Қазақстан тарихы, 11 сынып 6-сынып сұрақтары

Loading...


Дата06.02.2017
өлшемі192.13 Kb.
Қазақстан тарихы, 11 сынып
6-сынып сұрақтары


  1. Орта тас ғасыры қамтитын мерзім

  2. Қола дәуірінде ежелгі салт – дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың орындалуын қадағалаушылар

  3. Жаңа тас ғасыры қамтитын мерзім

  4. Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің соңғы кезеңі аталды

  5. Ерте тас ғасыры қамтитын мерзім

  6. Қола дәуірінде адамдар тебіндейтін, яғни... малдың түрін көбірек өсіре бастады

  7. Жер беті күрт суи бастады

  8. Кейінгі қола дәуірінің атақты ескерткіші-Түгіскен

  9. Энеолит кезеңінің Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы мерзімі

  10. Ежелгі заманда тасқа сурет салу өнері аталды

  11. Ерте тас ғасыры қамтыған кезең

  12. Кейінгі палеолит қамтыған кезең.

  13. Мезолит дәуірін қамтыған кезең

  14. Неолит дәуірі қамтыған кезең.

  15. Мыс-тас ғасыры қамтыған кезең.

  16. Қоланың анықтамасы.

  17. Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің мәдениеті.

  18. Ресейдің Ачинск қаласы маңынан табылған ескерткіштер.

  19. Қазақстан Республикасының Қостанай және Ресей Федерациясының Челябі облыстарының түйісінде табылған қола дәуірінің алғашқы қаласы.

  20. Қола дәуірінде ыдыс жасаудың түрі.

  21. Қаңлылардың орталығы болған Көкмардан қаласының қираған үйіндісі табылды

  22. «Шошақ бөрікті» сақтар Бехистун жазбаларында ежелгі жатады

  23. Ерте темір дәуіріне жататын егіншілік құралдары мен арық орындары табылды

  24. Ежелгі грек тарихшысы Полиэн өзінің еңбегінде жазды:

  25. Ерте темір дәуіріне жататын «мұртты қорғандар» жиі кездеседі:

  26. Ежелгі қытай деректері бойынша үйсіндердің негізгі кәсібі:

  27. Соңғы сармат кезеңіне жататын үш обалы Аралтөбе ескерткіші табылды:

  28. «Олар атқа мініп, ерлермен бірге аңға шығады, ерлерсіз соғысқа қатысады, ерлермен бірдей киінеді» деген аңыз:

  29. Б.з.б. VIII ғасырларға жататын Қазақстандағы ең көне патша қорғандары орналасты

  30. «Вэсаканың ер жүрек ұлдары Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылған ежелгі дерек

  31. Жазба деректерінше тиграхауда сақтары, қарлұқтар, қарақытайлар мекендеген Қазақстанның аумағы.

  32. Археологтар анықтаған сақтардың «от ғибадатханалары» табылған өңір.

  33. Қызылорда облысы аумағында орналасқан сақтардың қаласы.

  34. .Шірік-Рабат, Бәбіш-Молда қалалары жөнінде мәліметтер жинаған грек ғалымы.

  35. Алматының шығысында орналасқан белгілі сақ обасы.

  36. Ерте темір дәуірінің обалары көп шоғырланған жерлер.

  37. Ежелгі Иранның «Авеста» қасиетті кітабында «Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылған мәліметтер қазақ жерін мекен еткен ежелгі тайпалары туралы, олардың кімдер болғанын анықтаңдар.

  38. Зерттеушілер қаңлылар жерінен б.з. 3-4 ғасырларында соғылған түрлі 1300-дей теңгелер тапты, олардың қандай мемлекетке жататынын анықтаңдар.

  39. Ғұндар туралы алғашқы мәліметтер кездеседі.

  40. Диодор қалдырған мәлімет бойынша Скифияның басым бөлігіне шапқыншылық жасап, жеңілгендерді қырып жойған және шапқыншылық әсерінен елдің басым бөлігін қаңыратып қалдырған тайпа.


7-сынып сұрақтары


  1. Жамбыл облысының сақталған, VII-VIII ғасырлардың сәулет өнерінің ескерткіші:

  2. Оғыз мемлекетінде жабғудың мұрагері аталды:

  3. Орта ғасырлардағы қасиетті Ұмай анамен байланыстырылған наным – сенімдердің бірі:

  4. Балшықтан немесе тастан жасалған ыдыс - оссуариилерде сақталды:

  5. Оғыз қоғамында сюбашылар дегеніміз:

  6. Ұлы Жібек жолы арқылы сауда жасау Түрік қағанаты мен Византия арасында дипломатиялық қатынастардың орнауына әсер етті

  7. Ежелгі түріктердің тасқа жазылған жазулары 2 топқа бөлінеді: біріншісі-салт аттылардың бейнесі, екіншісі:

  8. Оғыз мемлекетінде рулық атақты тұқымдар, әулеттер аталды

  9. Ислам дініне дейінгі сәулет құрылысының бір түрі -Дың ескерткіштері басым болды

  10. Оғыз әулетінің біртіндеп дамуына байланысты ел басқарудың ең жоғарғы орны берілді

  11. Көне түрік дәуірінде мүсін ескерткіштерінің «балбал» деп аталуы кездеседі:

  12. Әйелдеріне «қатын» деген атақ беріліп,олар сарай маңындағы өмірде маңызды роль атқарған мемлекет

  13. Түрік қоғамында «тат» сөзі нені білдіретінін анықтаңдар.

  14. Батыс Түрік қағанатының жері оңтүстік-шығысында Іле мен Шу өзендерінен басталады, солтүстік-батысында алып жатқан жерді анықтаңдар.

  15. Батыс Түрік қағанатының орталығы орналасқан жер.

  16. Қарлұқ мемлекетінде қалалардың дамуына әсер еткен жағдай.

  17. Түргеш қағанатында жер үлестіру кімнің құзырында болғанын көрсетіңіз.

  18. Оғыз мемлекетінің қоғамдық құрылымы

  19. Қазақстан территориясында қимақтардың тұрақты мекен еткен жері.

  20. Қазақстан территориясында қимақтардың тұрақты мекен еткен жері.

  21. «Сардоба» деген ұғым....

  22. Ислам дініне дейінгі сәулет құрылысының бір түрі -Дың ескерткіштері басым болды:

  23. VII ғасырдың аяғы-VIII ғасырдың басына жататын будда ғибадатханаларының орындары табылған жер.

  24. Қазақ жерінде VII-VIII ғасырлар арасында басталып, бітпей қалған ғимарат.

  25. Қазақстан территориясындағы «балбал» тастарда жиі бейнеленген мүсіндер.

  26. Тұрік жазулары табылған жер.

  27. XI-XII ғасырлардағы Қарахан мемлекетінің құрамындағы жерлер.

  28. Орта ғасырларда өмір сүрген жалайыр тайпаларының билік жүйесі.

  29. Жалайырларда шербилердің атқарған қызметі.

  30. Халықаралық сауда арқылы ерте ортағасырлық мемлекеттер арасында экономикалық байланыстың дамығанын дәлелдейтін факторлар.

  31. VI ғасырда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда қарым-қатынастар дамуының әсері.

  32. Ұлы Жібек жолының қазақ халқының құрамына кірген түрік тілдес ру-тайпалардың дамуына әсері.

  33. XIII-XIV ғасырларда қалалық мәдениеттің құлдырауына әсер еткен жағдай.

  34. Қазақстанда сопылық бағыттағы поэзияның негізін салған тұлға.

  35. Әбу Райхан әл-Бируни ашқан ғылыми жаңалық.

  36. Орта ғасырлардан жеткен жауһар-Қ.А.Йасауидің «Диуан-и хикмет» еңбегінде берілген мәліметтер.

  37. Түрік тілді халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған, терең мазмұнды ғылыми еңбек.

  38. Қазақ мемлкеттілігі қалыптасуының объективті факторларын анықтаңдар.

  39. Этникалық жағынан жақын топтардың саяси бытырауына шек қойған, қазақ ру-тайпаларының басын біріктіруге әсер еткен жағдай.

  40. Қазақ халқының мемлекеттілігінің дамуына қатысы болмаған мемлекетті анықтаңдар.

  41. Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін күресу себептері.

  42. Қазақ хандығы мен Орта Азия хандықтары арасындағы Сырдария бойында орналасқан қалалар үшін күресті аяқтап, Ташкент қаласын өзіне қаратқан қазақ ханы.

  43. Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жерінде орын тепкен Фараб аймағының орталығы

  44. Қазақтардың біртұтас этникалық территориясы қалыптасты

  45. Ұлы Жібек жолы Қытай мен Византия арасындағы сауда қатынастарына байланысты өзінің шарықтау шегіне жетті

  46. Қаратаудың терістігінде өмір сүрген ортағасырлық қалалар

  47. Х-ХI ғғ. күйдірілген кірпіштен шаршылап салынған порталдары бар, әсем күмбезді ғимарат

  48. Шығыста Алтай тауларынан бастап, батыста Дунай өзенінің жағалауларына дейінгі аралықты алып жатқан мемлекет:

  49. Орта ғасырларда Сырдария аймағында қойға табыну дәстүрінің таралуы байланысты:

  50. 1218 жылы монғолдар осы жағдайды пайдалана отырып, Жетісуға басып кірді

  51. Ұлы Жібек жолымен сауданың дамуына байланысты дүние жүзінде жақсы дами бастады

  52. Ноғайской Ордасының негізгі алып жатқан аумағы:

  53. Х ғасырдан бастап жазба әдебиетін дамытуда маңызды роль атқарған

  54. Ілияс- Қожаның Әмір Темірді жеңген атақты Батпақ шайқасы болды

  55. 568 жылы Түрік қағанаты Ұлы Жібек жолы арқылы дипломатиялық қарым – қатынас орнатты

  56. ХIV ғасырда Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін Оңтүстік-Шығыс Қазақстан территориясы кірді

  57. Х-ХII ғасырлардағы құрылыс ескерткіштері салыну әдісі байланысты болды

  58. Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар табылды

  59. Қазақтардың біртұтас этникалық территориясы қалыптасты

  60. XVI ғасырдың басында шайбанидтер қыпшақ тайпаларымен Мәуереннахрға кетті:

  61. Қазақ хандығы өз алдына тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде Орта Азия мен Шығыс Еуропа елдеріне белгілі болды


8- сынып сұрақтары


  1. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысқан, Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі:

  2. С.Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс жылдары:

  3. ХVIII ғасырдың соңында Қазақ жерінің тұтастығын қалпына келтірген көрнекті мемлекет қайраткері

  4. И.В. Бухгольц экспедициясының құрамында келген шведтік офицер- картографтар құнды материалдар жинады

  5. Кіші жүз ханы Әбілқайырды ішкі саяси жағдайдың шиеленісуі мәжбүр етті

  6. 1858 жылғы қазақ- қырғыз шаруалар көтерілісінің нәтижесі

  7. Мемлекет қайраткері хан Абылайдың басты мақсаты болды

  8. Еділ қалмақтарының қазақ даласы арқылы көшуі туралы өз күнделігінде суреттеп жазған

  9. Кіші жүзге Еділ қалмақтары мен башқұрттардың шабуылын тоқтату мақсатында Әбілқайыр хан көмек сұрады

  10. Кіші жүзде хандық билікті жойып, билікті билер кеңесіне беруді талап еткен

  11. .Г.Ф. Миллердің «Сібір тарихы» зерттеуіндегі бүгінгі күнге дейін мәнін жоғалтпаған құнды мәлімет

  12. Орынбор комиссиясының төрағасы Неплюев 1742 жылдың қыркүйек айының 2 күні Қалдан- Серенге жолдаған хатында талап етті

  13. 1801жылы 11 наурызда патша үкіметінің қазақтардың Жайықтың оң жағасына өтуіне рұқсат беруі байланысты болды

  14. Неміс саяхатшысы, натуралист, «Россия мемлекетінің әр түрлі аймақтарына саяхат» атты еңбектің авторы

  15. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің қазақ тарихында қалдырған рөлі.

  16. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың тарихта қалдырған елеулі рөлі.

  17. XVIII ғасырда қазақ елінің территориялық иеліктерін қалпына келтірген хан.

  18. Е.Пугачев бастаған көтеріліске көптеген жасақтар келіп қосылды, сол көтерілістің басшысынын бірі, кейінен Кіші жүздегі көтерілісті басқарған батыр.

  19. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің басты нәтижесі.

  20. Ресейдің зерттеуші-ғалымдары Г.Ф. Миллер, И.Г. Андреев, Я.П. Гавердовскийдің еңбектерінде зерттелген мәселе.

  21. Ресейдің зерттеуші-ғалымы Г.Ф.Миллердің «Сібір тарихы» атты еңбегінде берген бағалы мәліметтер.

  22. Н.П.Рычковтың «Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар» еңбегінде алғаш рет зерттелген мәселе.

  23. Қазақстанның Ресейге қосылу барысында отаршылдық езгінің күшейгені баршаға мәлім болғанымен, Ресейдің қазақ халқы алдында беделін көтерген оқиға.

  24. 1783-1797 жылдардағы Кіші жүздегі көтерілістің қайта жандануына түрткі болған

  25. 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы көтерілістің нәтижелерінің бірі

  26. Сұлтан Саржан Қасымұлын зұлымдықпен өлтіртті

  27. Ірі көтерілістердің бірі саналатын Бөкей Ордасындағы көтеріліс жылдары

  28. Патша үкіметі И Тайманұлының көтерілісін басуға үлкен мән берді, өйткені

  29. Феодалдық езгіге қарсы А.Қошайұлы мен Л.Мантайұлы бастаған халық қозғалысы болды

  30. «Сібір қырғыздарының жарғысы бойынша» Сібір қырғыздарының облысы округтерге бөлінді

  31. ХIХ ғасырда Ресей халықтарының азаттық күресінің құрамдас бөлігі болған ең ірі көтеріліс

  32. Рубасылар, батыр және сұлтандар кеңесінде Қытайдан көмек сұрау мәселесін көтерген

  33. 1858 жылы наурыз айында Әулиеата қаласының маңында басталған ірі көтерілістердің бірі бағытталды

  34. «Ережеге- реформаға » сай Кіші жүзде ауыл старшындарынан бастап, сұлтан- правительді тағайынды

  35. Кенесары Қасымұлы көтеріліске шыққан ауылдарды астықпен қамтамасыз мақсатында ерекше көңіл бөлді

  36. Ресей зерттеушілері «қазақ даласының Митридиаты», «бүлікшіл сұлтан» деп атаған

  37. А.Қошайұлы мен Л.Мантайұлы бастаған 1842 жылғы Бөкей Ордасындағы көтерілістің сипаты

  38. 1822 ж. «Сібір қазақтары туралы» Жарғы бойынша Орта жүзде болған өзгеріс.

  39. 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы» Жарғыда 46, 49 параграфтарында қаралған қазақтардың құқықтары.

  40. .Қазақтардың патша әкімшілігінде қызметке алынған орындары.

  41. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің Кіші жүзді қамтыған мерзімі.

  42. 1837-1847 жылдардағы көтерілісте Кенесарының сенімді серігі болған тұлғалардың бірі.

  43. Кенесары Қасымұлының қырғыз жеріне басып кірген уақыты.

  44. Кенесары Қасымұлы басқарған көтерілістің тарихи маңызы.

  45. Бөкей Ордасындағы көтерілістің басты алғышарттары қалыптасқан кезең.

  46. 1836-1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтеріліс басшысы.

  47. 1836-1838 жылдардағы көтерілістің салдарына жатпайтыны.

  48. Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілердің Жаманқала бекінісі маңындағы қоршауды бұзып шығып, шығысқа қарай кеткен мерзімі.

  49. 1842 жылғы Бөкей Ордасында антифеодалдық көтерілісті басқарған батыр.

  50. XIX ғасырдың ортасында Сырдарияның төменгі ағысында қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісін басқарған батыр.

  51. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілісшілер мен генерал-майор Фитингов отряды арасындағы шайқас болған уақыт.

  52. 1858 жылы Қоқан езгісіне қарсы көтерілістің ең басты нәтижесі.

  53. Ұлы жүз қазақтарының Ресей билігін мойындау себептерінің бірі

  54. ХIХ ғасырдың 50- жылдары Ресейге Қазақстанның оңтүстік облыстары мен қырғыз өңірін қосуды тездеткен жағдай

  55. Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі барысында өлке шаруашылығында орын алған құбылыстың бірі.

  56. Қазақстанның Ресейге қосылу салдары.

  57. XIX ғасырдың бірінші жартысында «Кіші жүз руларының картасын» жасаған тұлға.

  58. «Балқадиша», «Маңмаңгер», «Құлагер» әндерінің авторы

  59. Қазақстанда айдауда болған поляк азаттық қозғалысының өкілі С.С.Гросстың «Қырғыздардың заң әдет-ғұрыптары үшін материалдар» еңбегінде тұңғыш рет жарық көрген мәселе.

  60. Қазақтың ұлы ағартушысы, тарихшысы, этнографы, мәдениттанушы, географ-ғалым Ш.Уәлихановтың өмірінде уақыты жағынан ерте болған оқиға

  61. Ыбырай Алтынсарыұлының ағартушылық қызметіндегі көрнекті бағыттарының бірі.

  62. Абайдың қазақ әдебиетін дамытудағы рөлі.

  63. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, пайдасын көре тұра тексермедім» деген өлең жолдарының авторы.

  64. Қазақ халқының санасында азаттық идеялар эпикалық жырларда көрініс алды. XIX ғасырдың 20-60-шы жылдарда орын алған оқиғаларға байланысты пайда болған жырды анықтаңдар

  65. XIX ғ. бірінші жартысында өмір сүрген, Бөкей Ордасындағы көтеріліске қатысқан ақын, шешен, мысқылшы.

  66. Шығармашылығы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басына жататын атақты қазақ әнші-композиторы.

  67. 1867-1868 жылдардағы Ереже- реформа бойынша қазақ көшпенділерінің жері

  68. ХIХ ғасырда Ресейдің өндіріс иелері мен шетел капиталистері мүдделі болды

  69. 1891 жылғы «Ережені» қабылдаған кейін болыс басқарушыларын сайлау

  70. ХIХ ғасырдың аяғында далалық өлкенінің жаңа экономикалық қатынастарға тартылуын тездеткен

  71. ХIХ ғасырдың соңғы жылдары Қазақстанда ірі деп атауға келетін өнідіріс орындарындағы жұмысшылар саны

  72. Әкімшілік- аумақтық «Ереже» нәтижесіндегі отарлық қысымның күшеюі алып келді

  73. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік ережеге байланысты арнайы билік берілді

  74. ХХ ғасырдың басына қарай Қазақстанда саны жағынан белгілі орын алған банк

  75. 1867-1868 жылдардағы реформалардың нәтижесінде бұрыңғы Бөкей хандығының жері енген әкімшілік құрылым.

  76. Қазақ халқының жағдайын ХІХ ғасырдың 60-жылдары қиындатқан жағдай.

  77. Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтерілістің ең басты ерекшелігі.

  78. XIX ғасырдың 80-шы жылдарында қабылданған патша әкімшілігінің Ережесі.

  79. 1891 ж. «Ақмола, Семей, Жетысу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы» Ереже бойынша Қазақстанда сайланған болыстарды бекіту не бекітпеу құқығы кімге берілгенін анықтаңдар.

  80. XIX ғасырдың соңғы жылдары өлке өнеркәсібінде дамыған өндіріс.

  81. XIX ғасырдың соңында өлкедегі өнеркәсіп орындарында қалыптасқан жағдай.

  82. Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың аяғында қазақ жеріне шаруаларды қоныс аудару саясатының мақсаты.

  83. XIX ғасырдың екінші жартысында болған тарихи оқиға

  84. Қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл, ақын

  85. «Қасым хандығының хандары мен ханзадалары туралы» атты зерттеудің авторы

  86. «Қырғыздардың заң әдет – ғұрыптары үшін материалдар» атты құнды зерттеуді дайындаған

  87. Атақты орыс ғалымы Н.П.Потаниннің пікірінше, Ш.Уәлихановтың арманы

  88. «Қазақ халқы Азияда баяғыдан бері танымал» деп айтқан атақты ғалым А.И.Левшинді Ш.Уәлиханов атады

  89. ХIХ ғасырда домбыра өнеріндегі шертпе күйдің негізін қалаушылардың бірі:

  90. Ұлттық музыка мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін «күй атасы» деп атанған күйші, сазгер

  91. ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда шетел кәсіпкерлерінің қызметі сипатталды

  92. «Шәкірт ойы» өлеңі мен «Адасқандар» поэмасы арқылы қазақтардың өмір шындығын суреттеген

  93. ХХ ғасырдың басында патша үкіметінің қазақ жерінде темір жол тораптарын салудағы басты мақсаты.

  94. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ жеріндегі шаруашылықтың дамуын салыстырғанда, қалыптасқан түбірлі өзгеріс.

  95. XX ғасырдың басында болған тарихи оқиға.

  96. ХХ ғасырдың басында қазақ жеріндегі шаруашылықтың дамуында елеулі рөль атқарған құрылыс.

  97. 1911 ж. басылған «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабінің авторы.


9-сынып. сұрақтары


  1. ХХ ғасырдың басында біртұтас, конституциялық-монархиялық мемлекетті құруды жақтаған Ресей саяси партиясы

  2. Кеңес үкіметі алашордашылармен білікті мамандарды өз жағына тарту үшін келіссөздер жүргізді

  3. Ресейде демократиялық, федеративтік, парламенттік республиканы жақтаған партия мүшелері

  4. Әлихан Бөкейханов осы партияның бағдарлама ережелерімен келіспей, шығатынын мәлімдеді

  5. 1917 жылдың қыркүйек айында құрылған Түркістан федералистер партиясы болды

  6. 1917 года жылы қараша айында Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше IV съезд ашылғанда, солдат, жұмысшы және шаруа депутаттарының кеңесі съезі өтті

  7. Конституциялық жолмен ұлттық автономия құру идеясын ұсынған партия

  8. 1917 жылы құрылған «Үш жүз» партиясының саяси ұстанымы.

  9. Қазақстанда 1917 жылдың қарашасы мен 1918 жылдың қаңтары аралығында өткен Құрылтай жиналысының сайлауы.

  10. Қазақстанда 1917 жылдың қараша-1918 жылдың қаңтар аралығында өткен Құрылтай жиналысының сайлауында «Алаш» партиясы 85,6 % дауыс алған аймақ.

  11. XX ғасырдың бірінші шірегінде большевиктерге айтарлықтай қарсылас болған партия.

  12. 1959 жылы «Абай жолы» атты эпопеясы үшін Лениндік сыйлыққа ие болған жазушы

  13. 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыс кезіндегі қазақ халқының ауыр жағдайы туралы жазылған С. Сейфуллиннің романы

  14. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қоғамдық – саяси өмір сипатталды

  15. Ұлы Отан соғысы жылдарында 316- атқыштар дивизиясы Қызыл ту орденімен марапатталды

  16. Н.С. Хрущевтың экономикалық реформаларының тиімсіздігінің негізгі себебі

  17. Бетбұрыс кезеңінде халықтың тарихы туралы жазылған «Қан мен тер» трилогиясының авторы

  18. Таңғажайып дарынымен Париж (1925ж.) және Майндағы Франкфурт (1927ж.) қалаларының көрермендерін тәнті еткен, атақты әнші

  19. 937-1938 жылдары жаппай лаңкестіктен алдымен жапа шеккендер

  20. ХХ ғасырдың 80- жылдары кооперативтер, жеке фирмалар, шағын кәсіпорындар пайда бола бастады

  21. Ленинград үшін шайқаста жаудың қорғаныс ұясын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапқан

  22. ХХ ғасырдың 50-ші жылдардағы үкімет азық-түлік жетіспеу мәселесін шешті

  23. Коммунистік идеологияның үстемдігіне қарамастан, Кенесары хан туралы шындықты жазуға алғаш қадам жасаған

  24. «Қыз-Жібек» пен «Жалбыр» опералары қазақ өнерінің онкүндігінде қойылды

  25. 1937-1938 жылдары жаппай лаңкестік кезеңінде ВКП(б) ОК ісіне шынайы берілген В.Н.Андронников, Л.И.Мирзоян, К.Я.Рафальский

  26. Сталинград қорғанысының , Кеңес Одағының батыры және екі Даңқ орденінің иегері, ержүрек барлаушы

  27. 1946 жыл Қаз.КСР –інде Ғылым академиясының ашылуы және тағы бір маңызды жаңалықтың болуымен есте қалды

  28. 50- жылдары тың әне тыңайған жерлерді игеруге байланысты зардап шекті

  29. Арал теңізі жағасындағы балықшы- қазақтардың ауыр тұрмысын сипаттайтын Ә.Нүрпейісовтың романы

  30. Н.Г.Хлудовтың шәкірті, ХХ ғасырда Қазақстанның алғашқы кәсіби суретшісі

  31. Жазалаушы отрядтар қызметін кеңейтіп, Кеңестердің ролін шектеуге негіз болған Сталиннің теориясы

  32. Өзі ғана жаудың 120 танкі мен 800 автомашинасын жойған гвардиялық дивизия басшысы

  33. Хрущев реформаларының тиімсіздігінің басты себебі

  34. Әбу Насыр әл- Фараби туралы «Ұстаздың оралуы» атты роман жазған, Дж.Неру атындағы сыйлықтың иегері атанған жазушы

  35. «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» атты эпикалық поэмалардың авторы, шебер аудармашы

  36. КСРО- дағы 20-30-жылдардағы қоғамдық саяси өмірдің ерекшеліктері:

  37. 1980 ж. соңына қарай экономиканы түбегейлі реформалау мен нарықтық қатынастарды қайта құру үшін қабылданған заң

  38. Дон және Еділ жағасында жау топтарын қоршауға алу кезінде 17- гвардиялық танк полкін басқарып, ерекше көзге түскен қазақстандық батыр

  39. ХХ ғасырдың 50-жылдарындағы экономикалық реформалар нәтижесінде одақтық органдардан республика қарауына өтті

  40. Қазақ зиялылары өлке басқарушысы Ф.И. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясатына қарама-қарсы ұсынған оппозициялық идеясы.

  41. 20-шы жылдары жер-су реформасы мен жер бөлу шараларын жүзеге асыру кезінде жергілікті партиялық және кеңестік органдардың теріс іс-әрекеттері себебінен орын алған оқиғалар.

  42. Қазақстанда 1928 жылы жаңадан құрылған әкімшілік жүйенің ерекшелігі.

  43. 1930-шы жылдарда социалистік қатынастардың орнығуы.

  44. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру шаралары.

  45. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан территориясында болған соғыс оқиғасы.

  46. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының майдандарына республикадан әрбір бесінші қазақстандық қатысты, осы көрсеткіш соғысқа қатысқандардың саны қанша болғанын атаңдар.

  47. Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматы, Шымкент, Орал, Петропавл, Семей, Қарағанды, Ақтөбе қалаларының негізгі аудандарға айналу себебі.

  48. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға эвакуацияланған немесе қайтадан құрылған кәсіпорындардан бірінші кезекте талап етілді.

  49. Е.Брусиловский жазған тұңғыш қазақ операсының негізіне алынған лирикалық поэма.

  50. «Өмір мектебі» повесінің авторы, белгілі қазақ жазушысы

  51. 1920 жылдардың соңы – 1930 жылдары төңкеріс, бостандық, Отан, махаббат туралы жазған ақын-жазушылар.

  52. XXғасырдың 20-30 жылдары қазақ әдебиетіне қосылған жазушылар тобы

  53. XX ғасырдың 20-30-шы жылдарында Қазақстанда жаппай жүргізілген үрдіс.

  54. Ғалым-этнограф А.В.Затаевичті XXғасырдың 20-30 жылдары «жыр маржанын теруші» деп атаудың себебі.

  55. Қазақ мемлекеттік музыкалық опера және балет театрының 1934 жылғы алғашқы ашылу маусымында 100-реттен артық көрсетілген спектакль.

  56. XX ғасырдың 50 жылдарында Қазақстанда шикізат өндірісінің үлкен көлемде өндірілуі әсер еткен құрылыс саласы.

  57. Н.С.Хрущев басқарған партия басшылығының елдегі мемлекеттік органдар билігін алмастыруының нәтижесі.

  58. «Тұрғын үй құрылысын жеделдету, озық капиталистік елдерді экономикалық даму жағынан қуып жету және озу» міндеттерін қойған съезд.

  59. 50 жылдардың екінші жартысында аумақтық басқармалар ретінде құрылған халық-шаруашылық кеңестері атқарған қызметіне баға беру.

  60. Н.С.Хрущев бастаған реформалардың жартыкештігі ұлттық саясатта көрініс алған тарихи оқиғалар.

  61. 1943 жылы шыққан «Қазақ КСР тарихы» еңбегінің авторларының бірі.

  62. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40-шы жылдарында» атты монографиясының авторы.

  63. Әлемнің отыздан аса тілдеріне аударылған қазақ шығармасы.

  64. Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болған Ә.Әлімжановтың романы.

  65. Ел экономикасының дамуына әсер еткен 1987 жылғы негізгі оқиғалар.

  66. Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлеттiк мерзімін ұзарту туралы 1995 жылдың 29 сәуiрiндегі референдум ұйымдастырылды

  67. 1991 жылы Қазақстанда ресми тіркелген біріккен кәсіпорындардың саны

  68. Қазақстан Республикасы наурыз айында Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) толыққанды мүшесі болды

  69. Қазақстан тәуелсіздігін алу туралы Заңын қабылдауда шешуші роль атқарды

  70. Қазақстан Республикасының Конституциясына сай ең басты құндылық болып саналады

  71. 1990-1991 жылдары Қазақстан бұрынғы одақтас республикалармен келіссөздер мен келісімшарттарға қол жеткізді, әсіресе тығыз байланыс орнады

  72. Қазақстанның рубль аймағына енуден бас тартуының себебі

  73. Қазақстан Республикасы Халық кеңестері депутаттарының өзін- өзі таратуы басталды

  74. 90- жылдарда дағдарыс жағдайында экономиканың негізгі бағыттарының бірі болып болып табылды

  75. 1992 жылы 25 мамырда Ресей мемлекетімен достық және ынтымақтастық туралы жасалған келісіміндегі негізгі мәселе

  76. Бұрынғы КСРО- ның ядролық күш- қуатын бақылау тетігі анықталды

  77. 1993 жылғы Конституцияға сәйкес халық атынан атынан сөйлеуге құқылы

  78. Әлемдік және дәстүрлі діндердің І съезінде террорға қарсы діндер сұхбатын ұсынған

  79. Республика азаматтары және кәсіпорындар арасында жекешелендіру кезіндегі делдал қызметінде....

  80. 1991 жылы тамыз айында Төтенше жағдай жөніндегі комитеттің ( ТЖМК) мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті әкеліп соқтырды

  81. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша халық билігінің қайнар көзі

  82. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелерін шешу жолында Қазақстан ЕҚЫҰ- на мүше болып енуі маңызды қадам болып саналды

  83. 1994 жылы республикада жайылымдық жерлердің қысқартылу себебі: тамақ өнімдерінің

  84. 90-шы жылдардың басына дейін Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына кірген түрі.

  85. 1991 жылдың маусымында «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңның қабылдануы нәтижесінде орын алған оқиғалар.

  86. Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1992 жылы 2 шілдеде «Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы» қаулысының нәтижесінде болған саяси оқиға.

  87. 1993 жылғы Конституцияны қабылдау себебтерінің бірі.

  88. 1993 жылы желтоқсанда ҚР Жоғарғы Кеңесінің өзін-өзі таратуының себептері.

  89. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде енгізген мемлекеттік құрылымның түрі.

  90. Қазақстанда жекешелендіру үдерісінің ерекшелігі.

  91. XX ғасырдың соңында көпсалалы экономиканың қалыптасуына негіз болған экономикалық іс-шара.

  92. Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнығуы барысында инфляция үдерісі орын алды, инфляцияның неғұрлым айқын көрінісі.

  93. КСРО кезіндегі ядролық арсеналды бірігіп бақылау механизмін бекіткен құжат.

  94. Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Таулы Карабах пен Тәжікстандағы қарулы қақтығысты реттеу жөнінде сөз сөйлеген орын.

  95. Қазақстанның геосаяси жағдайы, этностық құрамының күрделігі және ашық тұрпаттағы нарық қатынастарына ұмтылысы сыртқы саясатта ұстануға негіз болған қажеттілік.

  96. Қазақстан Республикасы халықаралық субьектісі ретінде дүниежүзілік қатынастар аренасына шыға басталған уақыттың мерзімі.

  97. 1996 жылы Шанхайда өткен алғашқы басқосуда талқыланған мәселе.

  98. 1995 жылы бекітілген «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасының» мазмұны.

  99. XX ғасырдың соңғы жылдарында «Қазақстан-2030» даму стратегиясының қабылдану себептерін бірі.

  100. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында экономиканы тұрақтандыру мен дамытуды анықтаған басымдылық.

  101. Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан-2030» атты халыққа жолдауында, Қазақстан Еуразияның орталығы бола отыра, үш тез өркендеп келе жатқан аймақтарды атады, соларды анықтаңдар

  102. Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан-2030» атты халыққа Жолдауында, Қазақстанның әрі қарай дамуына ықпал ететін белгілеген сыртқы факторлар.

Каталог: files -> loader
loader -> Қазақстан Республикасы
loader -> 9-сыныптар оқушыларының ожсб-ға дайындық деңгейі туралы ақпарат 28. 10. 2013 ж. Тексеріс мақсаты
loader -> Отбасы тарихы
loader -> «Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі» «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»
loader -> Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы орындағАН: Досанова Г. К
loader -> Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу тәрбие үрдісін жетілдіру
loader -> Қарағанды қаласындағы 2011-2012 оқу жылындағы тарих және қоғамдық пәндерінің берілісіне талдау 2011-2012 оқу жылында «Тарих», «Қоғамдық білім негіздері»
loader -> Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ айтыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Нұржан мен Сапарғали айтысы мен танысу
loader -> 1. Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...