Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарыналуғаарналғанжұмыстардыұсыну,ресімдеу және беру

Loading...


жүктеу 87.72 Kb.
Дата22.01.2017
өлшемі87.72 Kb.


ҚазақстанРеспубликасы

Бiлiм және ғылым министрiнiң

2015 жылғы «28» қаңтардағы

№ 38 бұйрығына

1-қосымша

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарыналуғаарналғанжұмыстардыұсыну,ресімдеу және беру

ӘДІСТЕМЕСІ
Осы Әдістеме «Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы №993 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарыналуға арналған жұмыстарды ұсынуға, ресімдеуге және беруге қойылатын талаптарды белгілейді.



  1. Жұмыстарды ұсыну

1. Жұмыстарды Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынуды мемлекеттік органдардың алқалары, ғылыми, оқу ұйымдарының ғылыми, ғылыми-техникалық, ғалымдар кеңестері мен басқа да алқалы органдары, шығармашылық одақтармен ұжымдар жүргізеді.

Жұмысты бірнеше ұйымдар бірлесіп ұсынуы мүмкін, бұл ретте жалпы келісім бойынша олардың біреуі басты ұсынатын ұйым болып анықталады.

2. Ізденушілер ұжымына жұмысты орындау процесінде тек әкімшілік, консультативтік немесе ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырған тұлғаларды енгізуге жол берілмейді.

3. Мемлекеттік сыйлықты алуға арналған жұмыстарды ұсыну ақпараттық ашықтық қағидаттары негізінде жүргізілуі тиіс.

Жұмыстарды талқылауда Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижесін қолданатын ұйымдар (кәсіпорындар) өкілдерінің қатысуы міндетті болып табылады.

4. Жұмысты орындаушылардың жалпы санынан авторлық ұжымға (авторлар) кандидаттарды ұсыну олардың әркайсысының шығармашылық үлесіне баға беру арқылы жүргізіледі. Авторлық ұжымның әрбір мүшесінің кандидатурасы оның негізгі қызмет орны бойынша талқылануы тиіс.

Мемлекеттік сыйлықты алуға арналған жұмыс пен авторлық ұжымды (авторлар) ұсыну туралы шешімжасырын дауыс беру арқылы кәсіпорынның, ғалымдар, ғылыми немесе ғылыми-техникалық кеңестің, оқу орнының немесе ұйымның (кәсіпорынның) алқалық органының отырысында қабылданады.




  1. Жұмыстарды ресімдеудің және ұсынудың тәртібі

5. Жұмыс түптелген томдар түрінде, мемлекеттік және орыс тілдерінде 3 данада ұсынылады. Оған бір парақта мемлекеттік (3 дана) және орыс тілінде (3 дана) қысқаша аннотация қоса тіркеледі. Мәтін А4 (297x210) форматында парақтың бір бетіне басылады.

Томдардың мұқабасында жұмыстың атауы, авторлардың тегі, аты-жөні көрсетіледі.

6. Аннотация бір парақта ресімделеді және мыналарды қамтуы тиіс:

беттің бір жағында:

жұмыстың атауы;

ұсынып отырған ұйымның толық атауы;

авторлардың тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орындары, лауазымдары, ғылыми дәрежелері мен атақтары;

беттің екінші жағында:

жұмыстың қысқаша мазмұны (мәтіні 1500 таңбаға дейін), оның негізгі ғылыми-техникалық идеясы, өндіріске енгізудің нәтижесі мен оны іске асырудың экономикалық және(немесе) әлеуметтік маңызы;

жетекшінің немесе жұмыс авторларының бірінің қолы.

7. Бірінші том жұмыстың техникалық сипаттамасын қамтиды. Сипаттама мәтіндік құжаттарға қойылатын стандарттық талаптарға сәйкес ресімделеді. Сипаттау мәтінініңкөлемі 100 парақтан аспауы тиіс. Безендіру (иллюстрация) мәтін бойынша орналастырылуы немесе жекеұсынылуы мүмкін.

1) Жұмыс сипаттамасының мұқаба бетінде жұмысты ұсынушы ұйымның атауы, жұмыстың атауы, ізденушінің тегі, аты-жөні ұйымдар бойынша әліпби ретімен жазылып, олардың қолдары қойылады. Жұмыстың жетекшісі тиісті белгімен (жетекші) тізімде бірінші көрсетіледі. Мұқаба беті мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады.

2) Сипаттама басында маңызды және жаңа нәтижелері бар іргелі зерттеулер, жаңа технологиялар және техникалар, қолданбалы жұмыстар (көлемі 10 парақтан кем емес) қайда және қандай масштабта жұмыс іске асырылғаны, оныҚазақстанның дамуында қолданған жағдайда кандай техникалық-экономикалық нәтижелер болатыны көрсетілген аннотация келтіріледі.

Жұмыстың сипаттамасында оның мазмұны, ұқсас әлемдік үздік еңбектермен салыстырмалы нақты сипаттамасы, енгізу жағдайы (экономикалық немесе әлеуметтік әсері) баяндалады, осы нәтижелерді пайдаланудың болашағы айқындалады,жұмыстың ғылыми-техникалық және техникалық-экономикалық көрсеткіштері келтіріледі. Жаңа технологиялардың, техниканың, кұралдар мен материалдардың, заттардың, пайдалану жағдайларының негізгі сипаттамасы келтіріліп, әзірлемелердің патенттік-лицензиялық құндылығы көрсетіледі.

Сипаттаманың соңында авторлардың жұмыс тақырыбы бойынша еңбектерінің, жаңалыктары мен өнертабыстарының, патенттердің,авторлық куәліктердің, сынақ актілерінің, өндіріске енгізу актілерінің тізімі,мекемелер мен кәсіпорындардың сын-пікірлері, сарапшылардың қорытындылары келтіріледі.

Сонымен бірге автордың ғылыми жарияланымдары мен патенттерінің толық тізбесі, сондай-ақ цитата алу индексі және халықаралық рейтингілік басылымдардағы жарияланымдары туралы мәліметтер ұсынылады.

8.Екінші томда (құжатты ұсыну) мыналар қамтылады:

1) Әрбір ізденушінің тегін, атын, әкесінің атын, ғылыми дәрежесін, жұмыс орнын, лауазымын, ведомствосын, тырнақшада оның мазмұнын нақты көрсететін жұмысының атауын көрсете отырып,ұсынушы бас ұйымның бланкісіндегіұсыныс-хат.

Одан әрі хатта мыналар көрсетіледі:

жұмыстың қысқаша мазмұны, оны ұсынудың негіздемесі, жұмысты жалпы бағалау, оның басталу және аяқталу мерзімі және нәтижелерді практикалық іске асыру кезеңі, іске асырылу ауқымы, ғылыми-техникалық және техникалық-экономикалық көрсеткіштері, одан алынған экономикалық және әлеуметтік әсер.

Ұсыныс-хатқа ұсынушы ұйымның басшысы қолын қойып, елтаңбалы мөрімен растайды. Егер жұмысты бірнеше ұйым ұсынатын болса, онда хатқа әрбір ұйымның басшысы қол қояды. Барлық жағдайда басшылардың қолдары елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

Авторларды ұсыныс-хатта тізбектеп жазуұйымдар бойынша алфавит ретімен жүзеге асырылады. Егер жұмыстың жетекшісі белгіленсе, ол «жетекші» белгісі қойылып, тізімде бірінші болып көрсетіледі.

Егер қайтыс болған автор сыйлыққа ұсынылса, оның соңғы лауазымы мен жұмыс орны көрсетіледі.

Сонымен қатар, конкурсқа ұсынылған жұмыс бұрын республикалық бюджет қаражатынантөленетінсыйлыққа лайық болмағаны туралы мәліметті көрсету қажет.

2) Ашық баспасөзде жұмыстың атауы мен мазмұнын, авторлардың тегін, лауазымдарын, жұмыс орнын жариялау рұқсаты туралы хат (ұсынушы ұйымның бланкісіне жазылып, басшының қолы қойылады).

3) Жұмыстың толық атауын, барлық авторлар ұжымының құрамын (әрбір автордың тегі, аты-жөні, оның лауазымы, жұмыс орны) көрсете отырып,кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қойып, ұйымның мөрімен расталғантөралқа,алқа,ғалымдар, ғылыми немесе ғылыми-техникалық кеңес, кәсіпорын, ұйым кеңесі, еңбек ұжымыотырыстарының жұмысты сыйлыққа ұсыну туралы хаттамасынан (хаттамаларынан) үзінді (үзінділер).

4) Есеп комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол қойып, ұйымның мөрімен расталғанкеңес мүшелерінің санын, дауыс беруге қатысқандардың санын және жасырын дауыс беру нәтижелерін көрсете отырып, есеп комиссиясының хаттамасы (хаттамалары).

Авторлық ұжымның құрамына жұмысты ұсынып отырған ұйымның қызметкері болып табылмайтын адамдар кірген жағдайда, кеңестер мен есеп комиссияларыотырыстарының олардың негізгі жұмыс орындары бойыншахаттамаларынан сол адамдарды авторлық ұжым құрамына енгізу жөніндегі ұсынымдамаларға қатысты үзінділері ресімделеді.

5) Шығармашылық үлесі туралы анықтама әрбір ізденушіге оның тегі, аты, әкесінің аты, жұмысты орындаған кездегі атқарған лауазымы, сондай-ақ оның жұмысқа қосқан нақты шығармашылық үлесінің сипаттамасы және оны авторлық ұжымның құрамына енгізу негіздемесі көрсетілеотырып жәке ұсынылады.

Анықтамаға автордың Мемлекеттік сыйлықты алуғаұсынған жұмысты орындау кезіндегі жұмыс орны бойынша ұйымның басшысы, сондай-ақ ұсынушы басұйымның басшысы қол қояды жәнеолардың мөрлерімен расталады.

Егер ұсынылған жұмысты бір автор орындаған болса, қосқан үлесі туралы анықтаманы ұсыну талап етілмейді.

6) Ұсынылған жұмыстың ізденушілері туралы мәліметтер ізденушініңнегізгі жұмыс орны бойынша ұйым бланкісінде ұсынылады. Мәліметтер қатаң түрде төлқұжат (куәлік) бойынша мынадай түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді:

тегі, аты; әкесінің аты,

туған жылы, төлқұжат деректері;

мамандығы;

құрметті атағы (егер ізденуші лауреат болса, міндетті түрде қандай сыйлық, қай жылы алғаны көрсетіледі);

марапаталған күнін, не үшін алғанын көрсете отырып, соңғы бес жылда алған мемлекеттік наградалары;

ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы;

ведомстволық бағыныстылығы көрсетілген жұмыс орны;

атқаратын лауазымы;

мекен-жайы және телефоны (қызметтік және үй, ұялы);

мәліметтерге ізденуші қол қояды, оны кадрлар бөлімінің қызметкері растап, мөрін басып, толтырылған күнін көрсетеді;

зейнеткерлер үшін мәліметтер ізденуші соңғы жұмыс істеген ұйымда(ұйымбланкісінде) дайындалады;

егер автор қайтыс болған соң ұсынылатын болса, мәліметтерде оның қайтыс болған күні, сондай-ақ мұрагерінің тегі, аты, әкесінің аты, үйінің мекен-жайы, телефоны көрсетіледі.

Егер қандай да бір авторды ұсынғаннанкейін ол туралы мәліметтерде өзгерістер болса, онда анықталған деректер көрсетілген нысанда қосымша хабарланады.

Жұмыстың атауы, авторлардың лауазымдары мен жұмыс орындары құжаттардың барлығындабірдей жазылуы тиіс. Ұйымдардың атауларын қысқартуға жол берілмейді, аббревиатуралар құжатта олардың ашылып жазылу тізімі болғанда ғана пайдаланылады.

9. Ұсынуға жарияланған ғылыми жұмыстар (кітаптар, монографиялар, брошюра баспа мақалалары - 5-тен артық емес); конструкторлық, техникалық әзірлемелердің,технологиялық процестердің және басқа да инновациялық жетістіктердің авторлығын дәлелдейтін, оларды жасағаны үшін авторы (авторлар ұжымы)Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып отырған құжаттар (патенттер көшірмелері, авторлық куәліктер, сынақ актілері, өндіріске енгізу актілері) қоса тіркеледі.




  1. 3. Мәліметтері жариялауға жатпайтын жұмыстар бойынша құжаттар мен материалдарды ресімдеу жәнеұсыну

10. Мәліметтері жариялауға жатпайтын жұмыстар бойынша барлық құжаттар мен материалдар үш данада ұсынылады және Қазақстан Республикасындағы құпиялық режимді қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасына жіберіледі.

«Қызмет бабында пайдалану үшін» (ҚБПҮ) деген белгісі бар жұмыстар толық данада ұсынылады, тиісті белгіде негіздеме беріледі.


  1. Құжаттарды қабылдау

11. Көрсетілген талаптарға сәйкес ресімделген барлық құжаттар мен материалдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде тікелей автордан немесе оның сенімді адамынан мына мекенжайы бойыншақабылданады: Астана қаласы, «Министрліктер үйі», 11-кіреберіс, 1049-кабинет, жабық тақырып бойынша 924- кабинет. Анықтама телефондары: 8(7172)74-24-84, 74-16-59.



12. Көрсетілген талаптар бұзылып ресімделген құжаттар қабылданбайды.
__________________________



: storage
storage -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында
storage -> «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
storage -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау
storage -> Қабылдау комиссиясына
storage -> Алматы отд бойынша 29. 12. 2012ж бос орындар: «Қазақтелеком» АҚ филиалы Алматы отд -на қажет: Бас аппарат бойынша бос орындар
storage -> Регламенті Жалпы ережелер
storage -> «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің жалпы жиналысының 2008 жылғы 11 наурыздағы шешімімен №35 хаттама бекітілді (29. 12. 2011ж жағдай бойынша) «Қазақтелеком»
storage -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
storage -> Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы
storage -> «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...