Қазақстан республикасының конституциясы азаматтық ҚОҒАМ: МӘНІ, белгілері және дамуының негізгі кезендері шапағат Асылбек

Loading...


жүктеу 146.41 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі146.41 Kb.
УДК 340.131.5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ: МӘНІ, БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕНДЕРІ

Шапағат Асылбек

Алматы университетінің 2 курс магистранты


Түйін

Мақалада азаматтық қоғам - мемлекеттің еркінен тыс өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтар тікелей құрған, бірақта конституциялық құрылымның қағидаттарына сай қызметі талқыланады

Кез келген қоғамның құрылуы мен қалыптасу процесі оның неғұрлым өркениетті, толысқан қоғамға айналуының белгілі бір тарихи кезеңдерімен (сатыларымен ) сипатталады.

Қоғамдық санада демократиялық қағидаттар мен институттар бекітілді. Олардың одан әрі дамуында маңызды бағдар болған Қазақстанның демократиялық құқықтық мемлекетті құруға және азаматтық қоғамды қалыптастыруға талпынысы болды.

Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу мүмкіндіктерін зерттеуді «азаматтық қоғам, мемлекет, демократиялық қоғам» сияқты терминдердің мазмұнын ашудан бастаған жөн [1, с.9-10]. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы - жеткілікті деңгейде ұзақ әрі күрделі, белгілі бір тарихи кезеңге есептелген процесс. Алайда мұндай қоғам идеясы (тұжырымы) өз тамырын ғасырлар тереңіне жайған.

Азаматтық қоғамның философиялық анықтамасын ғылымға тұңғыш рет атақты ойшыл және философ Аристотель енгізген. «Мемлекет деген не екендігін анықтап алмастан бұрын» деп көрсетеді ол: «азамат» түсінігін анықтап алу қажет, өйткені мемлекет бұл басқа емес азаматтардың жиынтығы, азаматтық қоғам [2, с.5]. Бұлай тұжырымдау, бұл түсініктің антикалық философиялық ойға белгілі бір көне идеялық-теориялық бастауға ие екендігі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.

Азаматтық қоғам тұжырымдамасы XVII-XIX ғғ. Т.Гоббс, Б.Спиноза, Дж.Локк, Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Г.Гегель сияқты ғалымдардың еңбектерінде толық әзірленіп өз бейнесін тапты және қорғалды.

Мысалы, Т.Гоббстың пікірінше, барлық адамдар, табиғи тіршілік иелері ретінде, шамасы бірдей тән және ақыл-ой қабілетіне ие, бұл оларды өзара тең етеді. Олар ерікті болып туылады, өз іс-әрекеттерінде жеке мүдделерін басшылыққа алады, ал олардың мінез-құлқының қозғаушы күші өмірлік игіліктер болып табылады. «Менікі» және «сенікі» ұғымдарының арасындағы шектеулердің болмауы, «баршаның баршаға қарсы соғысына» әкеп соғады, бұл адамзаттың жойылуы қаупін төндіреді. Табиғи жағдайдан және табиғи заңдардан азаматтық қоғамға және азаматтық заңдарға өту, Гоббстың пікірінше, меншіктің пайда болуымен байланысты. Соңғысы адамдар арасындағы келісімнің, жалпының еркі және «қоғамдық шарт» негізінде олардың бірігуінің қажеттілігін тудырады, әрбір адам өзінің еркін әркімнің және баршаның еркін білдіретін жалпының еркіне бағындырады. Осындай жолмен құрылған бірігу мемлекет немесе азаматтық қоғам, сонымен қатар азаматтық тұлға деп аталады [3, с.278].

Ал Б.Спиноза өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарына сәйкес адамды өзін-өзі сақтау заңдылықтарына бағынатын табиғи тіршілік иесі ретінде қарастырады. Бұл табиғи заң әрбір адамның өмір сүруге, ойлау және іс-әрекет жасау бостандығына табиғи құқықтарымен сәйкес келеді. Философ мемлекет пен азаматтық қоғамды ұқсастырады, өйткені адамдардың табиғи өзара әрекеттесу жағдайы олардың өзі мен мемлекет арасындағы «қоғамдық шарт» негізінде өзара әрекеттесуімен алмасады, барлық адамдар біртұтас қауымдастықтың азаматтарына айналады деп есептейді [4, с.311].

Ескере кететін жай, Т. Гоббс пен Дж. Локк азаматтық қоғамды мемлекет ұйымдастыратын және басқаратын қоғам ретінде түсінді. Олар азаматтық қоғамды мемлекетпен қатар қызмет ететін, бірақ соңғысына ұқсас емес әлеуметтік шындықтың салыстырмалы дербес бөлігі ретінде қарастырды. Мысалы, Гоббс былай дейді: «Мемлекет библиядағы құбыжық Левиафан тәрізді, азаматтық қоғамды жұтып қоюға талпынады. Мұратында мемлекет, қоғамдық шарт теориясын жақтаушылардың пікірінше, азаматтық қоғамның ресми өкілі бола отырып, адам құқығы мен мүдделерін, соның ішінде меншікке құқығын және т.б. жүзеге асыруға жағдай жасауы қажет. Азаматтық қоғам позитивтік (оң) дамуы барысында, өз тарапынан, қалыптасқан саяси құрылыстың тұрақтылығына кепілдік береді» [5, с.7-8].

Ш.Л. Монтескьенің пікірінше, тек қана табиғатта емес, сонымен қатар қоғамда да табиғи заңдар әрекет етеді. Бұл заңдардың басқаруының әлеуметтік саласында қоғам адамның еркін қызметімен байланысты, сондықтан ол табиғаттағыға қарағанда неғұрлым күрделі. Ш.Л. Монтескьенің айтуынша, азаматтық қоғамның пайда болуы қоғамдық шарттың нәтижесі болып табылады, және адамдар ортақ еркі негізінде осындай бірігуге келіседі, мұндай бірігу азаматтық жағдай деп аталады. Азаматтық жағдайдың, немесе мемлекеттің қалыптасуын ол қажетті тарихи процесс ретінде қарастырады. Қоғам дамуындағы заңдардың маңыздылыған көрсете отырып, Монтескье, заңдар адамдар, халықтар және билеушілер арасындағы қарым-қатынастарды реттейді деп түсіндіреді. Оның көзқарасы бойынша,«бостандық дегеніміз бұл - заңдармен рұқсат етілген іс-әрекеттер»[6, 312-365б.].

XVII-XVIII ғғ. еуропалық саяси-құқықтық ойларды зерттеу нәтижесінде мынадай қорытындыға келдік. Біріншіден, азаматтық қоғамның негізін өмір сүруге, бостандыққа, меншікке, мүлікке және т.б. азаматтардың табиғи құқықтары мен жалпы адамзаттық құндылықтары құрайды. Екіншіден, азаматтық қоғамның қалыптасу процесі феодализм дәуірінен басталады. Үшіншіден, азаматтық қоғам саяси билік, тұтас мемлекет институттарынсыз болуы мүмкін емес.

Азаматтық қоғамның қалыптасуы мәселесін өңдеуде орасан көп үлес қосқан ойшыл Г. Гегель болды. Оның пікірі бойынша, азаматтық қоғам «отбасы мен мемлекеттің ортасында» болады. Табиғи «мәдениетсіз» қалыптан адамдар азаматтық қоғамға кіруі тиіс. Соңғысында құқықтық қатынастар шындыққа сәйкес келеді [7, с.136].

Гегель азаматтық қоғамды өмірдің әртүрлі салаларындағы дамудың неғұрлым жоғары деңгейіне жеткен буржуазиялық қоғам шеңберіндегі неғұрлым жетілген қоғамдық қатынастар деп түсінеді.

Ежелгі заманда және ортағасырларда болмаған мұндай қоғамның қалыптасуы буржуазиялық құрылыстың бекітілуімен байланысты болды.

Ескере кететін жай, бұл мәселе жөнінде И. Бентам, Ж. Сисмонди, Л. Фон Штейннің көзқарастары да осыған ұқсас. Алайда азаматтық қоғамның мемлекеттен үстемдігін бейнелейтін екінші бір бағыт бар. ( Т. Спейс, Т. Ходжскин, Т. Пейн). Бұл бағыт Т. Пейннтің еңбектерінде өте айқын бейнеленген, оның пікірінше, мемлекет бұл тек қажетті зұлымдық ғана, және оның әсер ету сферасы қаншалықты аз болса, соншалықты тиімді. Бұл көзқарас А. Токвиль және Дж.С. Миллге де тән.

Жоғарыда келтірілген бағыттар, автордың пікірі бойынша, шектен тыс болып саналады. Алайда, нақты өмірде, азаматтық қоғам мен мемлекет жеткілікті деңгейде тығыз байланысты болды және болып қала береді [8,с.161-162].

Азаматтық қоғам идеясы белгілі философ И.Канттың еңбектерінде де сөз болады, нақты алғанда, ол былай деп жазады: «Бүкіл адамзат тегі үшін үлкен проблема – жалпы құқықтық азаматтық қоғамға қол жеткізу». Оның пікірінше, тек мүшелеріне мол бостандық берілген қоғамда ғана табиғаттың ең жоғары мақсатына қол жеткізілуі мүмкін: адам бойындағы барлық қабілеттіліктің дамуы; мұнда табиғат бұл мақсатты оған жүктелген басқа да мақсаттар сияқты өзі жүзеге асыруды қалайды. Міне, сондықтан да мұндай, мол бостандық сыртқы заңдардың ықпалымен еңсерілмейтін мәжбүрлеумен үйлесетін қоғам яғни өте әділ азаматтық құрылым, табиғаттың адамзат тегі үшін ең жоғары міндеті болуы тиіс, өйткені тек осы міндетті шешу және орындау жолымен ғана табиғат біздің тегімізге қатысты өзінің басқа мақсаттарына қол жеткізе алады [9, с. 10].

Азаматтық қоғам тұжырымына, азаматтық қоғам түсінігіне белгілі ойшылдардың еңбектерінде әртүрлі бағытта, әртүрлі көзқараста анықтама берілгенін ескеру қажет. Осындай әртүрлілік қазіргі кездегі отандық қоғамтану және заң әдебиеттерде де байқалады.

Алайда іс мұнымен шектеліп қалмайды. Неғұрлым түсінікті болуы үшін оны мынадай қарапайым дилемма түрінде көрсетуге болады – азаматтық қоғам кімді кімнен қорғайды: мемлекетті азаматтардан ба, әлде, азаматтарды мемлекеттен бе?

Ескере кететін жай, ХХ ғасырда азаматтық қоғам тек 1970-1980 жылдары ғана қайта оралу үшін қоғамтанудың талдаушы алаңынан шығып қалған тәрізді. Көптеген авторлар байқаған бұл «таңқаларлық жағдайды» мынадай себептермен толық түсіндіруге болады.

ХХ ғасыр мемлекеттің азаматтардың жеке өмірі саласындағы үлгісіз өктемдік жүргізуінің кезеңі болды. Тіпті бұл өктемдік жүргізудің шектен тыс тоталитарлық нысандарын қозғамай жайына қалдырған күннің өзінде, оның дамыған елдердің барлық аймақтарында болғанын байқамау мүмкін емес.

Осылайша, азаматтық қоғам тұжырымының әртүрлі бағыттары белгілі ойшылдардың еңбектерінде, әдетте азаматтық қоғам түсінігінің өзінің анықтамасындағы айырмашылықтармен бірге жүреді. Мұндай әртүрлілік қазіргі кездегі қоғамтану және заң әдебиеттерінде де байқалады.

«Азаматтық қоғам» терминінің өзі тұрақты түрде тек XVIII ғасырда ғана қолданыла бастады, өйткені осы уақытқа дейін мемлекет пен қоғам бірыңғай тұтас ретінде қарастырылған еді. Алайда кейін де қоғам мен мемлекет арасында қағидалы түрде ерекшелік жүргізілген жоқ. Оларды бөлу оңай емес еді, өйткені мемлекет - қоғамды ұйымдастыру нысаны. Бұдан әрине, қоғамдық және мемлекеттік - биліктік құрылымдар, механизмдер толығымен және барлық жағдайда сәйкестендіріледі деп айтуға болмайды.

Жаңа формацияның философтары - Гумбольдт, Кант, Гегель, Маркс, Энгельс, Грамши, Вебер және басқалар – бұл тұрғыдан нақты теория әзірленбегеніне қарамастан, бұл құбылыстарды шектеп отырды.

Бұл жағдайда мемлекет те, қоғам да өмір сүріп тұрған кезең қарастырылады, алайда, ұзақ уақыт бойы бұл санаттар – бірдей деп есептеліп келді. Теоретиктер оларды бөліп тұрған шекті көруі және оның біреуі екіншісінің бір бөлігі екеніне көз жеткізуі үшін уақыт қажет болды. Азаматтық қоғам деп қатынастардың ерекше тобын, атап айтқанда, мүліктік, нарықтық,

отбасылық, адамгершілік қатынастарды түсіне бастады, ол қатынастар мемлекеттен белгілі бір тәуелсіздікте болуы тиіс еді [10, с.35].

Біздің пікірімізше, Азаматтық қоғам - мемлекеттің еркінен тыс өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтар тікелей құрған, бірақта конституциялық құрылымның қағидаттарына сай қызмет етуші: одақтар, ассоциациялар, қозғалыстар, қорлар, клубтар, жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар сияқты ерікті қоғамдық құрылымдарпдың бірігуінен көрінетін, мемлекеттік емес табиғ: одақтар, ассоциациялар, қозғалыстар, қорлар, клубтар, жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар сияқты ерікті қоғамдық құрылымдарпдың бірігуінен көрінетін, мемлекеттік емес табиғат тән ерекше санат. Әрине, мемлекеттік емес құрылымдар мемлекетпен және оның органдарымен тығыз байланысты болады.

Заң әдебиеттерінде, азаматтық қоғам - бұл тек құқық нормаларымен ғана емес, сондай-ақ мораль, әдет- ғұрып нормаларымен реттелетін кешенді құбылыс деген анықтама беріледі. Оның мазмұны тарихи тәжірибемен, ұлттық дәстүрлермен және демократия мен мәдениеттің даму деңгейімен анықталады.

Б.И. Славный азаматтық қоғам туралы: «Мемлекет пен саяси қоғам институттарынан өзінің биліктік емес сипатымен ерекшеленетін азаматтық институттардың кейбір жиынтығы» деп жазады [11, с.228].

Ю.С. Красин және А.Н. Галкиннің пікірінше, азаматтық қоғам – көлденең әлеуметтік байланыстардың, қоғамдық мінез-құлық нормаларының және қоғамдық саяси бағдарлаудың тұрақты жүйесі. Ол «өндірістік қатынастар мен мемлекеттің, базис (негіз) пен қондырманың арасындағы төселімді құрайды» [12, с. 225].

Е.Н. Гуренко және О.И. Шкаратан азаматтық қоғам жайында «Қоғамдық институттар жүйесі», «әртүрлі қоғамдық мүдделерді білдіру, жеке тұлға мен мемлекеттің арасындағы қатынастарды реттеу, соңғысының құдіреттілігін шектеу сияқты өзіндік функцияларға ие болатын, адамдарды ерікті байланыс негізінде қауымдастыққа біріктіретін әлеуметтік қатынастың ерекше саласы» деп жазады [13, с. 421-423].

К.С. Гаджиев азаматтық қоғамды «әлеуметтік мәдени, рухани салаларды қамтамасыз ету, оларды ұдайы өндіру және атадан балаға қалдыру жүйесі, жеке институттар мен ұжымдардың өзін-өзі жүзеге асыруын, жеке мүдделер мен қажеттіліктерді жекеше немесе ұжымдық болуына қарамастан, қамтамасыз етуге бағытталған өзіндік және мемлекеттен тәуелсіз қоғамдық институттар мен қатынастардың жүйесі» ретінде қарастырады [14, с. 31].

М.Т. Баймахановтың пікірінше: «Азаматтық қоғамның одан әрі жетілуі шамасына қарай онда мемлекеттің, әлеуметтің және жеке тұлғалардың байланысы жаңа деңгейге көтеріледі, бірінің екіншісінің үстінен басымдығы жоққа шығарылады. Қоғамдағы пайда болатын жанжалдар, қарама-қайшылықтар және шиеленістер заңды тәсілдермен, төңкеріссіз, күш қолданусыз және қарсылықты басусыз шешіледі» [15, с. 5].

Ал көрнекті ғалым И.И.Кальной былай деп жазды: «Азаматтық қоғам, мемлекет институттары қоғамдық қатынастардың реттеушісі функциясын оңтайлы атқаруға шамасы келмейтіндей жағдайда ғана, атап айтқанда: азаматтық келісімге келушілік және дүниетанымдық көптүрлілік алғышарттары пісіп жетілген; өзіндік мәртебеге ие және мемлекет институттарымен тепе-тең сұхбаттасуға қабілетті, мемлекеттің саяси өктемдік жүргізуіне қарсы тұра алатын қабілетке ие, оған қарсылас бола алатын; оның монополияға ұмтылысын, қоғамды дамытуды қамтамасыз ету жүйесінен өзін-өзі қамтамасыз ету жүйесіне айналуын тежеп тұра алатындай қоғамдық институттардың жиынтығы қалыптасатын кезде ғана пайда болады» [16, с. 245].

Автордың пікірінше, азаматтық қоғам – бұл дамыған, тұрақты, тұрмысқа жайлы, көркейтілген, адамдардың өмір сүруінің жеткілікті жоғары деңгейімен сипатталатын қоғам. Кедей, артта қалған қоғам азаматтық деп аталуы мүмкін емес, өйткені, мұнда елді гүлденген, бейбіт, дамушы қатарға шығаратын институттар мен жағдайлар қалыптаспаған. Ол сонымен қатар рухани жағынан бай, иманды халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейі жоғары болуы тиіс.

Алайда, азаматтық қоғамның «батыстық» үлгісі өзінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай Ресей үшін тиімді емес екендігін ескере кету қажет, және сондықтан да бұл модельдің ерекше жағдайларға байланысты қайта бейімделуі мүмкіндігі де талқыланбайды.

Еуразиялық және ұлттық теорияларға келетін болсақ, мұнда азаматтық қоғам идеясы мүлдем жоқ, немесе ол «үйлесімді саяси ұлт» түсінігімен ұқсастырылады. Бұл екі ағым арасындағы көптеген айырмашылықтарға қарамастан мұнда саяси ойда «автономды азаматтық қоғам мен оның өзіндік құндылықтарына емес, ал күшті мемлекетке бірдей басты назарын аударады». Және, әзірше, азаматтық қоғам да, мемлекет те толық ынтымақтастыққа дайын емес деп атап көрсетілді. [17, 214б.].

Шетелдік авторлардың пікірінше, Батыста азаматтық қоғам, өткен заманда болды. Модернизациялаудың индустрияландыру кезеңінде ол «жалпы қоғамға» орнын берді, мұнда адамдар арасындағы байланыс формальды, жекесіз болды, ал адам құқығы мемлекетпен қамтамасыз етіледі. Сондықтан азаматтық қоғам идеалы бүгінгі күні Үшінші әлем елдерінде немесе азаматтық қоғам енді қалыптасып жатқан бұрынғы коммунистік мемлекеттерде неғұрлым өзекті.

Р. Дарендорфтың көзқарасы бойынша, постиндустриалды сатыға, ғылыми-техникалық төңкерістің жаңа айналымына тән жаһандану процесі батыстың азаматтық қоғамына үлкен қауіп төндіріп тұр. Кейбір отандық ғалымдар азаматтық қоғамды теориялық тұжырымдаманың түсінігі не пәні деп қарастыру идеясынан бас тартты және посткоммунистік Қазақстан жағдайында «жеке саланың» дамуын анықтайтын жергілікті құрылымдарға, олардың құрылуына және қандай болуына қарамастан мемлекеттік билік институттарымен өзара әрекеттесуіне назар аударуда.

Осылайша, Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасында мынадай анықтама берілді: « Азаматтық қоғам - өзінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, материалдық және рухани қажеттіліктердің кең ауқымын шешу, мемлекеттік басқару, мемлекеттік шешімдерді қабылдау жүйесіне азаматтық қатысуды қамтамасыз ету мақсатында халыққа өзін өзі ұйымдастыруы үшін жағдайларды қамтамасыз ететін қоғам. Азаматтық қоғам онда болып жатқан үдерістер мен қатынастардың басты әрекет етуші тұлғасы мен субъектісі ретінде өз қажеттіліктерінің, мүдделері мен құндылықтарының барлық жүйесін қамтамасыз ететін адам болып табылатын қоғам. Мұндай қоғамда басты әрекет етуші тұлға және қоғамдық процесстердің субъектісі ретінде өзінің барлық қажеттіліктері, мүдделері және құндылықтарының барлық жүйесіне адам қатысады» [18, с. 84-85].

Азаматтық қоғам – бұл өзін-өзі дамытатын және өзін-өзі басқаратын жүйе. Жеке тұлғалар әртүрлі ұйымдарға бірігіп, өзара сан-алуан қатынастарды қалыптастыра отырып, өздерінің кейде тіпті қарама-қайшы мүдделерін жүзеге асырып, саяси билік күші ретінде мемлекеттің араласуынсыз қоғамның үйлесімді әрі нысаналы түрде дамуын қамтамасыз етеді.

Азаматтық қоғам – бұл құқықтық, демократиялық қоғам, мұнда адам және азаматтың табиғи және қабылданған құқықтары мойындалады, қамтамасыз етіледі және қорғалады. Азаматтық қоғамның биліктің әділдігі мен ақылға қонымдылығы туралы, жеке тұлғаның бостандығы мен ырыс-берекесі туралы идеяларына құқықтың басымдығы, құқық пен заңның бірлігі, мемлекеттік биліктің әрқилы тармақтарының қызметін құқықтық шектеу идеялары сәйкес келеді. Осылайша, азаматтық қоғамның мақсаты мен міндеті халықтың барлық әлеуметтік таптарының әл-ауқатын қамтамасыз ету, азаматтардың өмір сүру (әлеуметтік экономикалық) деңгейін көтеруге ықпал етуші жағдайды жасау, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін ашуға және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қоғамдық қатынастардың әрқилы сфераларында олардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдайды жасау деп атап көрсетуге болады. Азаматтық қоғамның мәні қалай болғанда да ұйымдасқан халықтың еркін білдіруі және оның мүдделеріне қызмет етуі болып табылады.

Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институтының қалыптасуы үшін белгілі бір алғышарттар қажет: идеологиялық, саяси, әлеуметтік экономикалық, рухани-мәдени, ізгілік және жоғарыда аталған басқа да шарттар.

Бұл процеске сыртқы факторлар да (халықаралық құқық және дүниежүзілік қоғамдастықта болып жатқан интеграциялық прогресстер) әсерін тигізеді. Халықаралық интеграция, халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормалары жеке тәуелсіз аумақтар, ұлттар мен халықтар шеңберінде азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпал етеді.

Бұл фактор әртүрлі құқықтық жүйелерді, ұлттар мен халықтарды бірыңғайландыруға мүмкіндік береді, олардың бір біріне сенімін арттырады, жаһандық проблемаларды шешуді жеңілдетеді.

Қазақстанда демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет құрылмағанша, азаматтық қоғам да қалыптасуы мүмкін емес. Қазақстан жағдайында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру процесі бір кезеңде (қатар) жүзеге асуы мүмкін.

Әдебиеттер:

1.А.А. Гражданское общество в Казахстане. Политико-правовой анализ // Мысль. 1993.- № 12. - С. 9-10.

2.Аристотель. Политика. - М., - 1965.- Ч.3. - С.5.

3.Нерсесянц В.С. Общая теория права и государства. Учебник для юридических факультетов и вузов. - М.: Изд. НОРМА, 2000. - С. 278.

4. Гоббс Т. Сочинение в 2-х т. - М., 1989. - Т.1. - С. 311.

5.Спиноза Б. Формирование гражданского общества в современной России // Социологические исследования 1994-1995. - Л.-М., 1996. - С. 7-8.

6.Дж. Локк. Избр. произв. в 3-х т. - М., 1988. - Т.3. - С. 312- 365.

7.Формирование гражданского общества в современной России // Социологические исследования 1994-1995 гг. - М., 1996. - С. 136.

8.Жан Жак Руссо. Трактаты. - М., 1969. - С. 161-162.

9.Токвиль А. О демократии в Америке. - М., 1987. - С. 10.

10.Витюк В.В. Становление идеи гражданского общества и её историческая эволюция. - М., 1995. - С.35.

11.Гегель. Философия права. - М. Мысль, 1990.- С. 228.

12.Гегель. Философия права // Собр. соч. - М., 1932-1959.- Т. 7.- С. 225.

13.История политических и правовых учений // Под ред. В.С. Нерсесянца. - М., 1997. -С. 421-423;

14.Гегель. Философия права. - М., 1934. - С. 31.

15.Кант И. Соч. в 6-ти томах. - М., 1963-1969. - Т. 6. - С. 5.

16.Маркс К. Энгельс Ф. Соч. Т. 1.- С.245.

17.Грамши А. Избранные произведения. - М. - 1999. - Т. 3. - С. 214.

18.Матузов Н.И. Гражданское общество: сущность и основные принципы // Правоведение. 1995. №3. –С. 84-85.





: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...