«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 150 үй, анықтама үшін телефондар

Loading...


Дата31.03.2017
өлшемі18.46 Kb.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 150 үй, анықтама үшін телефондар: 8 (7142)-500-860 (факс), электрондық мекенжайы: Aisulu_A@emer.kz «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бас маманы (C-О-5 санаты), 1 бірлік, уақытша негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс уақытына 2016.30.06. дейін, лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Табиғи және техногендік ТЖ алдын алу бойынша іс-шараларды орындауды ұйымдастыру және бақылау; Республикалық Командалық-Штабтық жаттығуларының дайындығына және өткізуге қатысу; ТЖ Департаментімен өткізілетін, шұғыл және жоспарлы іс-шараларынына қатысу; қанализация және су мен қамтамасыз ету бағыты бойынша техногедік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу; Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне жедел тізімдіктерге сәйкес бөлімнің есептік құжаттарын дайындау және ұсыну: № 1, № 2, №9, №10 н.; экономика саласында жұмыс істеу және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету беріктілігі жүйесі бойынша формаларын толтыру үшін сұрау, дайындау және жіберу № 9.3, 9.4, 9.5, 10.1, 10.2 н. (жылына 2 рет); кіріс құжаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету; заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарап, уақтылы жауап беру.



Білімі жөніндегі талаптар:

Жоғары білім. Әскери іс және қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайларда қорғау), техникалық (жылу энергетикасы, автоматтандыру және басқару, электр энергетикасы, көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, мұнай газ ісі, құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары өндірісі, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, биотехнология), жаратылыстану ғылымдары (механика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару), қызмет көрсету (жер кадастры).

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі заң тобының бас маманы (C-О-5 санаты), 1 бірлік, лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Департамент бұйрықтарының, өкімдерінің және басқа актілерінің заңнама талаптарына сәйкестігіне құқықтық бақылауды жүзеге асыру. Шарттық, қаржы және еңбек тәртібін күшейту бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру, Департамент пен оның бөлімшелерінің мүлкін сақтауды қамтамасыз ету. Бөлімде іс жүргізу.



Білімі жөніндегі талаптар:

Жоғары білім. құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі).

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3.«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі Арқалық қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманына (C-R-4 санаты), 1 бірлік лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды есепке алу және талдау, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыс кешенің әзірлеу және жүзеге асыру, халықтың және ұйымдардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін қызметтермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Объектілердің тұрақты жұмыс істеуін, авариялық ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету бойыеша іс-шараларды бақылау. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссиялық тексерулерге қатысу, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерімен өзара іс-қимыл жүргізу.



Білімі жөніндегі талаптар:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі. Әскери іс және қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайларда қорғау, ішкі істер командалық тактикалық), техникалық (жылу энергетикасы, автоматтандыру және басқару, электр энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, мұнай газ ісі, құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары өндірісі, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, пайдалы қазбаларды кен орындарының ашық барлау технология мен кешенді механизациялау), жаратылыстану ғылымдары (механика).



Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық тұрғыда ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының Коституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);


8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Жоғарыда аталған Қағидалардың 85-тармағының 3), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 150 үй, кадр жұмысы бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде – жалпы конкурсты өткізу жөніндегі хабарлама жарияланған соңғы күнінен бастап 7 жұмыс күнде тапсырады.

Құжаттарды электронды түрде «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің электрондық почтасына не «Е-gov» электронды Үкімет порталына берген жағдайда, құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнде бұрын кешіктірілмей беріледі.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап үш жұмыс күннің ішінде өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.



Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
14.09.2016
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
pages -> Конкурс туралы хабарландыру
pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...