"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Loading...


жүктеу 128.27 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі128.27 Kb.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 07 маусымдағы № 206 қаулысымен бекітілді

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11018 болып тіркелді) бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әзірленді.


      "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу үшін ("Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіреді) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою жөніндегі анықтама болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
      Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме мыналар болып табылады:


      1) Мемлекеттік корпорацияға:
      жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру (тұрақты) немесе жою бойынша анықтама алу үшін:
      стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
      жылжымайтын мүлікке және оның техникалық сипаттамаларына тіркелген құқықтар (ауыртпашылықтар) туралы анықтама (анықтаманы ақпараттық жүйеден алу мүмкіндігі болған жағдайда - қажет емес);
      жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру (алдын ала) бойынша анықтама алу үшін:
      стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
      жергілікті ақтарушы органның жер учаскесін құрылыс мақсаттарына ұсыну туралы шешімі немесе төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
      сәйкестендіру құжаты;
      шарт (алдын ала, инвестициялау, сатып алу-сату);
      мұрагерлік құқық туралы куәлік;
      2) порталға:
      жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін:
      стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Мемлекеттік корпорация қызметкері жіберген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – 15 (он бес) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны айқындайды, қарар қояды - 3 (үш) сағат;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
      жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру ("Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі туралы архив мәліметтері болмаған кезде) – 2 (екі) жұмыс күні;
      жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру – 6 (алты) жұмыс күні;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және кеңсеге тапсырады – 3 (үш) сағат;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жібереді – 15 (он бес) минут.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;
      2) жауапты орындаушыны айқындау;
      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасы;
      4) мемлекеттік қызметті көрсету жобасына қол қою;
      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жіберу.
      7. Жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеру тарихынсыз жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау бойынша және "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде архив мәліметтері болған кезде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі тарихымен жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру – 15 (он бес) минут.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:


      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Мемлекеттік корпорация қызметкері жіберген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – 15 (он бес) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны айқындайды, қарар қояды – 3 (үш) сағат;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді:
      жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру ("Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгертілуі туралы архив мәліметтері болмаған кезде) – 2 (екі) жұмыс күні;
      жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру – 6 (алты) жұмыс күні;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және кеңсеге тапсырады – 3 (үш) сағат;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жібереді – 15 (он бес) минут.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы регламенттің 4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес құжаттар пакетімен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;


      1) Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
      Өтінішті толтыру дұрыстығы мен толықтығы сақталған және құжаттардың толық пакеті ұсынылған кезде, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған ықпалдастырылған ақпараттық жүйе" (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ) ақпараттық жүйесінде тіркейді – 5 (бес) минут;
      2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;
      3) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіреді, көрсетілетін қызметті алушы туралы тиісті ақпарат пен берілген құжаттар тізімін ХҚО ЫАЖ-ға енгізеді, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
      4) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттар пакетін дайындайды және оны курьерлік немесе осыған уәкілеттік берілген өзге де байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
      5) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттауға сәйкес рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асырады;
      6) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға береді - 15 минут.
      11. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі мен жүгіну тәртібін сипаттау:
      көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;
      1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда көрсетілетін қызметті алу үшін ЖСН/БСН және парольді енгізу процесі (авторландыру процесі);
      1-шарт – порталда ЖСН/БСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      2-процесс – порталдың көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (дерекетерді енгізуі), осы регламенттің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде сұрау нысанына бекітуі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;
      2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркелу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкес келуін тексеру;
      4-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сының түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұралған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сұрауды өңдеуі үшін "электрондық үкімет" өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауы) жолдау;
      3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы қоса берген осы регламенттің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және қызмет көрсету үшін негіздерді тексеруі;
      6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұралған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының портал қалыптастырған қызметті көрсету нәтижесін (электрондық құжат түріндегі хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын қолданумен қалыптастырылады.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай–ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушілердің тізбесі

Бөлім атауы

Мекенжайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефоны

"Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Аққайың ауданы, Смирнов ауылы, Труд көшесі, 16

Күн сайын сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00 – 14.30 түскі үзіліс, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71532)
2-24-62

"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі,1

Күн сайын сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00 – 14.30 түскі үзіліс, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71537)
2-15-48, 2-19-43

"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Есіл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесі, 10

Күн сайын сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00 – 14.30 түскі үзіліс, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71543)
2-27-56
2-14-87

"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 44

Күн сайын сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00 – 14.30 түскі үзіліс, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71533) 2-24-35
2-26-79

"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесі, 13

Күн сайын сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00 – 14.30 түскі үзіліс, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71546)
7-90-91
2-10-09

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Е.Шайкин көшесі, 30

Күн сайын сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00 – 14.30 түскі үзіліс, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71544) 2-27-12
2-27-35

"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56

Күн сайын сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00 – 14.30 түскі үзіліс, демалыс – сенбі және жексенбі жексенбі

8(71531)
2-80-44
2-80-26

"Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институтская көшесі, 1

Күн сайын сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00 – 14.30 түскі үзіліс, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71538)
2-10-73
2-19-86

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5

Күн сайын сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00 – 14.30 түскі үзіліс, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71541)
2-24-46
50-24-48

"Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Ленин көшесі, 2

Күн сайын сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00 – 14.30 түскі үзіліс, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71535)
2-15-79
2-24-50

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 206

Күн сайын сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00 – 14.30 түскі үзіліс, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71536)
2-20-56
2-17-30

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 85

Күн сайын сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00 – 14.30 түскі үзіліс, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71542)
2-25-05
2-20-55

"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35

Күн сайын сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00 – 14.30 түскі үзіліс, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71534)
2-03-89
50-06-64

"Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23

Күн сайын сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00 – 14.30 түскі үзіліс, демалыс – сенбі және жексенбі

8(7152)
46-74-76
46-74-79
50-20-87
 

      

 

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде


      

http://adilet.zan.kz/files/0876/18/0.jpg


      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде


      

http://adilet.zan.kz/files/0876/18/1.jpg


      Шартты белгілер:


      

http://adilet.zan.kz/files/0876/18/2.jpg
: sites -> sko.gov.kz -> uploads -> docs -> politika -> gu mio
gu mio -> "Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
gu mio -> «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
gu mio -> Сатып алынған гербицидтерге субсидиялар алуға арналған өтінім
gu mio -> "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
gu mio -> Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...