Қазақстан Республикасы

Loading...


бет2/13
Дата16.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

5. ҰТО функциялары

27. ҰБТӨП базасын қалыптастыру кезеңінде:

1) ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде ҰБТӨП қызметкерлерін оқытуды ұйымдастырады және өткізеді;

2) «ҰБТӨП базасын» қалыптастыру үшін ҰБТӨП қызметкерлерін қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді;



  1. «ҰБТӨП базасы» АЖО бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейді, оны орнату мен алып жүруді ұйымдастырады;

4) телекоммуникациялық желі арқылы «ҰБТӨП базасы» деректерін жинайды.

28. «Бітіруші» деректер базасын қалыптастыру кезеңінде:

1) «Бітіруші» ДБ қалыптастыру үшін ҰБТ-ны өткізу пункттерін келесі құжаттармен қамтамасыз етеді:

өтініш бланкілері;

орта мектеп, кәсіптік мектеп (лицей) және колледждер анықтамалықтары;

ұлттар анықтамалығы;

азаматтық анықтамалығы және т.б.

2) «Бітіруші» АЖО-сын әзірлейді, оны орнату мен алып жүруді ұйымдастырады;



  1. ҰБТӨП-те өтініштер бланкілерін сканерлеу процесін бақылайды;

3-1) ҰБТ-ға қатысатын бітірушілердің саны туралы күнделікті статистикалық деректерді жинайды және қалыптастырады;

  1. «Бітіруші» ДБ жабуды ұйымдастырады;

  2. аудитория бойынша бітірушілерді бөлуді ұйымдастырады;

  3. ҰБТ-ға қатысатын бітірушілердің саны туралы статистикалық деректерді жинайды және қалыптастырады.

29. Тестілеу өткізуге дайындық кезеңінде:

1) Министрлік өкілдері мен программистерінің, апелляциялық комиссия төрағаларының ДБ-сын жасайды;

2) Министрлікпен бірлесе отырып, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде Министрлік өкілдері мен программистерін, апелляциялық комиссия төрағаларын оқытуды ұйымдастырады және өткізеді;

3) Министрлік өкілдері мен программистерін, апелляциялық комиссияның төрағаларын нормативтік, нұсқамалық құжаттармен, сертификаттармен және «Министрлік программисі», «Сертификат» «Сканерді тексеру» АЖО-ларының бағдарламаларымен қамтамасыз етеді;

4) Министрлік өкілдері мен программистерді, апелляциялық комиссияның төрағаларын ҰБТӨП-ке жібереді;


  1. емтихан материалдарын ҰБТӨП-ке дайындап жібереді.

30. Тестілеуді өткізу кезеңінде:

  1. ҰБТ-ның өтуін бақылайды және алып жүреді;

2) нұсқалар файлы мен дұрыс жауаптар кодын қалыптастырады және телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-ке жібереді;

3) дұрыс жауаптар кодын ашуға арналған парольдарды береді;



  1. телекоммуникациялық желі арқылы апелляцияны есепке алмағандағы статистикалық деректерді жинайды.

31. Апелляция өткізу кезеңінде:

  1. Республикалық комиссияның жұмысы үшін жағдай жасайды;

  2. телекоммуникациялық желі арқылы апелляциялық комиссиядан Республикалық комиссияға өтініштерді қабылдайды;

  3. телекоммуникациялық желі арқылы Республикалық комиссияның шешімдерін ҰБТӨП-ке жібереді;

  4. телекоммуникациялық желі арқылы апелляцияны есепке алғандағы статистикалық деректерді жинайды.

32. Сертификатты басып шығару және беру кезеңінде:

1) «Сертификат» АЖО бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүреді;

2) телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-тен қорытынды файлды алады.

5-1. Штабтың функциясы

32-1. Штабтың функциясы:

  1. ҰБТ-ны өткізу кезеңінде бақылауды қамтамасыз етеді;

  2. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін бақылайды;

  3. Технологияның сақталуын қадағалайды;

  4. ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізуге қатысты мәселелерді шешеді;

  5. Министрлік жанынан құрылған Штабқа рәсімнің өткізілу барысы туралы ақпарат береді және аяқталғаннан кейін анықтама ұсынады.


6. Білім беруді басқарудың жергілікті органдарының функциялары

33. ҰБТӨП базасын қалыптастыру кезеңінде:



    1. ҰБТӨП қызметкерлерін қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді;

    2. мектептерді ҰБТӨП бойынша бөледі;

    3. тестілеу өткізу кестесін жоспарлайды.

34. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру кезеңінде:

1) ҰБТӨП қызметкерлерін қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді;

2) бітірушілерден тестілеуге өтініштерді қабылдауды ұйымдастырады;

2-1) ҰБТ ӨП-пен бірлесе отырып, техникалық хатшыларды оқытуды ұйымдастырады;

3) өтініш бланкілерін ҰБТӨП-ке жеткізуді ұйымдастырады;


    1. алынып тасталды.

34-1. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:

  1. бітірушілермен және олардың ата-аналарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді;

  2. ақпараттық тақталарды дайындауды ұйымдастырады;

  3. ҰБТ-ны өткізу кезінде және бітірушілердің орналасқан жерінде медициналық қызметкерлердің кезекшілік ету кестесін жергілікті медициналық мекемелермен келіседі;

  4. ҰБТ-ны өткізу кезінде және бітірушілердің орналасқан жерінде құқық қорғау органдарының кезекшілік ету кестесін жергілікті құқық қорғау мекемелерімен келіседі;

  5. бітірушілерді көлікпен тасымалдайды және олардың ҰБТӨП-те орналасқан уақытында тәртіп сақтауын және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді.

35. Тестілеу өткізу кезеңінде:

1) жергілікті ішкі істер органдарымен және мектептермен бірлесіп, бітірушілерді ҰБТӨП-ке жеткізу, оларды орналастыру және тамақтандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

2) алынып тасталды.

3) электр жүйесінің және телекоммуникация желісінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

4) алынып тасталды.

5) бітірушілердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз етеді;

5-1) бітірушілерді тестілеуге кіргізуді ұйымдастырады;

6) алынып тасталды.

36. Апелляцияны өткізу кезеңінде:

1) апелляциялық комиссия мүшелерін анықтайды;

2) апелляциялық комиссияның жұмыстары үшін жағдай жасайды;

3) апелляциялық комиссия мүшелерінің түгел қатысуын қамтамасыз етеді.

37. Сертификатты басып шығару, беру кезеңінде:

1) сертификаттарды мектеп директорларына беруді ұйымдастырады;

2) бітірушілердің қолдары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін ҰБТӨП жетекшілеріне беруді ұйымдастырады.


Каталог: files -> loader
loader -> 9-сыныптар оқушыларының ожсб-ға дайындық деңгейі туралы ақпарат 28. 10. 2013 ж. Тексеріс мақсаты
loader -> Отбасы тарихы
loader -> «Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі» «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»
loader -> Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы орындағАН: Досанова Г. К
loader -> Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу тәрбие үрдісін жетілдіру
loader -> Қарағанды қаласындағы 2011-2012 оқу жылындағы тарих және қоғамдық пәндерінің берілісіне талдау 2011-2012 оқу жылында «Тарих», «Қоғамдық білім негіздері»
loader -> Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ айтыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Нұржан мен Сапарғали айтысы мен танысу
loader -> 1. Жалпы ережелер
loader -> Қазақстан тарихы, 11 сынып 6-сынып сұрақтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...