Қазақстан республикасы қҰҚЫҚ ЖҮйесінің ҚалыптасуындағЫ Әдет-ғҰрып нормаларының ролі

Loading...


жүктеу 118.35 Kb.
Дата28.05.2017
өлшемі118.35 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ӘДЕТ-ҒҰРЫП НОРМАЛАРЫНЫҢ РОЛІ

Абдрахманова А. К.


Жер жүзіндегі қандай да бір елдің арман - тілегі де, мақсат-мүддесі де мемле-кеттік және ұлттық тәуелсіздігі, осы ұлы түсінік ұлттық сананың негізгі мазмұнын құрайды. «Жеті жарғының» ел құрметіне бөленіп, шежіреші және кемеңгер ақсақал-дардың жадына берік жазылуына негізгі се-бепкер оның ережелерінің қазақ ұлтының мемлекеттілігі мен құқықтық өздігінің жар-шысы екендігінде. «Жеті жарғы» ең алды-мен біздің заманымызға дейін қариялардың берік жадымен жеткен қазақтың байырғы әдет-ғұрып заңдары мен ережелері, еура-зиялық көшпелі қауымдардың мемлекеттік және құқықтық өмірінің, мәдениетінің жар-қын ережесі.

Қазақ халқының құқық жүйесін әдет-ғүрып құқығы құрайды. Бұл жүйені бұрын-ғы кезеңдерде «адат» деп атаған. Ғалым-дардың пікірі бойынша «Адат» араб тілінде әдет-ғұрып деген ұғымды білдіреді. «Адат» өте ерте кезден басталып, көптеген өзге-рістер мен толықтырулармен қазақ қоға-мындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1917 жылға дейін созылды. Дегенмен «адаттың» құқықтық институттары ғасыр-лар барысында үлкен өзгерістерге ұшыра-мады. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары. Бұл нормалар қазақ қоғамының барлық жақтарын реттеп отырды.

Қазақ халқының әдет-ғұрып құқығы мынадай бастаулар негізінде қалыптасты:

а) әдет-ғұрыптар - адат;

б) билер сотының практикасы;

в) билер съездерінің ережелері;

г) шариғат нормалары.

Ауызша әдет-ғұрыптар ең көне за-маннан, рулық қауымның қалыптасуынан бастау алады. Уақыт өте келе таптық қау-ымдастық күшейіп, әлеуметтік жіктелудің артуына орай ауызша әдет-ғұрыптар құ-қықтық сипат алып, билеуші топтардың мүддесіне қызмет ете бастады. Құқықтың бұл түрі қазақ қоғамының талаптары мен ерекшеліктеріне сай келді. Көшпелі қоғам жағдайында ұзақ уақыт сақталып қалған рулық қатынастар, патриархалдық отбасы, көшпелі мал шаруашылығы т.б. қатынас-тарды реттеудің бірден-бір тиімді жолы әдет-ғұрып құқығы болып табылды [1, 15-16].

Қазақ хандары әдет-ғұрып құқы-ғының нормаларын жүйелеп жетілдіріп, қо-ғамның талаптарына сай өзгерістерге ұшы-ратып, оларға ресми сипат беріп отырды. Әдет-ғүрып заңдарын алғашқы жүйелеуші Қасым хан болды. Оның заңдары бес бе-лімнен тұрды:

Бірінші бөлім - мүліктік және жер қа-тынастарын реттеуші нормалар;

Екінші бөлім - қылмыс пен жазаға қа-тысты құқық нормалары;

Үшінші бөлім - әскери міндеттілік және оны орындау, сондай-ақ әскери тәр-тіпті бұзғандағы жазаларға байланысты құ-қықтық нормалар;

Төртінші бөлім - елшілік жораларға катысты, елшілерді тағайындау және қа-былдау тәртібі, шет ел өкілдерімен келіс-сөздер жүргізу, дипломатиялық этикет мә-селелері туралы нормалар;

Бесінші бөлім - қайтыс болғандарды жерлеу, еске алу, мерекелер өткізу т.б. рә-сімдерге қатысты нормалардан тұрды.

Қасым ханнан соң шамамен жүз жылдан кейін әдет-ғұрып құқықтары Есім ханның тұсында қайта жүйеленіп, жал-ғасын таба бастады. Қалмақтармен соғыс-тардың күшеюіне байланысты Есім хан әс-кери міндеткерлікті күшейтіп, әскери тәр-тіпті бұзғаны үшін жазаларды қатайтты. Есім хан негізінен бұрынғы Қасым хан тұ-сындағы құқықтық ережелерді қайталады. Сондықтан оны ескі жолды жалғастырушы ретінде «Есім ханның ескі жолы» деп атап кеткен.

Арада біршама уақыт өткеннен кейін, шамамен 80-90 жылдан соң дала заңдарына өзгерістер мен толықтырулар ендіріп оны «Жеті жарғы» деген атаумен кайта қабыл-дады. Оның негізін салушы Әз Тауке еді. Тәуке хан әдет-ғұрып заңдарын қайта жү-йелеуге көп еңбек сіңірді. Аты аңызға ай-налған Теле би, Қазыбек би, Әйтеке би-лердің басшылығымен қазақтың белгілі би, шешен, білгірлері бірнеше рет Күл тебенің басына жиналып, «Жеті жарғының» норма-ларын талқылаған. Тарихшылардың ай-туынша «Күлтебенің басында күнде жиын» деген сөз сол кезден қалған деседі. Ақы-рында жан-жақты сұрыпталған «Жеті жар-ғы» заңдар жинағы дүниеге келген. «Жеті жарғының» алғашында қағазға түскен нұс-қасы да бар болуы мүмкін деген жора-малдар бар [2, 9-10].

А. Левшиннің кітабы бойынша жет-кен «Жеті жарғы» заңдар жинағының қа-зақша ықшамдалған аудармасынан төмпең-дегідей мысалдар келтірсек:

• Қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адам-ға - 1000 қой, айелге - 500 қой);

• ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбы-лық жасаған адам өлім жазасына кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы же-ңілдетуге болады;

• денеге зақым келтірілсе, соған сәй-кес құн теленеді (бас бармақ - 100 қой, шы-нашақ - 20 қой);

• төре мен қожаның құны қарашадан жеті есе артық төленеді;

• егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жа-засына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұн-дай қылмысты екі қабат әйел жасаса, жаза-дан босатылады);

• егер ері әйелін өлтірсе, ол өйелінің қүньш төлейді;

• ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана елтірсе, өлім жазасына кесіледі;

• өзіне-өзі қол салғандар белек жер-ленеді;

• егер екі кабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес айлық бала үшін - бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға - әр айына 1 түйеден (анықтама үшін: 100 түйе - 300 атқа немесе 1000 қойға тең);

• әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төлеуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың мал төлеп үйленсе, жазадан бо-сатылады;

• әйелі ерінің кезіне шөп салу үстінде ұсталса, ері оны өлтіруге хақылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс; әйелінен сезіктенген еркектің сөзін 4 се-німді адам дәлелдеп беру керек. Егер олар теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады;

• біреудің әйелін күйеуінің келісі-мінсіз алып қашқан адам өлімге бұйы-рылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімімен әкетсе, күйеуіне қалым мал төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз бе-руге тиіс;

• құдайға тіл тигізген (7 адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;

• кәпір болған адам мал-мүлкінен ай-ырылады;

• құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде (қазақ құлдарды жалшы, малшы ретінде ұстап, кейін бөлек шығарып отыр-ған);

• ата-анасына тіл тигізген ұлды мой-нына құрым байлаған күйі, қара сиырға те-ріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айналады, ал қыз қол-аяғы байланып, ана-сының билігіне беріледі;

• ұрлық жасаған адам үш тоғызын қайтаруға тиіс;

• ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жаса-ған адам екі бірдей жазаға тартылады;

• ерінің ұрлығын біле тұра хабар-ламаған әйелі мен баласы жазаға тартыл-майды, өйткені үлкеннің үстінен шағым ай-ту әбестік саналатын болған.

«Жеті жарғыда» әкімшілік, қылмыс-тық, азаматтық құқық мәселелерімен катар отбасы-неке, салық, дін, тәрбие т.б. сияқты қоғамның жан-жақты мәселелері көрініс тапқан. Осыған қарағанда «Жеті жарғы» Тәуке ханның тұсында қазақ қоғамының барлык, жақтарын түгел қамтыған әмбебап кодификациялаған заң жүйесі болған деп қорытындылауға болады. «Жеті жарғы-ның» қағида ережелері барлық қазақ жүзде-рінің территориясында түгелдей қолданыл-ған [3, 5-6].

Жеті жарғыны жасаудағы мақсаттың бірі хандық өкімет пен феодалдар қазақтың әдет-ғүрыпты құқығы жүйесінен халық бұ-қарасының мүдделерін қорғайтын норма-ларды алып тастау, хандар мен атақты би-лердің беделдерін қорғайтын ашық феодал-дық сипаттағы нормаларды бекіту еді.

Әдет-ғұрыптардың бұл жинағын жа-зуға бастамашы болған байлар мен билер тобы болды. Олар ерекше экономикалық және саяси мақсаттарын заңдастыруды ой-лады. Байлар мен билер тобы хандық би-лікті шектеуді заңдастырды, сонымен қатар олар жүзаралық және руаралық қатынас-тарға құқықтық реттеушілік рол беруге ты-рысты. «Жеті жарғы» нормалары билердің еңбекшілердің үстінен жүргізетін бүкіл сот билігін бекітті деп бағаланды. «Жеті жарғыға» қатысты мұндай пікірді белгілі ғалым жазушы М. Магауин де қолдайды.

«Әз Тәуке ежелгі дәстүрді бұзды. Би-лікті биге берді. Нәтижесінде, ру көлемінен озып, ұлыс көлеміне жеткен, үлкен саяси күшке айналған билер уақыт өте келе өз ортасынан шыққан рудың, ұлыстың мүд-десін көбірек күштейтін болды, хан жарлы-ғын жүре тыңдайтын болды.

Әдет-ғұрып құқығының ережелері, соның ішінде «Жеті жарғының» қағида-лары да билер сотның практикасымен бай-ытылып отырды. Қазақта қаншама ауыр да-уларды шешкен билер болды. Әсіресе мұн-дай шешімдерді Майқы би, Төле би, Қазы-бек би, Әйтеке би т.б. билердің практика-сынан көбірек кездестіруге болады. Қазақ-тың басқа билері оларға еліктеді, олардың практикасын басшылыққа алып, ұқсас іс-терді шешіп отырды. Тіпті атақты билердің биліктері (үкімдері) ұқсас істерді қарағанда міндетті басшылыққа алынатын кездер де болған. Билер соты практикасының мұндай сот отырыстары әдет-ғұрып құқығының бастауларының біріне айналып отырды [4. 18-19].

Қазақ билері құқықтық шығармашы-лықпен де терең айналысты. Олардьщ құ-қықтық шығармашылығының айқын көрі-ністерінің бірі билер съездерінің ережелері болып табылады. «Жеті жарғының» өзі де билер съездерінің және билердің құқықтық шығармашылығының жемісі. Билер съез-дері әдет-ғүрып құқығының негізгі қағида-ларын заман талабына сай өзгертіп, байы-тып отырды. Әсіресе Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі билер съездерінің ере-желері бізге көбірек жетті.

Әдет-ғұрып құқығының тағы да бір бастауы шариғат болды. «Жеті жарғыда» шариғатқа байланысты бірнеше қағидалар болды. Мәселен, онда «Құдайға тіл тигізген адам (7 адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі, өзге дінге өтіп кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылатын болған» деген ережелер болды және олардың орын-далуы катаң бақыланып отырды. Туыс адамдардың арасындағы ерлі-зайыптылық қатынастар да шариғат негізінде жазаға тартылған. Дін өкілдеріне артықшылық, құ-қықтар берілді. Дегенмен шариғаттың нор-малары қазақ қоғамында ерекше артық-шылық жағдайға жете алмады. Шариғат-тың нормалары XVIII ғасырдың соңында күшейе түсті. Шариғаттың нормалары бел-гілі бір мелшеде отбасы-неке, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттеп отырды.

Қазақ қоғамында малға жеке меншік адат нормаларымен реттеліп отырды. Ол кезде азаматтардың сатуға, айырбастауға, сыйлауға және мұраға қалдыра алатын мүмкін бәрі де жеке меншік заттары болып табылатын болған. Жерге жеке меншік XIX ғасырға дейін болмады. Жер адат бойынша кауымның меншігі деп есептелді. Қауым ретінде негізінен рулық бірлестік танылды. Шын мәнінде қауымның немесе рудың атынан жерге, жайылымдарға қауым бас-шысы, ру басшылары, сұлтандар және би-лер билік жүргізді. Ғалымдардың пікірі бойынша, жерге жеке меншіктің болмау се-бебі де көшпелі мал шаруашылығына негіз-делген экономикалық қатынастарда жатса керек. Орасан зор көлемдегі жайылым-дарды меншік иелеріне бөлудің ешқандай мәні болуы мүмкін емес еді. Оның үстіне жайылымдар үнемі ауысып отыратын. Көктем мен күздің арасында мың кило-метрге дейін көшіп-қонып жүрген көшпелі қауымдар үшін жерді, жайылымдарды жеке меншікке бөліп беру мүмкін емес те еді [5, 22-23].

Тек қыстаулар ғана XVIII ғасырда феодалдардың жеке меншігіне көше бас-тады. Қыстың күні жайылым негізінен пайдаланылмады. Қазақтардың қыстаулары тұрақты болған. Жерді жеке меншікке беру Бөкей ордасында (1801 жылы құрылған) болды. Мұнда ханның жарлығымен оның туыстары мен ірі феодалдарға үлкен мөл-шерде жер таратылды. Үлкен аумақтарда көшіп жүрген малшы қауымдары арасында жерге қатысты мынадай екі мәселе туын-дады.

Олар:


Бірінші, жайылымдарды пайдалану құқығы;

Екінші, бос немесе ешкім иеленбеген жайылымдар мен суарымдарды пайдалану құқығы еді. Бұл екі құқықта феодалдар то-бының монополиясында болды. Шынында хандар мен сұлтандар, билер мен старшын-дар өздерінің қарамағындағы халықтың атынан көшіп-қонуға иелік етті. Мұндай жағдай мықты феодалдарға нашар ауыл-дарды, руларды, қарапайым халықты құ-нарсыз жайылымдарға ығыстыруға себеп болды. Жайылымдарды пайдалану құқығы мен бос жатқан жерлерге иелік ету құқығы тығыз байланысты болды.

Егер көшіп-қону жөнінде үстем тап өкілдері ру немесе ауылмен бір бағытта қозғалса жайылым, суарым, тұрғылықты жер жөнінен жеке мал иелері өздерінің үй-жайларымен, малдарымен, адамдарымен нақты орындарға орнықты. Мұндай жағ-дайда адат заңдары атқа мінерлердің құқығын қорғады. Әлеуметтік орны төмен қоғам мүшесі шегінуге тиіс болды. Оның үстіне феодалдар заңдылықтарды арты-ғымен қоса өзінің материалдық артықшы-лығын да пайдаланды. Адат бойынша жер-ді сату, сыйға беру, мұраға калдыру туралы құқықтар ешкімге берілмеді. Жер бүкіл қазақ халқының байлығы деп есептелді.

Әдет-ғұрып құқығындағы тереңірек зерттелген салалардың бірі ол, нек-отбасы қатынастары еді. Қазақ қоғамының негізі ру болса, рудың негізі отбасы болды. Отба-сының басшысы ер адам болып есептелді. Қазақтардың үлкен отбасы әкенің, балалардың, тәуелді жақын туыстардың, малшылар мен құлдардың отбасынан тұр-ды. Бай феодалдардың әр әйелі бір отау, кейде ауыл болып тұрды. Мұндай жағдайда бірнеше ауылдар отбасылық-ауылдық қау-ымды құрады.

Отбасы басшысы ер адам адат бой-ынша артықшылық құқықпен пайдаланды. Отбасындағы әйел мүшелерінің құқығы шектеулі еді. Ер адам отбасы мүлкінің иегері болып танылды әрі отбасы тірлігі үшін жауап берді. Ол басқа отбасы мү-шелерін жазаға тарта алды. Бірақ әке бала-сына беретін еншіден, қызына беретін жа-саудан бас тарта алмады. Ұлына енші, қы-зына жасау беру әкенің міндеті, әрі парызы ғып саналған. Мұның өзі адаттың әрбір отбасы мүшесінің құқығын қорғағандығын көрсетеді.

Қазақ халқының некесі экзогамиялық сипатта болды. Экзогамиялық дәстүр бір рудың, топтың ішінен ерлер мен әйелдерге некеге тұруға рұқсат етпеді. Қазақтарда же-ті атаға дейін некелесуге жол берілмеген. Сондай-ақ қазақ некесі полигамиялық сипатта да болды. Полигамия бір ер адамға бірнеше әйелмен некеде түруға немесе көп әйел алушылыққа рұқсат ету деген ұғым.

Отбасы патриархалдық сипатта бол-ған соң некелесу мәселесін ата-аналар, не-гізінен әке шешетін. Мысалы: тұрмысқа шығатын қызға разылығын, батасын бе-ретін әкесі болған. Олардың шешіміне қар-сы болғандар қатаң жазаға ұшырайтын еді.

Неке құда түсу рәсімінен басталады. Ата-аналар балаларын үйлендіру үшін кұда түседі. Құда түсу балалар жас күнінде, тіпті туылмай тұрып та жасала беретін болған. Құда түскен соң жігіт жағы қалың мал төлейтін. Қалың малы төленген қызды қалыңдық деп атаған. Қалыңмалы төленген қыз сол жігітке шығуға міндетті болған. Үйленгенге дейін жігіт қайтыс болса, қалыңмалы төленген қалындық жігіт елінің жесірі ретінде оның туыстарының біріне күйеуге шығуға міндетті болды [6, 12-13].

Қазақ халқында неке құру рәсімін шариғат жолымен молда жасайды. Неке қию салтанатты жағдайда үйленушілердің ата-аналарының, 2-3 куәнің және көпші-ліктің алдында өтеді. Неке қию үшін үй-ленуші жастардың ырзалығы міндетті бол-ған. Онсыз молда некені қия алмаған. Мол-да неке батасын оқыған соң неке қиылды деп есептелген.

Некені тоқтату адат бойынша тек ер адамның құқығында еді. Некені бұзуға түр-лі себептер болған. Солардың бастысы әйе-лдің ерінің көзіне шөп салуы, еріне дұрыс қарамауы. Бірінші жағдайда ол куәлердің көрсетуімен дәлелденуі тиіс болды. Әйел-дер тек ерінің өз міндетін орындауға жа-рамсыздығы және өзіне ұрып-соғып күн бермеген жағдайда ғана некені тоқтату ту-ралы мәселе қоя алды.

Ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болғанда неке тоқтатылады. Неке тоқтаған жағдайда балалар әке жағында қалады. Тек емізулі бала анасында қалады. Адат әйел-дің құқығын төмен қойды. Әйелдің өз ал-дына мүлкі болмады. Тіпті оның жасаумен келген мүлкі де еріне тиесілі болды. Әйел ерін тыңдауға және оның әмірін орындауға міндетті болған. Ажырасқан жағдайда ері әйеліне киімі мен төсек орнын, ат және ша-пан ғана берді.

Әдет-ғұрып нормаларындағы кең та-раған мәселелердің бірі, әмеңгерлік инсти-туты болды. Әмеңгерлік бойынша жесір әйел жұбайы өлген соң бір жылдан соң күйеуінің туыстарының біріне тұрмысқа шығуы тиіс болды. Бірінші кезек өлген ерінің аға-інілеріне берілді. Әменгерлік жолымен ерге шыққан әйелдер көбіне жаңа күйеуінің екінші не үшінші әйелі болатын. Тіпті кей жағдайда жесір әйелдердің өзінен жасы кіші әмеңгерге шығуы да кездесті. Мұндай жағдайда ол күйеуіне екінші жас әйел әперуге келісім береді. Жасы келген жесірлер әмеңгерге шықпай өз алдына үй болып қала берген. Әменгерлік тәртібі қа-лыңмалы төленіп қойған, күйеуге тимеген қыздарға да тиісті болды. Олар да әмен-герлік жолымен атастырған жігіті қайтыс болған жағдайда оның туыстарының біріне шығуға міндетті болған. Әменгерлік бойынша жесір әйелдің балалары жаңа әке-сінің қамқорлығына өтіп, жетім деген аттан құтылды. Осылай балалар да, жесір әйел де тарығудан құтылып отырған. Жесір әйел болса күйеуге тиіп, ерлі болды. Сөйтіп же-сір әйелдердің болмауына жағдай жасалды. Мұндай жағдай қоғам ішінде жеңіл жүрісті әйелдердің болмауына да себеп болды. Оның үстіне әйелді жесір, баланы жетім ету рудың, атына таңба келтіретін оқиға еді. Әменгерлік тәртібі бұл мәселені де шешті [7, 25-26].

Әдет-ғұрып нормалары баяу дамыды. «Касым ханның каска жолынан», «Жеті жарғыға» дейін әдет-ғұрып нормаларына көптеген қосымшалар енгізілді. Әдет-ғұ-рып білгірлері және орындаушылары билер әдет-ғүрып нормалары негізінде сот билігін жүргізіп отырды. Әдет-ғұрып нормалары қоғамдағы үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғауды көздесе, қатардағы ру мү-шелерінің құқығын да жерде қалдырмады

Әдет-ғұрып нормалары адамгерші-лік, гумандық, ізгілікті де қорғады. Қоғам-ның бірлігі мен топтасуын сақтау адаттың басты міндеттерінің бірі болды. Үлкенді, лауазым иесін, отбасы басшысын, ата-ана-ны сыйлау да әдет-ғұрып нормаларынан орын алды. Мұның өзі қоғамдағы тәртіп-сіздік пен құқық бұзушылықтың жолын кесті. Сондықтан да, әдет-ғұрып нормала-рының Қазақ халқының құқық жүйесінің қалыптасуында маңызы өте жоғары болып табылады.

Бұл құжатқа байланысты ауызша жә-не жазба деректерді қарастыра отырып, «Жеті жарғының» мемлекет пен қоғамның тіршілігін үйлестіретін негізгі заң қағи-даларының жинағы немесе мем­лекеттік биліктің үлгісі ғана емес, сонымен бірге, ұлттық құқықтануымның айнасы, халық рухының айшықты бейнесі, ұлттық мүд-денің жаршысы екенін аңғарамыз.
ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақтың әдет-ғұрып нормаларының ма-териалдары. Алматы, 1996.

2. История государства и права Казахской ССР. Часть I. Алматы., 1978.

3. Арғытбаев Қ. Қазақ отбасы. – Алматы, 1996.

4. Материалы по обычному праву казахов. Алматы. 1998.

5. Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. – Алматы, 1988.



6. Материалы по казахскому обычному праву. - Алматы, 1998.

7. История государства и права Казахской ССР. 1982.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...