Қазақстан Республикасы


ҰБТӨП жетекшісінің функциялары

Loading...


бет3/13
Дата16.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

7. ҰБТӨП жетекшісінің функциялары

38. ҰБТӨП базасын қалыптастыру кезеңінде:



    1. ҰБТӨП-тің техникалық жабдықтарының жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етеді;

    2. ҰБТӨП базасын құру жөніндегі жұмыстарға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастырады;

    3. ҰБТӨП базасын қалыптастыру жөніндегі ақпараттарды енгізуді бақылайды;

    4. жергілікті білім басқармасының ұйымдарымен және ҰТО-мен аудиториялық қорды, тестілеуді өткізу кестесін жоспарлайды және келіседі;

    5. «ҰБТӨП базасы» деректерін ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді ұйымдастырады.

39. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру кезеңінде:

1) «Бітіруші» базасын қалыптастыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастырады;



  1. техникалық хатшыларды оқытуды ұйымдастырады, өткізеді;

3) техникалық хатшыларды нормативтік, нұсқамалық, анықтамалық құжаттармен, өтініш бланкілерімен және тіркеу журналдарымен қамтамасыз етеді;

4) ақпараттық тақталарды дайындайды;

5) өтініш бланкілерін сканерлеуді және базаға өзгертулер енгізуді ұйымдастырады;


    1. техникалық хатшыға тіркеу туралы анықтамалықтарды және рұқсаттамаларды беруді ұйымдастырады;

    2. «Бітіруші» ДБ жабуды ұйымдастырады;

    3. бітірушілерді аудитория бойынша бөлуді ұйымдастырады.

39-1. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:

  1. жергілікті білім басқармасы ұйымдарымен, ішкі істер органдары және мектептермен бірлесіп бітірушілерді ҰБТӨП-ке жеткізу, оларды орналастыру және тамақтандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

  2. Министрлік өкілдері үшін қажетті құжаттарды дайындайды;

  3. техникалық жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

  4. кезекшілерді дайындайды;

  5. тестілеуді өткізуге аудиторияларды дайындайды;

40. Тестілеуді өткізу кезеңінде:

1) алынып тасталды.

2) алынып тасталды.

3) алынып тасталды.

4) алынып тасталды.

5) алынып тасталды.

6) бітірушілерді тестілеуге кіргізуді ұйымдастырады;

7) дұрыс жауаптар коды мен емтихан ведомостарын ілуді ұйымдастырады;

8) телекоммуникациялық желі арқылы статистикалық деректерді жіберуді ұйымдастырады.

41. Апелляция өткізу кезеңінде:

1) апелляциялық комиссияның жұмысына жағдай жасайды;

2) апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосын ілуді ұйымдастырады.

42. Сертификатты басып шығару және тарату кезеңінде:

1) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін Министрлік өкілінен (акт бойынша) қабылдайды;

2) сертификаттарды және сертификаттарды тарату тізілімін мектептерге береді.

43. ҰТО-ның нұсқауына дейін емтихан материалдарын қабылдайды және сақтайды.

44. ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізу жөнінде атқарылған жұмыстары бойынша телекоммуникациялық желі арқылы немесе қағаздағы нұсқасымен ҰТО-ға есеп береді.

8. ҰБТӨП инженерінің функциялары

45. ҰБТӨП базасын қалыптастыру кезеңінде:



  1. техникалық жабдықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

  2. ҰБТӨП базасын қалыптастыру бойынша жұмыстар үшін қамтамасыз етуге арналған бағдарламаны орнатады;

  3. ақпараттарды «ҰБТӨП базасы» АЖО-сына енгізеді;

  4. ҰБТӨП базасына өзгерістер енгізеді;

  5. «ҰБТӨП базасы» деректерін ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жібереді.

46. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру кезеңінде:

  1. «Бітіруші» ДБ қалыптастыруға арналған бағдарламаны орнатады;

  2. ҰТО-дан телекоммуникациялық желі арқылы нормативтік, нұсқамалық, ақпараттық анықтамаларды алады және техникалық хатшылар үшін дайындайды;

  3. тіркеу журналын басып шығарады және таратады;

  4. өтініш бланкілерін сканерден өткізеді;

  5. техникалық хатшыға қажетті нысандарды (Е-04-1, Е-06, Е-08 нысандары) басып шығарады және таратады;

  6. «Бітіруші» ДБ жабады;

  7. аудиториялар бойынша бітірушілерді бөледі;

  8. рұқсаттамаларды басып шығарады;

  9. өтініштерді қабылдау туралы статистикалық мәліметтерді күн сайын ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жібереді;

  10. «Бітіруші» ДБ сақталуын қамтамасыз етеді және Министрлік программисіне тапсырады.

47. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:

1) Министрлік программисі үшін қажетті құжаттарды және жұмыс орнын дайындайды;

2) алынып тасталды.

3) техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

4) бітірушілердің мәліметтерін өзгерту журналын (Е-13 нысаны) Министрлік программисіне береді;

5) талап етілген ақпараттарды телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жібереді.

48. Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңінде:

1) сертификаттарды басып шығаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатады;

2) Министрлік программисінен сертификаттарды басып шығаруға арналған файлды алады;

3) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығарады;

4) Министрлік программисіне сертификаттар файлын тапсырады;

49. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде атқарылған жұмыстары бойынша ҰТО-ға есеп береді.



9. Техникалық хатшының функциялары

50. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру кезеңінде:

1) ҰБТӨП-те өтініштерді қабылдау, өтініштер бланкісін толтыру және өтініштерді тіркеу журналын (Е-03 нысан) жүргізу бойынша дайындықтан өтеді;

2) ҰБТӨП-тен нормативтік, нұсқамалық, анықтамалық құжаттарды, өтініш бланкілерін және өтініштерді тіркеу журналын алады;

3) алынып тасталды.

4) бітірушілермен өтініш бланкісін, жауап парағын толтыру және ҰБТ-ның өткізілу барысы, апелляцияға өтініштер беру және апелляцияны өткізу барысы бойынша сабақтар жүргізеді;

5) бітірушілердің өтініш бланкісін дұрыс толтыруын қамтамасыз етеді;

6) өтініштерді тіркеу журналында бітірушілерді тіркейді;

7) өтініш бланкілерін сканерден өткізу үшін ҰБТӨП-ке жеткізеді;

8) басылып шығарылған нысандарды (Е-04-1, Е-06, Е-08 нысандары) алады;



    1. бітірушілерге тіркеу туралы анықтама береді;

    2. ДБ-ға өзгерістер енгізуді ұйымдастырады;

    3. ДБ жағдайын бақылайды;

    4. өтініштерді тіркеу журналын жабады;

    5. рұқсаттамаларды ресімдейді және оларды бітірушілерге береді;

    6. ресімделген рұқсаттаманың түбіртектерін ҰБТӨП жетекшісіне береді.

51. Тестілеуді өткізу кезеңінде:

1) бітірушілердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз етеді;

2) бітірушілерді көлікпен тасымалдау кезінде техникалық қауіпсіздік ережесінің сақталуын және олардың ҰБТӨП-те орналасқан уақытында тәртіп сақтауын қамтамасыз етеді.

52. Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңінде:

1) ҰБТӨП жетекшісінен акт бойынша сертификаттар, сертификаттарды тарату тізілімі мен емтихан ведомосын қабылдайды;

2) бітірушілерге сертификаттарды беруді ұйымдастырады;

3) бітірушілердің қолдары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін ҰБТӨП жетекшісіне береді.


Каталог: files -> loader
loader -> 9-сыныптар оқушыларының ожсб-ға дайындық деңгейі туралы ақпарат 28. 10. 2013 ж. Тексеріс мақсаты
loader -> Отбасы тарихы
loader -> «Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі» «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»
loader -> Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы орындағАН: Досанова Г. К
loader -> Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу тәрбие үрдісін жетілдіру
loader -> Қарағанды қаласындағы 2011-2012 оқу жылындағы тарих және қоғамдық пәндерінің берілісіне талдау 2011-2012 оқу жылында «Тарих», «Қоғамдық білім негіздері»
loader -> Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ айтыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Нұржан мен Сапарғали айтысы мен танысу
loader -> 1. Жалпы ережелер
loader -> Қазақстан тарихы, 11 сынып 6-сынып сұрақтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...