Қазақстан Республикасы іім есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығында «Ашық есік күні» профилактикалық іс-шарасын өткізу туралы баспасөз парағЫ



жүктеу 47.27 Kb.
Дата18.02.2017
өлшемі47.27 Kb.
Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығында «Ашық есік күні»

профилактикалық іс-шарасын өткізу туралы

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

(Ақмола облысы, Раздольное ауылы)
ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығында ремиссия кезеңінде жүрген Орталықтың бұрынғы пациенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараны ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің бастығы әділет генерал-майоры Сұлтан Құсетов пациенттер мен Орталық қонақтарына өзінің құттықтау сөзін арнады.

Орталық ІІМ-нің бастамасы бойынша 2004 жылы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі үкіметтік бағдарлама шеңберінде құрылды.

Орталықтың негізгі міндеті –есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік оңалту, психологиялық қалпына келтіру және негізгі тәуекел тобы – жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіні теріс тұтынудың профилактикасына қатысу.

Жыл сайын оны ұстау үшін респубдикалық бюджеттен 52 миллионнан астам тенге бөлінеді. Бір уақытта 35 пациентоңалтудан өте алады.

Оңалту орталығына түсу үшін аурудың асқынған кезінде наркологиялық диспансерлерден емдеу курсынан өту қажет.

Сонымен қатар орталыққа түсу үшін бірқатар міндетті талаптарды жүзеге асыру қажет: наркологиялық диспансерден анықтама; психиатордың анықтамасы; АИТВ-ға медициналық тексерулердің нәтижелері; жеке куәлік.

Осылайша, әлеуметтік-психологиялық оңалту курсы – бұл нашақорлықты емдеудің қорытынды кезеңі. Ол бір жылға созылады және психологиялық оңалтуды, есірткіге тәуелділердің әлеуметтік қалпына келтіруді, еңбекке үйретуді қамтиды.

Орталықта пациенттерді тәртіпті болуға, жауапкершілік пен жолдастық сезімдерді дамытуға үйретеді, туысқандарымен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі, сондай-ақ әртүрлі өмірлік жағдайлар үшін мінез-құлық үлгілерін пысықтайды.

Орталықтың пациенттері Ақмола облысының оқу орындарындағы профилактикалық акцияларға қатысады. Белгісіз рахаттануға деген ұмтылыстарының жақсылыққа апарып соқпағанын олар өз өмірлерін мысалға келтіре отырып түсіндіруге тырысады.

Орталық қызметінің жекелеген бағыты – есірткі тұтынушылардың туғандары мен жақындарына –қосалқы тәуелділерге психологиялық көмек көрсетеді. Проблемалардың барынша маңыздылығын, нашақорлықты емдеуге мамандарды міндетті түрде қосу қажеттілігін түсіндіреді, дұрыс – мейірімді, ал жекелеген жағдайларда есірткіге тәуелділікке тап болған жақындарымен өзара қарым-қатынасқа талаптар қоюға үйретеді.

Оңалту орталығында тілектес жандар мен мамандардан құралған мықты шығармашылық ұжым құрылған. Мақсаттарға қол жеткізу үшін олар әлемдегі, оның ішінде бізге менталитеті бойынша жақын Ресейдегі озық, прогрессивтік әдістерді пайдаланады.

Орталықтың мамандары Денсаулық сақтау жәе әлеуметтік даму министрлігінің Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығының мамандары ұдайы оқыту курстарына жіберіліп тұрады.

Орталық құрылған сәттен бастап 702 есірткіге тәуелді оңалту курсынан өтті. 107 пацинет ремиссияға қол жеткізді.

Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті

ПРЕСС-РЕЛИЗ

по проведению ежегодного профилактического мероприятия «День открытых дверей» в Центре социально-психологической реабилитации наркозависимых лиц МВД Республики Казахстан

(Акмолинская область, с. Раздольное)
18 сентября 2015 года в Центре социально-психологической реабилитации наркозависимых лиц Департамента по борьбе с наркобизнесом МВД состоялось ежегодное профилактическое мероприятие «День открытых дверей» с участием бывших пациентов Центра, находящихся на стадии ремиссии.

Открыл мероприятие начальник Департамента по борьбе с наркобизнесом МВД генерал-майор юстиции С.Кусетов, выступив с приветственным словом к пациентам и гостям Центра.

Центр создан по инициативе МВД в 2004 году в рамках правительственной программы по борьбе с наркоманией и наркобизнесом.

Основная задача Центра - социальная реабилитация, психологическое восстановление наркозависимых лиц и участие в профилактике злоупотребления наркотиков среди основных групп риска – подростков и молодежи.

Ежегодно на его содержание из республиканского бюджета выделяется более 52 миллионов тенге. Одновременно реабилитацию здесь может проходить 35 пациентов.

Для поступления в реабилитационный центр необходимо пройти курс лечения наркомании в наркодиспансерах, где снимается острый период болезни.

Кроме того, существует ряд обязательных требований для поступления: справка из наркодиспансера; от психиатра; результаты медицинских исследований на ВИЧ; удостоверение личности.

Таким образом, курс социально-психологической реабилитации – это завершающий этап лечения наркомании. Он длится один год и включает в себя психологическую реабилитацию, социальное восстановление наркозависимых, обучение труду.

В Центре пациентов учат быть дисциплинированными, развивают чувство ответственности и товарищества, помогают выстраивать отношения с родными, а также прорабатываются модели поведения для разных жизненных ситуаций.

Пациенты Центра участвуют в профилактических акциях в учебных заведениях Акмолинской области. На своем примере они показывают – куда может привести желание получить сомнительное удовольствие.

Отдельное направление деятельности Центра – оказание психологической помощи созависимым лицам – родным и близким наркопотребителя. Объясняют всю серьёзность проблемы, необходимость обязательного подключения специалистов к лечению наркомании, учат выстраивать правильные – добрые, а в отдельных случаях и требовательные взаимоотношения с близким, попавшим в наркотическую зависимость.

За годы работы в реабилитационном центре создан крепкий творческий коллектив единомышленников и профессионалов. Для достижения целей они используют передовые, прогрессивные методы реабилитации, используемые в мире и, в частности, в близкой к нам по менталитету России.

Специалисты Центра регулярно направляются на обучающие курсы в Республиканский научно-практический центр медико-социальных проблем наркомании Министерства здравоохранения и социального развития.

Всего с момента создания Центра курс реабилитации прошли 702 наркозависимых. Ремиссии добились 107 пациентов.


Департамент по борьбе с наркобизнесом МВД РК

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет