Қазақстан Республикасы


Рұқсаттамаларды ресімдеу және беру

Loading...


бет8/13
Дата16.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


25. Рұқсаттамаларды ресімдеу және беру



110. Рұқсаттамалар мен түбіртектерді ресімдеу бітіруші оқитын мектепте ДБ жабылғаннан кейін жүргізіледі. Рұқсаттаманы ресімдеу үшін бітіруші (34 көлемді) екі фотосуретін тапсырады. Бітірушінің фотосуреттері рұқсаттамаға және түбіртекке желімделеді және оларға мектеп директоры қол қойып, мөр басады.

111. Рұқсаттама бітірушіге рұқсаттаманы тарату тізіліміне қол қойғаннан кейін беріледі. Түбіртекке бітіруші қол қояды, оны техникалық хатшы ҰБТӨП жетекшісіне береді. Рұқсаттаманы бергенде бітірушіге ҰБТ өтетін орын мен уақыты хабарланады.



112. Бітіруші рұқсаттамадағы деректердің дұрыс толтырылғандығын тексереді. Қате табылған жағдайда өзгеріс енгізілуін талап ете алады.

Ескерту: Бітіруші рұқсаттамасын алған кезде, рұқсаттамада және оның түбіртегінде көрсетілген ҰБТ кезінде тәртіп сақтау ережесімен танысқандығы туралы қол қояды.

26. Тестілеуді өткізуге дайындық шаралары




113. ҰБТӨП қызметкерлері:


  1. әрбір лекке сәйкес аудиториялар бойынша папкалар дайындайды. Папкалар бітірушілерді аудиториялар бойынша аудиторияларға кіргізу үшін дайындалады. Папкада: осы аудиторияға бөлінген бітірушілердің рұқсаттама түбіртектері мен аудиториялық тізімі болуы қажет.

  1. аудиторияларды тестілеуге дайындайды. Әрбір аудиторияда аудиториялық қорға сәйкес нөмірі жазылған көрсеткіштері (01,02,03, …..) болуы керек. Дәліздерде аудиторияға бағыттау белгілері қойылады. Аудиториядағы отырғызу орындары аудиториялық қорда көрсетілген схемаға сәйкес нөмірленеді. Аудиториядағы отырғызу орындары дұрыс нөмірленбеген жағдайда тестілеу өткізу технологиясы бұзылады;

  2. кезекшілер тізімін дайындап, оны жергілікті білім басқармасы ұйымдары және ҰҚКД-мен келіседі. Кезекшілердің құрамында тест сынағы өткізілетін пәндер бойынша мамандар болмауы. Аудитория бойынша кезекшілікке музыка, дене шынықтыру т.б. мұғалімдерін (оқытушыларды) алуға болады. Әрбір кезекшінің жеке іс парағының көшірмесі болуы қажет;

  3. аудитория бойынша кезекшілермен нұсқама өткізеді. Нұсқама өткізілгеннен кейін, белгіленген күні кезекшілердің өз міндеттерін қаншалықты білетіндігін тексереді, қажет болған жағдайда практикалық сабақтар өткізеді. Өз міндеттерін игере алмаған, жете түсінбеген кезекшілер кезекшілік тізімнен алынады;

  4. бітірушілерді көлікпен тасымалдау кестесін жергілікті білім басқармасы ұйымдары мен жергілікті ішкі істер басқармасы органдарымен келіседі;

  5. бітірушілерді орналастыру кестесін жергілікті білім басқармасы ұйымдары мен жергілікті ішкі істер басқармасы органдарымен келіседі;

  6. бітірушілерді тамақтандыру кестесін жергілікті білім басқармасы ұйымдары мен жергілікті ішкі істер басқармасы органдарымен келіседі;

  7. тестілеуді өткізу уақытында жергілікті ішкі істер басқармасымен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бойынша кезекшілік ету кестесін келіседі;

  8. жергілікті медициналық мекемелерімен тестілеуді өткізу уақытында және бітірушілердің орналасқан жерінде медициналық қызметкерлердің кезекшілік ету кестесін келіседі;

  9. жергілікті білім басқармасы ұйымдарымен апелляциялық комиссияның құрамына енетін үміткерлердің тізімін келіседі;

  10. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік комиссия, Министрлік өкілдері мен апелляциялық комиссия жұмыстарына арналған орындарды дайындайды.

114. Министрлік өкілі:


  1. Акт бойынша ҰТО-дан сертификаттарды және конвертте мөрленіп жабылған мемлекеттік комиссия төрағасының паролін алады;

  2. ҰБТӨП-ке келгеннен кейін:

Министрлік өкілінің мен программистің жұмыс орындарының дайындығын тексереді;

әрбір лек бойынша ҰБТӨП-тің өтініш журналын тексереді;

аудиториялардың емтиханға дайындығын (Е-02-нысаны) тексереді;

техникалық құрал-жабдықтардың дайындығын тексереді;

аудиториялар бойынша бекітілген кезекшілердің тізімін және олардың жеке іс парағын тексереді;

апелляциялық комиссия мүшелерінің бекітілген тізімін тексереді;

бітірушілерді тасымалдау, орналастыру және тестілеу кестесін

тексереді;

аудиторияларды тестілеу өткізуге дейін және өткізгеннен кейін тексеріп, акт жасайды (Е-27, Е-28 нысан).


  1. емтихан қарсаңында әрбір аудитория үшін отырғызу тізімін

(Е-14 нысан) шығарып, сейфке сақтап қояды;

  1. кезекшілермен нұсқама өткізеді. Кезекшілерді ауыстырған жағдайда жаңа кезекшілердің бұрын тізімге енгізілгендерін және кезекшілік нұсқаулығымен таныс екендіктеріне көз жеткізуі қажет.

Ескерту: Емтихан өтетін күндері тест өткізілетін ғимараттардағы тестілеуге пайдаланылмайтын барлық аудиториялар, кабинеттер және басқа да бөлмелер (дәретханадан басқа) жабылуы және мөрленуі керек. Сондай-ақ, бітірушілерді кіргізуге және шығаруға арналған есіктерден басқа сырттан кіретін барлық есіктер жабылады және мөрленеді. Сыртта орналасқан әжетхана аумағы мен оған баратын жолдарда бітірушілерден басқа бөгде адамдардың болмауы қажет.

115. Министрлік программисі:


  1. сканердің және басқа да жабдықтардың жұмыс істеуін тексереді;

  2. «Министрлік программисі» АЖО-сын орнатады. Бұл АЖО «Бітіруші» АЖО-сы қондырылған компьютерге орналастырылады;

  3. «Бітіруші» ДБ-ны қабылдайды;

  4. өзгерту енгізу журналының негізінде бітірушілердің мәліметтеріне өзгертулер енгізеді (Е-13 нысан);

  5. базаны жабады;

5-1) Сканерді тексеру үшін бақылауға арналған жауап парақтарын сканерден өткізеді;

  1. лектің отырғызу парағын басып шығарады (тестілеу болатын күннен бір күн бұрын кешкісін).

27. Тестілеуді өткізу




116. ҰБТӨП жетекшісі:


  1. аудиториялардың тестілеуге дайындығын тексереді (әрбір аудиторияда тақта мен бор болуы қажет және аудиториялар жуылған таза болулары тиіс);

  2. барлық кезекшілердің қатысуын қадағалайды;

  3. бітірушілерді жинап және аудиторияларға бөліп кіргізуге арналған сыртқы есіктің алдындағы тәртіпті қадағалайды және бақылайды;

  4. бітірушілерді аудиториялар бойынша кіргізуді ұйымдастырады;

  5. дұрыс жауаптар кодын және ҰБТ нәтижесі бойынша емтихан ведомостарын ілуді ұйымдастырады;

  6. апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

6-1) ҰБТ-ның апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосын ілуді

ұйымдастырады.



6-2) сертификаттарды басып шығаруды ұйымдастырады;

  1. толтырылған сертификаттарды тізілім бойынша тексереді;

  2. сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін мектеп өкілдеріне акт бойынша беруді қамтамасыз етеді;

  3. мектептің техникалық хатшысынан бітірушілердің қолтаңбалары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін акт бойынша қабылдайды.

Каталог: files -> loader
loader -> 9-сыныптар оқушыларының ожсб-ға дайындық деңгейі туралы ақпарат 28. 10. 2013 ж. Тексеріс мақсаты
loader -> Отбасы тарихы
loader -> «Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі» «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»
loader -> Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы орындағАН: Досанова Г. К
loader -> Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу тәрбие үрдісін жетілдіру
loader -> Қарағанды қаласындағы 2011-2012 оқу жылындағы тарих және қоғамдық пәндерінің берілісіне талдау 2011-2012 оқу жылында «Тарих», «Қоғамдық білім негіздері»
loader -> Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ айтыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Нұржан мен Сапарғали айтысы мен танысу
loader -> 1. Жалпы ережелер
loader -> Қазақстан тарихы, 11 сынып 6-сынып сұрақтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...