«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы құраған Қазақстан Республикасы ішінде алысқа және қала маңына қатынайтын поездарға жол жүру құжаттарын (билеттерді)



жүктеу 0.54 Mb.
бет1/4
Дата18.02.2017
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3   4
«Қазақстан темір жолы»

ұлттық компаниясы»

акционерлік қоғамының

Персоналды басқару және әлеуметтік

мәселелер жөніндегі Вице-президентінің

2013 жылғы ___________

№______ бұйрығымен
бекітілген

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы құраған Қазақстан Республикасы ішінде алысқа және қала маңына қатынайтын поездарға жол жүру құжаттарын (билеттерді)

өзіне-өзі қызмет көрсететін автоматтандырылған кассалар арқылы қолма-қол ақшаға және банк карталарымен ресімдеу

технологиясы
1. Жалпы ережелер


    1. Осы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы құраған Қазақстан Республикасы ішінде алысқа және қала маңына қатынайтын поездарға жол жүру құжаттарын (билеттерді) өзіне-өзі қызмет көрсететін автоматтандырылған кассалар арқылы қолма-қол ақшаға және банк карталарымен ресімдеу технологиясы өзіне-өзі қызмет көрсететін автоматтандырылған кассалар арқылы қолма-қол ақшаға және банк карталарымен теміржол жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатып алуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді және жолаушыларға сервистік қызмет көрсету мәдениетін, сапасын арттыруға, жолаушылар поездарына жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату каналдарын кеңейтуге бағытталған.

    2. Осы Технология өзіне-өзі қызмет көрсететін автоматтандырылған кассаның «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Процессинг және тасымалдар үшін есеп айырысу дирекциясы» филиалына тиесілі «SmartVista» бағдарламалық кешені базасындағы «Электронды коммерция» және «Төлем жүйесі» автоматтандырылған жүйелерімен өзара әрекеттесуіне негізделген.

    3. Өзіне-өзі қызмет көрсететін автоматтандырылған кассалар жолаушылардың мыналар бойынша қызмет түрлерін алуына:

  1. өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеуге;

  2. «Экспресс» жолаушылар тасымалдарын және орындарды электронды резервтеуді басқарудың автоматтандырылған жүйесінен анықтамалық ақпарат алуға;

  3. алысқа және қала маңына қатынайтын жолаушылар поездарында жол жүру деректемелерін құруға;

  4. қолма-қол ақшаны немесе «VISA» және «Master Card» банк төлем карталарын пайдалану арқылы жол жүру құжаттарының (билеттердің) құнын on-line режимінде төлеуге мүмкіндік береді.

4. Өзіне-өзі қызмет көрсететін автоматтандырылған кассаларды енгізу мынадай мақсаттарға:

халықтың теміржол жол жүру құжаттарын (билеттерді) еркін сатып алуға деген қажеттілігін қанағаттандыруға;

теміржол жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату (өткізу) каналдарын кеңейтуге;

билет кассаларындағы кезектерді азайтуға;



жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу тәртібін жеңілдетуге;

жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату кезіндегі шығынды азайтуға;



теміржол жолаушылар тасымалының беделін арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.


2. Терминдер мен шартты белгілер
5. Осы Технологияда мынадай терминдер мен шартты белгілер қолданылады:

ӨАК – өзіне-өзі қызмет көрсететін автоматтандырылған касса;

«Экспресс» БАЖ «Экспресс» жолаушылар тасымалдарын және орындарды электронды резервтеуді басқарудың автоматтандырылған жүйесі;

ЭК АЖ – «Электронды коммерция» автоматтандырылған жүйесі – «Smart Vista» бағдарламалық кешені базасында Интернет, өзіне-өзі қызмет көрсететін төлем терминалдары және өзіне-өзі қызмет көрсететін автоматтандырылған кассалар арқылы электронды жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату жүйесін автоматтандыруға арналған бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

Қоғам - «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы;

ЦРасчет - «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың «Процессинг және тасымалдар үшін есеп айырысу дирекциясы» филиалы;

ГВЦ – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың «Бас есептеу орталығы» филиалы;



билет кассасы – «Экспресс» БАЖ мамандандырылған терминалдық жабдық арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу орыны;

клиент – заңды немесе жеке тұлға - жолаушылар тасымалдары қызметтерін пайдаланушы;

ТЖ АЖ – «SmartVista» бағдарламалық кешені базасындағы «Төлем жүйесі» автоматтандырылған жүйесі;



электронды витрина – қажет етілетін бағыттардағы поездар, таңдап алған поездарға жол жүру құжаттарының (билеттердің) болуы және құны, жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату туралы ақпараттық анықтама беретін Интернет сайты;

ӨҚТТ – өзіне-өзі қызмет көрсететін төлем терминалдары, поездағы орынға электронды түрде тапсырыс беруді және мамандандырылған кассалық құрылғылар арқылы төлем қабылдауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, төлемдерді қолма-қол ақша қаражаттарымен қабылдау жөніндегі өзіне-өзі қызмет көрсететін мамандандырылған автоматтар;

ТӨҚТ – транзакциялық өзіне-өзі қызмет көрсететін терминал, жол жүру құжаттарын (билеттерді) рәсімдейтін және беретін орын;

электронды билет – жол жүру құны сәтті төленгеннен кейін белгіленген нысандағы бланкіде ӨАК-тан басылып шығарылатын «Экспресс» БАЖ деректер базасындағы жазба. ӨАК-та бір орынға арналған электронды билет тек бір рет қана басылып шығарылуы мүмкін;

белгіленген нысандағы бланк – қағаздың сыртқы түрі мен үлгісін «ҚТЖ» ҰК» АҚ белгілеген (бекіткен), онда ӨАК жол жүру құжаттарын (билеттерді) басып шығаратын бланк. Белгіленген нысандағы бланк қатаң есептегі бланк болып табылмайды.

ҚЕБ – қатаң есептілік бланкі;

тапсырыс – клиенттің оған жол жүру құжатын (билетті) сатуды ұсынуы. Тапсырыста жол жүрудің барлық деректемелері болуы тиіс.



тізімдеме – «Экспресс» БАЖ жүйесінде жасалатын, төленген және тіркелген электронды билеттер туралы («ақ тізім»), сондай-ақ ҚЕБ-де басылып шығарылған билеттер туралы, және де тапсырылған билеттер туралы («қара тізім») ақпарат бар құжат;

тіркеу (билеттерді) –ЭК АЖ-дан тапсырыстың төленгені туралы ақпарат алғаннан кейін «Экспресс» БАЖ-да орындалатын электронды билеттер тізімдемесіне электронды билеттерді енгізуді автоматты түрде орындайтын процесс;

тапсырыс сәйкестендіргіші - «Экспресс» БАЖ жүйесінде жасалатын 14-мәнді тапсырыс коды;



тасымалдаушы - жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде темір жол көлігіне иелік ететін, ақысына жолаушылар мен багажды тасымалдау жөніндегі қызмет көрсететін және оған лицензиясы немесе белгіленген тәртіппен берілген тиісті рұқсаты бар тұлға;

ЦЭП – автоматтандырылған электронды сату орталығы;

АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны;

ЛВРС – Қоғамның «Солтүстік» жолаушылар тасымалы жөніндегі өңірлік филиалы;

ЕЕТ/ БЕЕТ – ЛВРС есепке алу және есептілік тобы;

БЖБ/ЖБК – ЛВРС біріктірілген жол бюросы/желілік билет кассалары;

Тасымалдау қағидасыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 шілдедегі №799 қаулысымен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасы;

ҚХБ – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.

3. ӨАК техникалық сипаттамалары және

оның аппаратық модульдерінің құрамы


6. ӨАК - клиенттер өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу технологиясында пайдаланылатын жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуға арналған электронды-механикалық құрылғы болып табылады.

7. ӨАК корпусы, жабдықтың көшеде пайдаланатынын ескеріп, қалыңдығы 2 мм-ден кем болмайтын болаттан жасалған және қиратуға, соққыға төзімділігі жоғары.

Корпустың габариттері: 1916x856x579 мм артық болмайды.

ӨАК қызмет көрсетуі – фронтальды.

ӨАК корпусының жоғарғы жағында пайдаланушылардың назарын аудару үшін жарықдиодты жарықтандыруы және жапсырмасы бар жарықтандыру қорабы орнатылған.

ӨАК-тың 20-70% салыстырмалы ылғалдылықпен -20 мен +40 градус аралығындағы температура ауқымында сыртқы ортада пайдалану мүмкіндігі үшін желдету және жылыту жүйесі болады.

ӨАК жалпы есігінде қайтарылатын артық ақшаны жол жүру құжаттарын (билеттерді) және қайтарылатын ақшаны беруге арналған 2 науасы бар. Егер бір тапсырыс шеңберінде бірнеше жол жүру құжаттарын (билеттерді) басып шығару қажет болса, онда билеттер бір-бірден басылады және науаға бір-бірден беріледі. Клиенттің билеттерді науадан бір-бірден немесе бумасымен (тапсырылған соңғы билет басылып біткеннен кейін) алуына болады.

Қайтарылатын артық ақшаның шашылуына жол бермеу үшін қайтарылатын артық ақшаға арналған науа мөлдір шынымен жабылған және сигналдық жарықтандыру мен науаны ашуға арналған датчикпен жабдықталған.

Сондай-ақ, ӨАК-ны еденге анкерлік бұрандамалармен бекіту мүмкіндігі көзделген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет