Қазақстан Республикасы

Loading...


бет9/13
Дата16.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

117. Министрлік өкілі:


  1. ҚР ҰҚК өкілінен №8 акт бойынша қораптарда әрбір аудиторияларға арналған емтихан материалдары (№16 ярлык) мен қосымша емтихан материалдары салынып (№14 ярлык) ҰТО-да пломбыланған арнайы қапшықтарды (№15 ярлык) алады;

  2. кезекшілерді аудиториялар бойынша бөледі;

  3. мемлекеттік комиссия мүшелері және кезекшілердің қатысуымен қаптарды ашады. Қаптарды ашар алдында өкіл пломбының бүтіндігін және қаптардағы нөмірленген пломбыны ҰТО берген тізімімен салыстырады. Егер пломбы бүтін болмаса немесе пломбының нөмірі сәйкес келмеген жағдайда, ол туралы ҚР ҰҚК өкіліне және ҰТО-ға хабарлайды;

  4. аудитория бойынша кезекшілерге:

рұқсаттама түбіртектері, аудитория тізімі салынған өзіне сәйкес бөлінген аудитория папкасын береді;

отырғызу тізімін береді;

мөрленіп жабылған қораптағы емтихан материалдарын (№5 акт) береді. Әрбір мөр басылған қорапта жауап парақтары салынған конверт, сұрақ кітапшалары, жауап парақтарының көшірмелері және емтихан материалдарын ашу туралы акт болады;

мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, даму мүмкіндіктері шектеулі, көру қабілеті нашар (көрмейтін, нашар көретін), есту қабілеті нашар (естімейтін, нашар еститін) және өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүгедектерге (мүгедектер арбасын пайдаланатын) жеке бөлме бөледі және кезекшілер тағайындайды.

118. Министрлік өкілі тестілеу кезінде:

1) емтиханның басталу уақытын бақылайды. Емтиханның басталуы - жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9.00;

2) бітірушілердің дұрыс отырғызылуын және бітірушілерге сұрақ кітапшаларының дұрыс таратылуын бақылайды;

3) жауап парағын толтыру ережесінің дұрыс түсіндірілуін бақылайды;

4) бітірушілердің жауап парағындағы қызметтік секторларды дұрыс толтыруын бақылайды;

5) емтихан басталған соң 20-25 минуттан кейін емтихан тапсыру тілі бойынша аудиториялардағы бітірушілердің нақты саны туралы мәліметтер жинауды ұйымдастырады. Артық сұрақ кітапшасы жинап алынады және сейфке салынады. Жауап парақтары емтихан аяқталғанға дейін аудиториядан шығарылмайды. Емтихан басталғандығы туралы хабарланғаннан кейін кешігіп келген бітірушілер емтиханға жіберілмейді;



  1. емтиханның өту барысын бақылайды;

  2. тестілеу аяқталғаннан кейін аудитория бойынша кезекшілерден емтихан материалдарын қабылдауды ұйымдастырады (№5 акт).

119. Бітірушілерді қосымша отырғызу. Бітіруші ерекше жағдайда (мысалы, жарақат алғанда, отбасы жағдайымен және т.б.) емтихан күнін өзгерту туралы өтініш бере алады. Өтініш мемлекеттік комиссия төрағасының атына жазылады. Өтінішке емтихан күнін өзгертуге негіз бола алатын құжат қоса тіркеледі. Өтініш қанағаттандырылған жағдайда Министрлік өкілі ҰБТӨП-тің өтініштер журналында көрсетілген емтихан тапсыру тіліне сәйкес, осы бітірушіні қосымша отырғызуға болатын аудиторияның нөмірін анықтайды. Министрлік өкілі бітірушінің рұқсаттамасына тиісті өзгерту енгізіп, ол туралы аудитория кезекшісін хабардар етеді.

120. Қосымша отырғызу үшін алдымен емтиханға келмеген бітірушінің емтихан материалдары және артық қалған емтихан материалдары пайдаланылады.


121. Аудитория бойынша кезекші:


  1. тестілеу басталардың алдында аудиторияның нөмірленуін, ондағы орындардың дұрыс нөмірленгендігін (Е-02-нысан), олардың осы аудиторияның отырғызу тізіміндегі бітірушілер санына сәйкестігін және тақта мен бордың болуын тексереді. Кемшіліктер байқалған жағдайда Министрлік өкілін хабардар етеді;

  2. Министрлік өкілінен емтихан материалдарын (№5 акт) алады және оларды аудиторияға жеткізеді;

  3. бітірушілерді аудиторияға кіргізеді және оларды отырғызу парағына сәйкес отырғызады;

  4. емтихан материалдары бар қораптарды ашады;

4-1) бітірушілердің аудиторияда тәртіп сақтау ережесін түсіндіреді және ол ереженің сақталуын қадағалайды;

  1. емтихан материалдарын таратады және оларды толтыруды түсіндіреді;

  2. тестілеу аяқталғаннан кейін бітірушілерден емтихан материалдарын қабылдайды және Министрлік өкіліне (акт бойынша) тапсырады.


28. Бітірушілерді аудиторияға кіргізу және отырғызу
122. Бітірушілер аудиторияға бір-бірлеп жіберіледі. Кезекші бітірушілердің жеке басын куәландыратын құжаттың, рұқсаттаманың және рұқсаттама түбіртегінің сәйкестіктерін тексереді. Кезекші бітірушілердің сөмкелерін, кітаптарын, ұялы телефондарын және басқа артық заттарын арнайы бөлінген орынға қалдыруын қадағалайды. Бітіруші қатаң түрде отырғызу тізімінде көрсетілген нөмірге сәйкес орынға отырады. Бітірушілерді аудиторияға жіберу емтихан басталды деп хабарланған сәттен кейін тоқтатылады.
29. Бітірушілердің аудиторияда тәртіп сақтау ережелері
123. Бітіруші міндетті түрде отырғызу тізімінде көрсетілген нөмір бойынша өз орнына отырады. Отырғызу тізіміне сәйкес орынға отырғанын растап қол қояды.

124. Тестілеу үзіліссіз үш жарым сағат бойына (210 минут) өтеді. Тестілеу уақытында алғашқы және соңғы сағаттарда аудиториядан шығуға тыйым салынады, ал қалған уақытта аудиториядан тек кезекшімен бірге шығуға рұқсат етіледі.

125. Бітірушіге отырған орнынан басқа орынға ауысуға, емтихан материалдарын ауыстыруға, шпаргалка пайдалануға, көшіруге, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефон) пайдалануға болмайды, аталған ережелерді бұзған жағдайда бітіруші емтиханнан шығарылады. Тестілеу уақытында бітірушіден мүмкін болатын дұрыс жауаптар коды көрсетілген ұялы телефон, пейджер немесе шпаргалка табылған жағдайда, аудитория кезекшісі Министрлік өкілін хабардар етеді. Министрлік өкілі мемлекеттік комиссия төрағасымен және аудитория кезекшісімен бірігіп, бітірушінің қатысуымен акт жасайды (Е-25 нысан). Бітірушіні аудиториядан шығару және оның тестілеу нәтижесін жою туралы мемлекеттік комиссия отырысының хаттамасы бойынша шешім қабылданады (Е-26 нысан). Аудиториядан шығарылған бітірушінің жауап парағы сканерден өтуге жіберілмейді.

126. Бітіруші өзін тәртіпті ұстап, кезекшінің айтқанын мұқият тыңдайды.

127. Тестілеудің қорытындысы бітірушінің жауап парақтары өңделгеннен кейін шығады, сондықтан бітіруші жауап парағының бір данада ғана берілетінін, қайта ауыстырылмайтынын және бұл білімін айғақтайтын жалғыз құжат екенін есте сақтайды. Бітіруші оны қате жіберуге, жөндеуге жол берместен аса мұқият толтырады.

128. Бітіруші тестілеуді берілген уақыттан ерте бітірсе, емтихан материалдарын (жауап парағының көшірмесінен басқасын) кезекшіге өткізе алады. Емтихан біткеннен кейін бітіруші қолындағы жауап парағы көшірмесіндегі өз жауаптарын мемлекеттік комиссия көпшілік назарына ұсынған дұрыс жауаптар кодымен салыстыра алады. Жауап парағы көшірмесінің заңды күші жоқ.


30. Емтихан материалдары бар қораптарды ашу
129. Емтихан материалдары бар қорап осы аудиториядағы үш бітірушінің және бар болған жағдайда ата-аналардан тұратын тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен ашылады.

Қорапта емтихан материалдарын ашу актісі (№6 акт), жауап парақтары салынған конверт, жауап парақтарының көшірмелері, сұрақ кітапшалары болуы қажет.

130. Шақырылған бітірушілер қораптағы мөрдің бүтіндігін тексереді, қорапты ашып, ішіндегі емтихан материалдарын санап, нәтижелерін емтихан материалдарын ашу актісіне түсіріп және оған қолтаңбаларын қояды. Емтихан материалдарының нақты саны сәйкес келмеген жағдайда, кезекші Министрлік өкіліне ескертеді және аталған жағдайда емтихан материалдарын ашу актісінде көрсетеді. Қорапты ашқаннан кейін оның ішіндегі сұрақ кітапшалары осы аудиториядағы емтихан тіліне сәйкес келмесе, кезекші Министрлік өкілін ескертеді және акт жасайды.

Бұдан кейінгі шешімді Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия ҰТО-мен біріге отырып қабылдайды.


31. Емтихан материалдарын тарату және толтыру ережелерін түсіндіру
131. Кезекші емтихан материалдарын таратқанға дейін бітірушілерге төмендегілерге тыйым салынатындығын ескертеді:

1) бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға;

2) рұқсатсыз емтихан материалдарын ашуға;

3) басқа бітірушілермен емтихан материалдарын ауыстыруға;

4) анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштік кестесінен басқа), барлық мүмкін болатын электрондық аппараттарды (электрондық қойын кітапшасын, калькулятор, ұялы телефон, пейджер т.б.) және корректор сұйығын қолдануға;

5) сөйлесуге, басқа бітірушілерден көшіруге, шпаргалка т.б. қолдануға;

6) тестілеудің алғашқы және соңғы сағаттарында аудиториядан шығуға (қалған уақытта дәліз кезекшісімен бірге шығуға болады, бірақ бір мезгілде екі бітіруші ғана шыға алады және тек тысқа шығуға рұқсат етіледі).

132. алынып тасталды.

133. Бітіруші отырғызу тізімінде көрсетілген орынға отырғандығын растап қолтаңбасын қояды.

134. Бірінші кезекте тек қана жауап парағы мен оның көшірмесі ғана таратылады. Кезекші бітірушілерге үлестіріп болғаннан кейін, оларды толтыру тәртібін түсіндіреді.


32. Жауап парағын толтыру тәртібі
135. 1-секторда бітірушінің тегі, аты және әкесінің аты жазылады.



136. 2-секторда жоғарғы тор көздерге көлденеңінен бітірушінің рұқсаттамасында көрсетілген ТЖК жазылады. Әр санның астындағы торкөздегі сандарға сәйкес дөңгелекшелер боялады. Мысалы:







137. 3 және 4-секторларда емтихан кезінде бітірушінің отыратын орны және оның сұрақ кітапшасының нұсқасы боялады.




138. 5-секторда бітіруші емтихан тапсыратын лек пен аудитория нөмірі қойылады. Лек нөмірі емтихан болатын күн бойынша анықталады. Мысалы:

139. 6-секторда қазақ тілі пәні тапсырмаларының жауаптары боялады.

140. 7-секторда орыс тілі пәні тапсырмаларының жауаптары боялады.

141. 8-секторда Қазақстан тарихы пәні тапсырмаларының жауаптары боялады.

142. 9-секторда математика пәні тапсырмаларының жауаптары боялады.

143. 10-секторда таңдаған мамандыққа байланысты «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесінің» 3-қосымшасына сәйкес, тестілеу кезінде бітіруші таңдаған пән көрсетіледі және сол пән бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады.



Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Әрбір тапсырмадағы берілген бес жауаптан бір ғана дұрыс жауап таңдалады. Бір тапсырмада екі немесе одан да көп жауаптар боялған жағдайда, жауап есепке алынбайды. Таңдалған жауапты сол пәнге сәйкес сектордағы дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Әр пән бойынша жауаптарын енгізетін секторларды бояу үлгісі:



144. 11-сектор боялмайды (талапкерлердің кешенді тестілеуіне қатысушылар үшін қарастырылған).

144-1. жауап парағының нөмірі көрсетілген 12 сектор боялмайды.

145. «Назар аударыңыз» бағанына аса көңіл бөліңіз:



  1. жауап парағы қара автоқаламмен толтырылады;

  2. жауап парағын ластауға, бүктеуге, жыртуға болмайды;

  3. жауаптарды корректор сұйығымен өзгертуге қатаң тыйым салынады.

  4. бір тапсырмаға 2 не одан көп жауап бояған кезде жауап есепке алынбайды.

  5. калькуляторларды, пейджерлерді және ұялы телефондарды

қолдануға қатаң тыйым салынады.

146. Бітіруші жауап парағының оң жақ төмен бұрышындағы «Бітірушінің қолтаңбасы» 12-секторында қолын қояды. Жауап парағы қате толтырылған жағдайда, бітірушіге жаңа жауап парағы берілмейді.

147. Жауап парағының көшірмесі – жауаптарын белгілейтін, тестілеуден кейін өз бетінше балл санын есептеуге арналған арнайы бланк.


Жауап парағының көшірмесі










Копия листа ответов





































ҰБТӨП (Базалық ЖОО)
ППЕНТ (Базовый ВУЗ) _____________________________________













Лек
Поток

______




Ауд.

______

Нұсқа Вариант





__________







 

 

 

 

 

 

 

 

 




(Аты-жөні, ФИО)


Сұрақ №
№ вопр.

Қазақ тілі

Орыс тілі

Қазақстан тарихы

Математика

Таңдауы бойынша пән

Казахский язык

Русский язык

История Казахстана




Предмет по выбору

Өз жауабым

Коды

Өз жауабым

Коды

Өз жауабым

Коды

Өз жауабым

Коды

Өз жауабым

Коды

Мой ответ

Мой ответ

Мой ответ

Мой ответ

Мой ответ

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

….

……

…..

…….



…….

…..

…….

…..

…….



25
































































Жауап парағы көшірмесінің заңды күші жоқ




Копия листа ответов не имеет юридической силы

148. Қызметтік секторларын толтырып болғаннан кейін кезекші №1 отырғызу орнынан бастап сұрақ кітапшаларын таратады.

149. Сұрақ кітапшасы – бітірушіге пән бойынша тест тапсырмалары берілетін, бірақ заңды күші жоқ емтихан құжаты.

150. Сұрақ кітапшалары таратылып болғаннан кейін, бітірушілер сұрақ кітапшасының беттерінің түгел екендігін тексеруі қажет.

151. Бітіруші сұрақ кітапшасындағы нұсқа нөмірін жауап парағына (4- сектор) көшіріп жазады және сұрақ кітапшасының мұқабасын толтырады.

152. Жауап парағының қызметтік секторлары мен сұрақ кітапшасының мұқабасын толық толтырғаннан кейін, кезекші тақтаға емтиханның басталу және аяқталу уақытын жазады. Осы мезеттен бастап сұрақтар қою мен түсіндіру жұмыстары тоқтатылады. Тест тапсырмаларының жауаптарын белгілеу және жауап парағының көшірмесін толтыру толық тестілеу уақытына кіреді. Толық тестілеу уақыты - 210 минут (3,5 сағат).

153. алынып тасталды.

154. алынып тасталды.

155. Бітіруші ережені бұзған жағдайда, кезекші бұл туралы өкілге хабарлайды және қолданылатын шара туралы келіседі. Емтихан кезінде кезекшіге аудиториядан шығуға болмайды. Аудиторияларда әрбір 45 минут сайын уақыт туралы бітірушілерге ескертілуі қажет. Тестілеу уақыты аяқталған кезде, соңғы 5 бітіруші аудиториядан бірге шығулары қажет.

156. Тестілеу кезінде аудиторияға басқа адамдардың кіруіне қатаң тыйым салынады. Аудиторияға тек қана Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия төрағасы ғана кіре алады.


33. Тестілеу аяқталған соң емтихан материалдарын қабылдау және тапсыру
157. Емтихан материалдары: жауап парағы, сұрақ кітапшасы әр бітірушіден жеке-жеке қабылданады. Бітіруші кезекшіге оларды жауап беріп болғаннан кейін немесе тестілеу уақыты біткеннен кейін тапсырады.

158. Кезекші бітірушінің жауап парағындағы барлық қажетті секторлардың және сұрақ кітапшасы мұқабасының толық толтырылуын тексереді.

159. Кезекші емтихан материалдарын арнайы конвертке және қорапқа салып, тәуелсіз бақылаушылармен бірге мемлекеттік комиссия отырған бөлмеге жеткізеді.

160. Кезекші Министрлік өкіліне №5 акті бойынша: жауап парақтары (пайдаланылған және пайдаланылмаған), отырғызу парағы, емтихан материалдарын ашу актісі, сұрақ кітапшалары (пайдаланылған) салынған қорапты және рұқсаттама түбіртектері тігілген папканы тапсырады.




: files -> loader
loader -> 9-сыныптар оқушыларының ожсб-ға дайындық деңгейі туралы ақпарат 28. 10. 2013 ж. Тексеріс мақсаты
loader -> Отбасы тарихы
loader -> «Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі» «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»
loader -> Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы орындағАН: Досанова Г. К
loader -> Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу тәрбие үрдісін жетілдіру
loader -> Қарағанды қаласындағы 2011-2012 оқу жылындағы тарих және қоғамдық пәндерінің берілісіне талдау 2011-2012 оқу жылында «Тарих», «Қоғамдық білім негіздері»
loader -> Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ айтыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Нұржан мен Сапарғали айтысы мен танысу
loader -> 1. Жалпы ережелер
loader -> Қазақстан тарихы, 11 сынып 6-сынып сұрақтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...