Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөзрелиз І



жүктеу 17.14 Kb.
Дата15.01.2017
өлшемі17.14 Kb.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ

22 БАСПАСӨЗ Р Е Л И З І



2012 жылғы 24 мамыр
ШЫҰ мүше мемлекеттердің қаржы министрлерінің және орталық (ұлттық) банктері төрағаларының екінші кездесуі туралы

2012 жылғы 17 мамырда Пекин қаласында (Қытай Халық Республикасы) Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (бұдан әрі – ШЫҰ) мүше мемлекеттердің қаржы министрлерінің және орталық (ұлттық) банктері төрағаларының екінші кездесуі өтті.

Кездесу Қытай Халық Республикасының қаржы министрі Се Сюйжэннің және Қытай Халық банкінің төрағасы Чжоу Сяочуанның бірлесіп төрағалық етуімен өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченко, Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі Д.Е. Ерғожин, Ресей Федерациясы Қаржы министрінің Статс-хатшы-орынбасары С.Д. Шаталов, Ресей Банкі Төрағасының орынбасары В.Н. Мельников, Қырғыз Республикасының Қаржы министрі А.У. Жапаров, Қырғыз Республикасының Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары З.Л. Чокоев, Тәжікстан Республикасының Қаржы министрі С.М. Наджмиддинов, Тәжікстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы А.Ш. Ширинов, Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Р.С. Азимов, Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің Төрағасы Ф.М. Муллажанов, ШЫҰ Бас хатшысы М.С. Иманалиев, сондай-ақ Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік банктің өкілдері қатысты.

Тараптар ғаламдық және аймақтық макроэкономикалық жағдай, қаржы және валюталық саясат, ШЫҰ Даму банкін және ШЫҰ Арнайы шотын құруға дайындық, қаржы-банк ынтымақтастығын институттандыру мәселелерін талқылады, сондай-ақ ШЫҰ шеңберінде қаржы-банк ынтымақтастығын нығайту және болашақтағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының маңызды мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тараптар екіжақты және көпжақты форматта практикалық қаржы ынтымақтастығын белсенді жалғастыруға, сондай-ақ аймақтың саудасын және инвестициясын дамытуға одан әрі жәрдемдесу және сыртқы қолайсыз факторлар мен ықтимал тәуекелдерге ден қою мүмкіндігін арттыру мақсатында ШЫҰ мүше мемлекеттер арасында ұлттық валюталармен есеп айырысу саласында екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.

Тараптар ШЫҰ мүше мемлекеттердің қаржы министрлерінің және орталық (ұлттық) банктері төрағаларының екінші кездесуінің қорытындылары бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады.





Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет