Қазақстан Республикасы

Loading...


жүктеу 0.71 Mb.
бет1/13
Дата16.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы «14» сәуірдегі

№ 193 бұйрығына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу

туралы 2010 жылғы « 9 » ақпандағы

50 бұйрығымен бекітілген



Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі

нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

1. Осы нұсқаулық ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу бойынша төменде аталғандардың іс-әрекеттері мен негізгі функцияларын анықтайды:



  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік);

  2. Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - ҰТО);

  3. ҰБТ өткізу пунктінің (бұдан әрі – ҰБТӨП) жетекшісі мен инженері;

3-1) облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары;

3-2) мемлекеттік комиссия;



  1. мектеп бойынша жауапты (бұдан әрі – техникалық хатшы);

  2. Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілі (бұдан әрі – Министрлік өкілі);

  3. Білім және ғылым министрлігінің программисі (бұдан әрі - Министрлік программисі);

  4. апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері;

  5. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері (бұдан әрі – Республикалық комиссия);

  6. аудитория бойынша кезекші (бұдан әрі – кезекші);

  7. ағымдағы жылғы мектеп бітірушілер (бұдан әрі - бітірушілер);

  8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі (бұдан әрі – ҚР ҰҚК өкілі).

2. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша жоғарыда көрсетілген тұлғалар өз қызметінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесін (бұдан әрі – ереже), осы Нұсқаулықты, Министрліктің нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Ескерту: Осы нұсқаулықта қолданылған нысандар «ҰБТ негізгі нысандары мен актілері» құжатында келтірілген.




2. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3. Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар барлық қатысушылардың, яғни Министрлік, ҚР ҰҚК, ҰТО, ҰБТӨП қызметкерлері, Министрлік өкілдері мен программистері, апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері, жергілікті (облыстық) білім беруді басқару және ішкі істер басқармасының органдарының бірлесе отырып атқаратын жұмыстарын қарастырады.



  1. Министрлік ҰТО-мен бірлесе отырып нұсқаулықтарды, нормативтік құжаттарды және ережелерді әзірлейді және жетілдіреді. Министрлік өкілдері мен мемлекеттік комиссия мүшелеріне оқыту семинарларын өткізеді.

  2. ҰТО «ҰБТӨП базасы», «Бітіруші», «Министрлік программисі», «Сертификат», «Сканерді тексеру» автоматтандырылған жұмыс орындарын (бұдан әрі - АЖО) әзірлейді және оны электрондық тасымалдағышта немесе телекоммуникациялық желі бойынша белгіленген мерзімде ҰБТӨП-ке жібереді.

6. ҰТО белгілеген мерзімде ҰБТӨП-те «ҰБТӨП базасы» АЖО-ны орнату мен толтыруды жүзеге асырады.

7. «ҰБТӨП базасында» құрылған мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі.

8. ҰБТӨП-те «Бітіруші» АЖО орнатылады және тестілеуге өтініштерді қабылдау бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.

9. Техникалық хатшы бітірушілерден өтінішті қабылдауды жүзеге асырып, толтырылған бланкілерді сканерлеу үшін ҰБТӨП-ке жеткізуді қамтамасыз етеді.

10. Ағымдағы жылғы мектеп бітірушілер ҰБТ-ға қатысу үшін белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш береді.

11. ҰБТӨП-те «Бітіруші» деректер базасын (бұдан әрі - ДБ) құру үшін «Тестілеуге қатысу өтініші» бланкілерін (бұдан әрі - өтініш бланкілері) сканерлеу жүргізіледі. Бланкілерді сканерлеу аяқталғаннан кейін техникалық хатшыға тіркеу жөніндегі анықтама беріледі.

12. ҰБТӨП бойынша тестілеуге өтініштерді қабылдау жұмысы жөнінде статистикалық деректерді телекоммуникациялық желі арқылы күн сайын сағат 17.00-ге дейін ҰТО-ға жіберуді жүзеге асырады. ҰТО-да тестілеуге өтініштерді қабылдаудың республика бойынша статистикалық мәліметтері құрылады.

13. Ережеде белгіленген мерзімде ҰБТӨП-те техникалық хатшымен бірлесіп, «Бітіруші» ДБ мен өтініштерді тіркеу журналын жабу жүргізіледі.

14. ДБ жабылғаннан кейін, бітірушілерді аудиториялар бойынша бөлу жүргізіледі, мектепте ресімделетін және бітірушілерге берілетін емтиханға рұқсаттамалар басылады. Рұқсаттамалар мектептің мөрімен расталады.

15. ҰБТ ережеде белгіленген мерзімде тестілеуге қатысушылардың барлығымен бірлесіп өткізіледі.

16. Тестілеу аяқталғаннан кейін бітірушілердің нәтижелерін өңдеу жүргізіледі және дұрыс жауаптар коды мен ҰБТ-ның емтихан ведомостарын ілу жүзеге асырылады.

17. Апелляцияға өтініштерді қабылдау жергілікті уақытпен келесі күнгі сағат 13-ке дейін қабылданады және тәулік бойына қарастырылады.

18. Апелляция аяқталғаннан кейін апелляцияның қорытындысы ескерілген ҰБТ-ның емтихан ведомосы беріледі.

19. Күн сайын ҰТО-ға мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберу жүзеге асырылады.



  1. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша сертификаттарды басу және беру жүргізіледі.

  2. ҰБТ-ны ұйымдастырушылар атқарылған жұмыстары жөніндегі есептерінің қағаздағы және электронды тасымалдағыштағы нұсқасын ҰТО-ға тапсырады.



3. Негізгі функциялар

22. ҰБТ процесін ұйымдастырушылар мен атқарушылар бірлесіп қызмет атқаруына қарамай, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде өз функцияларын орындайды.



4. Министрлік функциялары



23. Тестілеуді өткізуге қатысатын барлық қатысушыларды ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нормативтік, нұсқамалық құжаттармен қамтамасыз етеді: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық.

24. ҰТО-мен бірлесіп, Министрлік өкілдеріне ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде семинарлар өткізеді.



  1. Республика бойынша ҰБТ-ның өту процесін бақылайды.

  2. Республикалық комиссия төрағасы мен мүшелерін анықтайды.




: files -> loader
loader -> 9-сыныптар оқушыларының ожсб-ға дайындық деңгейі туралы ақпарат 28. 10. 2013 ж. Тексеріс мақсаты
loader -> Отбасы тарихы
loader -> «Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі» «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»
loader -> Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы орындағАН: Досанова Г. К
loader -> Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу тәрбие үрдісін жетілдіру
loader -> Қарағанды қаласындағы 2011-2012 оқу жылындағы тарих және қоғамдық пәндерінің берілісіне талдау 2011-2012 оқу жылында «Тарих», «Қоғамдық білім негіздері»
loader -> Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ айтыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Нұржан мен Сапарғали айтысы мен танысу
loader -> 1. Жалпы ережелер
loader -> Қазақстан тарихы, 11 сынып 6-сынып сұрақтары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...