«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және «Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы №15-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы»



жүктеу 0.84 Mb.
бет1/3
Дата05.03.2017
өлшемі0.84 Mb.
  1   2   3


«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және «Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының қаулы жобасына салыстырма кесте


Р/с№

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1

«Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысы

1

3-тармақ

«3. Ағымдағы және перспективадағы заң жобалау жұмыстары жобаларының орындалуына жалпы бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн.».

«3. Заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарының орындалуына жалпы бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн.».

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру, перспективалық жоспарлауды алып тастау мақсатында.




Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде

2

4-тармақ

«4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

2) Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауларын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, Үкімет бекітетін мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Үкімет шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдарды, Премьер-Министрдің шешімдерін, заң жобасы республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін азайтуды көздеген жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;».



«4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

2) Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауларын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, Үкімет бекітетін мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Үкімет шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдарды, Премьер-Министрдің шешімдерін, заң жобасы республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін азайтуды көздеген жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарын және заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;».



«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру, перспективалық жоспарлауды алып тастау мақсатында.

2

«Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамыр 598 қаулысы

3

2-1-тармақ

2-1. Әзірлеуші уәкілетті мемлекеттік органдар көрсетілген Ереже талаптарына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберуді қамтамасыз етсін.

алып тасталсын

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің қажеттілігін алып тастау бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен түзетулер енгізілді.




Ғылыми сараптама жүргiзу ережесiнде

4

3-тармақ

3. Нормативтік құқықтық актілер реттейтін құқықтық қатынастарға қарай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.

Заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімененгізіліп, ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олар реттейтін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми сараптама, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізілуге міндетті.



Сондай-ақ мына нормативтік құқықтық актілердің:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының;

2) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының;

3) Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің жобалары міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жатады.

Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілмейді.

Іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсер етуге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары міндетті экологиялық сараптамаға жатады.



3. Нормативтік құқықтық актілер реттейтін құқықтық қатынастарға қарай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.

Заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олар реттейтін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми сараптама, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалылығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізілуге міндетті.

Іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсер етуге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары міндетті экологиялық сараптамаға жатады.


«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің қажеттілігін алып тастау бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен түзетулер енгізілді.

5

5-тармақтың үшінші абзацы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын, сондай-ақ халықаралық шарттарды ратификациялауды көздейтін заңнамалық актілердің жобаларын енгізу жағдайларын қоспағанда, заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптама бойынша сараптаманы ұйымдастырушылар болып табылады.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі — Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ғылыми құқықтық, криминологиялық сараптамалар және сараптамалардың басқа түрлері бойынша, заң жобалары тұжырымдамаларының ғылыми құқықтық сараптамасы бойынша;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 541 қаулысымен «Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамыр N 598 қаулысының 5 тармағымен тиісті сараптамаларды жүргізу бөлігінде Әділет министлігінің құзіретіне өзгерістер енгізілді


6

7-тармақ

7. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының негізгі міндеттері:

1) құқықтық реттеудің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормалары мен олқылықтарын анықтау;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың ықтималдығы бөлігінде нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудың салдарын бағалау;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға тосқауыл қоятын нормативтік құқықтық актілер жобаларының нормаларын ұсынымдар түрінде әзірлеу болып табылады.



алып тасталсын

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің қажеттілігін алып тастау бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен түзетулер енгізілді.

7

11-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама заңға тәуелді нормативтік құқықтық акті жобасын әзірлеудің мынадай сатыларында жүргізіледі:

мүдделі мемлекеттік органдармен келіскенге дейін;

мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін.

Мемлекеттік тіркеуге жататын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама Қазақстан Республикасы әділет органдарына енгізгенге дейін жүргізіледі.



алып тасталсын

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің қажеттілігін алып тастау бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен түзетулер енгізілді.

8

28-тармақтың 4) тармақшасы

4) қойылған проблемалы мәселелерді шешуге нормативтік құқықтық актінің жобасында ұсынылатын тәсілдерді, тетіктерді, жолдарды, проблемалы жағдайларды шешуге ұсынылған қандай да бір тәсілдерін қабылдаудың ықтимал салдарларын, соның ішінде ғылыми сараптаманың (құқықтық, криминологиялық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы) алдына қойылған мәселелерге жауаптарды талдау.

4) қойылған проблемалы мәселелерді шешуге нормативтік құқықтық актінің жобасында ұсынылатын тәсілдерді, тетіктерді, жолдарды, проблемалы жағдайларды шешуге ұсынылған қандай да бір тәсілдерін қабылдаудың ықтимал салдарларын, соның ішінде ғылыми сараптаманың (құқықтық, криминологиялық) алдына қойылған мәселелерге жауаптарды талдау.

    


«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің қажеттілігін алып тастау бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен түзетулер енгізілді.

9

28-тармақтың төртінші бөлігі

Нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасына қойылған мәселелер:

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды анықтау;

нормативтік құқықтық актінің қаралатын жобасында анықталған олқылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға тосқауыл болатын нормативтік құқықтық актілер жобаларының нормаларын ұсынымдар нысанында әзірлеу;

нормативтік құқықтық акт жобасын қабылдаудың салдарларын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың ықтималдығы бөлігінде жалпы бағалау;

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің ықтимал тиімділігін айқындау.

алып тасталсын

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің қажеттілігін алып тастау бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен түзетулер енгізілді.

10

36-тармақтың бірінші бөлігі

36. Сараптама қорытындысында қозғалатын мәселелерді қарау құзыретіне кіретін мемлекеттік органдар ғылыми құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, криминологиялық сараптамалардың қорытындыларын алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде берілген ескертулер мен ұсыныстарды қарау бойынша шаралар қабылдауға және тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне беруге міндетті.

36. Сараптама қорытындысында қозғалатын мәселелерді қарау құзыретіне кіретін мемлекеттік органдар ғылыми құқықтық, криминологиялық сараптамалардың қорытындыларын алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде берілген ескертулер мен ұсыныстарды қарау бойынша шаралар қабылдауға және тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне беруге міндетті.

     



«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің қажеттілігін алып тастау бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен түзетулер енгізілді.

3

«Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
10 желтоқсандағы № 1300 Қаулысында

Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде

11

37-тармақтың екінші бөлігі

37. Оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдар болжанып отырған қаулылардың жобалары уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізетін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама жасауға жатады. Жобаны әзірлеуші оны уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша оң қорытындысы болған кезде Үкімет басшылығының қарауына енгізеді.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобаларын қоспағанда, Үкіметтің барлық нормативтік қаулыларының жобалары міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жасауғ ажатады.

Соңғы жағдайда ғылыми сараптама халықаралық шарттардың жобаларына және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері жөніндегі заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Міндетті лингвистикалық сараптама:

1) заңнамалық актілердің жобалары бойынша – Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен келісілгеннен кейін олар Үкіметке енгізілгенге дейін;

2) ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобалары бойынша – оларға қол қойылғанға дейін;

3) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген, ратификациялауға жататын халықаралық шарттар бойынша – оларды ратификациялау немесе ратификациялау жолымен оларға қосылу туралы шешім қабылданғанға дейін жүргізіледі.

Бұл ретте олар Премьер-Министр Кеңсесінің және Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде пысықталғаннан кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізіледі.


37. Оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдар болжанып отырған қаулылардың жобалары уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізетін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама жасауға жатады. Жобаны әзірлеуші оны уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша оң қорытындысы болған кезде Үкімет басшылығының қарауына енгізеді.

Соңғы жағдайда ғылыми сараптама халықаралық шарттардың жобаларына және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері жөніндегі заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Міндетті лингвистикалық сараптама:

1) заңнамалық актілердің жобалары бойынша – Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен келісілгеннен кейін олар Үкіметке енгізілгенге дейін;

2) ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобалары бойынша – оларға қол қойылғанға дейін;

3) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген, ратификациялауға жататын халықаралық шарттар бойынша – оларды ратификациялау немесе ратификациялау жолымен оларға қосылу туралы шешім қабылданғанға дейін жүргізіледі.



Бұл ретте олар Премьер-Министр Кеңсесінің және Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде пысықталғаннан кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізіледі.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің қажеттілігін алып тастау бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен түзетулер енгізілді.

12

50-тармақтың 2) тармақшасының төртінші бөлігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда, жобаны әзірлеуші қаулы жобасына түсіндірме жазбада сараптамалық қорытындымен келіспеудің дәлелденген себептерін келтіруге тиіс.

алып тасталсын

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің қажеттілігін алып тастау бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен түзетулер енгізілді.

13

50-тармақтың 9) тармақшасы

9) нормативтік құқықтық қаулылардың жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындыларын міндетті түрде қоса беру қажет;

алып тасталсын

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің қажеттілігін алып тастау бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен түзетулер енгізілді.

14

81-тармақ

«81. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауларын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік бағдарламалар мен Үкімет бекітетін бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Үкіметтің шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдарды, сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімдерін ескере отырып жүзеге асырылады.».

«81. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарын және заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауларын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік бағдарламалар мен Үкімет бекітетін бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Үкіметтің шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдарды, сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімдерін ескере отырып жүзеге асырылады.».


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру, перспективалық жоспарлауды алып тастау мақсатында.

15

82-тармақ

«Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жыл сайын әзірленетін заң жобаларын қоспағанда, мемлекеттік кірістерді азайтуға немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуға алып келетін нормаларды қамтитын перспективалық жоспарда көзделген заң жобалары Республикалық бюджет комиссиясының олар бойынша оң қорытындылары болу шартымен ғана алдағы жылға арналған жоспардың жобасына енгізіледі.».

«Перспективалық жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар тиісті заң жобаларын әзірлеу және келісу іс-шараларын жүргізуді олар Үкімет қарауына енгізілгенге дейін кемінде бір жыл бұрын қамтамасыз етеді.».



алып тасталсын

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру, перспективалық жоспарлауды алып тастау мақсатында.

16

85-тармақ

«85. Перспективалық және ағымдағы жоспарлардың орындалуын жалпы бақылауды Әділет министрлігі жүзеге асырады.».



«Ағымдағы жоспардың және заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспардың орындалуын жалпы бақылауды Әділет министрлігі жүзеге асырады.».


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру, перспективалық жоспарлауды алып тастау мақсатында.

17

89-тармақтың екінші бөлігі

89. Халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшін жою туралы және оған қосылу туралы заң жобаларын әзірлеу және енгізу «Халықаралық шарттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Парламент қарауына Үкімет енгізетін заң жобалары бойынша «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес заң жобасымен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай тиісті ғылыми (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізу міндетті. Бұл ретте оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдарды болжайтын заңнамалық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуі тиіс.

Парламенттің қарауына Үкімет енгізетін халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы қатысуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасына сәйкес жүргізілген халықаралық шарттарға ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды қоса беріледі.


89. Халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшін жою туралы және оған қосылу туралы заң жобаларын әзірлеу және енгізу «Халықаралық шарттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Парламент қарауына Үкімет енгізетін заң жобалары бойынша «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес заң жобасымен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай тиісті ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізу міндетті. Бұл ретте оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдарды болжайтын заңнамалық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуі тиіс.

Парламенттің қарауына Үкімет енгізетін халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы қатысуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасына сәйкес жүргізілген халықаралық шарттарға ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды қоса беріледі.


«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің қажеттілігін алып тастау бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен түзетулер енгізілді.

18

90-тармақтың бірінші бөлігі

90. Заң жобасын әзірлеуші жобаға тиісті ғылыми сараптама (оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндетті ғылыми, ғылыми лингвистикалық және қажет болған жағдайда - криминологиялық ғылыми сараптама) жүргізуді қамтамасыз етеді, оның нәтижелері бойынша қорытынды ұсынымдық сипатта болады (барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда).

Әзірлеуші көрсетілген қорытындыларды заң жобасына басқа материалдармен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде Кеңсеге міндетті түрде енгізеді. Ғылыми сараптаманың теріс қорытындысы кезінде (мемлекеттік экологиялық сараптаманы, оның нәтижелері бойынша заң жобасында міндетті түрде жойылуға тиіс ескертулерді қоспағанда) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес заң жобасын пысықтау, сондай-ақ қайтадан немесе қосымша сараптама жүргізу туралы өз бетімен шешім қабылдайды.

Заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдар қабылданбаған жағдайда, әзірлеуші заң жобасына анықтама парақта қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс. 


90. Заң жобасын әзірлеуші жобаға тиісті ғылыми сараптама (оның ішінде ғылыми лингвистикалық және қажет болған жағдайда - криминологиялық ғылыми сараптама) жүргізуді қамтамасыз етеді, оның нәтижелері бойынша қорытынды ұсынымдық сипатта болады (барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда).

Әзірлеуші көрсетілген қорытындыларды заң жобасына басқа материалдармен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде Кеңсеге міндетті түрде енгізеді. Ғылыми сараптаманың теріс қорытындысы кезінде (мемлекеттік экологиялық сараптаманы, оның нәтижелері бойынша заң жобасында міндетті түрде жойылуға тиіс ескертулерді қоспағанда) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес заң жобасын пысықтау, сондай-ақ қайтадан немесе қосымша сараптама жүргізу туралы өз бетімен шешім қабылдайды.

Заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдар қабылданбаған жағдайда, әзірлеуші заң жобасына анықтама парақта қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс.


«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің қажеттілігін алып тастау бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен түзетулер енгізілді.

19

95-тармақтың 7) тармақшасының бірінші бөлігі

7) заң жобасы реттейтін құқықтық қатынастарға байланысты ғылыми (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экологиялық және басқалар) сараптаманың нәтижелері бойынша қорытындыларды, ал халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары бойынша осы шарттармен реттелетін құқықтық қатынастарға байланысты ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқалар) сараптаманың нәтижелері бойынша қорытындыларды.

7) заң жобасы реттейтін құқықтық қатынастарға байланысты ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық және басқалар) сараптаманың нәтижелері бойынша қорытындыларды, ал халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары бойынша осы шарттармен реттелетін құқықтық қатынастарға байланысты ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқалар) сараптаманың нәтижелері бойынша қорытындыларды.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің қажеттілігін алып тастау бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен түзетулер енгізілді.

20

Приложение 1

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің Регламентіне

1-қосымша
__________________

жобаның атауы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА



Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган




2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі




3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар




4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар




5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі




6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер




7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі




8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері.




9.

Өзге де мәліметтер




10.

Республики Казахстан» Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі




11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат




12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет