша негізгі минералды су өнімдерін жеткізіп беруші рөлін атқарып отыр.;

- Компанияның бірден бір басымдықтарының бірі клиенттерге сапалы өнімді қамтамасыз ете отырып, сол бағытта жағымды позицияны иелену;

- ЖШС-ң жұмысын тек минералды су өндірісімен шектемей, аймақтың табиғат жағдайының қолайлылығына байланысты сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен айналысу;



- үкіметтің салық саясатын өзгерту – жер қойнауын пайланушылар салығының деңгейін өсіру өнім бағасының өсуіне де әсер етеді және соның салдарынан нарықта өнім баяу жылжыйды;

- Құрамы химиялық жолмен алынатын, табиғи емес баламалардың нарыққа көптеп шығарылуы;





PEST талдау факторларының артықшылықтары:

1) PEST факторларымен жұмыс істей бастағанда басшылар сыртқы қоршаған орта туралы ойлана бастайды.

2) Адамдар сыртқы қоршаған ортаны дұрыс көруге мүмкіндік туады. Сыртқы қоршаған ортаның факторларын есепке алу мәдениеті тәрбиеленеді.

3) Бір фактордан екінші факторға еркін ауысу және сол арқылы қоршаған орта туралы тұтас пікір қалыптастыру.

4) Сыртқы қоршаған ортаны талдау үшін жалпы тіл табысу.

5) Ішкі мәселелермен айналыса бермей, сыртқы қоршаған орта туралы ойлауды әдетке айналдыру.

SWOT талдау – бұл рыноктың макрожүйесі және олардың нақтылы мақсаттарын талдау әдісі. Фирманың және оның бәсекелестерінің кешендік сызбасының үлгісі: «күшті жақтары – әлсіздігі-мүмкіндіктері - қауіптер».

Қорытынды:

Кәсіпорын стратегиясы-ойланып істелген мақсаты іс-әрекеттерден және күтілмеген оқиғалармен күшейе түскен бәсекелестік күреске жауап қайтару. Кез-келген кәсіпорында қай деңгейде болсын, келешекке тәуелділік болады. Менеджерлер барлық стратегиялық әрекеттерді, жаңа техналогиялардың пайда болуы, мемлекетік регламинтация, сатып алушылардың ынтасы артуы және тағы басқа. Осы сияқты өзгерістерді алдын ала болжап, біле алмауына байланысты стратегияны іске асыру барысында оған өзгертулер мен түзетулер енгізіп отырады. Осыдан келіп, ұйымның стратегиясы алдын - ала жоспарланған әрекеттер мен күтілмеген оқиғаларға байланысты енгізілген түзетулерден тұрады деп айта аламыз. Ағымдағы стратегия кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, әзірленеді.

Стратегияны қалыптастыру тек жоғары басшылықтың ғана міндеті емес. Ірі кәсіпорындарда стратегияны қалыптастыру жөнінде шешім қабылдауға жоғарғы буын басшылары мен қатар коммерциялық және өндірістік бөлімшелердің, кәсіпорын бөлімшелері ішіндегі атқарушы (өндіріс, маркетинг және өткізу, қаржы, кадрлар және тағы басқалар) басшылары, өнімнің шығарылуына жауапты өндірістік кәсіпорын басшылары мен жетекшілері де қатысады. Стратегия - ол менеджердің өз міндетін атқарудағы сайманы. Фирманың стратегиясы анықталған көрсеткіштерге қол жеткізудегі персоналдық іс-қимылына байланысты болады. Компанияның стратегиясы оспарланған іс-әрекеттерден тұрады.

Стратегияны әзірлеу үшін бірінші қадам талдау жұмысын жүргізу. Талдау қалыптасқан, болған жағдайларды анықтау үдерісі. Онсыз ешқандай болжау, жоспарлау, бағдарламалау мүмкін емес. Компания қандайда болмасын стратегияны қабылдауы үшін, алдымен ішкі және сыртқы жағдайларды анықтап бағалау қажет. Кәсіпорын стратегиясы мен саясаты өзара байланысты болады. Бір жағынан, стратегия кәсіпорын саясатының норма мен принциптеріне бағынышты болса, екінші жағынан, америкалық экономистердің зертеулерінде көрсеткендей, сол принциптер мен нормалар стратегиядан келіп шықты. Бұл жерде кәсіпорынның стратегия жүзінде анықталған саясаты туралы айтып өткен жөн. Стратегия компанияны тиімді басқаруға әсер ететін көптеген бәсекеге қабілетті амалдар мен жалпы тәсілдерге бөлінеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Бердалиев К.Б. Стратегиялық менеджмент: Оқулық. – Алматы.: Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы, 2011 ж. -312 б.

  2. Тулегенов Б.Т., Адильханова С.А. Планирование деятельности хозяйствующих субъектов. Алматы: 2001 г.

  3. http://business.gov.kz/kz/dkb2020/

  4. Т.Ж.Демесінов Қаржылық талдау:Оқулық.—Алматы,2011

  5. Я.Әубәкіров. Экономика теория негіздері.—Алматы,2013,106 б.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...