Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің

Loading...


жүктеу 106.91 Kb.
Дата19.03.2017
өлшемі106.91 Kb.
Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің  
2015 жылғы 10 сәуірдегі  
№ 332 бұйрығына 5-қосымша

«Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» 


мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.01.2016 № 82 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 


      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
      «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 15 (он бес) минут ішінде; 
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) түрде. 
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 12-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша электрондық түрдегі мекенжай анықтамасын беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде. 
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) Мемлекеттік корпорацияның – дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кесесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi.
      Құжаттарды қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, «электрондық кезекті» портал арқылы брондауға болады
      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
      9. Көрсетілген қызметті алушылар жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) мемлекеттік корпорацияға:
      көрсетілетін қызметті алушылар (жеке тұлғалар):
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (жақын туысқандарына мекенжай анықтамасын алу үшін);
      неке туралы куәлік не туу туралы куәлік (мекенжай анықтамасын жақын туысқандарына алу кезінде туысқандық байланыстарды растау үшін);
      жақын туысқандарын қоспағанда, жеке тұлғаның осы адамға қатысты мекенжай анықтамасын көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін нотариалды куәландырылған келісімі;
      көрсетілетін қызметті алушылар (заңды тұлғалар):
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын сенімхат;
      жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып жеке тұлғалардың тізімі, оларға қатысты мекенжай анықтамасы сұратылады.
      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша жазбаша келісімін алады. 
      2) порталға: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу.
      Көрсетілетін қызметті алушының «жеке қабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жолданады.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекетті корпорацияның қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық


мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының,
Мемлекеттік корпорациясының және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 71-40-33, 71-40-03 бойынша Министрлік басшысының атына беріледі. 


      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында: 
      жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), почталық мекенжайы. 
      заңды тұлғаның – оның атауы, почта мекенжайы, шығыс нөмірі көрсетіледі. 
      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. 
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша мемлекеттік корпорацияның басшысына жолданады. 
      Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық


нысанда Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтің
ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға, Бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы қағаз тасымалдағышта толтыра отырып жүргізеді.


      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 
      1) Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде; 
      2) мемлекеттік корпорацияның – www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) порталдың – www.egov.kz орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану мүмкіндігі портал арқылы электрондық сұрау салуды беру жолымен мемлекеттік қызметті алу кезінде көзделеді. 
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. 
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mvd.gov.kz сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

«Тұрғылықты жерiнен мекенжай   


анықтамаларын беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына 
1-қосымша          

Нысан


Құжатты электрондық үкімет порталы қалыптастырған

Бірегей нөмір




Документ сформирован порталом электронного правительства

Уникальный номер







Алу күні




Дата получения




МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ
АДРЕСНАЯ СПРАВКА

ЖСН _________________________


Мемлекеттік деректер базасының мәліметтері бойынша __________________
По сведениям из государственной базы данных
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы және жері)
(фамилия, имя, отчество (при его наличии), год и место рождения)

Мына мекенжай бойынша: ____________________________________ тіркелген


Зарегистрирован по адресу:

Тіркелген күні: _____________________________________________________


Дата регистрации:

Мына мекенжай бойынша: ____________________________ уақытша тіркелген


Временно зарегистрирован по адресу:

Уақытша тіркелген күні ______________бастап___________________дейін


Дата временной регистрации: с _______________ по __________________

Берілген күні мен уақыты: ____________________________


Дата и время выдачи:

Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II ҚРЗ 1-бабына сәйкес қағаз
жеткізгіштегі құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года
«Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен
документу на бумажном носителе.

http://adilet.zan.kz/files/0890/14/13489.jpg

Штрих-кодта «ЖТ» МДБ («Жеке тұлға» мемлекеттік деректер базасынан)


алынған және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрлігінің электрондық цифрлық қолтаңбасы
қойылған деректер жазылады.
*штрих-код содержит данные, полученные из ГБД ФЛ и подписанные
электронно-цифровыми подписями: Министерства юстиции Республики
Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

«Тұрғылықты жерiнен мекенжай   


анықтамаларын беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына 
2-қосымша          

Нысан


Құжатты электрондық үкімет порталы қалыптастырған

Бірегей нөмір




Документ сформирован порталом электронного правительства

Уникальный номер







Алу күні




Дата получения




МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ
АДРЕСНАЯ СПРАВКА

ЖСН _________________________


Мемлекеттік деректер базасының мәліметі бойынша _____________________
По сведениям из государственной базы данных
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы және жері)
(фамилия, имя, отчество (при его наличии), год и место рождения)

Мына мекенжай бойынша: __________________________ тіркеуден шығарылды


Снят с регистрации с адреса:

Тіркеуден шығарылған күні __________________________________________


Дата снятия с регистрации:

Тіркеуден шығарылған себебі: _______________________________________


Причина снятия с регистрации:

Берілген күні мен уақыты: _____________________________


Дата и время выдачи:

Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II ҚРЗ 1-бабына сәйкес қағаз
жеткізгіштегі құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года
«Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен
документу на бумажном носителе.

http://adilet.zan.kz/files/0890/14/13489.jpg

Штрих-кодта «ЖТ» МДБ («Жеке тұлға» мемлекеттік деректер базасынан)


алынған және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрлігінің электрондық цифрлық қолтаңбасы
қойылған деректер жазылады.
*штрих-код содержит данные, полученные из ГБД ФЛ и подписанные
электронно-цифровыми подписями: Министерства юстиции Республики
Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

«Тұрғылықты жерiнен мекенжай   


анықтамаларын беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына 
3-қосымша          

____________________________бастығына


(ішкі істер органының атауы)         
_____________________________мекенжай
(тұрақты тіркелген мекенжайы)       
бойынша тұратын                  
азамат ______________________________
(Т.А.Ә (ол болған жағдайда)) 
ЖСН _________________________________

ӨТІНІШ


      Мен,___________________________________________________________
                (Т.А.Ә (ол болған жағдайда), туған күні)

      Сізден тұрғылықты жерімнен мекенжай анықтамасын беруге рұқсат


беруіңізді сұраймын, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Өтінішке мыналарды қоса беремін:


      1) ___________________________
      2) ___________________________
      3) ___________________________

20______жылғы «_____» ___________


_____________________________________________________________________
    (азаматтың қолы)        (азаматтың Т.А.Ә (ол болған жағдайда))

____________________________________________


(мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні)

«Тұрғылықты жерiнен мекенжай   


анықтамаларын беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына 
4-қосымша          

Нысан


(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.),    
не көрсетілетін қызметті алушы     
ұйымының атауы)                    
___________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының    
мекенжайы)                       

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті (мемлекетттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: 
      Жоқ құжаттардың атаулары:
      1) ________________________________________;
      2) ________________________________________;
      3) ….
      Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден.

Т.А.Ә. (мемлекеттік корпорацияың қызметкері)               (қолы)



Орындаушы: Т.А.Ә._____________
Телефоны______________________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы «___» _________
: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
2016 -> АҚпараттық хат 5 мамыр 2016 жылы
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Силлабус пән: Психология тарихы Курс
2016 -> Силлабус пән: Практикалық психология Курс
2016 -> Мамандық бойынша оқУ – Әдістемелік кешен
2016 -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
2016 -> «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...