«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы құраған Қазақстан Республикасы ішінде алысқа және қала маңына қатынайтын поездарға жол жүру құжаттарын (билеттерді)



жүктеу 0.54 Mb.
бет4/4
Дата18.02.2017
өлшемі0.54 Mb.
1   2   3   4

12. ӨАК арқылы ресімделген жол жүру құжаты (билет)

55. ӨАК арқылы ресімделген жол жүру құжаты (билет) белгіленген нысандағы бланкіде басылып шығарылады. ӨАК арқылы ресімделетін жол жүру құжатының (билеттің) сыртқы түрі осы Технологияның 2-қосымшасында берілген.

56. ӨАК жол жүру құжатының (билеттің) бланкісінде жолаушыны темір жолмен тасымалдау туралы төмендегі ақпарат басып шығаруы тиіс:

1) жол коды және темір жол әкімшілігінің шартты белгісі;

2) құжаттың атауы «Электронды жол жүру құжаты»;

3) тапсырыс сәйкестендіргіші;

4) поезд нөмірі;

5) поездың жөнелтілу күні (күні, айы) және уақыты (сағат, минут)

6) вагон түрі және нөмірі, қызмет көрсету класы;

7) билет құны;

8) плацкарт құны

9) адам саны;

10) жол жүру құжатының түрі (толық/балаларға арналған);

11) төлем нысаны;

12) тасымалдаушының атауы, қосымша құн салығын төлеуші куәлігінің нөмірі;

13) жөнелтілу және келу станциялары және олардың кодтары;

14) вагондағы орын нөмірі;

15) тасымалдаушының БСН-і;

16) қызметтік ақпарат (қосымша қорғау параметрлері);

17) жолаушы туралы мәліметтер – тегі және атының, әкесінің атының бас әріптері (болған жағдайда), тұлғасын куәландыратын құжаттың түрі және оның деректемелері. Кәмілетке толмаған жолаушының жол жүруін ресімдеу кезінде қосымша туу туралы куәлігінің сериясы және деректемелері, оның туған күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;

18) жалпы жол жүру құны, соның ішінде:

тариф, соның ішінде қосымша құн салығының мөлшері,

алым сомасы, соның ішінде қосымша құн салығының мөлшері,

сервистік қызметтер, соның ішінде қосымша құн салығының мөлшері;

19) жолаушы келетін поездың келу станциясына келетін күні мен уақыты, нөмірі (үш мәнді);

20) 2D шифрленген күйде жол жүру деректемелері, жолаушы туралы, ресімделген электронды билет (оның нөмірін қоса алғанда) туралы деректер, сондай-ақ ол электронды билеттің «Экспресс» БАЖ-да ресімделгенін растайтын криптографиялық қорғалған ақпараттық кезектілікті (сәйкестендіргіш) көрсететін код;

21) қызмет көрсету класы.

Сондай-ақ ӨАК бланкісіне бланкілерді арнайы қорғайтын арнайы ұлттық белгіні («КЗХ» символы) басып шығару талап етіледі.

Жол жүру құжатында (билетте) тасымалдаушының қарауы бойынша тасымалдау шарттары және (немесе) жолаушыларға қызмет көрсету ерекшеліктері туралы қосымша ақпарат болуы мүмкін.
13. Оперативтік және қаржылық есептілікті алу тәртібі
57. ӨАК жұмысын бақылау үшін ЦЭП секторының жауапты қызметкері электронды витрина арқылы мына есеп беру құжаттарын ала алады:

ӨАК бастапқы және соңғы есептері (осы Технологияға 3, 4-қосымшалары);

ӨАК арқылы ресімделген жол жүру құжаттары (билет) туралы есеп (осы Технологияға 5-қосымша);

ӨАК арқылы ресімделген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) тізілімдері: тасымалдаушылар бойынша тәуліктік, айлық (осы Технологияға 6 және 7-қосымшалар).

Есеп беретін тіл - орыс тілі.

58. ӨАК бастапқы есепті ЦЭП секторының бастығы/аға билет кассирі жасайды:

ӨАК жұмысы басталмас бұрын жаңа жол жүру құжаттарының (билеттерінің) бланкілерін толтырғаннан кейін;

ауысым басында.

Ауысым басында және соңында алынған ӨАК есептері - «ӨАК бастапқы есебі» және «ӨАК соңғы есебі» термоқағазға басылып шығарылады.

Жұмыс басталмас бұрын ӨАК бастапқы есебі нөлдік ақпаратты көрсетеді. (осы Технологияға 3-қосымша);

ӨАК соңғы есебі ӨАК аусымы соңында ( инкассация алдында) жасалады.

Ауысым бойғы ӨАК-тың барлық жұмысы ӨАК соңғы есебінде көрсетіледі. (осы Технологияға 4-қосымша);

ӨАК жұмыс істеу уақыты – тәулік бойы.

59. ӨАК-ті инкассациялау күн сайын, белгіленген регламентке сәйкес, сондай-ақ қажеттілікке байланысты - жаңылған жағдайларда (билетті/чекті және/немесе қайтарылатын артық ақшаны бермегенде) қабылдау кассеталары толып кеткенде, айырбастау қоры мен билет бланкілері шығындалғанда жүргізіледі.

ӨАК дер кезінде инкассациялауды жүзеге асыру үшін ЦЭП бастығы/аға билет кассирі ӨАК бойынша соңғы есепті жасайды, купюра қабылдағыш және тиын ақша қабылдағыш стекерлерін алады. Купюра қабылдағыштан банкноттарды және монета қабылдағыштан монеталарды шығару қауіпсіз жайда жүзеге асырылады.
14. ӨАК-ты айырбастау қорымен толтыру есебі
60. ӨАК жұмысы басталмас бұрын, Клиентке қайтарылатын артық ақшаны қалыптастыру үшін Қоғам ӨАК арнайы контейнерлерін ақша қаражаттарының айырбастау қорымен: 200, 500, 1000, 2000, 5000 теңге номиналды купюралармен және жалпы сомасы 100 000 теңге 5, 10, 20, 50, 100 теңге монета номиналдарымен (5*200, 10*200 , 20*100, 50*100, 100*100, 200*50, 500*20, 1000*15, 2000*10, 5000*5) толтырылады.

Айырбастау қорын ӨАК-ты инкассациялау кезінде ЦЭП секторының бастығы/аға билет кассирі толтырылады.


15. ӨАК арқылы ресімделген жол жүру құжаттары (билеттері) туралы есеп
61. Күн сайын, демалыс пен мереке күндерін санамағанда, ЭК АЖ ӨАК арқылы ресімделген жол жүру құжаттары (билеттер) туралы есепті және Excel форматында ӨАК арқылы ресімделген жол жүру құжаттарының тізілімдерін жасайды.

Қоғам қызметкерлерінің ӨАК арқылы ресімделген жол жүру құжаттары (билеттері) туралы есептерді және ӨАК арқылы ресімделген жол жүру құжаттарының тізілімдерін алуға Қоғамның өтінімі негізінде Црасчет рұқсат береді.

ӨАК арқылы ресімделген жол жүру құжаттары (билеттер) туралы есеп толық календарлық тәулік ішінде (Астана уақытымен 00:00:00 бастап 23:59:59 дейін) жасалуы және Қоғамға ЭК АЖ-ға қосылған әр ӨАК бойынша төлем қабылдаған күннен кейінгі жұмыс күнінің 11-сағатынан кешіктірілмей деректер берудің техникалық құралдарын пайдалану арқылы осы Технологияға 5-қосымшаға сәйкес электронды түрде берілуі тиіс.

ӨАК арқылы ресімделген жол жүру құжаттары туралы есепке өсу көрсеткіштерімен тәулік және ай ішінде ӨАК арқылы рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттердің) тізілімі жасалады. ӨАК арқылы ресімделген жол жүру құжаттары (билеттері) тізілімдерінің нысандары осы Технологияға 6 және 7-қосымшаларда көрсетілген.

Ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың 2-сінен кешіктірмей, ЭК АЖ операторы ӨАК арқылы ресімделген жол жүру құжаттары туралы айлық есеп жасайды. Есеп нысаны осы Технологияға 8-қосымшада көрсетілген.
16. Интернет арқылы төленген жол жүру құжаттарының (билеттердің) ресімделген тапсырыстар тізімі және «Экспресс» БАЖ жасайтын есеп
62. Күн сайын «Экспресс» БАЖ-да ЭК АЖ (Интернет, ТӨҚТ, ӨАК, ӨҚТТ) қолма-қол ақша қаражаттарымен және банк карталарымен төленген алдынғы тәуліктегі жол жүру құжаттарының (билеттерінің) ресімделген тапсырыстар тізімі жасалады.

Қоғамның және ЛВРС бухгалтерлік есеп басқармасының жауапты қызметкерінің дербес компьютерінде тізімді алу логині мен паролі бар АЖО орнатылуы керек.

63. ЭК АЖ арқылы (Интернет, ТӨҚТ, ӨАК, ӨҚТТ) қолма-қол ақша қаражаттарымен және банк карталарымен төленген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) ресімделген тапсырыстарының тізіміне алдынғы тәуліктің 00 сағат 00 минутынан бастап 24 сағат 00 минутына дейін ӨАК арқылы ресімделген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) тізімі кіреді.

Ресімделген жол жүру құжаттарының (билеттердің) тапсырыстар тізімі деректердің талдау базасы (ДТБ) ақпараттарының негізінде жасалады.

Интернет арқылы төленген жол жүру құжаттарының (билеттердің) ресімделген тапсырыстар тізімінің нысаны осы Технологияға 9-қосымшада ұсынылған.

64. «Экспресс» БАЖ-да күн сайын қолма-қол ақшамен және банк карталары бойынша Интернет, ТӨҚТ және ӨАК арқылы төленген жол жүру құжаттарының (билеттердің) ресімделген тапсырыстары саны сен сомасы бойынша есеп күн сайын, деректердің талдау базасы (ДТБ) ақпараттарының негізінде жасалады.

Бұл есепке Интернет арқылы есептік айдың бірінші күнінің 00 сағат 00 минутынан есептік айдың соңғы күнінің 24 сағат 00 минутына дейін ресімделген жол жүру құжаттары туралы ақпарат кіреді.

Интернет, ТӨҚТ және ӨАК арқылы қолма-қол ақшамен немесе банк картасы бойынша төленген жол жүру құжаттарына (билеттерге) ресімделген тапсырыстардың саны мен сомасы бойынша есеп күн сайын, ай ішіндегі өспелі жиынтықпен, деректердің талдау базасы (ДТБ) ақпараттарының негізінде жасалады.


17. Қайтарылған жол жүру құжаттарының (билеттердің) тізімі
65. «Экспресс» БАЖ-да күн сайын Интернет, ӨАК арқылы төленген және пластикалық картаға қайтарылған өткен тәуліктегі жол жүру құжаттарының (билеттердің) тізімі жасалады.

Тізім жол жүру құжаттарының (билеттердің) ресімделген тапсырыстар тізіміне ұқсас жасалады, бұл ретте онда «Ресімделген орындар саны» бағанының орнына «Қайтарылған орындар саны» бағаны көзделеді (осы Технологияға 10-қосымша).


18. Тізімдеме
66. Тізімдеме «Экспресс» БАЖ-да поездың жөнелтілуіне бір сағат қалғанда поездың әр вагоны бойынша жасалады.

БЖБ/ЖБК қызметкері күн сайын тізімдеме жасайды және оны поезд бастығына береді.

Ведомость жасалғаннан кейін жолаушыларды отырғызуды бақылаудың автоматтандырылған жүйесіне қосылған құрылғылармен жабдықталмаған поездарға билеттердің сатылуы мен қайтарылуына рұқсат етілмейді.

Тізімдеме нысаны осы Технологияға 1-қосымшада берілген.


19. Билет кассаларының қызметі:
67. Билет кассасы клиент келгенде келесі функцияларды орындайды:

1) ӨАК арқылы ресімделген жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайтаруды, қайта ресімдеуді жүзеге асырады;

2) ҚЕБ-де билеттерді басып шығарады.
20. ЦЭП секторының бастығы/ аға билет кассирінің функциялары
68. ЦЭП секторының бастығы/аға билет кассирі күн сайын төмендегі функцияларды орындайды:

1) ӨАК бастапқы есебін жасайды, ӨАК-қа жол жүру құжаттарының (билеттердің) бланкілерін және айырбастау қорын толтырады;

2) ЛУ-8 нысанды жолаушылар билеттерін сату кітабын жүргізеді;

3) Әр ӨАК бойынша ӨАК соңғы есебін алады және әр ӨАК бойынша сервистік алымның жалпы сомасына МД-4 нысанды жергілікті кіріс түбіртегін ресімдейді;

ӨАК ауысым есептері (бастапқы және соңғы) бақылау таспасымен тігілуі және ЕЕТ/ БЕЕТ талабы бойынша ұсынылуы тиіс;

Қандай да бір ӨАК ақаулы болса, ол сатқан билеттердің саны туралы есепті ЭК АЖ-ға қосылған дербес компьютерден алу қажет;

4) Апта сайын жергілікті кірістер бойынша есеп жасайды және пайдаланылған МД-4 нысанды жергілікті кіріс түбіртектерін ЛВРС кірістер бөліміне тапсырады, есептік ай аяқталғаннан кейін ЭК АЖ-да жасалған айлық есептілік деректерімен соңғы есептер бойынша ӨАК-тың күн сайынғы деректерін салыстыруды жүргізеді, ФО-8 нысанда кассалық есепті жасайды және есептік айдан кейінгі айдың 1-і күнінен кешіктірмей, оны Астана станциясы вокзалы билет кассаларының меңгерушісіне береді;

5) ӨАК-тың жол жүру құжаттары (билеттері) бланкісін пайдалануына бақылауды қамтамасыз етеді;

6) ӨАК баспа құрылғылары терминалдарының техникалық ақаулықтары туралы техникалық персоналға хабар береді, ӨАК техникалық ақаулықтарын тіркеу журналына (осы Технологияға 11-қосымша) ӨАК терминалдарының және баспа құрылғыларының техникалық ақаулықтары және техникалық персоналдың ӨАК терминалдары мен баспа құрылғыларына техникалық қызмет көрсеткені туралы жазады;

7) ҚХБ жауапты қызметкерінің қатысуымен ӨАК-та тұрып қалған карталарды алуды жүзеге асырады, ҚХБ қызметкерімен бірлесіп ӨАК-тан карточкаларды алу туралы акт жасайды (осы Технологияға 12-қосымша);

8) Күн сайын ӨАК инкассациясын жүргізеді.

ӨАК-тан алынған ақша қаражаттарының сомасы қайта саналып, оған ілеспе тізімдеме жасалады, ол соңғы есептің көшірмесімен бірге Астана станциясы вокзалының түсімін жинаушы кассиріне тапсырылады.

Инкассацияланған сома, жинаушы кассирдің тегі, аты және әкесінің аты ЛУ-8 нысанды жолаушылар билеттерін сату кітабында көрсетіледі. Жинаушы кассир инкассацияланған ақша қаражаттарын ЛУ-8 нысанды жолаушылар билеттерін сату кітабында өз қолымен растайды;

9) ӨАК қызмет көрсету барысына бақылауды жүзеге асырады және қажет болғанда «Экспресс» БАЖ механиктеріне ӨАК-ты жұмысқа дайындау үшін ӨАК ашу кілттерін береді.

Кілттер ӨАК-ты ашу кілттерін пайдалану журналына қол қою арқылы беріледі (Технологияға 13-қосымша);

Реттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ӨАК ашатын кілттер ЦЭП секторының бастығы/аға билет кассиріне тапсырылады және ӨАК-ты ашу кілттерін пайдалану журналында ӨАК техникалық персоналы кілттің қайтарылған уақыты туралы жазады, ол кілтті тапсырған және алған адамның қолымен расталады.

Барлық кілттердің түпнұсқалары, ӨАК ашу кілттерін пайдалану журналдары ЦЭП секторының бастығында/аға билет кассирінде мөрленген сейфте сақталуы тиіс, ал ӨАК ашу кілттерінің дубликаттары – ЛВРС жол жүру құжаттарын сатуды ұйымдастыру жөніндегі сектордың бастығында (немесе ЛВРС басшысы белгілеген өзге тұлғада) сақталуы тиіс.

Кілттердің дубликаттары түпнұсқа жоғалған жағдайда ғана қолданылуы тиіс.

Кілт жоғалған кезде ӨАК жабу құрылғысын ауыстыру мүмкіндігі көзделуі тиіс.
21. ЕЕТ, БЕЕТ функциялары
69. ЕЕТ/БЕЕТ қызметкерлері:

1) күн сайын ӨАК жұмысына қаржылық бақылау жүргізу үшін ӨАК ауысым есептерін (бастапқы және соңғы), тәулік ішінде электронды витринамен жүргізілген барлық операциялар тіркелген бақылау таспасын алады;

2) жол жүру құжаттары (билеттер) бланкілерінің шығындалуына, жол жүру құжаттары (билеттер) бүлінген бланкілерінің санын соңғы есептерде көрсетілген санымен салыстыруға бақылауды жүзеге асырады.

70. ӨАК жұмысын тексеруді жүзеге асыру үшін ЦЭП секторының бастығы/аға билет кассирі ЕЕТ, БЕЕТ-ке ЛУ-8 жолаушылар билеттерін сату кітабын, сондай-ақ төмендегі құжаттарды:

бастапқы және соңғы есептердің ақпараты бар ӨАК-ның бақылау таспасын;

жол жүру құжаттарының (билеттердің) бүлінген бланкілерін, сынамалық бланкілерін қоса бере отырып, басып шығарылған, бірақ жолаушыға берілмеген бланкілерді;

олардың ақаулылығы немесе авариялық жағдайы салдарынан басылмаған жол жүру құжаттары бланкілерін береді.

71. ЕЕТ, БЕЕТ қызметкерлері жол жүру құжаттары (билеттер) бланкілерінің шығындалуын қолмен санау арқылы:

жол жүру құжаттарының (билеттердің) бүлінген/ақаулы бланкілерінің санын;

есептер санын тексереді;

Бір ай ішінде алынған ауысым есептерінің саны, есеп беру кезеңі ішінде ЕЕТ, БЕЕТ-ке тапсырылған ауысым есептерінің санына тең болуы тиіс.

72. ЕЕТ, БЕЕТ қызметкерлері күн сайын/он күн сайын Р98 R242 жұмыс түрлері бойынша ӨАК алынған соңғы есептер деректерінің негізінде сервистік алымдар сомасы туралы ақпаратты «Экспресс» БАЖ-ға енгізеді.

«Экспресс» БАЖ-ға енгізілген деректердің негізінде, ГВЦ ай сайын Қоғамның поездары мен ауысып отырмайтын вагондарына жол жүру құжаттарын сату туралы, соның ішінде ӨАК алымдары сомалары бойынша есеп (тізілім) жасайды.

Инкассаторға тапсырылған ӨАК алымдары сомалары және «Экспресс» БАЖ-ға енгізілген алымдар сомасы арасындағы алшақтық туындаған болса, ЦЭП секторы бастығынан/аға билет кассирінен түсіндірме жазба талап етілуі тиіс және Қоғам басшылығы тексеру нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдауы тиіс.

73. ЕЕТ, БЕЕТ қызметкерлері ЦЭП секторының бастығы/аға билет кассирі ЕЕТ, БЕЕТ-ға берген бүлінген және ақаулы жол жүру құжаттарының (билеттердің) санын ӨАК жұмысы туралы соңғы есепте көрсетілген санымен салыстырып тексереді. Бүлінген бланкілердің саны сәйкес болмаса, оның себебі анықталуы тиіс.

Егер жол жүру құжатының (билеттің) бланкісі ақаулы болса (майысқан, умаждалған, ластанған, стандартқа сәйкес болмайтын және т.б. болса), олар ӨАК пайдаланыла алмайды. Ондай бланкілер алынуы, және оларға актілер жасалуы тиіс. Ақаулы бланкілер актіге қоса беріледі.

ЦЭП секторының бастығы/аға билет кассирі бланкілерді жоғалтқан жағдайда, аталған қызметкерлер түсінік хат береді. Олардың кінәсі расталған жағдайда, оларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мойнына ақша жазылады.
22. Техникалық персоналдың функциялары
74. ЛВРС «Экспресс» БАЖ жетекші инженерлері мен механиктері және Црасчет қызметкерлері ӨАК қол жеткізе алатын техникалық персонал болып табылады.

75. Техникалық персонал, қажет болғанда, ЦЭП секторының бастығынан/аға билет кассирінен ӨАК ашу кілттерін алуы тиіс. Техникалық персонал ӨАК ашу кілттерін пайдалану журналында кілтті алғаны туралы (осы Технологияға 13-қосымша) қол қояды.

76. ӨАК-ке қызмет көрсету жұмысына ӨАК-ты жұмысқа дайындау кіреді: параметрлерін реттеу, чек принтерінің бақылау таспасын, термоқағазын толтыру, төлем модуліне қызмет көрсету.

77. ӨАК-ке қызмет көрсету және ӨАК-ке түрлі орнатуларды жүзеге асыру үшін техникалық персоналдың ӨАК жұмысын сервистік режимге енгізуі қажет.

Техникалық персонал ЦЭП секторы бастығының/аға билет кассирінің қатысуымен төмендегі жұмыстарды жүргізуі тиіс:

1) бағдарламалық қамтамасыз етуді реттеу (орнату және қайта орнату, реттеу және қайта реттеу);

2) ӨАК-ты чек принтерінің бақылау таспасымен, термоқағазбен толтыру.

78. Техникалық персонал кілтті жоғалтқан жағдайда, түсініктеме акт жасалуы тиіс.

Актіге кілтті жоғалтқан тұлға, ЦЭП секторының бастығы/аға билет кассирі, ЛВРС директорының орынбасары және ЛВРС «Экспресс» БАЖ секторының бастығы (кілтті «Экспресс» БАЖ механигі жоғалтқан жағдайда) қол қоюы тиіс.

Кілтті жоғалтқан қызметкер, кілттің, ӨАК бекіту құрылғысының және кілтті айырбастау жөніндегі жұмыстардың құнының орнын толтыруы тиіс.

79. Црасчет техникалық персоналы:

1) ЭК АЖ-ға және ТЖ АЖ-ға техникалық қызмет көрсетуді;

2) банк модульдерін реттеуді және қайта реттеуді қамтамасыз етеді.

80. Жұмыс аяқталғаннан кейін техникалық персонал ЦЭП секторының бастығына/аға билет кассиріне кілтті тапсырады және кілттерді пайдалану журналында сәйкес жазуды жүргізеді (осы Технологияға 13-қосымша).


23. Црасчет функциялары
81. Црасчет төмендегі функцияларды жүзеге асырады:

1) клиенттің банк картасын пайдалану арқылы жол жүру құжатын (билетті) сатып алуды төлеу бойынша транзакция жүргізу;

2) жасалған төлеу операциялары бойынша «Visa», «MasterCard» төлем жүйелерімен есеп айырысуларды жүргізу;

3) ресімделген жол жүру құжаттары (билеттер) тізіміне сәйкес соманы Қоғам шотына аудару;

4) клиенттің банк картасын пайдалану арқылы жол жүру құжатын (билетті) сатып алуды төлеу бойынша транзакция және ЭК АЖ арқылы қайтарылған жол жүру құжаты (билеті) үшін ақша қаражаттарын клиенттің банк картасына қайтару бойынша есеп айырысуларды жүргізу;

5) Қоғам мен ЛВРС-тың жауапты қызметкерлеріне электронды витрина жасайтын есепке қол жеткізуге мүмкіндік беру;

6) ТЖ АЖ ережесі шеңберінде банк карталарымен операциялар;

7) ӨАК банк қосымшасына тәулік бойы техникалық қолдау;

8) жол жүру құжатын (билетін) қайтару, банк төлем карточкасының нөмірі, авторизация коды, транзакция сомасы туралы деректерді жасау;

9) ӨАКК арқылы сатып алынған жол жүру құжаттары (билеттер) үшін ақша қаражаттарын қайтару бойынша жүргізілген операциялар туралы есепті, қайтару жүргізілген күні бойынша жасау.


24. ҚХБ төлем жүйесінің функциялары
82. ҚХБ төлем жүйелері мынадай функцияларды орындайды:

1) «Visa», «MasterCard» төлем жүйелерімен төлеу операциялары бойынша есеп айырысулар;

2) төлем жүйелері ережелерінің шеңберінде банк карталарымен операция жүргізу;

3) ресімделген жол жүру құжаттары (билеттері) тізіміне сәйкес соманы Қоғамның шотына аудару;

4) клиенттің банк картасына пайдаланылмаған жол жүру құжаты (билет) үшін ақша қаражаттарын қайтару бойынша транзакциялар мен есеп айырысулар;

5) төлем жүйелері ережесі шеңберінде банк карталарымен операциялар бойынша шағым-талап жұмыстарын жүргізу;

6) ЦЭП секторы бастығының/аға билет кассирінің қатысуымен ӨАК-тан ұсталып қалған карталарды алу және карточкаларды ӨАК-тан алынғаны туралы акт (осы Технологияға 12-қосымша) жасау;

ӨАК арқылы сатылған теміржол жол жүру құжаттары (билеттер) үшін күші жойылған төлемдер бойынша есепті дер кезінде жасау үшін ҚХБ күн сайын сағат 16.00-де банк күнін аралық жабуды жүргізеді.


25. ӨАК инкассациялау тәртібі
83. ӨАК инкассациясы деп ЦЭП секторы бастығының/аға билет кассирінің жол жүру құжаттары (билеттер) үшін төлем ретінде қабылданған ақша қаражаттарын алумен байланысты операцияларды жүргізуі, ақша қаражаттарын енгізу (жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату операциялары бойынша қайтарылатын артық ақшаны қамтамасыз етуге арналған айырбастау қоры), сондай-ақ ӨАҚ-тағы ақша қаражаттары мен шығыс материалдары қалдығының (билеттер бланкілері, чек таспасының) мониторингі түсініледі.

ӨАК-ты инкассациялауды дер кезінде жүзеге асыру үшін ЦЭП секторының бастығы/аға билет кассирі әр ӨАК бойынша соңғы есепті жасайды және купюра қабылдағыш пен монета қабылдағыштың стекері алып тасталынады.


26. Инкассациялау жұмысын ұйымдастыру
84. Инкассациялау жұмысын ұйымдастыру үшін:

1) қайтарылатын артық ақша беруге арналған шығыс материалдары мен ақша қаражаттарының жетіспеушілігін/тауысылғандығын анықтау мақсатында ӨАК-тегі қаражаттар мен шығыс материалдарының шығынының мониторингін орындау;

2) инкассация орындаудың қажет мерзімдерін алу мақсатында ӨАК ақша қаражаттарының шығындалу жылдамдығының статистикасын жүргізу;

3) инкассациялау кезінде қателесуге жол бермеу мақсатында айырбастау қорына арналған ӨАК арнайы контейнерлерін таңбалауды орындау;

4) ӨАК-қа түскен ақша қаражаттарын есепке алуды орындау;

5) әр инкассация кезінде кем шығулар немесе артық қаражаттар фактілері мен сомалары тіркелетін журнал жүргізу ұсынылады.




27. Инкассациялау қызметін көрсетуді жүргізу жиілігі

85. Техникалық қызмет көрсету жұмыстарының түрлері мен оларды орындау жиілігі кестеде көрсетілген:



Жұмыс түрі

Жүргізу жиілігі

1

2

Купюра қабылдағышты инкассациялау

Купюра қабылдағыштың толуы фактісі бойынша немесе осы Технологияға сәйкес

Монета қабылдағышты инкассациялау

Монета қабылдағыштың толуы фактісі бойынша немесе осы Технологияға сәйкес

Купюра диспенсерін инкассациялау

Купюра қабылдағышта купюралардың минималды санының қалдық фактісі бойынша немесе осы Технологияға сәйкес

Монета хопперлерін инкассациялау

Монета қабылдағышта купюралардың минималды санының қалдық фактісі бойынша немесе осы Технологияға сәйкес


_________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет