«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және «Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы №15-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы»

Loading...


жүктеу 0.84 Mb.
бет2/3
Дата05.03.2017
өлшемі0.84 Mb.
1   2   3


* Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы
20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесін ескеріп, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша.
Мемлекеттік органның

бірінші басшысы_____________/________________                          қолы          қолдың толық                                                 жазылуы

      __________________ 
            күні


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің Регламентіне

1-қосымша
__________________

жобаның атауы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА



Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган




2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі




3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар




4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар




5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі




6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер




7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі




8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері.




9.

Өзге де мәліметтер




10.

Республики Казахстан» Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі




11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат




12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)





* Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы
20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесін ескеріп, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша.
Мемлекеттік органның

бірінші басшысы_____________/_____________                          қолы          қолдың толық                                                 жазылуы

      __________________ 
            күні


«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің қажеттілігін алып тастау бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен түзетулер енгізілді.

4

«Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы 840 қаулысы

21

3-тармақ

«3. Уәкілетті органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының келесі екі жылға арналған перспективалық жоспарын орындау үшін Мемлекет басшысының тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік бағдарламалар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бағдарламаларды, Үкіметтің шешімдерін, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, сондай-ақ қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдарды ескере отырып әзірлейді.».

«3. Уәкілетті органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарын орындау үшін Мемлекет басшысының тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік бағдарламалар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бағдарламаларды, Үкіметтің шешімдерін, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, сондай-ақ қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдарды ескере отырып әзірлейді.».

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру,

перспективалық жоспарлауды алып тастау мақсатында.


5

«Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысы

22

1-тармақ

1. Осы Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жататын Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулыларын, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiн, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) нормативтiк құқықтық шешiмдерiн (бұдан әрі - нормативтік құқықтық актілер) ресімдеу мен келісу тәртібін айқындайды.

1. Осы Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жататын Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволарының нормативтiк құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулыларын, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiн, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) нормативтiк құқықтық шешiмдерiн (бұдан әрі - нормативтік құқықтық актілер) ресімдеу мен келісу тәртібін айқындайды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру

мақсатында.


6

«Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы»

Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысы




Правилах государственной регистрации нормативных правовых актов

23

1-тармақ

1. Жалпы ережелер
1. Осы Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар):

1) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулыларын, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiн, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiн (бұдан әрі – нормативтік құқықтық актілер) мемлекеттiк тiркеу мерзiмдерiн, мемлекеттік тіркеуге ұсыну тәртiбiн;

2) мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын нормативтiк құқықтық актілерге қойылатын талаптарды;

3) нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзудi;

4) нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеуден бас тарту тәртiбiн;

5) тiркелген нормативтiк құқықтық актілердi қолданысқа енгiзудi;

6) тiркелген нормативтiк құқықтық актілердiң қолданысын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртiбiн айқындайды.
2. Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу
2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын және мемлекеттік құпияларды қамтитын актілерді қоспағанда, осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады.
3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1173 қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеу қажеттiлiгi туралы мәселенi шешу үшiн сол немесе өзге актінi ұсыну туралы сауалдарын орталық және жергiлiктi органдар мұндай сауал келiп түскен сәттен бастап екi аптаның iшiнде орындайды. 
5. Орталық органдардың нормативтiк құқықтық актілерiн мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi, жергiлiктi органдардың нормативтiк құқықтық актілерiн - аумақтық әдiлет органдары құжаттардың ұсынылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде жүзеге асырады.
5-1. Жергілікті органдардың жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау, әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді аумақтық әділет органдары құжаттар ұсынылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
6. Нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеу мыналарды қамтиды: 

1) заң сараптамасын:

құқық нормасының болуы және мемлекеттiк тiркеудiң қажеттiлiгi мәнiне;

актінiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуiне;

2) орталық органның нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындысын - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң немесе оның орынбасарының, жергiлiктi органының - аумақтық әдiлет органының басшысының бекiтуi; 

3) нормативтiк құқықтық актінi Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне оған мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн бере отырып енгiзу; 

4) негiзгi нормативтiк құқықтық актінiң бiрiншi парағының жоғарғы оң бұрышында нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеу туралы мөртабан қою, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындының бiрiншi парағының жоғарғы оң бұрышында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң немесе оның аумақтық органының елтаңбалық мөрiн қою. Нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындының және мөртабанның үлгiлiк нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтедi;

5) тiркелген нормативтiк құқықтық актілердi жiберу:

бiр данасы (түпнұсқалары) нормативтiк құқықтық актінi ұсынған органға жiберiледi;

екiншi және үшiншi даналары Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жiберiледi (осы тәртiп мемлекеттiк құпияны қамтитын нормативтiк құқықтық актілерге қолданылмайды); 

нормативтiк құқықтық актінiң төртiншi данасы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде немесе оның аумақтық органдарында қалады.

Нормативтiк құқықтық актінiң әрбiр жiберiлетiн данасына нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытынды қоса берiледi (егер нормативтiк құқықтық акті азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты болса, қорытындыда оны ресми жариялау қажеттiлiгi көрсетiледi).


7. Мемлекеттiк тiркеуден өткен нормативтiк құқықтық актілерге енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар осы Қағидалармен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
3. Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеуге ұсыну тәртiбi
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, осы орган басқармасының отырысында осы актілер қабылданған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күннің ішінде ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде, елтаңбалық мөрмен расталған баспа және электрондық түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қоса алғанда, төрт данада ұсынылады.

Егер нормативтік құқықтық актіні екі және одан да көп мемлекеттік орган бірлескен акті түрінде қабылдаған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органдар саны бойынша нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қосымша ұсынады.

Нормативтік құқықтық акті мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген (бекітілген) жағдайда, нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуге мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен (бекіткен) күнінен бастап екі апта ішінде ұсынылады.

Орталық немесе жергілікті органның бiрiншi басшысы болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқаратын адам бекiткен нормативтiк құқықтық актінi ұсынған осы орган оған тиiстi мiндеттер жүктелгенi туралы құжаттың көшiрмесiн де ұсынуға тиiс.

Тіркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеуге қайта ұсынған жағдайда, ол тиiстi орталық немесе жергiлiктi органның қайта бекiтуiне жатады және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына осы тармақта белгiленген тәртiппен және мерзiмде ұсынылады.

Бұл ретте, нормативтік құқықтық актіге ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың қайталама қорытындысының көшірмесі және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге қайталама сараптамалық қорытындының көшірмесі қоса беріледі.


9. Нормативтiк құқықтық актіге Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі белгілеген нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде анықтама-негiздеме қоса берiледi және мыналарды:

1) нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік органның атауын;

2) нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтемемен нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесін (органның құзыреті);

3) нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесін (нақты мақсаттар, дәлелдер және акті неге байланысты қабылданды);

4) осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені немесе күші жойылды деп танылғаны туралы ұсыныстарды әзірлеу туралы мәліметтерді;

5) осы Қағидалардың 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді;

6) осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсімдердің қысқаруын көздейтіндігі;

7) нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтерді;

8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату) туралы мәліметтерді;

9) сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) қамтуға тиіс.

Қоса берiлетiн анықтама-негіздемеге осы актінi шығарған орган заң қызметiнің басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам не осы актіні шығарған органның заң қызметi басшысын алмастыратын адам қол қояды.

Бірлескен нормативтік құқықтық актіні ұсынған жағдайда қоса берілетін анықтама-негіздемеге оны мемлекеттік тіркеуге ұсынған орган заң қызметінің басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам не осы актіні шығарған органның заң қызметi басшысын алмастыратын адам қол қояды.

Мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда, анықтама-негіздемеге осы нормативтік құқықтық актіні әзірлеген тиісті құрылымдық бөлімше басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам қол қояды.

Жергілікті органда заң қызметі болмаған жағдайда, анықтама-негіздемеге осы актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органда заңгер функцияларын орындайтын адам не жергілікті органның бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам қол қояды.


4. Мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған нормативтiк құқықтық актілерге қойылатын талаптар
10. Мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын нормативтiк құқықтық акті мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс: 

1) нормативтiк құқықтық актінi қабылдау рәсiмiнiң сақталуына:

алқа (сайланбалы) органы үшiн - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі;

орталық және жергiлiктi орган үшiн - бiрiншi басшының не ол болмаған жағдайда оның мiндетiн атқаратын адамның қолының болуы;

2) қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгi: 

Қазақстан Республикасының Конституциясына; 

Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заңдарға; 

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлықтарына

Қазақстан Республикасының кодекстерiне, заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлықтарына; 

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң нормативтiк қаулыларына; 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтарына; 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтік қаулыларына; 

орталық және жергiлiктi органдардың нормативтік құқықтық актілерiне; 

3) егер келiсу қажет болса, нормативтiк құқықтық актінiң келiсiмiнiң болуы; 

4) нормативтiк құқықтық актінiң деректемелерiнiң болуы: 

5) негізгi нормативтiк құқықтық актіде оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмiн қамтитын нормалардың болуы; 

6) нормативтiк құқықтық актінің құрылымына қойылатын талаптардың сақталуы; 

7) нормативтiк құқықтық акті мәнiнiң мазмұндалу стилiне қойылатын талаптардың сақталуы;

8) егер нормативтiк құқықтық актінiң мәтiнiнде оларға сiлтеме жасалған жағдайларда қосымшалардың болуы; 

9) нормативтiк құқықтық актілердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi, соның iшiнде қосымшалардағы мәтiндерiнiң де сәйкес келуi; 

10) нормативтiк құқықтық актінiң барлық парақтарына осы актінi қабылдаған (келiскен) органның заң қызметi басшысының, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адамның не заң қызметi басшысын алмастыратын адамның әрбір парағына қол қоюы жүргiзiледі.

Мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда әрбір параққа қол қоюды осы нормативтік құқықтық актіні әзірлеген тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам жүргізеді.

Жергілікті органда заң қызметі болмаған жағдайда әрбір параққа қол қоюды осы органда заңгер функцияларын орындайтын адам не мемлекеттік органның бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам жүргізеді;

11) «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес нормативтік құқықтық актіге сараптамалық қорытынды көшірмесінің болуы;

12) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге сараптамалық қорытынды көшірмесінің болуы;

13) жүргізілуі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті сараптамалық қорытындылар көшірмесінің болуы.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдаған орган сараптамалық қорытындымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда ілеспе хатта сараптамалық қорытындымен және/немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысымен келіспеу себептеріне дәлелді негіздеме келтіреді.
11. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.09.16 № 1067 Қаулысымен.
12. Нормативтiк құқықтық актілердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi мәтiндерiнiң сәйкес келуiн нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған орталық және жергiлiктi орган қамтамасыз етедi.
5. Нормативтік құқықтық актілердi мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу
13. Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiн жүргiзудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі және оның аумақтық органдары жүзеге асырады. 
14. Тiзiлiмде мемлекеттік тiркеу күнi, берiлген мемлекеттік тіркеу нөмiрi, нормативтік құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органның атауы, нормативтiк құқықтық актінiң күнi, нөмiрi және атауы, нормативтік құқықтық актінi ресми жариялау, нормативтік құқықтық актіге енгiзiлетін өзгерістер мен толықтырулар, нормативтік құқықтық актінiң қолданысын тоқтата тұру, тоқтату туралы мәлiметтер көрсетiледi.

Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi белгiлейдi.


6. Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеуден бас тарту тәртiбi
15. Егер нормативтік құқықтық актілер:

1) азаматтардың заңда белгіленген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірсе;

2) заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзса;

3) жоғары деңгейде тұрған нормативтік құқықтық актілерге қайшы келсе;

4) нормативтік құқықтық актіні шығарған орган құзыретінің шегінен тыс болса;

5) мүдделі органдармен келісілмесе;

6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түріндегі қосымшалары болмаса;

7) мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген, сондай-ақ мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу мен келісу тәртібін бұза отырып қабылданса, мұндай актілерді мемлекеттік тіркеуден бас тартылады.

Бас тарту туралы бас тартудың негіздері көрсетіле отырып, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органға жазбаша хабарланады.

Мемлекеттік тіркеуден бас тартқан жағдайда нормативтік құқықтық актінің бір данасы (көшірмесі) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органында қалады.

Мүдделі мемлекеттік орган мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актіні тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасай алады.
16. Нормативтік құқықтық акті мынадай талаптар сақталмаған жағдайда бір жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға қараусыз керi қайтарылады:

1) нормативтік құқықтық актіде Заңның 17-бабында көрсетілген деректемелердің біреуінің болмауы;

2) нормативтік құқықтық актіні елтаңбалық мөрмен расталған баспа және электрондық түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қоса алғанда төрт данада ұсынбау;

3) нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі анықтама-негіздеменің қоса берілмеуі;

4) қоса берілген анықтама-негіздеменің осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

5) нормативтік құқықтық актінің барлық парақтарына қол қою жүргізілмеуі;

6) осы Қағидалардың 10-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актіге сараптамалық қорытынды көшірмесінің болмауы;

7) бiрiншi басшы болмаған жағдайда оның мiндетiн атқаратын адамға тиiстi мiндеттер жүктелгенi туралы құжат көшiрмесiнің болмауы.

Бұл жағдайда орталық немесе жергілікті орган анықталған бұзушылықтарды жояды және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзім сақталған кезде оны қайта бекітпей мемлекеттік тіркеуге қайта ұсынады.
17. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартуды алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде орталық немесе жергілікті органның басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы тиісті акт шығарады және оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына жібереді.

Бұл тәртіп алқалы түрде шешім қабылдайтын орталық органдарға және кезекті (кезектен тыс) отырыста немесе сессияда бекіткен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы актіні ұсынатын мәслихатқа қолданылмайды.

Егер нормативтік құқықтық акт бірлескен актімен қабылданса және оны тіркеуден бас тартылса, нормативтік құқықтық актіні бірлесе отырып қабылдаған мемлекеттік органдардың басшылары не олар болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқарушы адамдар нормативтік құқықтық актіні жою туралы бірлескен акті шығарады.
17-1. Пысықтау мақсатында, әзірлеуші мемлекеттік орган өзінің бастамасы бойынша осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден қайтаруы мүмкін.

Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден қайтару әзірлеуші мемлекеттік орган хатының негізінде жүргізіледі.

Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актіні қайтаратын әзірлеуші-мемлекеттік органның хаты әділет органдарына келіп түскеннен кейін, осы нормативтік құқықтық акт хаттың келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға тиісті хатпен қайтарылады.

Хатты алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде орталық немесе жергілікті органның басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам мемлекеттік тіркеуден қайтарылған нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы тиісті акт шығарады және оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына жібереді.


7. Нормативтiк құқықтық актілердi қолданысқа енгiзу
18. Мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде және оның аумақтық органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс нормативтiк құқықтық актілердің күшіне енуі үшiн қажеттi шарт болып табылады. 

Тiркелмеген нормативтiк құқықтық актілердiң құқықтық күшi болмайды.


19. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде және оның аумақтық органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актілер «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес қолданысқа енгiзiледi.

Жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актінi қолданысқа енгiзу мерзiмдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн талаптарға байланысты қызметтi жүзеге асыруға дайындау үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне қажеттi мерзiмдерден көрiне отырып белгiленуге тиiс. 

Нормативтiк құқықтық актілердi қолданысқа енгiзу тәртiбi мен мерзiмдерi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс. 
20. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актілердi қолданысқа енгiзудiң мiндеттi шарты оларды ресми жариялау болып табылады.

 21. Нормативтiк құқықтық актінi ресми жариялау және жiберу кезiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнiн көрсету мiндеттi болып табылады. 

Орталық және жергiлiктi органдардың нормативтiк құқықтық актілерiн ресми жариялау Қазақстан Республикасының белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
8. Тiркелген нормативтiк құқықтық актілердiң қолданылуын тоқтата тұрудың және тоқтатудың тәртiбi
22. Нормативтiк құқықтық актіні күшi жойылды деп таныған не оның қолданысын белгiлi бiр мерзiмге тоқтата тұрған кезде осы актінi қабылдаған орган немесе осыған уәкiлеттi орган бiр апта мерзiмде растайтын актінiң көшiрмесiн қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне немесе оның аумақтық органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлайды.

Бірлескен нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды немесе тоқтатылды деп оларды бірлесе қабылдаған орталық немесе жергілікті органдар таниды.

Бұл тәртіп өзге мемлекеттік органдармен келісім бойынша қабылданған актілерге де қолданылады.

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi немесе оның аумақтық органдары Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi жазбалар жасайды. 

Нормативтiк құқықтық актінiң немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жекелеген нормативтiк құқықтық актімен жүзеге асырылады.
23. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығы берілген мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған жағдайда, құқықтық мирасқорға нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығымен бірге өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді өзгерту, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру жөніндегі өкілеттіктер ауысады.


1. Жалпы ережелер
1. Осы Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар):

1) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының, ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулыларын, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiн, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiн (бұдан әрі – нормативтік құқықтық актілер) мемлекеттiк тiркеу мерзiмдерiн, мемлекеттік тіркеуге ұсыну тәртiбiн;

2) мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын нормативтiк құқықтық актілерге қойылатын талаптарды;

3) нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзудi;

4) нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеуден бас тарту тәртiбiн;

5) тiркелген нормативтiк құқықтық актілердi қолданысқа енгiзудi;

6) тiркелген нормативтiк құқықтық актілердiң қолданысын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртiбiн айқындайды.
2. Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу
2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын және мемлекеттік құпияларды қамтитын актілерді қоспағанда, осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеу қажеттiлiгi туралы мәселенi шешу үшiн сол немесе өзге актінi ұсыну туралы сауалдарын орталық органдар, олардың ведомстволары және жергiлiктi органдар мұндай сауал келiп түскен сәттен бастап екi аптаның iшiнде орындайды. 
4. Орталық органдардың және олардың ведомстволарының нормативтiк құқықтық актілерiн мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi, жергiлiктi органдардың нормативтiк құқықтық актілерiн - аумақтық әдiлет органдары құжаттардың ұсынылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде жүзеге асырады.
5. Жергілікті органдардың жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау, әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді аумақтық әділет органдары құжаттар ұсынылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
6. Нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеу мыналарды қамтиды: 

1) заң сараптамасын:

құқық нормасының болуы және мемлекеттiк тiркеудiң қажеттiлiгi мәнiне;

актінiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуiне;

2) орталық органның және оның ведомствосының нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындысын - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң немесе оның орынбасарының, жергiлiктi органының - аумақтық әдiлет органының басшысының бекiтуi;

3) нормативтiк құқықтық актінi Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне оған мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн бере отырып енгiзу; 

4) негiзгi нормативтiк құқықтық актінiң бiрiншi парағының жоғарғы оң бұрышында нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеу туралы мөртабан қою, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындының бiрiншi парағының жоғарғы оң бұрышында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң немесе оның аумақтық органының елтаңбалық мөрiн қою. Нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындының және мөртабанның үлгiлiк нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтедi;

5) тiркелген нормативтiк құқықтық актілердi жiберу:

бiр данасы (түпнұсқалары) нормативтiк құқықтық актінi ұсынған органға жiберiледi;

екiншi және үшiншi даналары Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жiберiледi (осы тәртiп мемлекеттiк құпияны қамтитын нормативтiк құқықтық актілерге қолданылмайды); 

нормативтiк құқықтық актінiң төртiншi данасы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде немесе оның аумақтық органдарында қалады.

Нормативтiк құқықтық актінiң әрбiр жiберiлетiн данасына нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытынды қоса берiледi (егер нормативтiк құқықтық акті азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты болса, қорытындыда оны ресми жариялау қажеттiлiгi көрсетiледi).


7. Мемлекеттiк тiркеуден өткен нормативтiк құқықтық актілерге енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар осы Қағидалармен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
3. Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеуге ұсыну тәртiбi
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, осы орган басқармасының отырысында осы актілер қабылданған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күннің ішінде ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, орталық органдардың, олардың ведомстволарының және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде, елтаңбалық мөрмен расталған баспа және электрондық түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қоса алғанда, төрт данада ұсынылады.

Егер нормативтік құқықтық актіні екі және одан да көп мемлекеттік орган бірлескен акті түрінде қабылдаған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органдар саны бойынша нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қосымша ұсынады.

Нормативтік құқықтық акті мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген (бекітілген) жағдайда, нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуге мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен (бекіткен) күнінен бастап екі апта ішінде ұсынылады.

Орталық органның, оның ведомствосының немесе жергілікті органның бiрiншi басшысы болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқаратын адам бекiткен нормативтiк құқықтық актінi ұсынған осы орган оған тиiстi мiндеттер жүктелгенi туралы құжаттың көшiрмесiн де ұсынуға тиiс.

Тіркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеуге қайта ұсынған жағдайда, ол тиiстi орталық органның, оның ведомствосының немесе жергiлiктi органның қайта бекiтуiне жатады және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына осы тармақта белгiленген тәртiппен және мерзiмде ұсынылады.

Бұл ретте, нормативтік құқықтық актіге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге қайталама сараптамалық қорытындының көшірмесі қоса беріледі.


9. Нормативтiк құқықтық актіге Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі белгілеген нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде анықтама-негiздеме қоса берiледi және мыналарды:

1) нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік органның атауын;

2) нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтемемен нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесін (органның құзыреті);

3) нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесін (нақты мақсаттар, дәлелдер және акті неге байланысты қабылданды);

4) осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені немесе күші жойылды деп танылғаны туралы ұсыныстарды әзірлеу туралы мәліметтерді;

5) осы Қағидалардың 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді;

6) осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсімдердің қысқаруын көздейтіндігі;

7) нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтерді;

8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату) туралы мәліметтерді;

9) сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) қамтуға тиіс.

Қоса берiлетiн анықтама-негіздемеге осы актінi шығарған орган заң қызметiнің басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам не осы актіні шығарған органның заң қызметi басшысын алмастыратын адам қол қояды.

Бірлескен нормативтік құқықтық актіні ұсынған жағдайда қоса берілетін анықтама-негіздемеге оны мемлекеттік тіркеуге ұсынған орган заң қызметінің басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам не осы актіні шығарған органның заң қызметi басшысын алмастыратын адам қол қояды.

Мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда, анықтама-негіздемеге осы нормативтік құқықтық актіні әзірлеген тиісті құрылымдық бөлімше басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам қол қояды.

Жергілікті органда заң қызметі болмаған жағдайда, анықтама-негіздемеге осы актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органда заңгер функцияларын орындайтын адам не жергілікті органның бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам қол қояды.


4. Мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған нормативтiк құқықтық актілерге қойылатын талаптар
10. Мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын нормативтiк құқықтық акті мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс: 

1) нормативтiк құқықтық актінi қабылдау рәсiмiнiң сақталуына:

алқа (сайланбалы) органы үшiн - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі;

орталық орган, оның ведомствосы және жергiлiктi орган үшiн - бiрiншi басшының не ол болмаған жағдайда оның мiндетiн атқаратын адамның қолының болуы;

2) қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгi: 

Қазақстан Республикасының Конституциясына; 

Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заңдарға; 

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлықтарына; 

Қазақстан Республикасының кодекстерiне, заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлықтарына; 

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң нормативтiк қаулыларына; 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтарына; 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтік қаулыларына; 

орталық органдардың, олардың ведомстволарының және жергiлiктi органдардың нормативтік құқықтық актілерiне;

3) егер келiсу қажет болса, нормативтiк құқықтық актінiң келiсiмiнiң болуы;

4) нормативтiк құқықтық актінiң деректемелерiнiң болуы:

5) негізгi нормативтiк құқықтық актіде оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмiн қамтитын нормалардың болуы;

6) нормативтiк құқықтық актінің құрылымына қойылатын талаптардың сақталуы; 

7) нормативтiк құқықтық акті мәнiнiң мазмұндалу стилiне қойылатын талаптардың сақталуы;

8) егер нормативтiк құқықтық актінiң мәтiнiнде оларға сiлтеме жасалған жағдайларда қосымшалардың болуы;

9) нормативтiк құқықтық актілердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi, соның iшiнде қосымшалардағы мәтiндерiнiң де сәйкес келуi; 

10) нормативтiк құқықтық актінiң барлық парақтарына осы актінi қабылдаған (келiскен) органның заң қызметi басшысының, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адамның не заң қызметi басшысын алмастыратын адамның әрбір парағына қол қоюы жүргiзiледі.

Мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда әрбір параққа қол қоюды осы нормативтік құқықтық актіні әзірлеген тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам жүргізеді.

Жергілікті органда заң қызметі болмаған жағдайда әрбір параққа қол қоюды осы органда заңгер функцияларын орындайтын адам не мемлекеттік органның бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам жүргізеді;

11) алып тасталды;

12) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге сараптамалық қорытынды көшірмесінің болуы;

13) жүргізілуі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті сараптамалық қорытындылар көшірмесінің болуы.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдаған орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда ілеспе хатта сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне дәлелді негіздеме келтіреді.
11. Нормативтiк құқықтық актілердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi мәтiндерiнiң сәйкес келуiн нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған орталық орган, оның ведомствосы және жергiлiктi орган қамтамасыз етедi.
5. Нормативтік құқықтық актілердi мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу
12. Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiн жүргiзудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі және оның аумақтық органдары жүзеге асырады. 
13. Тiзiлiмде мемлекеттік тiркеу күнi, берiлген мемлекеттік тіркеу нөмiрi, нормативтік құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органның атауы, нормативтiк құқықтық актінiң күнi, нөмiрi және атауы, нормативтік құқықтық актінi ресми жариялау, нормативтік құқықтық актіге енгiзiлетін өзгерістер мен толықтырулар, нормативтік құқықтық актінiң қолданысын тоқтата тұру, тоқтату туралы мәлiметтер көрсетiледi.

Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi белгiлейдi.


6. Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеуден бас тарту тәртiбi
14. Егер нормативтік құқықтық актілер:

1) азаматтардың заңда белгіленген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірсе;

2) заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзса;

3) жоғары деңгейде тұрған нормативтік құқықтық актілерге қайшы келсе;

4) нормативтік құқықтық актіні шығарған орган құзыретінің шегінен тыс болса;

5) мүдделі органдармен келісілмесе;

6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түріндегі қосымшалары болмаса;

7) мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген, сондай-ақ мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу мен келісу тәртібін бұза отырып қабылданса, мұндай актілерді мемлекеттік тіркеуден бас тартылады.

Бас тарту туралы бас тартудың негіздері көрсетіле отырып, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органға жазбаша хабарланады.

Мемлекеттік тіркеуден бас тартқан жағдайда нормативтік құқықтық актінің бір данасы (көшірмесі) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органында қалады.

Мүдделі мемлекеттік орган мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актіні тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасай алады.
15. Нормативтік құқықтық акті мынадай талаптар сақталмаған жағдайда бір жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға қараусыз керi қайтарылады:

1) нормативтік құқықтық актіде Заңның 17-бабында көрсетілген деректемелердің біреуінің болмауы;

2) нормативтік құқықтық актіні елтаңбалық мөрмен расталған баспа және электрондық түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қоса алғанда төрт данада ұсынбау;

3) нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі анықтама-негіздеменің қоса берілмеуі;

4) қоса берілген анықтама-негіздеменің осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

5) нормативтік құқықтық актінің барлық парақтарына қол қою жүргізілмеуі;

6) алып тасталды;

7) бiрiншi басшы болмаған жағдайда оның мiндетiн атқаратын адамға тиiстi мiндеттер жүктелгенi туралы құжат көшiрмесiнің болмауы.

Бұл жағдайда орталық орган, оның ведомствосы немесе жергілікті орган анықталған бұзушылықтарды жояды және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзім сақталған кезде оны қайта бекітпей мемлекеттік тіркеуге қайта ұсынады.
16. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартуды алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде орталық органның, оның ведомствосының немесе жергілікті органның басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы тиісті акт шығарады және оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына жібереді.

Бұл тәртіп алқалы түрде шешім қабылдайтын орталық органдарға және кезекті (кезектен тыс) отырыста немесе сессияда бекіткен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы актіні ұсынатын мәслихатқа қолданылмайды.

Егер нормативтік құқықтық акт бірлескен актімен қабылданса және оны тіркеуден бас тартылса, нормативтік құқықтық актіні бірлесе отырып қабылдаған мемлекеттік органдардың басшылары не олар болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқарушы адамдар нормативтік құқықтық актіні жою туралы бірлескен акті шығарады.
17. Пысықтау мақсатында, әзірлеуші мемлекеттік орган өзінің бастамасы бойынша осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден қайтаруы мүмкін.

Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден қайтару әзірлеуші мемлекеттік орган хатының негізінде жүргізіледі.

Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актіні қайтаратын әзірлеуші-мемлекеттік органның хаты әділет органдарына келіп түскеннен кейін, осы нормативтік құқықтық акт хаттың келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға тиісті хатпен қайтарылады.

Хатты алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде орталық органның, оның ведомствосының немесе жергілікті органның басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам мемлекеттік тіркеуден қайтарылған нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы тиісті акт шығарады және оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына жібереді.


7. Нормативтiк құқықтық актілердi қолданысқа енгiзу
18. Мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде және оның аумақтық органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс нормативтiк құқықтық актілердің күшіне енуі үшiн қажеттi шарт болып табылады. 

Тiркелмеген нормативтiк құқықтық актілердiң құқықтық күшi болмайды.


19. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде және оның аумақтық органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актілер «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес қолданысқа енгiзiледi.

Жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актінi қолданысқа енгiзу мерзiмдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн талаптарға байланысты қызметтi жүзеге асыруға дайындау үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне қажеттi мерзiмдерден көрiне отырып белгiленуге тиiс. 

Нормативтiк құқықтық актілердi қолданысқа енгiзу тәртiбi мен мерзiмдерi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс. 
20. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актілердi қолданысқа енгiзудiң мiндеттi шарты оларды ресми жариялау болып табылады. 
21. Нормативтiк құқықтық актінi ресми жариялау және жiберу кезiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнiн көрсету мiндеттi болып табылады. 

Орталық органдардың, олардың ведомстволарының және жергiлiктi органдардың нормативтiк құқықтық актілерiн ресми жариялау Қазақстан Республикасының белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.


8. Тiркелген нормативтiк құқықтық актілердiң қолданылуын тоқтата тұрудың және тоқтатудың тәртiбi
22. Нормативтiк құқықтық актіні күшi жойылды деп таныған не оның қолданысын белгiлi бiр мерзiмге тоқтата тұрған кезде осы актінi қабылдаған орган немесе осыған уәкiлеттi орган бiр апта мерзiмде растайтын актінiң көшiрмесiн қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне немесе оның аумақтық органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлайды.

Бірлескен нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды немесе тоқтатылды деп оларды бірлесе қабылдаған орталық органдар, олардың ведомстволары немесе жергілікті органдар таниды.

Бұл тәртіп өзге мемлекеттік органдармен келісім бойынша қабылданған актілерге де қолданылады.

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi немесе оның аумақтық органдары Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi жазбалар жасайды. 

Нормативтiк құқықтық актінiң немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жекелеген нормативтiк құқықтық актімен жүзеге асырылады.
23. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығы берілген мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған жағдайда, құқықтық мирасқорға нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығымен бірге өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді өзгерту, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру жөніндегі өкілеттіктер ауысады.


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізілді:

1) 22-бабына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің қажеттілігін алып тастау бөлігінде;

2) 3-бабының 2-тармағына 7-2) тармағымен қосылды нормативтiк қәқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiнің ретінде қәрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік қәқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей қәзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік қәқықтық бәйрықтары көзделген;

3) перспективалық жоспарлауды алып тастау мақсатында.



7

: sites -> default -> files
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
files -> Сот ісін жүргізу тілі принципін қолданудың кейбір мәселелері туралы
files -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
files -> Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы
files -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшiн жұмыстарды қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...