«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»

Loading...


жүктеу 54.37 Kb.
Дата08.02.2017
өлшемі54.37 Kb.
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТІНІҢ ПАСПОРТЫ




1

Қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Облыстық маңызы бар қаланың, аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдері

2

Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке және заңды тұлғалар

3

Қызмет нәтижесі

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою болып табылады.

4

Қызмет көрсету нысаны


Электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

5

Қызмет ақысы

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

6

Қызметті көрсету мерзімі

1) ХҚО-ға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайы өзгерістерінің тарихынсыз нақтылау кезінде – 15 (он бес) минут;

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайы өзгерістерінің тарихымен нақтылау кезінде – «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде мұрағаттық мәліметтер бар болған кезде – 15 (он бес) минут, «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын өзгерту туралы мұрағаттық мәліметтер жоқ болған кезде – 3 (үш) жұмыс күні;

жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою кезінде – 7 (жеті) жұмыс күні;

ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесiн мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі аяқталғанға дейiн бір күн қалғанда ұсынады;

порталға жүгінген кезде:

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайы өзгерістерінің тарихынсыз нақтылау кезінде – 15 (он бес) минут;

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайы өзгерістерінің тарихымен нақтылау кезінде – «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіндемұрағаттық мәліметтер бар болған кезде 15 (он бес) минут, «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын өзгерту туралы мұрағаттық мәліметтер жоқ болған кезде - 3 (үш) жұмыс күні;



7

Қажетті құжаттар

1) ХҚО-ға:

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу үшін:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке тұлғаның жеке куәлігі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады).

Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру бойынша анықтама алу үшін:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке тұлғаның жеке куәлігі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);

жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады).

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшін:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке тұлғаның жеке куәлігі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады).

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісі туралы мәліметтерді ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ХҚО-ға берген кезде мыналарды:

құжаттың нөмірі мен қабылданған күнін;

сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;

қоса берілген құжаттардың саны мен атауын;

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) мен құжаттарды беру орнын;

құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын;

көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлғалар үшін) немесе атауын (заңды тұлғалар үшін), көрсетілетін қызметті алушының байланыс деректерін көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ХҚО арқылы алған кезде көрсетілетін қызметті алушы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімді ХҚО қызметкері ұсынған нысан бойынша береді;

2) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін портал арқылы жүгінген кезде: электрондық сұрау нысанындағы өтініш.


8

Шағымдану тәртібі

көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жергілікті сәулет және құрылыс бөлімі басшысының атына жазылады, жұмыс күндері сағ.9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, түскі үзіліс 13.00-ден-15.00-ге дейін.

көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда шағым «Қызылорда облысының сәулет және құрылыс басқармасы» мемлекеттік органына жолданады, жұмыс күндері сағ.9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, түскі үзіліс 13.00-ден-15.00-ге дейін



9

Өзге де талаптар

мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік органның қызметі» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер мен стандарттар» кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 8 (7242) 60-53-43 бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

10

Нормативтік құқықтық актілер

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 278 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 378 бірлескен бұйрығының негізінде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 13 тамызда

№ 7845 тіркелді).



: upload -> media
media -> Ақпараттық хабарлама «Қазтеміртранс»
media -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің паспорты
media -> Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен
media -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің паспорты
media -> Жылдарға арналған мемлекеттік рәміздерді, елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың нышандарын қолдану мен ілгерілету жүйесін жаңғырту жөніндегі
media -> Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
media -> Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
media -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің паспорты
media -> Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...