Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі м а. 2015 жылғы 23 мамырдағы №475 бұйрығына 2-қосымша «Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау»

Loading...


Дата28.05.2017
өлшемі329.28 Kb.
Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрі м. а.
2015 жылғы 23 мамырдағы
№ 475 бұйрығына
2-қосымша 



«Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті




  1. Жалпы ережелер


      1. «Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыс орталықтарында, Астана және Алматы қаларында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілген «Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 тіркелген) негізінде көрсетеді.


      Мемлекеттік қызмет көрсету өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасында келтірілген нысан бойынша авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына берілетін куәлік.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы


      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері қағаз тасымалдағышта келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді. Орындау ұзақтығы – түскеннен кейін 15 (он бес) минут. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі өтінішті тіркеу болып табылады;


      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) белгілейді. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
      3) орындаушы өтінішті қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу құқығына өтініш пен құжаттар пакетін қарау бойынша жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) отырысының күнін белгілейді және комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күні туралы хабарлайды. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат.
      4) комиссия өтінішті қарайды, ұсынылған құжаттардың азаматтық қорғау саласындағы заңнамаға сәйкестігін айқындайды және көрсетілетін қызметті алушыны авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындауға дайындығына тексеру жүргізу күні немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Орындау ұзақтығы – 13 (он үш) күнтізбелік күн.
      Аттестаттау комиссиясы аттестаттау процесінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады: құтқарушыларға (азаматтарға) кәсіби қасиеттеріне тестілеу және психологиялық тестілеу жүргізеді, сондай-ақ дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді орындайды;

      авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге құтқару техникалары мен авариялық-құтқару саймандарының және жабдықтарының бар-жоғын тексереді;

      Орындау ұзақтығы – 6 (алты) сағат.

      Комиссия көрсетілетін қызметті алушы қол қойып танысатын көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау нәтижелері туралы аттестаттау актісін жасайды.


      Орындау мерзімі – 4 (төрт) сағат.

      5) орындаушы комиссия шешімін және көрсетілетін қызметті алушыға жауапты ресімдейді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді. *Орындау мерзімі – 2 (екі) сағат.

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыға жауапқа және куәлікке қол қояды*. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат.
      7) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне береді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.

      8) кеңсе қызметкері жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.


      9) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) аттестаттау туралы жауапты (аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі жағдайында – аттестаттау туралы жауап және куәлік) береді не почта арқылы жолдайды. 20 (жиырма) минут.
      *Ескертпе. Куәлік көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі болған жағдайда ғана ресімделеді және қол қойылады. Керісінше жағдайда куәлік ресімделмейді.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:


      1-іс-қимыл – Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеу және кіріс нөмірін беру;

      2-іс-қимыл – бөлімнің жауапты қызметкерін (бұдан әрі – орындаушы) белгілеу;


      3-іс-қимыл – комиссия отырысының күнін белгілеу және комиссия мүшелеріне отырыс күні туралы хабарлау;

      4-іс-қимыл – аттестаттау туралы шешім;

      5-іс-қимыл – комиссияның шешімі және көрсетілетін қызметті алушыға жауап. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру*;
      6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші қол қойған жауап және куәлік;
      7-іс-қимыл – кеңсе қызметкеріне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру;
      8-іс-қимыл – аттестаттау туралы жауапқа нөмір мен шығыс күнін беру;
      9-іс-қимыл – мемлекеттік қызмет көрсетудің толтырылған карточкасы (көрсетілетін қызметті алушыға немесе көрсетілетін қызметті алушының өкіліне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қолға берілген жағдайда) не ішкі почта жөнелтілімін алу туралы хабарламада штрих-кодтың және белгінің болуы (көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі почта арқылы жолданған жағдайда).

      *Ескертпе. Куәлік көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі болған жағдайда ғана ресімделеді және қол қойылады. Керісінше жағдайда куәлік ресімделмейді.




3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы


      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) жұмылдырылады:


      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
   2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) жауапты қызметкер (орындаушы);
      4) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мемлекеттік орган бұйрығымен тағайындалған комиссия мүшелері.
      8. Әрбір іс-қимылды өтудің блок-схемасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.
«Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару
жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын субъектілерді аттестаттау»   
 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша


Нысан

Бақылау талоны
Авариялық-құтқару қызметінің (құралымының) куәлігі № _________

_____________________________________________________________ берілді  (заңды тұлғаның, өкілдіктің толық атауы, жеке тұлғаның толық


                тегі, аты, әкесінің аты)
Куәлік берген орган _________________________________________________
                        (куәлікті берген органның толық атауы)
Куәліктің берілген күні _____________________________________________
Басшы (уәкілетті тұлға) _______________________ _____________________
                          (тегі, аты-жөні)             (қолы)

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

 

Авариялық-құтқару жұмыстарының


белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына
куәлік

_____________________________________________________________ берілді


         (заңды тұлғаның толық атауы, өкілдік)
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ жүргізуге
   (авариялық-құтқару жұмысының түрі, объектінің атауы)
_____________________________________________________________________
Куәлік берген орган _________________________________________________
                        (куәлікті берген органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
Басшы (уәкілетті тұлға) _____________________________________________
               (куәлікті берген орган басшысының (уәкілетті адамының)
                          тегі және аты-жөні (уәкілетті орган)
_____________________________________________________________________

Куәліктің берілген күні 20__жылғы «____»____________             М.О.


Авариялық-құтқару қызметінің (құралымының) куәлігі № _________
________________________ қаласы

«Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару
жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын субъектілерді аттестаттау»   
 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша


Әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту блок-схемасы


 

      *Ескертпе. Куәлік көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі болған жағдайда ғана ресімделеді және қол қойылады. Керісінше жағдайда куәлік ресімделмейді.


Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрі м. а.
2015 жылғы 23 мамырдағы
№ 475 бұйрығына
3-қосымша



«Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу
(есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілген «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 тіркелген) негізінде көрсетеді.


      Мемлекеттік қызмет көрсету өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің 1-қосымшасында келтірілген тіркелімге авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері қағаз тасымалдағышта келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға арналған өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді. Орындау ұзақтығы – келіп түскеннен кейін 15 (он бес) минут.


      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат.
      3) орындаушы өтінішті қарайды және авариялық-құтқару қызметін немесе құралымын тізілімге тіркейді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.
      4) орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға жауапты ресімдейді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат.

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауабына қол қояды. Орындау ұзақтығы – 10 (он) минут.


      6) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне береді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.
      7) кеңсе қызметкері жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.
      8) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) жауапты береді не оны почта арқылы жолдайды. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
      1-іс-қимыл – Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеу және кіріс нөмірін беру;

     2-іс-қимыл – жауапты орындаушыны белгілеу;

      3-іс-қимыл – тізілімге тіркеу;

      4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушыға жауап. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру

      5-іс-қимыл –көрсетілетін қызметті берушіге қол қойылған жауап;
      6-іс-қимыл – кеңсе қызметкеріне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру;
      7-іс-қимыл – тіркеу туралы жауапқа нөмір және шығыс күнін беру;
      8-іс-қимыл – мемлекеттік қызмет көрсетудің толтырылған карточкасы (көрсетілетін қызметті алушыға немесе көрсетілетін қызметті алушының өкіліне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қолға берілген жағдайда) не ішкі почталық жіберуді алу туралы хабарламада штрих-кодтың және белгінің болуы (көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі почта арқылы жолданған жағдайда).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы


      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) жұмылдырылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) жауапты қызметкер (орындаушы);

      8. Әрбір іс-қимылды өтудің блок-схемасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.


«Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын
тіркеу (есептік тіркеу)»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
 
1-қосымша


нысан

Тізілім




Р/с №

Тіркеу н-нөмірі

Құралымның атауы

Жүргізілетін жұмыстың негізгі түрлері

Заңды мекенжайы, телефоны

Басшының аты-жөні, телефоны

Куәліктің нөмірі және берілген күні

Саны

күні

Тіркеуден шығару мерзімі

Жеке құрамның

техникалар, жүзу құралдары және басқа да жабдықтар

Өткен аттестаттау

Келесі аттестаттау

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

«Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын


тіркеу (есептік тіркеу)»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
 
2-қосымша

Каталог: doc
doc -> Конкурс құжаттамасының көшірмелерін 2012 жылғы 09 сәуір күні сағат 11. 00-ге дейін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4, 618 кабинетінде сағат 00-ден 18. 30-ға дейін немесе
doc -> Сабақтың тақырыбы Сырммен Малайсарының шешендік сөздері
doc -> 11 сынып. Тест жұмысы 1-тоқсан. 1 – нұсқа Іздеу жүйесін құрайтын бөліктерді көрсетіңдер
doc -> Тест 9 сынып, қазақ әдебиеті
doc -> Книга-Book Кітап-книга-Book Бет- страница Ұяшық- ячейка Диаграмма-диаграмма Кесте-таблица Формула-формула
doc -> 1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
doc -> Тақырыбы: 10-сыныпта өткенді қайталау
doc -> Ш. Жақсылықова №6 Хромтау гимназиясының директордың инновациялық жұмысы жөніндегі орынбасары Педагогикалық іс- әрекетті талдауға дайындықты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...