Қазақстан Республикасы


Өтініш бланкісін толтыру кезінде жіберілген қателерді түзету

Loading...


бет7/13
Дата16.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13



21. Өтініш бланкісін толтыру кезінде жіберілген қателерді түзету



95. Өтініш бланкісін толтыру барысында жіберілген қателер өтініш бланкілерін сканерлеу есебінің «Қателер хаттамасы» тарауында (Е-06-нысан) көрсетіледі. Қателер қою боялған рамкада көрсетіледі. « / » (қисық сызық) белгісінен кейін қателер коды (Е-07-нысан) көрсетіледі, егер қателер бірнешеу болса, үтір арқылы бөлінеді;

96. Өтініш бланкісіндегі қателерді бітіруші түзетеді. Бланк қарындашпен толтырылғандықтан, қате толтырылған секторларды өшіргішпен өшіруге және түзетуге болады;

97. 1-сектордағы мәліметтердегі бітірушіні тіркеу жөніндегі анықтамада қателіктер мен өзгерістер кездескен жағдайда, 2-секторға өзгертуге тиісті мәліметтер ғана енгізілуі тиіс және техникалық хатшы хабардар етіледі. Техникалық хатшы бітірушінің өтініш бланкісіне өзгертулер енгізгенін бақылайды. Бітірушінің өзгертілген тіркеу жөніндегі анықтамасы ҰБТӨП жетекшісіне тапсырылады;

98. Қателер түзетілгеннен кейін өтініш бланкісі «Өтініш бланкілері» папкасына салынып, сканерден қайта өткізуге жіберіледі.



22. «Бітірушілер» ДБ-ның жағдайын бақылау



99. Техникалық хатшыға сканерден өткізілгеннен кейін бітірушілерді тіркеу жөніндегі анықтама (Е-04-1-нысан), анықтамаларды беру тізілімі (Е-05/1-нысан) мен деректер базасы жөніндегі мәлімет (Е-08- нысан) беріледі;

  1. Техникалық хатшы төмендегі әрекеттерді атқарады:

  1. өтініштерді тіркеу журналы мен деректер базасы жөніндегі мәлімет журналының тізімін салыстырады, ал бұл әрбір өтініш бланкісінің жағдайын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

  2. өтініштерді тіркеу журналының «Сканерлеу нәтижесі» бағанына келесі жағдайлардың біреуін белгілеп отырады: «енгізілді», «өзгертілді», «жойылды».

  3. «Өтініш бланкілері» папкасындағы қабылданған өтініш бланкілерін тексереді (№1 ярлык);

  4. «Жойылған және бүлінген бланкілер» папкасындағы «Бітіруші» ДБ-дан жойылған бланкілерді тексереді (№ 2 ярлык);

  5. Е-08 нысандағы қалып қойған ТЖК-ны тексереді де, себептерін анықтап, сәйкесінше түзетулер енгізеді.

101. Жоғарыда көрсетілген шаралар төмендегі қателерді жібермеуге мүмкіндік береді:

  1. өтініш тіркеу журналына енгізіледі, бірақ ДБ-ға енгізілмейді және тіркеу туралы анықтама берілмейді;

  2. өтініш тіркеу журналында жойылады, бірақ ДБ-да жойылмайды;

  3. өтініш ДБ-да жойылады, бірақ өтініштерді тіркеу журналында жойылғандығы туралы белгіленбейді;

  4. өтініш ДБ-ға енгізіледі, бірақ тіркеу журналында тіркелмейді.

102. алынып тасталды.


23. Бітірушінің мәліметтеріне өзгерістер енгізу



103. Базаға енгізілген бітірушінің мәліметтеріне өзгерту енгізгенде оның өтініші өзгертілуі немесе жойылуы мүмкін. Бітірушінің емтихан тапсыру тілі мен ТЖК секторларына өзгерту енгізілетін болса, онда өтініш бланкісі жойылады да, қайтадан енгізіледі. Келесі деректердегі: бітірушінің аты-жөні, жынысы, құжаттың түрі мен нөмірі, азаматтығы, ұлты, туған жылындағы қателерді түзету жолымен алмастыруға болады.

104. Бітіруші туралы деректерді жою кезінде техникалық хатшы:



  1. өтініштерді тіркеу журналының «Құжаттарды қайтарып алған кездегі бітірушінің қолы» бағанына бітірушінің қолын қойдырады;

  2. бітірушіні тіркеу жөніндегі анықтаманы алып, оған «жойылды» деп белгілейді де, «Жойылған және бүлінген бланкілер» папкасына салады;

  3. бітірушінің өтініш бланкісіндегі «жойылды» дөңгелекшесін бояйды және оны қайтадан сканерден өткізуге береді және өткеннен кейін бланкіні «Жойылған және бүлінген бланкілер» (№2 ярлык) папкасына салады;

  4. өтініштерді тіркеу журналының бос жолына бітірушіні өзгертілген мәліметтеріне сәйкес қайтадан тіркеп, оған жаңа ТЖК береді;

  5. бітірушіге жаңа өтініш бланкісін береді, оны толтырғаннан кейін сканерден өткізуге ҰБТӨП-ке жібереді;

  6. ескі өтініш бланкісін сканерден өткізіліп, бітірушінің мәліметтері ДБ-дан жойылғаннан кейін, өтініштерді тіркеу журналының «сканерлеу нәтижесі» бағанына «жойылды» белгісін қояды;

  7. жаңа өтініш бланкісі сканерден өтіп, ДБ-ға басқа ТЖК енгізілгеннен кейін, бітірушіге тіркеу жөніндегі жаңа анықтама береді.

105. Бітірушінің аты-жөні, жынысы, құжаттың түрі мен нөмірі, азаматтығы, ұлты, туған жылындағы деректерін өзгерту барысында өтініш бланкісіне сәйкес өзгертулер енгізіліп, «өзгертілді» дөңгелекшесін бояйды және оны сканерден қайтадан өткізуге береді.

106. Сканерден қайтадан өткізілгеннен кейін өтініш бланкісін «Өтініш бланкілері» папкасына салады.



24. Өтініштерді тіркеу журналын жабу



107. Өтініштер қабылдаудың соңғы күні өтініштерді тіркеу журналын жабу жүргізіледі. ҰБТӨП-тің өтініштер журналы (Е-10-нысан) басып шығарылып, «Бітіруші» ДБ жабылады:

  1. ҰБТӨП инженері техникалық хатшының журналын (Е-09 нысан), ДБ туралы ақпаратты басып шығарып, салыстыру үшін техникалық хатшыға береді;

  2. техникалық хатшы тіркеу журналын техникалық хатшының журналымен, ДБ туралы мәліметтерімен салыстырады. Қате табылған жағдайда, оны түзету жөнінде шаралар қолданады;

  3. соңғы өтінішті тіркеуден өткізгеннен кейін, өтініштерді тіркеу журналының келесі бірнеше жолы «Z» белгісімен сызылады және мектеп директоры мен ҰБТӨП жетекшілері қолтаңбаларын қояды;

  4. ҰБТӨП инженері ҰТО-дан «Бітіруші» ДБ-ны жабу үшін пароль алады;

  5. ҰБТӨП инженері ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы «Бітіруші» ДБ қорытынды файлын жібереді;

  6. ДБ жабылғаннан кейін барлық өтініш бланкілері «Өтініш бланкілері жинағы» папкасына синхрондық жолағы жоқ жағынан тігіледі;

  7. тіркеу журналы мен «Өтініш бланкілері жинағы» папкасы ҰБТӨП жетекшісіне тапсырылып, ҰТО-ның нұсқауына дейін ҰБТӨП-те сақталынады.

108. Тестілеуге қатысуға өтініштер журналы мен «Бітіруші» ДБ жабылғаннан кейін ДБ-ға өзгерістер енгізуге тыйым салынады. «Бітіруші» ДБ жабылғаннан кейін бітірушінің аты-жөні, туған жылы, жынысы, азаматтығы, ұлтында байқалған қателер бітірушінің мәліметтерін өзгерту журналында (Е-13 нысан) міндетті түрде толтырылуы тиіс. Сонымен қатар бітірушінің тегі, аты, әкесінің аты «ё»әрпі мен «ъ» белгісінен тұратын болса, ашық жері болса, сызықша арқылы жазылса, секторға сыймаса Е-13 нысанына енгізіледі.

109. «Министрлік программисі» АЖО-сына тиісті өзгертулер енгізу үшін өзгертулер журналы Министрлік программисіне беріледі.



: files -> loader
loader -> 9-сыныптар оқушыларының ожсб-ға дайындық деңгейі туралы ақпарат 28. 10. 2013 ж. Тексеріс мақсаты
loader -> Отбасы тарихы
loader -> «Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі» «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»
loader -> Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы орындағАН: Досанова Г. К
loader -> Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу тәрбие үрдісін жетілдіру
loader -> Қарағанды қаласындағы 2011-2012 оқу жылындағы тарих және қоғамдық пәндерінің берілісіне талдау 2011-2012 оқу жылында «Тарих», «Қоғамдық білім негіздері»
loader -> Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ айтыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Нұржан мен Сапарғали айтысы мен танысу
loader -> 1. Жалпы ережелер
loader -> Қазақстан тарихы, 11 сынып 6-сынып сұрақтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...