Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің



бет1/7
Дата09.09.2017
өлшемі1 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
Қазақстан Республикасы

нормативтік құқықтық актілерінің

ақпараттық-құқықтық жүйесі

Республикалық құқықтық

ақпарат орталығыҚазақстан Республикасы

Әділет министрлігі

ҚАЗРУСНегізгіІздеуРесми жариялау"БҰҰ" құжаттарыТаңдаулыКабинет

Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысы

Мәтін Ресми жарияланым Ақпарат Өзгерістер тарихы Сілтемелер Көшіру Басқа

«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Жол жүрісі қағидалары;

2) Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелер;

3) көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесі бекітілсін.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.Мәсімов


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 13 қарашадағы

№ 1196 қаулысымен

бекітілген
Жол жүрісі қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жол жүрісі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы жол жүрісінің бірыңғай тәртібін белгілейді.

2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) автомагистраль - көлік құралдарының жүруі үшін арнайы жобаланған және салынған (немесе реконструкцияланған), жол маңындағы иеліктерге қызмет көрсетпейтін жол. Оған әртүрлі деңгейлердегі жол айрықтары арқылы басқа жолдармен ғана өтуге болады. Бұл жолда:

бір-бірінен жүруге арналмаған бөлу жолағымен бөлінген, әртүрлі бағытта жүру үшін бөлек жүру бөліктері бар;

басқа жолдармен, теміржолдармен және трамвай жолдарымен және жаяу жүргінші жолдарымен бір деңгейде қиылыстары жоқ;

автомагистральге кіру кезінде 5.1 белгісімен және шығу кезінде 5.2 белгісімен автомагистраль ретінде арнайы белгіленген (осында және бұдан әрі жол белгілерінің нөмірленуі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес келтіріледі);

2) автобус — жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль;

3) автомобиль - олар үшін адамдар мен жүктерді тасымалдау қосымша функция болып табылатын ауыл шаруашылық тракторларын немесе көлік құралдарын қоспағанда, жолдарда жүруге және олармен адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты тасымалдауға немесе адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты тасымалдауға арналған көлік құралдарын сүйретуге арналған, оның ішінде троллейбустарды қоса алғанда, механикалық көлік құралы;

4) автопойыз — тіркемеге (тіркемелерге) тіркелген механикалық көлік құралы;

5) артықшылық (басымдық) - жол жүрісіне басқа қатысушылармен салыстырғанда белгіленген бағытта бірінші кезекте жүру;

6) ауыр салмақты көлік құралы - толық массасы немесе жүктеменің оның осі бойынша бөлінуі осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшін рұқсат етілген шекті жүктеме мөлшерінен асатын жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы;

7) аялдау — көлік құралының жүрісін бес минутқа дейін не егер бұл жолаушыларды отырғызу немесе түсіру, көлік құралын тиеу немесе түсіру үшін қажет болса, одан да көбірек уақытқа әдейі тоқтату (көлік құралының жүрісін жол жүрісін ұйымдастыруға орайластырып тоқтату қажеттілігі аялдау (тоқтап тұру) болып саналмайды);

8) багаж - буып-түйілген және Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген нормалар шегінде автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісімнің негізінде таксиде тасымалданатын жолаушы мүлкі;

9) басты жол - қиылысатын (қосылатын) жолдарға қатысты 2.1, 2.3.1-2.3.3-белгілерімен немесе 5.1 белгісімен белгіленген жол немесе қиыршық тас төселген жолдарға қатысты қатты (асфальтталған, цементті-бетондалған, тас материалдар және сол сияқты) жол. Екінші дәрежелі жолда тікелей қиылыс алдында төселген учаске болғанымен, ол қиылысатын жолмен тең болып саналмайды;

10) басып озу - алдында жүріп келе жатқан көлік құралынан немесе көлік құралдары құрамынан жүріп келе жатқан жолағынан шығумен байланысты озып кету;

11) бөлу жолағы - жолдың аралас жүру бөлігін бөлетін және жолды елді мекеннен тыс кесіп өткен кезде жаяу жүргіншінің мәжбүрлі тоқтауын қоспағанда, рельссіз көлік құралдарының және жаяу жүргіншілердің жүруіне және тоқтауына арналмаған конструкциялық бөлінген элементі;

12) велосипед — екі немесе одан көп дөңгелегі бар (мүгедектерге арналған кресло-арбалардан басқа) және оның үстіндегі адамдардың дене күшімен қозғалысқа келтірілетін көлік құралы;

13) газон - өсімдіктерді отырғызу және саябақ ғимараттары үшін фон болып табылатын жасанды шөп жабыны бар жер учаскесі;

14) гүлзар - ондағы өсімдіктер өрнекті немесе суретті бейнелейтін геометриялық пішін түріндегі жер учаскесі;

15) елді мекен - оған кіретін және шығатын жерлері 5.22 - 5.25 белгілермен белгіленген, құрылыс салынған аумақ;

16) жаяу жүргінші - жолда көлік құралынан тыс жерде тұрған және онда жұмыс жүргізіп жатпаған адам. Мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын, велосипедті, мопедті, мотоциклді жетелеп әкеле жатқан, шана, арба, балалар арбасын сүйретіп келе жатқан жеке адамдар жаяу жүргіншілерге теңестіріледі;

17) жаяу жүргіншілер өткелі - жүру бөлігінің 5.16.1, 5.16.2 белгілерімен және (немесе) 1.14.1 - 1.1.14.3 таңбаларымен белгіленген және жаяу жүргіншілердің жолдан өтуі үшін бөлінген жолдың жүру бөлігінің учаскесі. Таңба болмаған жағдайда, жаяу жүргінші өткелінің ені жол осі бойынан 5.16.1 және 5.16.2 белгілерінің арасындағы арақашықтықпен айқындалады (осында және бұдан әрі жол белгілерінің нөмірленуі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі);

18) жеткіліксіз көріну — тұман, жаңбыр, шаң, қар жауу және сол сияқты жағдайларда, сондай-ақ қаракөлеңкеде жолдың 300 метрден кем көрінуі;

19) жолаушы — көлік құралының үстінде (ішінде) отыратын және оны басқармайтын адам;

20) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау - тұрақты тасымалдауға жатпайтын, белгіленген тәртіппен берілген лицензиялары бар тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып жүзеге асыратын тасымалдаулар;

21) жол — көлік құралдарының жүруі үшін жайғастырылып немесе ыңғайластырылып салынған және пайдаланылатын жердің барлық бөлінген жолағы не жасанды құрылыстың үсті. Жол бір немесе бірнеше жолдың жүру бөліктерін, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиегін және олар болған кезде бөлу жолақтарын қамтиды;

22) жол беру (кедергі туғызбау) - жол жүрісіне қатысушы, егер бұл оған қатысты артықшылығы бар жол жүрісіне басқа қатысушылардың жүру бағытын немесе жылдамдығын өзгертуге мәжбүр етуі мүмкін болса, жүруді бастамайтынын, қайта бастамайтынын немесе жалғастырмайтынын, қандай да болмасын маневрді жүзеге асырмайтынын білдіреді;

23) жол жиегі - жолдың жүру бөлігінің жиегі (немесе бордюр тасы) мен шеті арасында онымен бір деңгейдегі топырақты немесе жабынмен бекітілген жолақ;

24) жол жүрісі — жолдар шегінде адамдар мен жүктерді көлік құралдары арқылы немесе оларсыз тасымалдау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы;

25) жолдың жүру бөлігі - көлік құралдарының жүруі үшін пайдаланылатын жолдың бір бөлігі;

26) жол жүрісіне қатысушы — жол жүрісі процесіне жаяу жүргінші, жолаушы немесе жүргізуші ретінде тікелей қатысатын адам;

27) жол жүрісінің қауіпсіздігі - қатысушыларының жол-көлік оқиғалары мен олардың зардаптарынан, сондай-ақ жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халықтың дене саулығына теріс әсерінен қорғалу дәрежесін көрсететін жол жүрісінің жай-күйі;

28) жол жүрісін ұйымдастыру - жол жүрісін басқару жөніндегі ұйымдық-құқықтық, нормативтік-әдістемелік, жобалау-іздестіру, ұйымдық-техникалық, бақылау-қадағалау, өкімдік және басқа да іс-шаралар кешені;

29) жол-көлік оқиғасы - көлік құралының жолдағы қозғалысы процесінде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге материалдық залалға әкеп соққан оқиға;

30) жол қиылысы - жол қиылысы ортасынан неғұрлым алыстатылған жолдың жүру бөлігі дөңгеленуінің тиісінше қарама-қарсы басталуларын жалғап тұратын жорамалданған сызықтармен шектелген жолдардың бір деңгейде қиылысу, түйісу немесе тармақталу орны. Олардың алдынан басымдық белгілері қойылмаған дала, орман, тұрғын аймақтан шығу және басқа екінші дәрежелі жолдармен қиылысу (түйісу) орындары жол қиылысы болып саналмайды;

31) жүргізуші - көлік құралын басқаратын адам, жол бойымен мал табын, жүк артылған, жегілген немесе мініс малын айдаушы;

32) жүксіз масса — көлік құралының экипажсыз, жолаушылар мен жүксіз, бірақ толық отын қоры мен қажетті құрал-сайман жиынтығы бар массасы;

33) жүкті масса - тиелген көлік құралының, экипаж бен жолаушылардың нақты массасы;

34) жолдың жүру бөлігінің шеті - таңбалау сызығымен, ол жоқ болғанда, сондай-ақ жолдың жүру бөлігінің трамвай жолдарымен жол шетінде жанасатын жерлерде жол жабыны өтетін шартты сызықпен айқындалады. Жол жабынының жиегін, оның ішінде жол жағдайлары бойынша айқындау мүмкін болмаған кезде жолдың жүру бөлігінің шетін таптаурын жолақтың шеті бойынша жол жүрісіне қатысушы өзі айқындайды;

35) жүру жолағы — жолдың жүру бөлігінің ұзына бойғы таңбамен белгіленген немесе белгіленбеген және автомобильдің бір қатарда жүруіне жетерлік ені бар кез келген ұзына бойғы жолағы;

36) жүруге кедергі - осы жолақ бойымен жүруді жалғастыруға мүмкіндік бермейтін жүру жолағындағы қозғалмайтын объект. Кептеліс немесе осы жүру жолағында Қағидалардың талаптарына сәйкес тоқтаған көлік құралы кедергі болып табылмайды;

37) жүру үшін қауіптілік - оның барысында нақ сол бағытта және нақ сол жылдамдықпен жүрісті жалғастыру жол-көлік оқиғасының туындау қаупін тудыратын жол жүрісі процесінде туындайтын ахуал;

38) қатар ауыстыру — көлік құралының өзі жүріп келе жатқан жүру жолағын бастапқы жүру бағытын сақтай отырып ауыстыруы;

39) қауіпті жүк — тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және сақтау кезінде оған тән қасиеттерге және ерекшеліктерге байланысты жарылыстың, өрттің немесе техникалық құралдардың, қондырғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдануының, сондай-ақ адамдар, хайуанаттар өлімінің, жарақаттануының немесе сырқаттануының, қоршаған ортаға зиян келтіру себебі болуы мүмкін жүк;

40) көлік құралы - адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты жолдармен тасымалдауға арналған құрылғы;

41) күндізгі жүру жарықтары - тәуліктің жарық уақытында жүріп келе жатқан көлік құралының алдынан көрінуін жақсартуға арналған сыртқы жарық беру аспаптары;

42) маневр жасау - қозғалыстың аялдамадан (тұрақтан) басталуы, аялдау, бұрылу (кері бұрылу), орын ауыстыру, тежеу және көлік құралының артқы жүріспен қозғалысы;

43) маршруттық көлік құралы - жол бойымен жолаушыларды тасымалдауға арналған және белгіленген аялдама пункттері (аялдамалары) бар белгіленген маршрутпен жүретін жалпы пайдаланудағы көлік құралы (автобус, троллейбус, трамвай);

44) мәжбүрлі аялдау - оның техникалық ақауынан немесе ол әкеле жатқан жүк тудырған қауіптіліктен, жүргізушінің (жолаушының) жай-күйінен, жолда кедергі пайда болуынан көлік жүрісінің тоқтауы;

45) механикалық көлік құралы - мопедтер мен рельстік көлік құралдарын қоспағанда, қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін, өздігінен жүретін жол көлік құралы. Ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналар жол жүрісіне қатысқан кезде оларға да қолданылады;

46) мопед - цилиндрінің көлемі елу текше сантиметрден аспайтын іштен жану қозғалтқышымен жабдықталған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден аспайтын екі немесе үш дөңгелекті көлік құралы. Мопедтерге аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, мокиктер, скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да көлік құралдары теңестіріледі;

47) мотоцикл - қозғалтқышы бар, бүйір тіркемесімен немесе онсыз екі дөңгелекті механикалық көлік құралы. Мотоциклдерге жүктемесіз салмағы төрт жүз килограмнан аспайтын үш және төрт дөңгелекті көлік құралдары, цилиндрінің көлемі 50 текше сантиметрден асатын скутерлер және осыған ұқсас сипаттамасы бар басқа көлік құралдары теңестіріледі;

48) рұқсат етілген ең жоғарғы масса - жасаушы-кәсіпорын ең жоғары рұқсат етілетін ретінде белгілеген, көлік құралының жүк тиелген, жүргізуші мен жолаушылары бар массасы. Көлік құралдары құрамының, яғни тіркелген және біртұтас ретінде қозғалатын рұқсат етілген ең жоғары масса көлік құралының құрамға кіретін ең жоғары рұқсат етілген массасының жиынтығы болып қабылданады;

49) реттеуші - жолдағы жүрісті басқару бойынша реттеу іс-әрекеттерін орындауға уәкілетті, тиісті куәлігі мен жабдығы (нысандық киімі немесе айырым белгісі — қолына тағатын байлауышы, ала таяғы, қызыл белгісі не жарық шағылыстырғыш дискісі, қызыл шам немесе жалаушасы) бар, тәуліктің кез келген уақытында танылатын және көрінетін ішкі істер органдарының, әскери полиция қызметкері немесе жол-коменданттық бөлімшенің әскери қызметшісі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі көліктік бақылау органдарының (бұдан әрі - көліктік бақылау органдары) қызметкері, жол-пайдалану қызметінің қызметкері, теміржол өткеліндегі, паром өтпесіндегі кезекші;

50) тәуліктің қараңғы уақыты — кешкі қара көлеңкеден таңертеңгі елең-алаңға дейінгі уақыт аралығы;

51) теміржол өтпесі — жолдың темір жолдармен бір деңгейде қиылысуы. Жақын жердегі рельстен 10 м арақашықтықта жорамалданған сызықпен шектелген жол учаскесі өтпенің шекарасы болып табылады;

52) тоқтап тұру - көлік құралының жүрісін жолаушыларды отырғызуға немесе түсіруге не көлік құралын тиеуге немесе түсіруге байланысты емес себептер бойынша бес минуттан асатын уақытқа әдейі тоқтату;

53) тротуар - жолдың жүру бөлігіне қосылған немесе одан газонмен бөлінген, жаяу жүргіншінің жүруіне арналған жол бөлігі;

54) тұрғын аймақ - 5.38 белгісімен белгіленген учаске, құрылыс салынған аумақ немесе алқап;

55) тіркеме - қозғалтқышпен жабдықталмаған және механикалық көлік құралының құрамында жүруге арналған көлік құралы. Ұғым жартылай тіркемелер мен ұзартылмалы тіркемелерге де қолданылады;

56) ұйымдасқан жаяу жүргіншілер легі - осы Қағидалардың 3-бөлімі 2-тармағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және белгіленген жолмен жүріп бара жатқан жаяу жүргіншілер тобы;

57) ұйымдасқан көлік легі - көк түсті жарқылдақ маягі немесе көк және қызыл түсті маягі іске қосылған бас көлік құралы ілесіп жүретін, фаралары үнемі жанып тұрған, бір жүру жолағымен тікелей бірінің артынан бірі жүріп келе жатқан үш немесе одан да көп механикалық көлік құралдарының тобы;

58) ірі көлемді көлік құралы - көлемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген көлем мөлшерінен асатын, жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы.

3. Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарының оң жақпен жүруі белгіленген.

4. Жол жүрісін ұйымдастыруда қажетті өзгерістер мен шектеулер тек жол белгілерінің, жол таңбаларының, бағдаршамдар мен реттеушілер сигналдарының көмегімен, сондай-ақ қозғалысты реттеуге уәкілетті адамдардың өкімдерімен ғана белгіленген тәртіппен енгізіледі.

Жолдарда немесе жолдардың жекелеген учаскелерінде жол жүрісін ұйымдастыруды өзгерткен кезде жол жүруге қатысушыларға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланады.

5. Жол жүрісіне қатысушылар жол жүрісі үшін қауіп туғызбайтындай және зиян келтірмейтіндей етіп іс-қимыл жасауы тиіс.

Жол жүрісіне қатысушылар:

1) Қағидаларды, «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын білуге және сақтауға;

2) реттеушінің және бағдаршам сигналдарының, жол жүрісін реттеу үшін қолданылатын жол белгілерінің, жол таңбаларының, жол жұмыстары кезінде пайдаланылатын дыбыс және жарық сигналдарының, жедел және арнаулы қызметтердің көлік құралдарының арнайы жарық және дыбыс сигналдарының талаптарын орындауға;

3) жол жүрісі үшін қауіпсіз жағдайлар жасауға, өз әрекетімен немесе әрекетсіздігімен жол жүрісіне басқа қатысушыларға, олардың көлік құралдары мен өзге де мүлкіне зиян келтірмеуге;

4) жол жабынын бүлдірмеуге және ластамауға, жол белгілерін алып тастамауға, оларды көлегейлемеуге және бүлдірмеуге, жол белгілерін, бағдаршамдарды және жол жүрісін ұйымдастырудың басқа да техникалық құралдарын өз бетімен орнатпауға;

5) жол жүрісін қиындатпауға немесе жол жүрісіне кедергі келтіретін заттарды немесе материалдарды жолға лақтыру, түсіріп кету немесе қалдыру арқылы оның қауіпсіздігіне қатер төндірмеуге, жол жүрісі үшін бөгет жасауы, адамдарға қауіп төндіруі немесе мүлікке залал келтіруі мүмкін кез келген әрекеттерден тартынуға;

6) жолда жол жүрісі үшін кедергі анықталған немесе келтірілген жағдайда осы кедергіні жою жөнінде шаралар қолдануға, ал, егер бұл мүмкін болмаса - «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның талаптарына сәйкес немесе жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзге де тәсілмен осы кедергіні белгілеуге және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға немесе жол иелеріне кедергі туралы хабарлауға;

7) адал, әдепті әрекет етуге, мұқият және өзара сыпайы болуға, жол жүрісі үшін кедергілер мен қауіп келтірмеуге;

8) жолдарды ластауға жол бермеуге, оның ішінде арнайы бөлінген орындардан тыс жерге қоқыстарды, жол жүрісі үшін қауіп келтіретін заттарды және өзге де заттарды тастамауға;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жол жүрісі саласындағы өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

6. Қағидаларды бұзған адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.

7. Көлік құралын тоқтатқан жағдайда, көлік құралы жүргізушісінің құжаттарын тексеруге немесе көлік құралын пайдалануға құқығы бар адамдар көлік құралын тоқтату себептерін түсіндіреді және жүргізушінің талабы бойынша танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін қызметтік куәлігін жүргізушіге берместен, оны көрсетеді.

8. Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, егер зардап шеккендер болмаса, болған оқиғаның мән-жайларын бағалауда жүргізушілер өзара келіскен кезде оқиғаның схемасын алдын ала жасап және оған қол қойып, оқиғаны ресімдеу үшін ішкі істер органдарының жақын бөлімшесіне келеді.


2. Жүргізушілердің жалпы міндеттері

1. Механикалық көлік құралының жүргізушісі:

1) мыналарды:

көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін не жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлікті жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжатпен бірге;

көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не көлік құралына меншік құқығын куәландыратын құжатты;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін;

жол парағын, алып жүретін жүкке арналған құжатты (тауар-көліктік жүкқұжатты) және көлік құралына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттарды өзімен бірге алып жүруге және ішкі істер органдарының, көліктік бақылау органдарының уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының талабы бойынша оларға тексеру үшін беруге;

2) ішкі істер, көліктік бақылау органдарының нысанды киім киген қызметкерінің дауыс күшейткіш құрылғысының көмегімен, ысқырып сигнал берумен бір мезгілде жүргізушіге түсінікті және орындалуы авариялық жағдай туғызбайтындай етіп дер кезінде берілуге тиіс көлік құралына бағытталған қол қимылымен немесе таяқшамен сигнал беруі арқылы көлік құралын тоқтату туралы талабы бойынша көлік құралын тоқтатуға;

3) көлік құралының өздігінен жүріп кетуін болғызбайтын шаралар қолданбай, сондай-ақ оны ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда, оның рұқсатынсыз көлік құралын тастап кетпеуге;

4) ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша масаң күйін куәландырудан өтуге;

5) қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралымен жүрген кезде белдікті тағуға және белдік тақпаған жолаушыларды тасымалдамауға;

6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жағдайларда, осы Қағидаларды білуін тексеруден өтуге;

7) көлік құралын:

шығындарды өтеттіре отырып, медициналық көмек көрсету үшін жол-жөнекей бағытта кетіп бара жатқан медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ жедел медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу кезінде жүру бағытына қарамастан, медицина қызметкерлеріне, ішкі істер органдарының және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне;

жол-көлік оқиғалары кезінде бүлінген көлік құралдарын тасымалдау, дүлей зілзала болған жерге бару үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне беруге;

Ескертпе:

көлік құралын беру туралы талап шетел мемлекеттері өкілдіктерінің және дипломатиялық иммунитеті бар халықаралық ұйымдардың көлік құралдарына қолданылмайды;

көлік құралын пайдаланған адам жүргізушінің талабы бойынша анықтама беруі немесе жол парағына жазба (жүрудің қанша уақытқа созылғандығы, жүріп өткен қашықтықты, өзінің тегін, лауазымын, қызметтік куәлігінің нөмірін, өз ұйымының атауын көрсетіп) жасауы тиіс;

мемлекеттік ұйымдардың жоғарыда аталған қызметкерлеріне көлік құралдарын беруге байланысты келтірілген шығыстарды көлік құралы иесінің талабы бойынша белгіленген тәртіппен осы ұйымдар өтейді;

8) жол-көлік оқиғасы кезінде оған қатысы бар жүргізуші:

Қағидалардың 7-бөлімі 2-тармағының талаптарына сәйкес көлік құралын дереу тоқтатуға (орнынан қозғамауға), авариялық жарық сигнал беруін қосуға және авариялық тоқтау белгісін (жанып-сөнетін қызыл фонарь) қоюға, оқиғаға қатысы бар заттарды қозғамауға;
зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету үшін ықтимал шараларды қолдануға, жедел медициналық жәрдем шақыруға, ал шұғыл жағдайларда зардап шеккендерді жол-жөнекей көлікпен жөнелтуге, егер бұл мүмкін болмаса, өзінің көлік құралымен жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізуге, өзінің тегін, көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргізуші куәлігін және көлік құралына берілген тіркеу құжатын көрсете отырып) және оқиға болған жерге қайтып келуге;

Қағидалардың 1-бөлімі 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, болған оқиға туралы жақын жердегі ішкі істер органына дереу хабарлауға, оны көргендердің тектері мен мекенжайларын жазып алуға және ішкі істер органдары қызметкерлерінің келуін күтуге;

егер басқа көлік құралдарының жүруі мүмкін болмаса, жолдың жүру бөлігін босатуға;

жолдың жүру бөлігін босату қажет болған кезде оқиғаға қатысы бар көлік құралының орналасуын, іздер мен заттарды куәлардың қатысуымен алдын ала белгілеп, оларды сақтауға барлық ықтимал шараларды қолдануға және оқиға болған жерді өзгелердің айналып өтуін қамтамасыз етуге міндетті.

Мотоциклді басқару кезінде жүргізушілер түймеленген мотошлемде болады.

Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Халықаралық жол жүрісіндегі көлік құралдарына Қазақстан Республикасының аумағындағы жол жүрісіне қатысуға Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес берілген:

1) көлік құралын, тіркемені тіркеу туралы куәлік;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет