Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Loading...


Дата22.04.2017
өлшемі100.45 Kb.



Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
    іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
    (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

2. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағын, 2-тармағын, 3-тармағының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 13 шілде
298

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2016 жылғы 13 шілдедегі

№ 298 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН



Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін

ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 319-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

3-тармақта:

2-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2-2) қызметтегі судьялардың, Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттарының, сондай-ақ өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған мемлекеттік саяси қызметшілердің, халықаралық қызметшілердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға кадр резервіне іріктеу және конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелерін қарау;»;

мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:

«2-3) белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуы мәселелерін қарау және келісу;»;

4-тармақта:

2-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2-2) қызметтегі судьялардың, Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істеген мәслихат депутаттарының, сондай-ақ өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған мемлекеттік саяси қызметшілердің, халықаралық қызметшілердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға кадр резервіне іріктеу және конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;»;

мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:

«2-3) белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуын келісу;».

2. «Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №70-71, 521-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларында:

3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қызметтегі судьялар, Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттары, сондай-ақ өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған мемлекеттік саяси қызметшілер, халықаралық қызметшілер, судьялар «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес кадр резервіне іріктеу және конкурс өткізілмей Ұлттық комиссияның шешімімен орналаса алады.».

3. «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74,


534-құжат):

1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидалары;»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 31-тармақпен толықтырылсын:

«31. Тестілеу рәсімдерін және «е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 27) тармақшасына сәйкес «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамынан сатып алынады.»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімі, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарында:

20-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

жоғарыда аталған Жарлық осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларымен толықтырылсын.

4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 154 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 75-76, 553-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларында:

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Ұлттық баяндаманы:

1) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне – есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей ұсынады, ол міндетті түрде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында қаралады;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентіне – есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей ұсынады.».
____________________

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2016 жылғы 13 шілдедегі

№ 298 Жарлығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға

ҚОСЫМША


Қазақстан Республикасы

Президентінің2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН


Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеуге

құқық беретін жұмыс өтілін есептеу

ҚАҒИДАЛАРЫ


1. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеудің осы қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы


№ 1284 ҚБП Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын және сауықтыру жәрдемақыларын есептеу коэффициенттеріне сәйкес лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін өтілге мемлекеттік қызметте болған барлық уақыт енгізіледі.

3. Лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу үшін, сондай-ақ мына:

1) Қазақстан Республикасының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСРО) Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткерген уақыт,
сондай-ақ арнайы оқу орындарында оқу және арнайы бастапқы оқыту кезеңі;

2) құқық қорғау органдарында, оның ішінде мемлекеттік фельдъегерлік қызметте, қаржы полициясында (салық полициясында (милицияда), мемлекеттік өртке қарсы қызметте, қылмыстық-атқару жүйесінде, оның ішінде бұрынғы КСРО-ның, бұрынғы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінде лауазымға тағайындалған күннен бастап (оның ішінде тағылымдамашы лауазымында) қызмет өткерген уақыт, сондай-ақ арнайы оқу орындарында оқу және арнайы бастапқы оқыту кезеңі;

3) арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген уақыт, оның ішінде арнаулы (әскери) оқу орындарында оқу кезеңі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдар туралы заңнамасына сәйкес қызметкерлердің еңбек қызметі өтілі еңбек сіңірген жылдарына есептелген уақыт;

4) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО-ның судья лауазымында және сот аппараттарында (кеңселерінде) мемлекеттік (жауапты) лауазымдарда жұмыс істеген уақыт;

5) мемлекеттік қызметтегі адамдардың бала үш жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын әлеуметтік демалыстың басқа да түрлерінің уақыты;

6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның аумақтық бөлімшелеріндегі, сондай-ақ КСРО Мемлекеттік банкі жүйесіндегі жұмыс істеген уақыт;

7) 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мен Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол органдарында сайланбалы және өзге де жауапты лауазымдарда жұмыс істеген уақыт;

8) мемлекеттік ұйымдағы басшы лауазымдардағы немесе мемлекеттік қызмет мамандықтарымен бірдей мамандықтар бойынша лауазымдарда жұмыс істеген уақыт;

9) егер осы лауазымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына жатқызылған болса, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарына техникалық қызмет көрсеткен және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз еткен қызметкерлер лауазымдарында жұмыс істеген уақыт;

10) егер қызметші тағайындауға дейін тікелей мемлекеттік қызметте болса, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардың жолдамасы бойынша халықаралық ұйымдардағы немесе басқа мемлекеттерде жұмыс істеген уақыт;

11) Еуразиялық экономикалық комиссияда және Еуразиялық экономикалық одақтың Сотындағы жұмыс істеген уақыт;

12) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстарда жұмыстан қол үзіп оқыған, сондай-ақ қызметші оқуға түскенге дейін мемлекеттік қызметте болса және оны аяқтаған соң мемлекеттік қызметке қайтып келсе, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жолдауы бойынша шетелде оқыған уақыт;

13) Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының, сондай-ақ тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутатының өкілеттігін жүзеге асырған уақыт;

14) мемлекеттік органның құрылуы кезінде, сондай-ақ арнайы тексеру нәтижелерін алғанға дейін бос мемлекеттік әкімшілік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқарған адамдардың жұмыс істеген уақыты;

15) мемлекеттік қызметшілерді заңсыз қызметтен шығару кезінен бастап олар мемлекеттік қызметке қайта орналастырылғанға дейінгі уақыт;

16) мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне кіру кезіндегі сынақ мерзімінен өту уақыты кіреді.

4. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне лауазымдық жалақыны белгілеуге құқық беретін өтіліне құқық қорғау органдарында қызмет өткерген және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткерген уақыты кіреді.

5. Лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін өтілді еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды, оның құрамын мемлекеттік органның қызметкерлерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адам бекітеді.

Лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін өтілді белгілеу мәселесін қарау үшін:


  1. мемлекеттік қызметшінің өтініші;

  2. алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік органдағы мемлекеттік лауазымға тағайындау негіздер болып табылады.

Лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін өтілді белгілеу жөніндегі комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, көшірмесі бухгалтерияға беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметшінің талап етуі бойынша үш жұмыс күні ішінде оған комиссия шешімінен үзінді береді және оны растайды.

6. Лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін өтілді айқындау үшін еңбек кітапшасы немесе қызметтік тізім негізгі құжаттар болып табылады.

Еңбек кітапшасы, қызметтік тізім болмаған кезде, сондай-ақ қажетті жазба болмаған не жұмыс кезеңдері туралы қате немесе дәл емес жазбалар болған жағдайда еңбек өтілін растауға еңбек шарты, жұмыс берушінің актілерінен үзінділер, қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінділер, жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер, жұмыс орнынан анықтамалар немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама қабылданады. Мемлекеттік қызмет өтілін куәлардың айғақтарымен растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

7. Күнтізбелік бір ай ішінде лауазымдық жалақысын арттыруға құқығы пайда болған қызметшілерге лауазымдық жалақыны өтілін есепке алумен есептеу осындай құқық пайда болған күннен бастап жүзеге асырылады.

8. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Қағидаларға сәйкес лауазымдық жалақыны белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілі күнтізбелік есептеумен есепке алынады.


____________________


Каталог: upload -> media -> files
media -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің паспорты
media -> Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен
media -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің паспорты
files -> Жылдарға арналған мемлекеттік рәміздерді, елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың нышандарын қолдану мен ілгерілету жүйесін жаңғырту жөніндегі
media -> Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
media -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің паспорты
media -> Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну
files -> Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту және «Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...