Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының


-бөлім. Мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қолжеткізу

Loading...


бет4/4
Дата26.03.2020
өлшемі473 Kb.
1   2   3   4

2-бөлім. Мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қолжеткізу
1-стратегиялық бағыт.

Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету
1.1-мақсат. Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу. Инфляцияны нысаналы дәлізде ұстап тұру

Нысаналы индикатор: Инфляцияның жылдық деңгейі (өткен жылғы желтоқсанға желтоқсан), 4-6%

2019 жылғы желтоқсанда жылдық инфляция 5,4% құрады, бұл 2019 жылдың соңына белгіленген 4-6% нысаналы дәлізге сәйкес келеді.



Нысаналы индикаторға қолжеткізуге арналған іс-шаралар:

Ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің өзгеруі

2019 жылғы 2 шілдеде Ұлттық Банкі Басқармасының мына қаулылары қабылданды:

1. «Банктердің ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төменгі резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу, ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төменгі резервтік талаптар нормативтерін резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы №38 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»;

2. 2019 жылғы 13 тамызда күшіне енгізілетін «Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу туралы»;

2019 жылғы 4-тоқсанда ҚРҰБ Басқармасының «Ең төменгі талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» 29 қарашадағы № 229 қаулысы қабылданды.

ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейін реттеу.

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені белгілеу және банк жүйесінің өтімділігін, сондай-ақ таргеттелетін мөлшерлемеге әсерін реттеу үшін тұрақты қол жеткізу мен ашық нарық күнделікті операцияларын жүргізу практикасын жалғастыруда.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің мынадай қаулылары:


  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы» 14.01.2019 ж. №1 қаулысы (9,25% деңгейде сақтау);

  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы» 04.03.2019 ж. №16 қаулысы (9,25% деңгейде сақтау);

  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы» 2019 жылғы 15 сәуірдегі №21 қаулысы (9,00% деңгейге дейін төмендету);

  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы» 2019 жылғы 3 маусымдағы №44 қаулысы (9,00% деңгейде сақтау);

  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы» 2019 жылғы 15 шілдедегі №54 қаулысы (9,00% деңгейде сақтау);

  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы» 2019 жылғы 9 қыркүйектегі№63 қаулысы (9,25% деңгейге дейін өсіру);

– «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы №73 қаулысы (9,25% деңгейде сақтау);

  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы» 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №92 қаулысы (9,25% деңгейде сақтау) қабылданды.

Ақша нарығы теңгелік өтімділіктің құрылымдық профицитінің жағдайында жұмыс істеді. Негізгі көлем Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары арқылы алынды.
1.2-мақсат. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің сақталуын қамтамасыз ету

Нысаналы индикатор: Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтерінің көлемі

(тауарлар мен қызметтер импортының үш айының көлемін өтейді («1» өтейді, «0» өтемейді).

Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтерінің көлемі (Ұлттық қордың активтерін қоспағанда) 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 29,0 млрд АҚШ доллары деп бағаланды (2019 жылдың басында 30,9млрд АҚШ доллары), бұл тауарлар мен қызметтердің қазақстандық импортын 7,1 айға қаржыландыруды қамтамасыз етті. Осылайша, нысаналы индикатордың мәні «1» сәйкес келеді.

Нысаналы индикаторға қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

Алдағы 6 айға сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер көлеміне қатысты өтімділік портфелінің көлемін есептеу.

2019 жылдың қорытындысы бойынша алтынвалюта резервтерінің өтімділік портфелінің көлемі алдағы 6 айға сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер мөлшерінен 3,5 есе асты.



Өтімділік портфелінің көлемін тиісті деңгейде ұстап тұру үшін активтермен операциялар жасау.

Өтімділік портфелі ақша-кредит саясатын іске асыру, өтімділіктің жоғары деңгейін қолдау, валютаға қысқа мерзімді сұранысты қанағаттандыру және сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мақсатында операциялар жүргізуге арналған. Есепті кезең ішінде Ұлттық Банк өтімділік портфелі қаражатының өтімділігін қамтамасыз ету үшін, оның ішінде өтімділік портфелінің көлемін тиісті деңгейде ұстап тұру үшін операциялар жүргізді.



Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру.

Ұлттық Банк есепті кезеңде Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырды. Ұлттық қордың активтері дамыған және дамушы нарықтардың жоғары өтімді бағалы қағаздарына инвестицияланды. Алдын ала деректер бойынша 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық қордың активтері 61,7 млрд АҚШ долларын құрады (2019 жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 6,4%-ға ұлғайды).


2-стратегиялық бағыт.

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету
2.1-мақсат. Банк секторының қаржылық тұрақтылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру
1-нысаналы индикатор: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Банктердің сенімділігі» көрсеткіші (ДЭФ ЖБИ рейтингісінде 121 орын)

Нысаналы индикаторға қолжеткізуге арналған іс-шаралар:

Кредит нарығының өлшемдеріне зерттеу жүргізу.

Ақша-кредит саясатының және қаржылық тұрақтылықтың негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктерге тоқсан сайын зерттеу жүргізу арқылы кредит нарығының дамуына мониторинг жүргізеді.

2019 жылы кредиттеу өлшемдеріне 4 тоқсандық тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша ҚРҰБ ресми сайтында жарияланымдар орналастырылды.

Корпоративтік сектор. 2019 жылы банктер корпоративтік андеррайтингке қойылатын талаптарды қатаңдатудан бастады, атап айтқанда, қарыз алушының кепіліне және қаржылық жағдайына қойылатын талаптар артты, бұл жүйе бойынша сұранысты төмендетті. Талаптар аздап қатаңдағаннан кейін банктер 2019 жылдың екінші тоқсанында сапалы қарыз алушылар үшін бәсекелестіктің күшеюі аясында корпоративтік кредиттеу шарттарын жеңілдетті, бұл мөлшерлемелердің төмендеуіне және маржаның тарылуына алып келді. Пайыздық ставкалардың төмендеуі және айналым капиталына сұраныстың өсуі кредитке сұранысты арттырды. Нысаналы мақсат бойынша талаптарды жеңілдетуге байланысты экономиканың басым салаларын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы шеңберінде банктердің қарыз беруге әзірлігі артты.

2019 жылғы екінші жарты жылдықта жоғары сапалы қарыз алушылар үшін бәсекелестіктің жалғасуы аясында банктер ірі бизнес үшін қарыз мөлшерлемесін төмендетуді жалғастырды, бұл сонымен қатар маржаны да азайтты. Ірі және орта бизнес тарапы жағынан сұраныс негізінен қысқа мерзімді қарыздар және айналым қаражатын қаржыландыру арқылы қамтамасыз етілді. Ұзақ мерзімді кредиттік ұсыныс негізінен мемлекеттік бағдарламалар аясында кредит түрінде ұсынылды. ШОБ кредиттеуді дамытуға банктер көбірек көңіл бөлді, атап айтқанда, кредит беру процесін жеңілдетті, скорингтің жаңа үлгілерін жасады және жаңа өнімдер шығарды.



Жеке тұлғалар. Бизнес сегментіне ұқсас бөлшек саудада жыл басында банктер автокредиттеуден басқа барлық кредит түрлері бойынша қарыз алушыларға қойылатын талаптарды күшейтті. Сонымен, ипотекалық кредиттеу нарығының негізгі қатысушылары қарыз алушылардың төлем қабілеттілігіне қойылатын талаптарды күшейтті.

Жылдың екінші жарты жылдығында бөлшек саудадағы өсіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында банктер автокредиттеуден басқа барлық тұтынушылық қарыздар бойынша талаптарды жеңілдетті. Тұтынушылық кредиттеуде бәсекелестік өтінімдерді қарау рәсімдері мен әлеуетті қарыз алушылармен байланыс ыңғайлылығына көшті. Бәсекелестіктің артуы маркетингтік және жарнамалық акциялардың жандануынан да байқалды.

Кредитке деген сұраныс жыл бойы өсіп отырды, әсіресе қамтамасыз етілмеген кредиттерге.

Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын қолдау бағдарламалары - «Баспана Хит» және «7-20-25» арқасында ипотекалық кредитке сұраныс тез өсті. Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасының іске қосылуы, тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға арналған басқа мемлекеттік бағдарламалармен қатар, ипотекалық кредитке деген сұраныстың артуына ықпал етті.



Ескертпе (орындалғаны/орындалмағаны туралы ақпарат)

ГИК ВЭФ 2019 жылғы есебі бойынша, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша 121-орынға ие болды (жоспар – 98-орын). Осы көрсеткіш бойынша позицияның нашарлауының негізгі себебі респонденттердің қаржы нарығындағы жағдайды субъективті (теріс) қабылдауы факторы болып табылады. Ұлттық Банк көрсеткіштің дұрыс емес болу тәуекелі туралы және оны объективті ету үшін осы көрсеткішті есептеу әдістемесін өзгерту (сауалнама жүргізу санатынан статистикалық санатқа ауыстыру) қажеттілігі туралы өз позициясын білдірді. Атап айтқанда, Ұлттық Банктің ағымдағы форматта қабылдаған шаралары теріс субъективті қабылдауға ұшырады, өйткені банк секторын қалыпқа келтіру үшін төлем жасауға қабілетсіз банктерді шығару көбінесе банк секторының сенімділігінің төмендеуі ретінде қабылданды.

Нәтижесінде банк секторын қалыпқа келтіру, банктердің балансын жұмыс істемейтін қарыздардан тазарту, оларды капиталдандыруды жақсарту шараларына және Ұлттық Банктің қадағалау мандатын күшейту бойынша заңнамалық жұмыстарға қарамастан, «Банктердің сенімділігі» индикаторы бойынша позиция жақсарған жоқ.

Банк секторын жұмыс істемейтін қарыздардан тазарту бойынша шараларды жүзеге асыруда Ұлттық Банк 2019 жылғы сәуірден желтоқсанға дейін екінші деңгейлі банктер активтерінің сапасына тәуелсіз бағалауды ұйымдастырды және өткізді, бұл портфельдердің сапасын бағалауға, кредиттеу тәжірибесін талдауға және банктердің капиталға қажеттілігін анықтауға мүмкіндік беретін диагностиканың өзіндік түрі болып табылады (толық ақпарат 1-бөлім. «Тәуекелдерді басқаруды талдау» келтірілген).



2-нысаналы индикатор:Несие портфелінің көлемі (ЖІӨ 28%)

Нысаналы индикаторға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар:

Бұл индикатордың мәні 2020 жылғы 1 қаңтарда ЖІӨ-нің 21,8% құрады. «Несие портфелінің ЖІӨ-ге қатынасы» көрсеткішінің жоспарланған мәні 28% құрайды.

Екінші деңгейлі банктердің несие портфелі 2010 - 2019 жылдар аралығында 62% -ға 9,1-ден 14,7 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл ретте несие портфелінің ЖІӨ-дегі үлесінің 41,6% -дан 21,8% -ға дейін төмендегені байқалады. Номиналды түрдегі ЖІӨ-нің өсу қарқыны несие портфелінің өсу көрсеткіштерінен едәуір алда (19,3-тен 68,6 трлн теңгеге дейін 3,5 есе өсті).

Анықтамалық үшін: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің жедел деректері бойынша 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында ЖІӨ 68,6 трлн теңгені құрады.

Банктердің несие портфелінің өсу қарқынының төмендеуіне Казкоммерцбанктің 2,4 трлн көлемінде, Цеснабанктің 1,054 трлн теңге көлемінде проблемалық кредиттерін қайта сатып алу (2018 жылы 450 млрд теңге, 2019 жылы 604 млрд теңге), сондай-ақ несие портфелі жабылған кезде 370 млрд теңгені құраған екінші деңгейдегі 4 банктің таратылуы әсер етті.

2019 жылы Ұлттық Банк Басқармасының 30.06.2017 ж. № 129 қаулысымен бекітілген Банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы аясында өткен жылдары банктердің балансында жинақталған жұмыс істемейтін қарыздарды азайту бойынша жұмыс жалғастырылды.

Бағдарламаға кірген сәттен бастап банктер активтердің сапасын жақсарту және проблемалы қарыз алушылардың қарыздарын өтеу бойынша шаралар қабылданды. Осылайша, активтердің сапасын жақсарту және 1,2 трлн теңгеден астам сомадағы берешекті қайтару бойынша шаралар қабылданды, банктердің балансынан жалпы сомасы 838 млрд теңгеге проблемалы қарыздар есептен шығарылды.


Банктердің депозиттік базасын, оның ішінде банктік практикада мерзімді депозиттер мен депозит сертификаттарын енгізу арқылы нығайту.

Іс-шара орындалды. 2018 жылғы 2 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, оған сәйкес банк практикасына салымның жаңа түрі (жинақ салым) енгізілді, ол экономика субъектілерінің орта және ұзақ мерзімді жинақтарға бейімділігін ынталандыруға және банк секторын қаржыландыру көздерін кеңейтуге бағдарланған. Жинақ салымдардың тартымдылығы шарт мерзімі аяқталғанға дейін салымды қайтарып алмау міндеттемесі орнына жоғары табыстылық және кепілдік берудің 15 миллион теңге мөлшерінде барынша жоғары сомасымен қамтамасыз етіледі.

Осылайша, қазіргі уақытта 15 екінші деңгейдегі банк жинақ салымдарын ұсынады. Тартылған жинақ салымдарының көлемі 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 499,2 млрд теңгені құрады (ұлттық валютада 362,7 млрд теңге және шетел валютасында 136,5 млрд).

Сонымен, Ұлттық Банк «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-пен бірлесіп 2018 жылғы 1 қазаннан бастап ұлттық валютадағы депозиттер бойынша сараланған шекті мөлшерлемелер жүйесін енгізді, бұл мерзімді депозиттер нарығын дамытуға жағдай жасауға, сондай-ақ депозиттер нарығындағы жосықсыз бәсекелестікті төмендетуге бағытталған. Жаңа жүйеге сәйкес депозиттер бойынша сараланған шекті мөлшерлемелер мерзімінен бұрын алу шарттары мен толтыру мүмкіндігіне байланысты белгіленеді. Бұл ретте, талаптары салымшыны депозитті мерзімінен алуға кедергі болатын мерзімді және жинақ салымдары бойынша, мерзімсіз депозиттерге қарағанда жоғары шекті мөлшерлемелер белгіленеді. Шекті мөлшерлемелерді белгілеудің бұл тәсілі халықтың жинақтарын, олардың өтімділік пен кірістілікке қатысты таңдауын ескере отырып орналастыру нұсқаларын ұсынады, ұлттық валютада ұзақ мерзімді жинақтауды ынталандырады және банк нарығында қаржылық тұрақтылық үшін жағдай жасайды.

Сонымен қатар, Ұлттық Банк Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 264 қаулысымен банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидаларын бекітті. Осы қағида банктік депозиттік сертификаттарды эмитент банктерде өздігінен есепке алу жолымен банктік депозит сертификаттарын беру тәртібін жеңілдетуді көздейді.

Тұтастай алғанда, бұл шаралар мерзімдік нарықтың қалыптасуына және екінші деңгейдегі банктердің қызметіне оң әсер етеді деп күтілуде. Көптеген банктер бұрынғыларға қарағанда тұрақтылығымен, қызмет көрсету сапасымен және тәуекелдердің төмен болуымен ерекшеленетін жаңа депозиттік өнімдерді құруға және өткізуге қызығушылық танытуда.


Ипотекалық кредиттерді секьюритилендіру жүйелерін қалпына келтіру.

Іс-шара орындалды. Ақпарат ҚР ПА 2018 жылғы 4 желтоқсандағы шығыс № 253/11-2-02/19//772 және 2019 жылғы 29 шілдедегі № 253/11-4-02/42//772 хаттармен ұсынылды. Ұлттық Банк ипотекалық кредиттерді секьюритилендіру жүйесін қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдады, оның ішінде секьюритилендіру үшін барлық қажетті инфрақұрылым жасалды – ипотекалық қайталама нарықтың операторы «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ (бұдан әрі – Оператор) жұмыс істейді, ол облигациялар шығара отырып, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқығын сатып алады. Мұндай жүйе ұзақ мерзімді перспективада босатылған ресурстардың есебінен жаңа қарыздар беруді қамтамасыз ететін банктерді қайта қаржыландыру арқылы «ұзақ» қаржыландырумен ипотекалық кредиттеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2019 жылғы 26 желтоқсандағы жағдай бойынша Оператор 260,0 млрд теңге сомасына
27 751 қарызды сатып алды, оның ішінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша 131,6 млрд теңгеге
11 464 қарызды және «Баспана Хит» өнімі бойынша 128,4 млрд теңгеге 16 287 қарызды сатып алды.

Оператордың агент облигациялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда алаңында инвесторлардың шектеусіз шеңбері арасында орналастырылған.

Оператордың Агенттік облигациялары түріндегі жаңа сапалы және сенімді қаржылық құралының пайда болуы ұзақ мерзімді кредиттеуді жандандыру үшін ресурстарды тартуға ғана емес, сонымен қатар отандық қор нарығының дамуына серпін береді.

Осылайша, «7-20-25» бағдарламасына қатысушы банктерден «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілген қарыздар бойынша талап ету құқығын және «Баспана Хит» нарықтық ипотекалық өнімін сатып алу үшін Оператор қор нарығында облигациялар шығару арқылы


283,5 млрд теңге қаражат тартты.
3-нысаналы индикатор:Банктердің қарыз портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі(10%)

Нысаналы индикаторға жетуге арналған іс-шара:

Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында «Банк секторының ағымдағы жай-күйі» шолуларын орналастыру

Қазақстан Республикасының банк секторы несие портфелінің құрылымы және банктер қызметінің жұмыс істемейтін қарыздарды төмендету жөніндегі мониторингінің қорытындысы 2019 жылы ай сайын Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында орналастырылған «Банк секторының ағымдағы жағдайы» шолуларында көрсетілген.


4-нысаналы индикатор:Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің«Қаржылық қызметтердің қолжетімділігі» көрсеткіші (ДЭФ ЖБИ рейтингінде 61-орын)

2018 жылдан бастап қолданыстағы ДЭФ ЖБИ 4.0 жаңа әдіснамасына сәйкес «Қаржылық қызметтердің қолжетімділігі» индикаторы ДЭФ ЖБИ есебінің құрылымынан алып тасталды, өйткені қазіргі уақытта статистикалық көрсеткіштерге негізгі назар аударылады. Осылайша, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша жыл сайынғы есепте қажетті ақпарат болмауына байланысты, Қазақстанның 2019 жылдың қорытындылары жөніндегі нысаналы индикатор бойынша позициясын көрсету мүмкін емес.



Нысаналы индикаторға жетуге арналған іс-шара:

2016-2018 жылдарға арналған халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасын іске асыру (семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, брошюралар шығару және т. б.), мамандандырылған оқыту интернет-ресурсын, телевизиялық бағдарламаларды бастау.

Халық арасында қаржылық қызметтер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, сондай-ақ қаржылық қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету, бұл қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қажеттіліктеріне сәйкес келетін қаржылық қызметтерді таңдауға мүмкіндік береді.

Онлайн-сервистер арқылы қаржылық қызметтерді ұсынуды дамыту мәселелерін қарау, онда қаржылық қызметтерге қол жеткізуді оларды алуға аз шығындармен айтарлықтай ұлғайту көзделген.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қаржылық қол жетімділік деңгейі мен қаржылық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстарды жүргізу мақсатында Ұлттық Банктің жанынан 2019 жылдың күзінде азаматтардың жекелеген санаттарына, атап айтқанда мүмкіндігі шектеулі адамдарға (бұдан әрі - МША) қаржылық қолжетімділікті және қаржылық қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының жұмысы шеңберінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу тұрғысынан талдау жасалады. Сонымен қатар, қаржылық ұйымдармен және Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығымен бірлесіп, МША-мен және азаматтардың жекелеген санаттарымен өзара әрекет ету үшін қаржы ұйымдарының қызметкерлерін оқыту стратегиясы әзірленуде. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың осы санаттарымен өзара әрекеттесуге жеке көңіл бөлу бұл стратегияның негізі болып табылады. 2019 жылдың қазан айында жұмыс тобының бірінші отырысы өткізілді, оның нәтижесі бойынша қаржы ұйымдары қызметтерінің МША үшін қолжетімді болуын жақсарту бойынша нормативтік құқықтық құжаттар қаралды; заңнаманы және қаржы ұйымдарының ішкі регламентін өзгерту бойынша нақты ұсыныстар әзірленуде. Бұл жұмыс ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жұмысы аясында жалғасатын болады.

Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру аясында мынадай жұмыстар жүргізілді:

- қаржы өнімдері туралы және жалпы қаржы жүйесінің жұмысы туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында республикалық деңгейде хабар тарататын «Astana TV» телеарнасының эфирінде «MoneyTime» телевизиялық білім беру бағдарламасы іске қосылды (мемлекеттік тілде 40 бағдарлама және орыс тілінде 40 бағдарлама мерзім ұзақтығы 15 минут).

Сонымен қатар, «Astana TV» республикалық телеарнасында экономикалық процестер мен құбылыстарды қарапайым және түсінікті етіп түсіндіру арқылы үлкен жастағы мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын арттыруға, олардың қаржылық сауаттылық негіздеріне қызығушылықтарын арттыруға, қаржы институттарымен және құралдарымен танысуға бағытталған «TengemaniaNext» жастар бағдарламасы шығарылды (мемлекеттік тілде
40 бағдарлама және орыс тілінде 40 бағдарлама мерзім ұзақтығы 15 минут).

Тележобаларды анонстау және ілгерілету бірнеше бағытта жүргізілді. «MoneyTime» және «TengemaniaNext» парақтары Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде және profinance.kz қаржылық және тұтынушылық бағыттағы интернет-ресурста жасалды. Бес жетекші блоггер/журналист анонстар және бағдарламалар жасады, сондай-ақ әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram) аптасына 3-тен кем емес хабарлама жариялай отырып, ҚРҰБ қызметінің негізгі бағыттарын насихаттады. Барлығы – 1500-ден астам жарияланым. Әлеуметтік желілерде жалпы пайдаланушылар саны 380 000-нан асады. Осы тележобаларды ілгерілету аясында «Радио NS» радиоэфирінің «PRO Tenge» бағдарламасына радио хабарларының 48 шығарылымы жарық көрді.

- республикалық «Ұлан» және «Дружные ребята» газеттерінде (20 бағдарлама мемлекеттік тілде және 20 бағдарлама орыс тілінде) бастауыш сынып балалары үшін, сондай-ақ орта және жоғары мектеп оқушылары, жастар үшін республикалық «Ойла» журналында (10 бағдарлама мемлекеттік тілде және 10 бағдарлама орыс тілінде) қаржылық сауаттылық негіздері туралы қосымшалар жасалды және шығарылды;

- қаржылық сауаттылық туралы эксклюзивті материалдар, қаржылық жаңалықтар, инфографика және бейнематериалдар, сондай-ақ интерактивті есептеуіштері бар жаңартылған www.fingramota.kz сайты жұмыс істейді. Бұл сайт қаржылық сауаттылық пен қаржылық нарықтағы барлық материалдардың жалғыз қоймасы болып табылады.

Есепті кезеңде fingramota.kz сайтында 670-тен астам ерекше жаңалықтар мен авторлық материалдар жарияланды. Кірушілер саны: жылына – 340 мыңнан астам адам. Fingramota.kz интернет-ресурсында «MoneyTime» және «ТенгеманияNext» тележобаларынан, «Ұлан», «Дружные ребята» және «Ойла» республикалық газеттерінде ҚРҰБ балаларға арналған қосымшаларынан, қаржылық сауаттылық туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі роликтермен бейне галереялар орналастырылған.

www.fingramota.kz сайтында жарияланған материалдар ҚРҰБ еншілес ұйымдарының, БЖЗҚ және KASE интернет-ресурстарында, сондай-ақ банк омбудсманы мен сақтандыру омбудсменінің сайттарында мерзімді түрде орналастырылады

Қаржылық сауаттылықты арттыру жұмыстары әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы интернет арналарында да белсенді жүргізілуде (Facebook-тегі @ Fingramota.kzжалпы қамту 288 мыңнан астам жәнеInstagram-да - 92 мың пайдаланушы бар). Сондай-ақ @Fingramota.kz жарияланымдары ҚРҰБ аумақтық филиалдарының әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылады.



Қаржылық сауаттылық бойынша бірқатар оқу дәрістерінің циклі еліміздің барлық аймақтарында.

Қаржылық сауаттылық бойынша оқу дәрістерінің екінші циклі әзірленді және Қазақстанның 8 аймағында (Қарағанды, Өскемен, Тараз, Шымкент, Талдықорған, Алматы, Қостанай және Нұр-Сұлтан) өткізілді, оған 2200-ден астам адам қатысты. Оқу дәрістерінің циклі Қазақстанның барлық тұрғындарының, оның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының, жұмыссыздардың, аз қамтамасыз етілген топтардың, қарт азаматтардың, зейнеткерлердің және студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Дәрістер шеңберінде кәсіби қаржылық менеджерлер, Ұлттық Банктің және басқа да қаржы ұйымдарының өкілдері, бизнес-тренелер және коучтар қаржылық сауаттылықтың негізгі аспектілері: бюджеттеу, кірістер мен шығыстарды талдау, қаржы өнімдерінің түрлері және оларды дұрыс қолдану, қаржылық ресурстар тарту мүмкіндіктері, жинақтау және инвестициялау әдістері туралы,алаяқтықтың түрлері және олардан қалай қорғану керектігін жеңіл және түсінікті етіп айтып берді.

Алматы қаласындағы мектептерде қаржылық сауаттылық бойынша ашық сабақтар

Ұлттық валюта – теңге күнінің қарсаңында және қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жұмыстар шеңберінде Ұлттық Банк Алматы қаласының бірқатар мектептерінде қаржылық сауаттылық бойынша ашық сабақтар өткізуді бастады. Ашық сабақтардың негізгі міндеттері жоғары сынып оқушыларын қаржылық сауаттылық негіздерімен таныстыру және қаржылық өнімдер мен құралдарды қолданудың негізгі дағдыларын, Қазақстандағы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі туралы ақпарат алу болды.


ҚРҰБ өкілдері сонымен қатар мектеп оқушыларына Қазақстандағы қаржылық алаяқтықтың жаңа және жаңа түрлері туралы айтып берді, алаяқтарды анықтап, өздерін және ақшаларын олардан қалай қорғауға болатындығы туралы кеңестер берді.

Қаржылық сауаттылық бойынша оқу бейнероликтері

Басқарма мына тақырыптар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде қаржылық сауаттылыққа арналған бірқатар әлеуметтік роликтер шығарды: қаржылық алаяқтықтан қорғау, төлем карточкалары, сақтандыру, мобильді қабылдау, қаржылық сауаттылық, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және т.б.

Қаржылық сауаттылық бойынша бейнероликтер әртүрлі форматта ұсынылған: комикстер, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 2D-анимация. 2019 жылғы
IV тоқсаннан бастап Алматы қ. метрополитенінде роликтер таратыла бастады.

БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл

2019 жылдың басынан бастап Ұлттық Банк өкілдері қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржылық сауаттылықты арттыру тақырыбында 60-тан астам пікірлер/сұхбаттар ұйымдастырды және бұқаралық ақпарат құралдарына ұсынды.



Ұлттық Банктің Сараптамалық кеңесінің құрамын кеңейту

Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаевтың 2019 жылғы 2 сәуірдегі №156 бұйрығымен Ұлттық Банктің жанынан Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша сараптамалық кеңес құрылды, оның құрамына Білім және ғылым министрлігі, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ, қаржы ұйымдары, қоғамдық ұйымдар, БАҚ және жеке сарапшылар кірді.Сараптамалық кеңестің негізгі міндеті - Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру стратегиясын әзірлеу.Сондай-ақ, Сараптамалық кеңестің қызметі қаржы саласында консультативтік көмек көрсету тұрғысынан да, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы институттары мен олардың өнімдері туралы халықтың қаржылық сауаттылығы мен хабардарлығы деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды, жобаларды және бағдарламаларды іске асыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу тұрғысынан да реттеуді дамытуға және жетілдіруге бағытталған.

Сонымен қатар, Сараптамалық кеңестің міндеттерінің бірі «Қаржылық сауаттылық» пәнін мектептің оқу жоспарына бастапқы кезеңде факультативті түрде кезең-кезеңімен енгізу болып табылады. Ол үшін Сараптамалық кеңестің құрамына Білім және ғылым министрлігінің өкілдері кіреді.
5-нысаналы индикатор:Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің«Қаржылық қызметтердің құны» көрсеткіші

Нысаналы индикаторға жетуге арналған іс-шара:

2018 жылдан бастап қолданыстағы ДЭФ ЖБИ 4.0 жаңа әдіснамасына сәйкес «Қаржылық қызметтердің құны» индикаторы ДЭФ ЖБИ есебінің құрылымынан алып тасталды, өйткені қазіргі уақытта статистикалық көрсеткіштерге негізгі назар аударылады. Осылайша, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша жыл сайынғы есепте қажетті ақпарат болмауына байланысты, Қазақстанның 2019 жылдың қорытындылары жөніндегі нысаналы индикатор бойынша позициясын көрсету мүмкін емес.



Нысаналы индикаторға жетуге арналған іс-шара:

Өнімдерге мөлшерлемелер мен тарифтер туралы ақпарат Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде орналастырылған.

Сондай-ақ, Fingramota.kz сайтында «Өнімдер және қызметтер» бөлімінде кредиттер мен депозиттер туралы модуль орналастырылған, ол орнатылған параметрлер негізінде тұтынушы үшін банктік өнімдердің арасынан ең қолайлысын табуға мүмкіндік береді (сомасы, валютасы, мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі).

Екінші деңгейдегі банктер мен «Қазпошта» АҚ сайттарында жаңа өнімдер, мөлшерлемелер, тарифтер туралы ақпарат және депозиттер мен кредиттерді есептеуге арналған калькулятор орналастырылған.

Осыған ұқсас бөлім «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ интернет-ресурсында жұмыс істейді:

http://www.afk.kz/ru/potreb/fin-gr/

http://www.afk.kz/kz/potreb/about-fin-services/

ЕДБ клиенттерін хабардар ету үшін әртүрлі арналар қолданылады: қаржы өнімдері туралы ақпараты бар буклеттер, лифлеттер және басқа да баспа материалдары; БАҚ (газет, журнал, радио); ЕДБ сайттары; екінші деңгейдегі банктердің call-center; әлеуметтік желідегі ресми аккаунттар. Екінші деңгейлі банктердің қатысуымен артықшылықты жобаларды жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасының жұмысына мониторинг жүргізетін Жобалау офисі (Проектный офис «экономики простых вещей») жұмыс істейді, бағдарлама аясында бизнеске арналған кеңестер өткізіледі.



6-нысаналы индикатор:Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің«Қарыз қаражатын жеңіл алу» көрсеткіші

2018 жылдан бастап қолданыстағы ДЭФ ЖБИ 4.0 жаңа әдіснамасына сәйкес «Қарыз қаражатын жеңіл алу» индикаторы ДЭФ ЖБИ есебінің құрылымынан алып тасталды, өйткені қазіргі уақытта статистикалық көрсеткіштерге негізгі назар аударылады. Осылайша, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша жыл сайынғы есепте қажетті ақпарат болмауына байланысты, Қазақстанның 2019 жылдың қорытындылары жөніндегі нысаналы индикатор бойынша позициясын көрсету мүмкін емес.



Нысаналы индикаторға жетуге арналған іс-шара:

Кредиттер беру мерзімін қысқартуды қоса алғанда, кредиттер беру процесін оңтайландыру мақсатында екінші деңгейдегі банктер заңды тұлғаларға кредиттеу құжаттамасының тізбесі бойынша талап алып тастады.

Банктер қарыз алушылар туралы ұсынылатын мәліметтердің толық және дәйекті болуын қамтамасыз ете отырып, қарыз алушылар ұсынатын барынша аз құжаттың тізбесі мен нысанын дербес белгілеуі тиіс.

Бұл ретте ШОБ субъектілеріне кредиттер беру үшін өтінімдерді қарау мерзімін оңтайландыру үшін банктердің ақпараттық қорларының жеке кәсіпкерлік субъектілері бойынша мемлекеттік дерекқорлармен ықпалдасуы болжанып отыр.

Аталған іс-шараны іске асыру үшін «Банктердің Мемлекеттік дерекқорына кіруін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары» (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілді, оның шеңберінде мыналар көзделген:

- ЕДБ-ның қажетті деректерінің тізбесін анықтау;

- қызмет көрсету үшін МДҚ деректері қажет болатын қаржылық қызметтердің тізілімін анықтау;

- қолданыстағы заңнаманы талдау;

- қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу;

- дерекқорлар мен мемлекеттік жүйелердің ЕДБ-мен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлеу және оларды бекіту;

- ЕДБ деректерін МДҚ-дан электрондық үкімет инфрақұрылымы арқылы ұсынудың сервистерін ұйымдастыруды техникалық қамтамасыз ету.

2.2-мақсат.Қаржылық орнықтылықты арттыру және сақтандыру нарығын одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау
1-нысаналы индикатор:Қаржылық орнықтылықтың біріктірілген индексі(2,48-ден аспайтын коэффициент).

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұл индикатордың мәні – 1,45 болды, бұл сақтандыру нарығының қалыпты тәуекел деңгейіне ұшырағыштығын білдіреді. Өткен жылғы осындай күні бұл индикатордың мәні 1,66 болды, бұл аталған индикатордың жақсаруын дәлелдейді.



Нысаналы индикаторға қол жеткізуге арналған іс-шара:

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капитал жеткіліктілігінің жаңа стандартын Solvency II сәйкес енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.

Сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін өзге де факторларды белгілеу, сондай-ақ Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидаларын және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы» Ұлттық Банк Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 75 қаулысымен: сақтандыру компаниялары үшін жалпы сақтандыру бойынша өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативінің талап етілетін деңгейінің артуы, «қысқа мерзімді» уақыт аралығында өтімділігі жоғары активтердің таза сақтандыру резервтерімен салыстыру бөлігіне өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар, 2019 жылғы 31 қаңтарда сақтандыру резервтерінің жаңа есеп айырысу әдістемесі бекітілді.

Жоғарыда көрсетілген өзгерістер сақтандыру нарығындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық орнықтылығын арттыруға ықпал етеді.


2-нысаналы индикатор:Сақтандыру нарығының даму индексі(2,49-дан аспайтын коэффициент).

2020 жылғы 1 қаңтарда осы индикатордың мәні – 1 болды, бұл сақтандыру нарығы дамуының орнықты деңгейіндегі көрсеткіш болып табылады.



Нысаналы индикаторға қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

Сақтандыруды дамыту және тартымдылығын арттыру мақсатында сақтандыру саласындағы заңнаманы жетілдіру.

№166-VI Заңмен халық пен бизнес үшін сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін, сапасын арттыруға және олардың құнын төмендетуге, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған түзетулер қабылданды. Атап айтқанда, міндетті сақтандыру кластары бойынша онлайн-сақтандыру енгізілді, оның нәтижесінде халық сақтандыру компанияларының интернет-ресурстары арқылы электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасауға мүмкіндік алады, өмірді сақтандырудың жекелеген әлеуметтік-маңызды өнімдері бойынша төлемдерді болмаған кейбір жағдайларда Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қосымша кепілдіктер (зейнетақы аннуитеттері және еңбекке жарамсыз қызметкерлердің аннуитеттері бойынша сақтандыру төлемдері) ендірілді, сақтандыру нарығына қатысушылардың ашықтығын арттыратын қадағалау сипатындағы заңнамалық түзетулер енгізілді.

Сонымен қатар, 2019 жылы қайта сақтандыруға берілген (берілетін) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін есептеген кезде міндеттемелер көлеміне қолданатын коэффициенттері, сақтандыру резервтерінде қайта сақтандырушының үлесі қалыптастыру бөлігіндегі талаптар қайта қаралды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздар тізімі кеңейтілді, салымды (депозиттерді) орнластыру үшін ЕДБ-ның межелік рейтингі төмендетілді, негізгі құралдар өтімді активтер есебіне енгізілді (ӨЖА 5%-дан артық емес),100% мөлшеріндегі кері «Репо» операциясының сомасы өтімділігі жоғары активтер ретінде танылды

2.3-мақсат.Бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту үшін қажетті жағдай жасау
Нысаналы индикатор:Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі» көрсеткіші

ДЭФ ЖБИ-дің 2018 жылдан бастап қолданыстағы 4.0. жаңа әдіснамасына сәйкес «Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі» индикаторы ДЭФ ЖБИ есебі құрылымынан алып тасталды, себебі қазіргі уақытта негізгі күш статистикалық индикаторларға түседі. Осылайша 2019 жылдың қорытындысы бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі бойынша жыл сайынғы есепте қажетті ақпарат болмағандықтан ДЭФ ЖБИ рейтингінің «Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі» нысаналы индикаторы бойынша Қазақстан позициясы бойынша ақпаратты көрсету мүмкін болмай отырып.



Нысаналы индикаторға қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және басқа ұйымдар ұйымдастыратын корпоративтік басқарудың проблемалық мәселелерін талқылау жөнінде дөңгелек үстелдерге, баспасөз-конференцияларына, диалог алаңдарына қатысу.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ Қазақстан Республикасының Заңының шеңберінде мына реформалар іске асырылды:

акционерлік қоғамдарда тек директорлар кеңесінің мүшелерінен ғана тұратын ішкі аудиторлық комитет құрамдары белгіленді;

қоғамға зиян келтіретін мүдделер қайшылығы бар мәміле жасалғанда акционерлік қоғам директорларының / атқарушы мүшелерінің жауапкершіліктері және мәміленің сот тәртібінде күшін жою айқындалды.

Есептік кезеңде Ұлттық Банк тарапынан халықаралық рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсарту жөнінде белсенді түрде құқықтық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Атап айтқанда, жүргізілген реформалар бойынша дөңгелек үстелдер, кеңестер ұйымдастырылды, елдегі іскерлік ахуалды жақсарту жөніндегі реформалар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ай сайынғы негізде мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және халықаралық сарапшылармен бірлесіп Алматы қ бизнес қауымдастығымен кездесулерге қатысты.



2.4-мақсат.Жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту бойынша жағдайлар жасау

Нысаналы индикатор:БЖЗҚ-тың зейнетақы активтерінің кірістілігі (кемінде 4%)

Нысаналы индикаторға қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

БЖЗҚ-тың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыру.

2019 жылдың қорытындысы бойынша (2019 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде) БЖЗҚ салымшыларының шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляцияның жылдық деңгейі 5,4% мөлшерінде 6,57% болды. Зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 2019 жылы 1,17%-ды құрады.

Осылайша, БЖЗҚ-тың зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 2019 жылы белгіленген нысаналы мәннен 2,57%-ға асты.

Нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін есепті кезең ішінде зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызмет жүзеге асырылды. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2019 жылға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде БЖЗҚ зейнетақы активтері мынадай түрде инвестицияланды:

- 584,1 млрд теңге сомаға Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары жылдық 8,7% орташа алынған кірістілікпен сатып алынды;

- 337,2 млрд теңге сомаға жылдық 11% орташа алынған кірістілікпен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары сатып алынды;

- 233,9 млрд теңге сомаға сыйақы мөлшерлемесі бекітілген және өзгермелі халықаралық қаржы ұйымының облигациялары сатып алынды;

600 млрд теңге сомаға басымдық жобаларды кредиттеу тетігінің шеңберінде 72,3 млрд. теңге сомаға жылдық 10,9% орташа кірістілікпен екінші деңгейдегі банктердің облигациялары сатып алынды («қарапайым заттар экономикасы»).

Шетел валютасында номинирленген БЖЗҚ-тың зейнетақы активтері БЖЗҚ-тың инвестициялық декларациясымен белгіленген жалпы құрылым мен валюталық активтерді инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестицияланады.

2019 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліне Перу, Индонезия, Филиппин және Ресей Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды. Аталған бағыт бойынша инвестициялар көлемі жылдық 2,8% орташа алынған кірістілікпен шамамен 197,5 млн АҚШ долларын құрады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ-тың зейнетақы активтері бойынша кірістілікті алу және оны ұстап тұру үшін қолда бар зейнетақы активтері бойынша бос ақша қалдықтары күн сайын ақша нарығының құралдарына инвестицияланды.



Зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру мәселесіне қатысты

Ұлттық Банк зейнетақы активтерін бәсекелестік ортаға беру тетігін әзірледі, онда мыналар көзделген:

- өтімділік шегінен асатын зейнетақы жинағының бөлігін тапсыру үшін салымшыға басқарушы компанияны таңдау құқығын беру;

- кірістілікті зейнетақы активтері бойынша белгіленген ең төменгі мәнінен төмен емес қамтамасыз ету;

- жеке басқарушы компанияның басқаруындағы зейнетақы жинақтарына қатысты мемлекеттің инфляция бойынша кепілдігінің жоғы;

- БЖЗҚ-ны жалпы жинақтық зейнетақы жүйесі бойынша «бір терезе қағидаты бойынша» бірыңғай әкімші ретінде сақтап қалу (бірыңғай ақпараттық жүйені жүргізу, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарын есепке алу, зейнетақы активтерін біркелкі бағалау).

2019 жылғы қарашада зейнетақы активтерінің кірістілігін әртараптандыру және арттыру бойынша жүргізілген жұмыс шеңберінде дамыған елдер компанияларының акцияларына және инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигацияларға индекстік инвестициялау үшін шетелдік басқарушы компанияларға зейнетақы активтерінің валюта портфелінің бөлігін кезең-кезеңмен тапсыру процесі басталды.

Дамыған елдердің акцияларына инвестициялау үшін HSBC Global Asset Management (UK) Limited сыртқы басқарушы тартылды, оған «Жаһандық пассив акциялары» мандаты бойынша 100,0 млн АҚШ доллары сомасына ақшалай қаражат берілді.

Инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигацияларға инвестициялау үшін Principal Global Investors (Europe) Limited және PGIM Fixed Income екі сыртқы басқарушы тартылды, оларға «АҚШ долларында номинирленген жоғары капиталдану инвестициялық деңгейі бар жаһандық корпоративтік облигациялар» мандаты бойынша жалпы сомасы 200,0 млн АҚШ долларына (әрқайсысына 100,0 млн АҚШ долларынан) ақшалай қаражат берілді.

Нәтижесінде 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сыртқы басқарудағы зейнетақы активтері валюта портфелінің үлесі БЖЗҚ зейнетақы активтерінің мөлшерінен 2,0%-ға дейін ((211,9 млрд. теңге немесе 553,8 млн. АҚШ доллары) ұлғайтылды.

БЖЗҚ-тың инвестициялық декларациясымен белгіленген зейнетақы активтерінің валюта портфелінің нысаналы бөлінуіне сәйкес, шетелдік компанияларға басқаруға тапсыруға жоспарланған қаражаттың жалпы көлемі 2,8 млрд АҚШ долларын, оның ішінде жаһандық акциялар мандаты бойынша 1,3 млрд АҚШ долларын, инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигациялар мандаты бойынша 1,5 млрд АҚШ доллары құрайды. Акциялар және облигациялар нарығына жағымсыз кіру сәтінің тәуекелін төмендету мақсатында зейнетақы активтерін сыртқы басқаруға тарту және тапсыру кезең-кезеңмен 2 жыл ішінде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған жүргізіліп жатқан жұмыс зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыруға, және тиісінше ұзақ мерзімді зейнетақы жинақтарының кірістілігін ұлғайтуға бағытталған.



2.5-мақсат.Тиімдівалюталық реттеу мен валюталық бақылауды қамтамасыз ету

1-нысаналы индикатор:Сыртқы сауда келісімшартының сомасына қатысты шекті мән одан асып кеткен кезде мұндай келісімшарт есептік тіркеу талабына жатқызылады
(50 мың АҚШ долл.)


Нысаналы индикаторға қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

Валюталық құндылықтар айналымының тәртібін реттеуді жетілдіру.

Валюталық құндылықтардың айналыс тәртібін реттеуді жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда:

1) «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі
№ 64 қаулысымен аталған Қағидаларға 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Жүргізілген валюталық операциялар туралы есеп» бекітілді, ол бойынша уәкілетті банк Ұлттық Банкті жүргізілген, соның ішінде клиенттердің тапсырмасы бойынша, баламасы 50 000 (елу мың) АҚШ долларына тең немесе одан асатын сомада валюталық операциялар туралы хабардар етеді. Бұл ретте ҚРҰБ Басқармасының 28.04.2012 ж. №154 қаулысымен бекітілген Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына уәкілетті банктерге арналған есеп нысандарының
(2, 3, 4, 10 - қосымшалары) күші жойылған.

2) «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының


2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 257 қаулысымен қызмет импорты бойынша валюталық шарттың есептік нөмір алу талаптарын және есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша ақпарат ұсыну мерзімін нақтылау бөлігінде Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.

2-нысаналы индикатор:Қызметінің айырықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын, тәуекелдер дәрежесін бағалау жүйесі негізінде тексерумен қамтылған заңды тұлғалардың саны(60%-дан көп емес)

Нысаналы индикаторға қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

Банктік емес айырбастау пункттеріне қатысты реттеу және бақылау жүйесін жетілдіру

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі №167-VI Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі


№ 49 қаулысы (бұдан әрі – Қағида) қабылданды. Қағида Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру тәртібін айқындайды. Қағидаға мына өзгерістер енгізілген: (1) қаржы нарығы субъектілерінің есептіліктің баламалы тәсіліне көшуі (не қағаз нысанында, не электрондық түрде); (2) «Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымша беру» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 30 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін қысқарту, жаңа есептілікті енгізу; (3) жеке тұлғалардың 50 000 (елу мың) АҚШ долларына тең немесе одан асатын сомада қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары бойынша жаңа есепті қосу. Қағида
2019 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.

Жоғарыда аталған өзгерістерден бөлек Қағидаға қолма-қол шетел валютасының тапшылық тәуекелін төмендетуге, халықтың қолма-қол шетел валютасына сұранысын қамтамасыз етуге және банктік емес айырбастау пунктерінің қаржылық тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін қосымша түзетулер енгізілді.

Атап айтқанда, қабылданған түзетулерде банктік емес айырбастау пунктерінің жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне сараланған тәртіпте талаптарды кезеңмен ұлғайтуды енгізу көзделген: (1) 100 млн. теңге – астана, республикалық мәні бар қалалар, облыстардың әкімшілік орталықтары, облыстық мәні бар қалалар (2) 50 млн. теңге - өзге жер үшін (кенттер мен шағын қалалар). Банктік емес айырбастау пункттеріне банктік шоттарда және (немесе) кассада жарғылық капиталының ең аз мөлшерінен 100%-дан кем емес мөлшерде ақшаның не тазартылған құйма алтынның (бар болса) бар болуын қамтамасыз ету міндетті белгіленді.

Жоғарыда аталған өзгерістерден бөлек Ұлттық Банк айырбастау пунктерінің жұмыс тәртібіне сағат 09.00-дан сағат 20.00-ға дейін шектеу қойды. Мына айырбастау пункттеріне: (1) ірі сауда объектілерінде орналасқан - сағат 22.00-ға дейін; (2) әуежайларда, т/ж вокзалдарында, казиноларда, ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлікпен өту пункттерінде – айырбастау пункттерінің қалауы бойынша.

Оның үстіне қаржы мониторингі субъектілерінің (уәкілетті банктер және уәкілетті ұйымдар) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама талаптарын орындаудан жалтаруды жоққа шығару мақсатында 500 мың теңгеге дейін операция жүргізген кезде клиент деректерін жеңілдетілген тіркеуі (ЖСН және аты-жөн) енгізілді.  

Осылайша осы енгізілген түзетулер айырбастау пункттерінің қаржы қызметтерін тұтынушылардың қауіпсіздігін күшейтеді, қолма-қол шетел валютасының тапшылық тәуекелін барынша азайтады, кешкі және түнгі уақытта қолма-қол шетел валютасын сату бағамын көтеру және халықты негізсіз дүрліктіру фактісін жоққа шығарады.

Түзетулер 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.

2017-2019 жылдары Қазақстан бойынша айырбастау пункттерінің жалпы саны айтарлықтай өзгерген жоқ (01.01.2020 ж. жағдай бойынша айырбастау пункттерінің жалпы саны 2637 құрады, олардың ішінен 1888 – уәкілетті банктер және «Қазпочта» АҚ, 749 – уәкілетті ұйымдар).



2.6-мақсат.Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету

Нысаналы индикатор: Қаржы нарығына сенім білдіретін тұтынушылардың үлесі,
(пікіртерімге қатысқандардың 45%-ы)

Нысаналы индикаторға қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

Әлеуметтік сауалнаманы ұйымдастыру және өткізу.

Қазіргі таңда қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті деңгейде қорғауын қамтамасыз етуге және елдің қаржы нарығына халықтың сенімін нығайтуға бағытталған кең ауқымды ақпараттық-түсіндірме және заң шығарушылық жұмыс жүргізілу үстінде. Ұлттық Банктің Стратегиялық жоспары 2017-2021 жылдарға арналғанын ескере отырып, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың арасында әлеуметтік сауалнаманы жүргізу және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың ағымдағы сенім деңгейін анықтау 2020 және


2021 жылдары жаңа құрылған ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі негізінде өткізу жоспарланған.

2.7-мақсат.Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1-нысаналы индикатор:Банкаралық ақша аударымы жүйесінің бір жылдағы жұмыс қабілетінің коэффициенті (кемінде 95%).

2019 жылы Банкаралық ақша аудару жүйесінің (БААЖ) жұмыс қабілетінің коэффициенті 99,99%-ды құрады, бұл аталған төлем жүйесі жұмысының жоғары тиімділігін сипаттайды.



2-нысаналы индикатор:Банкаралық клиринг жүйесінің бір жылдағы жұмыс қабілетінің коэффициенті (кемінде 95%).

2019 жылы Банкаралық клиринг жүйесінің(БКЖ) жұмыс қабілетінің коэффициенті
99,99%-ды құрады, бұл аталған төлем жүйесі жұмысының жоғары тиімділігін сипаттайды.


Нысаналы индикаторларға қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

ҚБЕО-мен бірлесіп төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне ауыстыру бойынша жоспарлы (тестілеу) іс-шаралар жүргізу

2019 жылы төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне ауыстыру бойынша іс-шаралар жүргізілді. Төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне ауыстыру 01.06.2019 ж. және 13.12.2019 ж. жүзеге асырылды. Негізгі орталықтың серверіне кері ауыстыру, тиісінше 18.10.2019ж. және 20.12.2019 ж. жүргізілді



Ауыстырулар кезінде бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдық жұмысында проблемалар болған жоқ.

Стратегиялық жоспарды іске асыру қорытындылары туралы тұжырымдар
Жүргізілген талдаудың нәтижелері, Ұлттық Банктің жалпы алғанда 2019 жыл ішінде Ұлттық Банкке байланыссыз себептер бойынша толыққанды іске асыру жүзеге асырылмаған кейбір бағыттарды қоспағанда, Ұлттық Банктің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында баяндалған Ұлттық Банк қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары бойынша жоспарланған нысаналы индикаторлары мен міндеттерінің көрсеткіштерін орындағанын көрсетті.
Ұсыныстар
2020 жылдың қорытындылары бойынша қол жеткізуге жоспарланған Ұлттық Банк қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары бойынша нысаналы индикаторларды орындау жөніндегі Ұлттық Банктің Стратегиялық жоспарын іске асыру бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру.

Ұлттық БанкТөрағасының міндетін атқарушы


А. Молдабекова



1Төлем жүйелерінің бір жыл ішіндегі жұмыс қабілеттілігінің коэффициенті нақты жұмыс уақытының (төлем жүйесі тоқтатылған уақыт кезеңін қоспағанда, төлем жүйесінің операциялық күнін ашудан бастап операциялық күнін жабуға дейінгі уақыт кезеңі) төлем жүйесі жұмысының жалпы уақытына (төлем жүйесінің операциялық күнін ашудан бастап операциялық күнін жабуға дейінгі уақыт кезеңі) ара қатысы ретінде есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...