Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің

Loading...


жүктеу 136.32 Kb.
Дата18.02.2017
өлшемі136.32 Kb.




Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-6 санатына: жоғары немесе ортадан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
C-R-5 санатына: жоғары немесе ортадан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 12639 тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-O-6

66 626

101 604

С-R-5

64960

88279


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Маңғыстау облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, индекс 130000, Ақтау қаласы, 3«б» шағын ауданы, 46-үй, каб.№206, анықтама телефоны: 50-85-65, мемлекеттік органның электрондық поштасы: mang.dzpp@economy.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. Департаменттің санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің жетекші маманы (С-О-6 санаты, 1 бірлік).

Функционалды міндеті: Өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді алдын ала және ағымдағы мемлекеттік санитариялық-гигиеналық қадағалауды, оның ішінде еңбек гигиенасы, радиациялық гигиена, пестицидтердің токсикологиясы, электр магинттік өрістер мен физикалық факторлар, қоршаған орта факторларының (су, топырақ, атмосфералық ауа) халықтың денсаулығына әсері мәселелері бойынша қадағалауды жүзеге асыру. Жобалау-сметалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу, құрылыстың барысын қадағалау және аяқталған құрылыс объектілерін қабылдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Профилактикалық және санитариялық-гигиеналық іс-шараларды жүргізу. Балалар және білім беру мекемелерін, мектепке дейінгі, мектеп мекемелерін жобалауға және салуға санитариялық-гигиеналық қадағалау жүргізу, балалар ассортиментінің тауарлары мен заттарын, сондай-ақ оларды дайындауға арналған материалдарды гигиеналық бағалау, оқыту режимі мен бағдарламасын сараптау. Бөлімдегі ісқағаздарын және мониторингті жүргізу. Тамақтану және сауда объектілерін, базарларды, азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарын санитариялық-гигиеналық қадағалауды жүргізуге қатысу, тұрғындардың арасында тағамнан уланудың өршуі жағдайларын тексеру. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын құруға және оның орындалуына талдау жүргізунге қатысу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау. Техникалық регламенттердің талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің жұмысының жағдайына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыруға қатысу. Құзыретінің шегінде департаменттің аумақтық басқармаларының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (дәрігерлік емдеу ісі, қоғамдық денсаулық сақтау), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, стандарттау, сертификаттау және метрология), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), жаратылыстану ғылымдары (экология).

Орта білімнен кейінгі білім: гигиена және эпидемиология (гигиенист-эпидемиология).


2. Департаменттің карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды (оның ішінде туберкулезді) эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы (С-О-6 санаты, 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі кезеңінде уақытша лауазым 29.06.2018ж. дейін).

Функционалды міндеті: Департаменттің аумақтық басқармаларының қызметін талдауға қатысу. Карантиндік, аса қауіпті инфекциялар, туберкулез мәселелері және мониторинг бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты жүргізу. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Басқармалар ұсынатын карантиндік, аса қауіпті аурулар мен туберкулез жөніндегі есептерді жинақтау. Санитариялық-эпидемиологиялық мәселелер бойынша бағдарламаларды әзірлеу және олардың орындалуын бақылау. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын және өтініштерін қарау. Департаменттің аумақтық басқармаларына практикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтың сақталуын қамтамсыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (дәрігерлік емдеу ісі, қоғамдық денсаулық сақтау), жартылыстану ғылымдары (биология).

Ортадан кейінгі білім: гигиена және эпидемиология (гигиенист-эпидемиолог).


3. Департаменттің инфекциялық, паразиттік ауруларды және ауруханаішілік инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы (С-О-6 санаты, 2 бірлік, оның ішінде 1 бірлік тұрақты, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі кезеңінде уақытша лауазым 28.01.2018ж. дейін)

Функционалды міндеті: Тұрғындардың денсаулығын инфекциялық және паразиттік аурулардан қорғау мақсатында эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру. Облыстағы және өңірлердегі эпидемиологиялық процессті болжауды ұйымдастыру және жүргізу. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу. Инфекциялық және паразиттік аурушаңдықтың алдын алу жөніндегі қолданыстағы бұйрықтардың орындалуын бақылау. Медициналық және гигиеналық білімді насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде тұрғындар арасында санитариялық-ағарту жұмысын ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу. Трансмиссивті аурулардың тасымалдаушыларын энтомологиялық қадағалауды жоспарлау және ұйымдастыру. Департаменттің басқармаларымен энтомологиялық мәселелер бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс. Облыстағы анофелогендік су қоймаларын паспорттау бойынша жұмыс жүргізу. Жою іс-шараларын ұйымдастыру және бақылау. Бөлімдегі ісқағаздарын және мониторингті жүргізу. Емдеу-профилактикалық ұйымдарын, ауруханаішілік инфекцияларды инфекциялық бақылаудың ұйымдастырылуын қадағалау бойынша қызметті талдау. Ауруханаішілік инфекциялармен сырқаттанушылыққа мониторинг жасау. Облыстың емдеу-профилактикалық ұйымдарында санитариялық-гигиеналық, дезинфекциялау-стерилдеу және санитариялық-эпидемиологиялық режимдерінің сақталуын бақылау. Медициналық ұйымдардың қалдықтарының жиналуын, пайдаланылуын, залалсыздандырылуын, сақталуын және жойылуын қадағалау. Ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, Департаменттің аумақтық басқармаларына практикалық көмек көрсету. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын жасауға және олардың орындалуын талдауға, бөлім жұмысының көрсеткіштерін дайындауға қатысу. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары бойынша ақпараттарды дайындау. Инфекциялық және паразиттік аурулар мәселелері бойынша объектілерге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға, облыс аумағы бөлігінде инфекциялық сырқаттанушылықты есептеуге және ретроспективтік талдау дайындауға, инфекциялық сырқаттанушылықтың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды әзірлеуге қатысу. Вакцинадан кейінгі шиеленіске, вакциналардың қозғалысына, егулермен қамтуға мониторинг жүргізу. Облыс аумағы бөлігінде инфекциялық сырқаттанушылық жағдайына, эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (дәрігерлік емдеу ісі, қоғамдық денсаулық сақтау), жартылыстану ғылымдары (биология).

Ортадан кейінгі білім: гигиена және эпидемиология (гигиенист-эпидемиолог).


4. Департаменттің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс, автоматтандырылған басқару жүйесі және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің жетекші маманы (С-О-6 санаты, 1 бірлік).

Функционалды міндеті: Келіп түсетін хат-хабарламалардың сапасына және уақтылы орындалуын, электрондық құжат айналымының жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру. Конференцияларды, семинарларды, қоғамдық іс-шараларды өткізуге қатысу. Департаментте және аумақтық басқармаларда ісқағаздарының жүргізілуін, құжаттарды есепке алу мен сақтау тәртібін бақылау. Жергілікті желі мен электрондық құжат айналымының жұмысын қамтамасыз ету. Ақпаратты автоматтандыра өңдеу жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету. Бағдарламалық жасақтаманы енгізу және қолдау. Әкімшілік ықпал етудің қолданылатын шараларын тіркеу, есепке алу, бақылау, талдау. Қалалар мен аудандардың басқармаларының статистикалық есептерін қабылдау, талдау және жинақтау. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғамдық байланыс), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (дәрігерлік емдеу ісі, қоғамдық денсаулық сақтау), білім (қазақ тілі мен әдебиеті), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету).

Орта білімнен кейінгі білім: құқықтану (кеңесші-заңгер), гигиена және эпидемиология (гигиенист-эпидемиолог).


5. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ақтау қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы (С-R-5 санаты, 1 бірлік)

Функционалды міндеті: Зерттеулерді зертханалық бақылауды жүргізе отырып, бақылаудағы объектілерге ағымдық эпидемиологиялық қадағалауды, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары бойынша ақпараттар дайындау. Ақпараттық бюллетеньдерді, сапалы көрсеткіштерді құру, инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті аурулардың ошақтарында профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Энтомологиялық мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (дәрігерлік емдеу ісі, қоғамдық денсаулық сақтау).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: гигиена және эпидемиология (гигиенист-эпидемиолог).


6. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жаңаөзен қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің жетекші маманы (С-R-5 санаты, 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі кезеңінде уақытша лауазым 14.03.2018ж.дейін)

Функционалды міндеті: Бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау және орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуының талдауын, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындауға қатысу. Ісқағаздарын және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (дәрігерлік емдеу ісі, қоғамдық денсаулық сақтау), техникалық ғылымдар және технологиялар (азық-түлік өнімдерінің технологиясы, стандарттау, сертификаттау және метрология), аратылыс тану ғылымдары технологиялар(жаратылыстану ғылымдары (экология).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: гигиена және эпидемиология (гигиенист-эпидемиолог).


7. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жаңаөзен қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы (С-R-5 санаты, 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі кезеңінде уақытша лауазым 27.08.2018ж.дейін)

Функционалды міндеті: Зерттеулерді зертханалық бақылауды жүргізе отырып, бақылаудағы объектілерге ағымдық эпидемиологиялық қадағалауды, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары бойынша ақпараттар дайындау. Ақпараттық бюллетеньдерді, сапалы көрсеткіштерді құру, инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті аурулардың ошақтарында профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Энтомологиялық мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (дәрігерлік емдеу ісі, қоғамдық денсаулық сақтау).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: гигиена және эпидемиология (гигиенист-эпидемиолог).



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабардар етілген күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған басқарманың қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.


Шағымдану тәртібі:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.



: sites -> default -> files -> pages
pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
pages -> Конкурс туралы хабарландыру
pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...