«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі



жүктеу 76.17 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі76.17 Kb.
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің « Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
С-О-5 санаты санаты үшін:  жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Еңбек өтілі талап етілмейді.

     

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max



С-О-5


83282

112430


«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Ақтау және Баутино Порттарының теңіз әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 13 шағын аудан, 55 ғимарат, анықтама үшін телефондар: 8(7292)30-58-02, электрондық адресі map_aktau_bautino@mail.ru «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. Портты қадағалау және кемелерді тіркеу бөлімінің бас маманы, (С-О-5 санаты, 2 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Су көлігінде жолаушылар мен жүктерді, қауіпті жуктерді тасымалдау кезінде қозғалыс қауіпсіздігін бұзуының алдын алу, кемелердің көлденең қыстаулары немесе көліктік оқиғалар кездеріндегі уақытша құрылғылар мен қондырғылар салу, басқа да қажетті жұмыстарды жүргізуге рұқсаттар береді.

Бақылау функциясы:

Техникалық пайдалану ережелерінің, кемелерде қызмет жарғысының ұстануын қадағалау, су көлігінде басқа қызметтерімен жүзу ережелерінің ұстануына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, өзен және шағын көлемді кемелер, порттар, жағалау нысандары, кеме жүретін гидротехникалық құрылғыларға техникалық қадағалау, техникалық пайдалану ережелерін және кемелерде қызмет көрсету жарғысын ұстануын қадағалау.

Үйлестіру функциясы:

Суда жүзу қауіпсіздігі туралы кеме, қайық иелерімен жоспарлы түрде әңгіме өткізу. Анықталған кемшіліктерді жою жөнінде толтырылған хаттамалар мен актілердің орындалуын бақылау, әкімшілік шаралар қолдану.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - техникалық ғылымдар және технологиялар (теңіз техникасы мен мен технологиялар; көлік, көліктік техника және технологиялар), қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұймдастыру).
2. Қаржы және дипломдық-паспорттық жұмыс бөлімінің бас маманы, (С-О-5 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Теңізде жүзу құжаттарын және дипломын, біліктілік куәліктерін, басқарушы және қатардағы құрамға берілетін дипломды растайтын және жеңілдік рұқсаттарын беру, біліктілік куәлігін беру және жеке куәлік, кеме экипаждарына теңізде жүзу кітапшаларын беру; теңіз кеме экипаж мүшелерінің дипломдарын даярлау мақсатында, тиісті тұлғалармен хат алмасу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - техникалық ғылымдар мен технологиялар (көлік, көліктік техника және технологиялар; теңіз техникасы мен технологиялар), қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру), құқық (құқықтану; Халықаралық құқық; құқық қорғау қызметі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит; мемлекеттік және жергілікті басқару).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907  бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).


Жалпы конкурс туралы осы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы қажет.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі 13 шағын аудан, 55 ғимаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет