Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының


Мақсаттарға және нысаналы индикаторларға қол жеткізу

Loading...


бет2/4
Дата26.03.2020
өлшемі473 Kb.
1   2   3   4


2.Мақсаттарға және нысаналы индикаторларға қол жеткізу


Нысаналы индикаторың атауы

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең


Ескерту (орындалғаны/орындалмағаны туралы ақпарат)

Жоспар

Факт

1

2

3

4

5

6

1-стратегиялық бағыт. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету

1.1-мақсат. Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу.

Инфляцияны нысаналы дәлізде ұстап тұру



Нысаналы индикатор
















Инфляцияның орташа жылдық деңгейі, %

ҚР ҰЭМ СК

%

4-6%

5,4%

2019 жылғы желтоқсанда жылдық инфляция 5,4% -ды құрады, бұл 2019 жылдың соңына белгіленген 4-6% нысаналы дәлізге сәйкес келеді.

1.2-мақсат Алтын валюта активтерінің сақталуын қамтамасыз ету

Нысаналы индикатор
















Ұлттық Банктің алтын валюта резервтерінің көлемі

ҚРҰБ

Тауарлар мен қызметтердің үш айлық көлемін жабу («1» жабады, «0» жаппайды)

1


1

Орындалды

Талдамалық жазбаны қараңыз



2-стратегиялық бағыт. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету

2.1-мақсат. Банк секторының қаржылық орнықтылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру

1-нысаналы индикатор
















Банктердің сенімділігі

ДЭФ ЖБИ есебі

ДЭФ ЖБИ рейтингіндегі орны

98

121

Талдамалық жазбаны қараңыз

2-нысаналы индикатор
















Қарыз портфелінің көлемі

ҚРҰБ

ІЖӨ-нің %-ы

28

21,8

Талдамалық жазбаны қараңыз

3-нысаналы индикатор
















Банктердің қарыз портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі

ҚРҰБ

%

10

8,2





4-нысаналы индикатор
















Қаржылық қызметтердің қолжетімділігі

ДЭФ ЖБИ есебі

ДЭФ ЖБИ рейтингіндегі орны

61

-

Талдамалық жазбаны қараңыз

5-нысаналы индикатор
















Қаржылық қызметтердің құны

ДЭФ ЖБИ есебі

ДЭФ ЖБИ рейтингіндегі орны

55

-

Талдамалық жазбаны қараңыз

6-нысаналы индикатор
















Қарыз қаражатын алу жеңілдігі

ДЭФ ЖБИ есебі

ДЭФ ЖБИ рейтингіндегі орны

40

-

Талдамалық жазбаны қараңыз

2.2-мақсат.Қаржылық орнықтылықты арттыру және сақтандыру нарығын одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау

1-нысаналы индикатор
















Қаржылық орнықтылықтыңагрегирлендірілген индексі

ҚРҰБ

коэффициент

1 - 2,48

1,45

Талдамалық жазбаны қараңыз

2-нысаналы индикатор
















Сақтандыру нарығын дамыту индексі

ҚРҰБ

коэффициент

1 - 2,48

1

Талдамалық жазбаны қараңыз

2.3 -мақсат. Бағалы қағаздар нарығын бұдан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау

Нысаналы индикатор
















Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі

ДЭФ ЖБИ есебі

ДЭФ ЖБИ рейтингіндегі орны

50

-

Талдамалық жазбаны қараңыз

2.4-мақсат. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту бойынша жағдайлар жасау

Нысаналы индикатор
















БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінің кірістілігі

ҚРҰБ

%

Кемінде 4

6,57

Орындалды

Талдамалық жазбаны қараңыз



2.5-мақсат. Тиімді валюталық реттеу мен валюталық бақылауды қамтамасыз ету

1-нысаналы индикатор
















Сыртқы сауда келісімінің сомасына қатысты шекті мән, оны асырған жағдайда мұндай келісімшартқа есептік тіркеу талаптары қойылады

НҚА

мың АҚШ доллары

50

50




2-нысаналы индикатор
















Тәуекелдер дәрежесін бағалау жүйесінің негізінде тексерулер жүргізілетін, қызметінің айырықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу болып табылатын заңды тұлғалардың саны

ҚРҰБ

%

30-60%

44,06%

(204 тексеру)






2.6-мақсат. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің тиісті дәрежеде қорғалуын қамтамасыз ету

Нысаналы индикатор
















Қаржы нарығына сенім білдіретін тұтынушылардың үлесі

ҚРҰБ

пікіртерімге қатысқандардың %

45

-

Талдамалық жазбаны қараңыз

2.7-мақсат. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1-нысаналы индикатор
















Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің1 бір жыл ішіндегі жұмыс қабілеттілігі коэффициенті

ҚРҰБ

%

95-100

99,99%





2-нысаналы индикатор
















Банкаралық клиринг жүйесінің бір жыл ішіндегі жұмыс қабілеттілігі коэффициенті

ҚРҰБ

%

95-100

99,99%




Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2017-2021 жылдарға

арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы

2019 жылғы есепке



талдамалық жазба
1-бөлім. Тәуекелдерді басқаруға талдау

1-стратегиялық бағыт

Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету
1.1-мақсат. Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу. Инфляцияны нысаналы дәлізде ұстап тұру.
Бүкіл ортамерзімді кезеңде мұнай бағасының төмендеуі теңгенің әлсіреуіне және қысқа мерзімді кезеңде инфляцияның өсуіне алып келуі ықтимал.

Тәуекелдерді басқару шаралары қабылданбаған жағдайда ықтимал салдар:

2019 жылы 4-6% нысаналы дәліздің жоғарғы шегіндегі инфляция деңгейінің артуы



Ықтимал тәуекелді басқару жөніндегі іс-шаралар:

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2019 жылы орташа алғанда бір баррель үшін 64,2 АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты, бұл ҰлттықБанктің базалық сценарийіне сәйкес келеді.

Бағалар 2019 жылғы тамызда бір баррель үшін 60 АҚШ доллары деңгейінен төмен түсе бастады.

Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы» ҚРҰБДиректорлар кеңесінің2019 жылғы 9 қыркүйектегі №64 қаулысымен инфляцияға жоғары қысым көрсететін жоғарыда сипатталған бірқатар факторлардың ықпалы аясында базалық мөлшерлеме 9,25%-ға дейін көтерілді. Осы деңгейде жылдың соңына дейін сақталды.

2019 жылдың қорытындылары бойынша ақша-кредит талаптары әлсіз тежегіш ретінде бағаланады, бұл төлем балансының ағымдағы шотының кеңейіп жатқан тапшылығының инфляциялық және бағамдық күтулеріне тигізетін әсерді шектеу бойынша алдын алу шараларын қабылдау қажеттілігімен негізделген.

Қазақстан экономикасының неғұрлым баяу қалпына келуі, оның ішінде мұнай бағасының тұрақтануы жағдайында ішкі сұраныстың баяу қалпына келтірілуі есебінен, инфляцияның төмендеуіне алып келеді.

Тәуекелдерді басқару шаралары қабылданбаған жағдайда ықтимал салдар:

Тәуекел іске асырылмаған, соған байланысты, шаралар қабылдау қажеттілігі болмаған.



Ықтимал тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар:

Инфляцияны нысаналы дәлізде ұстап тұру үшін базалық мөлшерлеме өзгермелі сыртқы және ішкі экономикалық жағдайларға оңтайлы әсер ететін болады. Ақша-кредит саясаты әлеуетті тәуекелдерді іске асыру әсерлерінжою үшін еркін өзгермелі айырбастау бағамымен бірге іске асырылатын болады.



2-стратегиялық бағыт

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету
2.1-мақсат. Банк секторының қаржылық орнықтылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Әлемдік тауар нарықтарындағы тұрақсыздық баға ахуалы.

Тәуекелдерді басқару шаралары қабылданбаған жағдайда ықтимал салдар:

Инфляцияның өсуі.

Өзіндік құнының негізгі құрамдасы бола отырып, жалпы мұнай өнімдерінің өндірісіне жағымсыз әсерін тигізетін шикізаттың тұрақсыз, қиын болжанатын баға ахуалын қалыптастыратын мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік бағасының ауытқуы.

Жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдар (Қазақстан ішінде баға белгілеуге қысым, іскерлік белсенділіктің төмендеуіжәнебасқалар).

Қазақстанның қаржылық жүйесінің тұрақсыздануы.
Ықтимал тәуекелді басқару жөніндегі іс-шаралар:

Қаржысекторының тұрақтылығы мен айқындылығын арттыру мақсатында 2019 жылыҰлттық Банк халықаралық консультантпен және тәуелсіз аудиторлық компаниялармен бірлесе отырып, банктер активтерінің сапасынбағалады. Бағалау Еуропа Орталық Банкінің әдіснамасына сәйкес жүргізілді және 14 ірі банкті тексеруді қамтыды.



Банк секторының тәуекелдерін барынша азайту және банктердің тұрақтылығын арттыру мақсатында банк секторының тәуекелдерінанықтау және бағалау үшін банк секторыныңсубъектілерін стресс-тестілеу тетігі әзірленді, сондай-ақ тәсілдері жетілдірілді.

Соңғы бірнеше жылда бірқатар банктердің қаржылық тұрақтылығының нашарлау себептерін талдау көрсеткендей, тәуекелдерді басқарудың, корпоративтік мәдениеттің тиісті деңгейінің болмауы негізгі фактор болып табылады.

ҚРҰБ-ның ағымдағы жылдан бастап тәуекелге бағдарланған қадағалау процесіне өтуіне байланысты, есепті кезеңдеҚРҰБекінші деңгейдегі банктер үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын жетілдірді. Негізгі өзгеріс – назарды формалды талаптардан банктердің корпоративтік басқаруды және олардың қызметіне тән тәуекелдерді басқару процестерін сапалы құруына мүмкіндік беретін қағидаттарға ауыстыру болды.

Тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын жаңа талаптар банктердің тәуекелдерді басқару процестерін дербес енгізуіне мүмкіндік береді, бұл жалпы оның сапасын арттыруға әсерін тигізеді және директорлар кеңесін артық және тиімсіз басқару есептілігін қараудан босатады. Сонымен қатар корпоративтік басқаруға қойылатын жаңа талаптар директорлар кеңесінің тәуекелдерді басқару процесін бақылауын күшейтеді және жалпы тәуекел менеджментінің рөлін арттырады.

Аталған проблемаларды шешу үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің жаңа қағидалары әзірленіп,енгізілді, оларда Ұлттық Банк Басқармасының 2019 жылғы
12 қарашадағы № 188 қаулысымен бекітілген банктің тәуекелдерін корпоративтік басқару мәдениетіне ерекше назар аударылады.

Аталған қағидалар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді, бірақ бұл ретте банктерге 2020 жылғы 1 шілдеге дейін iшкi құжаттарын, рәсімдері мен процестерін әзірленген талаптарға сәйкес келтіруге уақыт берілді.


Банктердің қаржылық тұрақтылығының нашарлауы.

Ықтимал тәуекелді басқару жөніндегі іс-шаралар:

Екінші деңгейдегі банктерді пруденциялық реттеуді жетілдіру.

Қазақстанның банк секторында тұтынушылық кредиттеудің және қарыз алушылардың борыштық жүктемесінің өсуіне байланысты тәуекелдер бар. Мәселен, қамтамасыз етілмеген тұтынушылық кредиттердің көлемі 2018 жылы 30,7%-ға, 2019 жылы –31,3%-ға өсті. Қамтамасыз етілмеген тұтынушылық кредиттеудің тәуекелі жоғары сегментіндегі мұндай үдемеліөсу, халықтың кірісі мен жалақысынан елеулі түрде ілгерілепөсуі банктер үшін маңызды кредиттік тәуекелдер алып келеді.

Банк секторының қамтамасыз етілмеген тұтынушылық кредиттеу сегментіндегі тәуекелдерге орнықтылығын арттыру үшін пруденциялық реттеу шеңберінде кредиттік тәуекел бойынша қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыздарды мөлшерлеуге дифференциалды тәсіл әзірленді және енгізілді.

Мәселен, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қарыз алушы берешегінің сомасына, қарыздың құнына және кірістің ресми (бейресми) расталуына қарай кепілсізтұтынушылық қарыздарға қатысты банктердің меншікті капиталына қойылатын жоғары талаптар белгіленді. Аталған шара банктерді кепілсіз тұтынушылық кредиттеу шеңберінде агрессивті кредиттік саясат жүргізуге ынтасыз етеді.

Борыштық жүктеме коэффициентін есептеу кезінде расталған кірістері бір қарыз алушыға келетін ең төменгі күнкөріс деңгейінен және қарыз алушы отбасының әрбір кәмелетке толмаған мүшесіне келетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің жартысынан аспайтын азаматтарға қарыз беруге тыйым салуды қамтитын азаматтардың кірістерін бағалау тәсілі қолданылады.

Бұл ай сайынғы төлемдерді өтеу үшін жеткілікті қаражаты бар қарыз алушыларға ғана қарыз беруге қосымша ынталандырады және банктерді мөлшерлемелерді төмендету жағына бағыттайды, бұл борыштық жүктемені төмендетуге әсер етеді.

Есепті кезеңде ҚРҰБ пруденциялық реттеу шеңберінде off-take келісімшарттарын тұрақты кепіл деп тану шараларын қабылдады. Бұл қарыз алушыларды/жеткізушілерді болашақта off-take келісімшарттары бойынша түсетін ақша түрінде дебиторлық берешек кепіліне кредиттеу мүмкіндігін берді.

Сонымен қатар банктердің өтімділігін тұрақтандыру мақсатында тұрақты қорландыру нетто коэффициентінесептеу (NSFR)әдіснамасы қайта қаралды, оған сәйкес ағымдағы шоттар мен заңды тұлғалардың талап етуге дейінгі салымдары операциялық депозиттер ретінде танылды, ал ұлттық басқарушы холдингтердің (Самұрық-Қазына және Бәйтерек) қарыздары мен Үкімет кепілдік берген қарыздар тұрақты қорландыру ретінде танылды.

Ағымдағыбуферлерге (консервациялық, жүйелік) және капитал жеткіліктілігінің ең төменгі мәндеріне (k1, k1-2, k2) қосымша қосылатын реттеуіш буферді енгізу жолымен жасырын әлеуетті шығынды меншікті капитал есебінен капитал буферлеріне тану жөніндегі талаптарды ауыстыруды білдіретін банктердің меншікті капиталындағы жасырын шығындарды (ХҚЕСбойынша реттеуіш провизиялар мен провизиялар арасындағы оң айырманы) тану тәсілі өзгертілді. Жаңа тәсіл капитал бойынша қосымша қорды банктер олардың активтерінің сапасын бағалау қорытындылары бойынша таныған әлеуетті шығындарды өтеуге бағыттай отырып, оны босатуға мүмкіндік береді және банктерге реттеушімен провизияларды үстеме қалыптастырудың жеке жоспарларын келісу мүмкіндігін береді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген бағалы қағаздарды алып қою көзделген. Өзгерістерге сәйкес, меншікті капитал жеткіліктілігін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген бағалы қағаздар бойынша нарықтық тәуекел 0%-бен мөлшерленеді. Бұдан өзге, көрсетілген бағалы қағаздар өтімділік коэффициенттерін есептеу кезінде өтімділігі жоғары активтер болып танылады, сондай-ақ оларға бір қарыз алушыға келетіншоғырландыру лимиті (к3) қолданылмайды.

Банктерге, банктердің немесе банк холдингтерінің еншілес ұйымдарына АХҚОаумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген акцияларды сатып алу мүмкіндігі берілген.

Банктердің заңнама талаптарын қамтамасыз етуі мақсатында қадағалау рәсімдерін іске асыру.

2019 жылы Ұлттық Банк міндеттерінің бірі - Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ банктер мен банктік емес ұйымдардың салымшыларының (депозиторларының) мүдделерін қорғау мақсатында банктердің және олардың үлестес тұлғаларының, банк конгломераттарының және банк секторының басқа субъектілерінің қызметін олардың қызметін талдау, олардың заңнамада белгіленген талаптарды (валюталық заңнамада белгіленген талаптарды қоспағанда) сақтауын қадағалау арқылы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру болды.

Қадағаланатын субъектілердің қызметіндегі орын алып отырған және әлеуетті тәуекелдердің деңгейін анықтау мақсатында ай сайынғы және тоқсан сайынғы негізде қадағалауындағы субъектілердің қаржылық жай-күйіне:


  • ұсынылған қаржылық және реттеуші есептілікті қарау және талдау нәтижесі бойынша тиісті есептер жасау;

  • екінші деңгейдегі банктердің және банк конгломераттарының қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеуге бағытталған ерте ден қою шарларын жүйесін банктердің және банк конгломераттарының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау және заманауи және барабар қадағалау іс-әрекеттерін қолдану арқылы қолдану;

  • банктердің қолданыстағы заңнаманың нормаларын орындауының чек-парақтарын жасау;

  • құжаттамалық тексерулер арқылы талдау жасалды.


Жұмыс істемейтін қарыздарды төмендетуді ынталандыру шараларын іске асыру.

2019 жылы Ұлттық Банк Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы №129 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы шеңберінде банктер алдыңғы жылдары өздерінің баланстарында жинақтаған жұмыс істемейтін қарыздардықысқарту жұмысы жалғастырылды.

Бағдарламаға кірген кезден бастап банктер активтердің сапасын жақсарту және проблемалық қарыз алушылардың берешегін қайтару іс-шараларын тұрақты негізде жүргізіп отырады. Мәселен, 1,2 трлн теңгеден астам сомаға активтердің сапасын жақсарту және берешекті қайтару іс-шаралары жүргізілді, банктердің балансынан жалпы сомасы 838 млрд теңгеге проблемалық қарыздар есептен шығарылды. Жалпы алғанда, несие портфельдерінің сапасын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс Бағдарламаға қатысатын банктерге 2,4 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар беруге мүмкіндік берді.

Реттеу және қадағалау мандатын күшейту шеңберінде 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тәуекелге бағдарланған қадағалау (ТБҚ) енгізілді, оның ішінде уәкілетті органның уәжді пайымдауды қолдану құқығы енгізілді.

ТБҚ қолдану уәкілетті органға ерте кезеңдерде кредиттеудің жағымсыз фактілерін, оның ішінде байланысты компаниялар мен тұлғаларды қаржыландыруды жою үшін банктік бизнесті жүргізудің тез өзгеретін ортасына сәйкес банктердіңбизнес-модельдерін, банктердің кредиттеу саясатын уақтылы түзетуге мүмкіндік береді.

Реттеушінің қадағалау тәсілдеріндегі өзгерістер банктерді сапалы бағалау мен қадағалап ден қою жүйесіне де қатысты болды. Жаңа тәсілдер реттеушінің қадағалау практикасының толық инструментарийін қолданатын және Ұлттық Банк үшін қадағалаудағы тиімді тәуекелге бағдарланған тәсілді қамтамасыз ететін ЕБҚәдіснамасы негізінде Supervisory review and evaluation process (SREP) жасалған.

Банк секторын жұмыс істемейтін кредиттерден тазарту шараларын іске асыру үшін Ұлттық Банк 2019 жылғы сәуір - желтоқсанаралығында екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалауды (бұдан әрі – АСБ)ұйымдастырып, жүргізді, ол портфельдердің сапасына баға беруге, кредиттеу практикасын талдауға және банктерге капиталдың қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін диагностика болып табылады.

Ұлттық Банк 2019 жылғы сәуір - желтоқсан аралығында консультанттармен және аудиторлармен бірлесе отырып, барлық қатысушылар үшін біріздендірілген АСБ нұсқаулығын қолданумен 14 екінші деңгейдегі банкке бағалау жүргізді. Атап айтқанда, бір-бірімен өзара байланысты 9 жұмыс блогы жүргізілді (бухгалтерлік есеп саясатын талдау, кредиттік дерекнамаларды талдау, кепілдерді бағалау және басқалар). АСБ іске асыру сапасын бақылау Ұлттық Банктің аудиторларынан, инспекторларынан және АСБ бағдарламасын басқарудың Орталық офисінен (Ұлттық Банктің консультанттары мен қызметкерлері) тұратын 3 қорғау желісі жолымен жүзеге асырылды.

Қазіргі кезде активтерінің сапасын бағалаудың бірінші кезеңі аяқталды. Банктер қызмет нәтижелерін, 2019 жылғы қаржылық және реттеуіш есептілікті қалыптастыруды ескере отырып, реттеуші берген ұсыныстарды негізге алып, толық шаралар жоспарларын әзірлейді. Әрбір банк бойынша жоспар Реттеушіге мақұлдауға жіберілетін болады. Келісілгеннен кейін реттеуші шаралардың орындалуын қатаң қадағалайтын болады. АСБ екінші кезеңінде банктермен жұмыс істеудің қорытынды нәтижелерін Ұлттық Банк Бағдарламаға қатысушы банктер бөлігінде 2020 жылғы 28 ақпанда ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...