Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы №78 қаулысы

Loading...


жүктеу 359.53 Kb.
бет1/5
Дата08.02.2017
өлшемі359.53 Kb.
  1   2   3   4   5
Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 78 қаулысы



«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндiк сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 445-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi ережеде:
      2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптау – карантиндік объектілерді, бөтен текті түрлерді және басқа зиянды организмдерді анықтау және олардың түрлік құрамын айқындау мақсатында карантинге жатқызылған өнім легінен іріктеп алынған үлгілерді зерттеу;»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық сертификат алу үшiн уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне мынадай құжаттарды береді:
      1) осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм. Өтінім «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу түрінде ұсынылуы мүмкін;
      2) жеке тұлға үшін – өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
      3) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өтінім беруші атынан өкілдік етуге өкілеттілікті куәландыратын құжат;
      4) импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптары болған кезде – импорттаушы елдің мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған импорттық карантиндік рұқсаты не фитосанитариялық талаптар ескертілген шарттардың көшірмелері.
      *Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      29-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімді тексеру актісі негізінде карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өзінің қол қоюымен және белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) растайды. Карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкеткен жағдайда – карантиндік аймақ оның түрі бойынша белгіленетін карантиндік объектінің болмауын растайтын карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптамау негізінде беріледі. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легіне беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, жүргізілген зарарсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа да қосымша карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.»;
      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Карантиндiк сертификат алу үшiн жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды береді:
      1) уәкілетті органға осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм не «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу түрінде береді, сондай-ақ карантиндік жай-күйін айқындау үшін карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға ұсынады;
      2) жеке тұлға үшін – өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
      3) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және атынан өтінім беруші өкілдік етуге өкілеттілікті куәландыратын құжат.
      *Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      Карантиндік сертификатты карантинге жатқызылған өнімді тексеру актісі негізінде карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өзінің қол қоюымен мен белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) растайды. Карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкеткен жағдайда – карантиндік аймақ оның түрі бойынша белгіленетін карантиндік объектінің болмауын растайтын карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптау негізінде беріледі. Карантиндік сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легіне беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруы, осы өнімді жеткізу жөніндегі қосымша карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
      Карантиндік сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.»;
      көрсетілген Ережеге 8 және 10-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2) «Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 81-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларында:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Орындаушы ұйымдардың тізбесін мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар тізбесінің және белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар зертханалары тізбесінің, сондай-ақ орындаушы ұйымдардан жыл сайын 1 ақпанға дейін берілген өтінім хаттарының негізінде өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – Ведомство) қалыптастырады.»;
      39-тармақта:
      16)17) тармақшалар алынып тасталсын;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) пестицидтi (улы химикатты) өндірушіге берілген пестицид (улы химикат) пен оның әрекет етуші заттарын өндіруге (формуляциялауға) рұқсатты куәландыратын құжат (шетелдік пестицидтер (улы химикаттар) өндірушілер үшін белгіленген тәртіппен заңдастырылған) отандық пестицидтер (улы химикаттар) өндірушілер үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі);»;
      40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «40. Орындаушы ұйымдардағы, сондай-ақ оларды қарауға қатысатын мемлекеттік мекемелердегі пестицидтерге (улы химикаттарға) барлық тіркеу материалдары жариялануға жатпайды. Ведомство Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелушi (өтінім беруші) ұсынған тіркеу материалдарының, сондай-ақ пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiрiстiк сынақтарды жүргiзуге өтінімдердің құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды.»;
      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «41. Ведомство пестицидке (улы химикатқа) тіркеу материалдарын қарайды және тіркеу дерекнамасы ұсынылған күннен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды. Мемлекеттік тіркеуге «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде шешім қабылданады.
      Осы мерзім ішінде Ведомство қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі туралы сұрау салуды келісуге жолдайды, олар 10 (он) жұмыс күні ішінде Ведомствоға пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге келісу немесе одан бас тарту туралы жауап жолдайды. Келісетін мемлекеттік органдар белгіленген мерзімдерде жауап ұсынбаған жағдайда, пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу келісілді деп есептеледі.»;
      42-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
      49-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді келісуден дәлелді бас тартуының болуы;»;
      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «50. Тіркелген пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу егер:
      1) пестицидтiң (улы химикаттың) физикалық-химиялық, токсикологиялық және басқа да сипаттамаларының мемлекеттік тіркеу кезіндегі тіркеу материалдарында мәлімделгенге сәйкес келмеуі анықталса;
      2) тіркеу дерекнамасының материалдары осы Қағидалардың 39-тармағында жазылған талаптарға сәйкес келмесе, тоқтатыла тұрады.
      Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешім қабылданғаннан кейін Ведомство тiркелушiге (өтінім берушіге) анықталған сәйкессіздік және хабарланған күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тіркеу материалдарын ауыстыру немесе жаңа деректермен толықтыру қажеттігі туралы хабарлама жолдайды.
      Тiркелушi (өтінім беруші) тіркеу материалдарын ауыстыруды немесе толықтыруды жүргізген жағдайда, Ведомство тіркеу материалдары ұсынылған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың 39-тармағынасәйкес талаптарға сәйкестігін қарайды және пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді қайта бастау немесе оны мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
      Тiркелушi (өтінім беруші) хабарланған күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тіркеу материалдарын ауыстыруды немесе толықтыруды жүргізбеген жағдайда, Ведомство пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.»;
      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53. Ведомство бұйрық шыққаннан кейін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде тiркелушiге (өтінім берушіге) пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеудің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Тiркелушi (өтінім беруші) жазбаша хабарламаны алған сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде Ведомствоға тіркеу куәлігін қайтарады.»;
      58-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. Қайта тiркеуге өтiнiм мен тиісті құжаттар мемлекеттік тiркеу мерзiмiнің аяқталуына дейін 40 (қырық) жұмыс күні бұрын беріледi.»;
      62-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама қоса беріледі.».
      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысы 1-тармағының 1)2) және 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 451-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 8-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 35, 472-құжат);
      3) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысы 1-тармағының 10)11) және 12) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                                С. Ахметов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2014 жылғы 12 ақпандағы
№ 78 қаулысымен    
бекiтiлген     

: upload -> files -> Standarty -> 10 2014
10 2014 -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
10 2014 -> Көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер
10 2014 -> «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»
10 2014 -> Қызмет стандарты Жалпы ережелер
10 2014 -> «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»
10 2014 -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
10 2014 -> «Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
10 2014 -> «ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру»
10 2014 -> «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
10 2014 -> «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...