Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтау деректерін



жүктеу 37.55 Kb.
Дата10.04.2017
өлшемі37.55 Kb.


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы «­­____» __________ № ____ бірлескен бұйрығына

анықтама-негіздеме





Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның
ақпараты


1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)



«Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 8 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер 

«Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 526 бұйрығы


5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ


6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме  

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау шығыстардың көбеюін немесе республикалық немесе жергілікті бюджеттен түсідердің қысқаруын көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік күзет қызметі;

Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі;

«Сырбар» Қазақстан Республикасының

Сыртқы барлау қызметі



8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылды

8-1.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Қажет емес

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)






  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Заң департаментінің

директоры





А. Әлиакпаров




Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет