Қазақстан Республикасы


Аудитория бойынша кезекшілердің функциялары

Loading...


бет5/13
Дата16.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

13. Аудитория бойынша кезекшілердің функциялары



72. Аудиториялардың тестілеуге дайындығын тексереді.

73. Министрлік өкілінен емтихан материалдарын (№5 акт бойынша) алады;



  1. Аудиториялық тізімге сәйкес бітірушілерді аудиторияларға кіргізеді.

  2. Отырғызу парағына сәйкес бітірушілерді орындарына отырғызады.

  3. Бітірушілерге емтихан кезінде тәртіп сақтау ережелерін түсіндіреді.

  4. Емтихан материалдарының қорабын ашуды ұйымдастырады.

  5. Емтихан материалдарын таратады.

  6. Емтихан материалдарын толтыру ережелерін түсіндіреді.

  7. Аудиторияда тәртіп сақтау ережесінің бұзылмауын бақылайды.

  8. Емтихан материалдарын қабылдайды және тестілеу аяқталғаннан кейін тапсырады (№5 акт бойынша).



14. ҰБТӨП базасын құру

82. ҰБТӨП базасын қалыптастыру келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:



  1. ҰТО-дан «ҰБТӨП базасы» АЖО-сы электрондық тасымалдағышта ҰБТӨП-ке жіберіледі;

  2. ҰБТӨП-те «ҰБТӨП базасы» АЖО-сы құрылады, қажетті ақпараттарды енгізу қамтамасыз етіледі;

  3. телекоммуникациялық желі арқылы соңғы мәліметтер ҰТО-ға жіберіледі.


15. Аудиториялық қорды жоспарлау



83. ҰБТ ӨП жетекшісі ағымдағы жылғы бітірушілер санына байланысты аудиториялық қорды жоспарлайды. Жоспарлау кезінде мынадай талаптарды ескеру керек:

  1. аудиториялар бір ғимараттың (корпус) ішінде болуы қажет;

  2. қазақ тілінде емтихан тапсыратын бітірушілер үшін және орыс тілінде емтихан тапсыратын бітірушілер үшін аудиториялар тіл мәртебесі бойынша бөлінуі тиіс;

  3. әрбір лектегі аудиторияның тіл мәртебесі әр түрлі болуы мүмкін;

  4. аудиториядағы орындардың саны 10-ға еселі болуы қажет және 30-дан кем, 120-дан артық болмауы керек;

  5. отырғызатын орын саны бір партаға 2 адам есебі бойынша анықталады;

  6. спортзалдарды, үлкен залдарды бірнеше аудиторияларға бөліп пайдалануға болады;

  7. бір лекте отырғызылатын орын саны 400-ден кем болмау керек.

84. Аудиториялық қор туралы мәліметтер «ҰБТӨП базасы» АЖО-сындағы «Аудиториялық қор» бөліміне енгізіледі. Әрбір лек бойынша аудитория қорын келісу үшін телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға ұсынылады.


16. Оқу орындары



85. Астана, Алматы қалалары және облыстық білім басқармалары орта, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарын облыстағы ҰБТӨП-тер бойынша бөледі.

  1. ҰБТӨП жетекшісі ҰБТӨП-ке бекітілген оқу орындары туралы ақпараттарды (атауы, мекен-жайы, телефон, түрі, типі, мәртебесі, оқу орнының меншік нысаны, бітірушілердің саны) жинауды қамтамасыз етеді.

87. Инженер ақпараттарды енгізеді және оны ҰТО-ға жіберуді жүзеге асырады.


17. Кесте

88. Бітірушілерді тестілеу кестесі жергілікті білім басқармасы органдарымен және ҰТО-мен келісілген тасымалдау, орналастыру және тамақтандыру кестесіне сәйкес жасалады. Тестілеу кестесі туралы мәлімет «ҰБТӨП базасы» АЖО-сындағы «Тестілеу кестесі» бөліміне енгізілуі керек. Тестілеу кестесі ҰТО-ға электронды байланыс көмегімен жіберіледі.


18. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру

89. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру төмендегі тәртіппен жүзеге асырылады:



  1. ҰТО әзірлеген «Бітіруші» АЖО-сы ҰБТӨП-те орнатылады және ҰБТӨП спецификасы бойынша іске асырылады;

  2. мектеп әкімшілігі мектептің техникалық хатшысын тағайындайды;

  3. ҰБТӨП жетекшісі техникалық хатшыны ҰБТ технологиясы, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі бойынша дайындайды;

  4. ҰБТӨП жетекшісі техникалық хатшыға ҰБТ-ның нормативтік, нұсқамалық және анықтамалық құжаттарын, өтініш бланкілерін және өтініштерді тіркеу журналын (бітірушілердің санына қарай) береді;

  5. мектепте өтініш бланкілерін толтыру және бітірушілерді тіркеу журналына тіркеу жүргізіледі;

  6. техникалық хатшы толтырылған өтініш бланкілерін және бітірушілерді тіркеу журналын ҰБТӨП-ке жеткізеді;

  7. ҰБТӨП-те бітірушілер туралы деректерді «Бітіруші» ДБ-ға енгізу мақсатында өтініш бланкілері арнайы оптикалық маркерлік сканерден (бұдан әрі - сканер) өткізіледі. Өтініш бланкілері техникалық хатшының қатысуымен қатаң түрде мектептер бойынша сканерден өткізілуі қажет.

  8. белгілі бір мектептің өтініш бланкілерін сканерден өткізу аяқталғаннан кейін, техникалық хатшыға өтініш бланкілерін сканерден өткізу есебі (Е-06 нысан) және бітірушілерді тіркеу туралы анықтама (Е-4-01 нысан) беріледі. Анықтаманы бітірушілерге беру мектепте жүзеге асырылады.

  9. ережеде белгіленген мерзімде ҰБТӨП-те техникалық хатшымен бірге ДБ-ны және тіркеу журналын жабу жүргізіледі;

  10. ДБ жабылғаннан кейін бітірушілердің саны жөнінде мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі;

  11. ҰТО-да аудиториялық қор талданып, бітірушілерді бөлу үшін аудиториялар ашылады;

  12. ҰБТӨП-ке аудиторияны ашуға арналған файл жіберіледі. Осы жіберілген файлдың көмегімен пункттерде бітірушілерді аудиторияларға бөлу автоматты түрде жүргізіледі;

  13. бітірушілерді аудиторияларға бөлу аяқталғаннан кейін техникалық хатшыға рұқсаттамалар және рұқсаттама түбіртектері беріледі. Мектепте рұқсаттамалар мен рұқсаттама түбіртектерін ресімдеу (фото желімдеу және мектеп мөрін басу) жұмысы жүргізіледі (Нысан Е-04);

  14. мектептерде бітірушілерге рұқсаттамаларын тарату іске асырылады, ал ресімделген түбіртектер ҰБТӨП жетекшісіне беріледі;

  15. ҰТО-ға лек бойынша аудиторияларға бөлінген бітірушілердің жалпы саны туралы мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы жіберіледі.


19. Өтініштерді қабылдау және тіркеу


: files -> loader
loader -> 9-сыныптар оқушыларының ожсб-ға дайындық деңгейі туралы ақпарат 28. 10. 2013 ж. Тексеріс мақсаты
loader -> Отбасы тарихы
loader -> «Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі» «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»
loader -> Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы орындағАН: Досанова Г. К
loader -> Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу тәрбие үрдісін жетілдіру
loader -> Қарағанды қаласындағы 2011-2012 оқу жылындағы тарих және қоғамдық пәндерінің берілісіне талдау 2011-2012 оқу жылында «Тарих», «Қоғамдық білім негіздері»
loader -> Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ айтыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Нұржан мен Сапарғали айтысы мен танысу
loader -> 1. Жалпы ережелер
loader -> Қазақстан тарихы, 11 сынып 6-сынып сұрақтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...