Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.66 Mb.
бет8/13
Дата15.01.2017
өлшемі2.66 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Аccess-тің МБ біртұтастығын қалай қамтамасыз ететіндігін зерттеу.

  • «Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету» жалауша белгісін алып тастап, байланыс параметрін өзгерту.

  • 3 – 5 пункттерде жазылғандай түрде бағынышты кестемен жұмыс істеу.

  • Мәліметтер схемасын сақтау.

    3 жаттығу



    1. 1 жаттығуда жасалған мәліметтер схемасымен жұмыс істеу режиміне кіру.

    2. Тышқан курсорын кез келген бір 1:М байланысына алып келіп, байланыс параметрлері терезесінде «Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету» және «Байланысқан өрістерді каскадты түрде жаңарту» жалаушасын белгілеу.

    3. Бағынышты кестемен жұмыс істеу режиміне кіру.

    4. Бағынышты кестемен біртұтастық шектеулерін бұзу арқылы жұмыс істеу, мысалы, байланыс өрісінің мәнін басты кестеде жоқ мәнге өзгерту.

    5. Аccess программасының мәліметтер біртұтастығын қалай қамтамасыз ететінін зерттеу.

    6. Байланыс параметрін «Каскадты түрде жаңарту» жалаушасын алып тастау арқылы өзгерту.

    7. 3-5 пунктте көрсетілгендей түрде бағынышты кестемен жұмыс істеу.

    8. Мәліметтер схемасын сақтау.

    4 жаттығу



    1. 1 жаттығуда жасалған мәліметтер схемасымен жұмыс істеу режиміне кіру.

    2. Тышқан курсорын кез келген бір 1: М байланысына алып бару, параметрлер байланысы терезесінде «Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету» және «Байланысқан жазбаларды каскадты түрде жою» жалаушаларын белгілеу.

    3. Басты кестемен жұмыс істеу режиміне кіру.

    4. Басты кестемен мынадай әрекет орындау, мысалы, басты кестедегі бағынышты кестемен байланысы бар жазбалардың біреуін жою.

    5. Аccess программасының мәліметтер біртұтастығын қамтамасыз етуін зерттеу.

    6. «Байланысқан жазбаларды каскадты түрде жою» жалаушасын алып тастау арқылы байланыстар параметрлерін өзгерту.

    7. 3-5 пункттерде көрсетілгендей түрде басты кестемен жұмыс істеу, мысалы, басты кестенің бағынышты жазбалары бар кез келген бір жазбасын өшіру.

    8. Мәліметтер схемасын сақтау.

    9. Басты және бағынышты кестелерді қарап отырып, Аccess программасының мәліметтер біртұтастығын қалай қамтамасыз ететінін зерттеу.

    5 жаттығу



    1. 1 жаттығуда жасалған мәліметтер схемасымен жұмыс істеу режиміне кіру.

    2. Тышқан курсорын кез келген бір 1:1 түріндегі байланысқа апарып, байланыстар параметрлері терезесіндегі «Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету» жалаушасын белгілеу.

    3. Бағынышты кестемен жұмыс істеу режиміне кіру.

    4. Біртұтастық шектеулері бұзылған бағынышты кестемен жұмыс істеу, мысалы, басты кестеде жоқ мәнді бағынышты кесте байланыс өрісіне енгізу.

    5. Аccess программасы мәліметтер біртұтастығын қалай қамтамасыз ететінін зерттеу.

    6. Байланыс параметрлерін «Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету» жалаушасын алып тастау арқылы өзгерту.

    7. 3-5 пункттерде көрсетілгендей түрде бағынышты кестемен жұмыс істеу.

    8. Мәліметтер схемасын сақтау.

    6 жаттығу



    1. 1 жаттығуда көрсетілгендей түрде мәліметтер схемасымен жұмыс істеу режиміне кіру.

    2. Тышқан курсорын кез келген бір 1:М байланысына апарып, байланыстар параметрлері терезесіндегі «Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету» жалаушасын белгілеу.

    3. Біріктіру (Объединение) батырмасын басу.

    4. Ашылған терезеде байланыстың қай түрі орнайтынын тағайындау.

    5. Аccess программасы мәліметтер біртұтастығын қалай қамтамасыз ететінін зерттеу.

    6. Мәліметтер схемасын сақтау.



    Бақылау сұрақтары:

    1. Мәліметтер схемасы не үшін қажет?

    2. Белгілі бір саладағы объектілер арасында байланыстың қандай түрлері болады?

    3. Аccess-те қандай байланыстар қолданылады?

    4. Біріктіру байланысы дегеніміз не?

    5. Біріктіру байланысын қалай орнатуға болады?

    6. Аccess-те мәліметтер схемасын жасаудың қандай түрлері бар?

    7. Мәліметтердің біртұтастығы деген не?

    8. Аccess-те мәліметтердің біртұтастығы қалай сүйемелденеді?

    9. Аccess-те кестелер арасындағы байланыс қалай орнатылады?

    10. «Байланыс» терезесінде қандай әрекеттер орындауға болады?

    11. Аccess-те орантылған байланысты қалай жоюға болады?

    12. Аccess-те орнатылған байланысты қалай өзгертуге болады?

    13. «Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету» жалаушасы не үшін қажет?

    14. «Байланысқан өрістерді каскадты түрде жаңарту» жалаушасы не үшін қажет?

    15. «Байланысқан жазбаларды каскадты түрде жою» жалаушасы не үшін керек?

    16. Мәліметтер схемасына жаңа кестені қалай қосуға болады?

    17. Мәліметтер схемасындағы кестені қалай жоюға болады?

    Зертханалық жұмыс №4 (2 сағат)
    Тақырып: "СҰРАНЫСТАР ҚҰРУ"
    Жұмыстың мақсаты: сұраныстарды құру тәсілдерін зерттеу, сұраныстар үшін Конструктор режиміндегі жұмыс тәсілдерін меңгеру, айқасқан сұраныстар құруды үйрену.
    6.1 Сұраныстар жасау

    Сұраныстарды қолдану МБ-нан ақпараттарды алудың ең жылдам тәсілі болып табылады. Сұраныс бір немесе бірнеше өзара байланысқан кестелерден керекті мәліметтерді таңдап алуға, есептеулер жүргізуге және нәтижелерді кесте түрінде алуға мүмкіндік береді. Access-те тұтынушыға қолайлы болып саналатын үлгі бойынша сұраныстар қалыптастыру – QBE (Query By Example) мүмкіндігі бар, оның көмегімен күрделі сұраныстарды оңай құрастыруға болады. Сұранысты бастапқы МБ кестелері арқылы, басқа сұраныстар нәтижесінде алынған кестелер және құрылған сұраныстар негізінде де тұрғызуға болады. QBE сұраныстары пайдаланылатын кестелер мен сұраныс бланкы бар мәліметтер схемасынан тұрады. Сұраныстар құру үшін мәліметтер схемасында көрсетілген кестелердің керекті өрістерін тышқан арқылы белгілеп алып, сұраныс бланкына тасымалдап, жазбаларды таңдап алу шарттарын енгізсе болғаны. Әрбір кесте өрістері тізімінің бірінші орнында «кестенің барлық өрістері» деген мағынаны білдіретін * символы бар, оны таңдасақ, сұранысқа барлық өрістер енгізілетін болады.

    Сұраныс құру үшін «Сұраныстар» («Запросы») парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шерту керек. Сондағы сұраныстарды жасау режимін таңдау терезесі 69-суретте көрсетілген.
    описание: z1

    69 сурет. Сұраныстарды жасау режимін таңдау терезесі


    Сұраныс менюі сұраныстармен жұмыс істеуге арналған, оның мынадай пункттері бар:

    Іске қосу (Run) – сұраныстың орындалу нәтижелерін кесте режимінде экранға шығарады,

    Кесте қосу (Show Table )«Кесте қосу» ("Добавление таблицы") терезесін көрсетеді,

    Кестені жою (Remove Table) – белгіленген кестені немесе сұранысты ағымдағы сұраныстан жояды,

    Таңдау (Выборка) (Select) - ағымдағы екпінді сұранысты таңдаудағы сұранысқа (запрос на выборку) түрлендіреді,

    Айқасқан (Перекрестный – Crosstab) – айқасқан сұраныстар жасау қызметін атқарады,

    Кесте жасау (Make Table) - ағымдағы екпінді сұранысты жаңа кесте құру сұранысына түрлендіреді,

    Жаңарту (Update) - екпінді сұранысты жаңарту сұранысына түрлендіреді,

    Үстемелеу (Append) - екпінді сұранысты үстемелеу сұранысына түрлендіреді,

    Жою (Delete) - екпінді сұранысты жою сұранысына түрлендіреді,

    SQL сұранысы (Query SQL) - екпінді сұранысты біріктіру, басқару немесе сервер сұранысына түрлендіреді,

    Параметрлер (Parameters) – сұхбаттасу терезесінде сұраныстың керекті параметрлерін тағайындау үшін қолданылады.
    6.2 Конструктор режимінде сұраныстар жасау

    Конструктор режиміне Жасау (Создать) батырмасын басу арқылы немесе, сұраныс бұрын құрылған болса, сол сұранысты белгілеп алып, Конструктор батырмасын шерту арқылы кіруге болады. Бірінші тәсілде Конструктор режимі бос сұраныс терезесі мен Кесте қосу (Добавление таблицы) сұхбаттасу терезесін ашады. 70-суретте осы Конструктор терезесі көрсетілген. Екінші тәсілде Конструктордың мәліметтермен толтырылған терезесі ашылады (71 сурет), мұнда сұранысты өзгертуге болады.

    Бірінші тәсілде алдымен сұранысқа мәлімет алынатын барлық кестелерді белгілеп алу қажет, яғни кестенің атында, содан соң Үстемелеу (Добавить) батырмасында тышқанды шерту керек. Сұраныс терезесіне сұраныс тұрғызуға керекті мәліметтер схемасы шығады. Терезенің төменгі бөлігінде Өріс (Поле) қатарында өрістерді көрсету қажет. Мұнда керекті өрістерді бірнеше тәсілдермен таңдауға болады. Кесте өрістері тізімі ішінен қажетті біреуін сұраныстың бос бағанасына тасымалдауға болады немесе кесте өрістері тізімінен қажетті өрісті таңдап алып, тышқанның сол батырмасын екі рет шертсе болғаны. Тышқан курсорын сұраныстың төменгі бос бағанасына алып барып, тышқан оң батырмасы арқылы өрістер тізімін ашып, қажет өрісті таңдап алуға болады. Сұраныстағы Кесте аты (Имя таблицы) қатарында өрістері таңдалынып алынған кестелер көрсетіліп тұрады. Сұрыптау (Сортировка) қатарында мәліметтерді ретке келтіру тәсілдерінің бірін таңдап алуға болады: Өсуі бойынша / Кемуі бойынша/ Қажеті жоқ (В порядке возрастания/ В порядке убывания/ Отсутствует). Егер берілген өріс экранда көрсетілуі тиіс болса, Экранға шығару (Вывод на экран) қатарындағы квадратта тышқанды шерту қажет. Таңдау шарттары (Условие отбора) қатарында мәліметтерді ішінен керектілерін таңдап алу шарттарын (фильтрлер үшін сипатталғандай) енгізуге болады. 71-суретте «Авто» және «Авто иесі» кестелерінен тұрғызылған сұраныс келтірілген.



    описание: z2
    70 сурет. Сұраныстар Конструкторы терезесі
    описание: z3
    71 сурет– Сұранысты екі кесте қолдану арқылы құру

    72-суретте құрастырылған сұраныстың соңғы нұсқасы көрсетілген. «Авто» кестесінен Нөмірі, Маркасы, Түсі өрістері, ал «Авто иесі» кестесінен Фамилия және Телефон өрістері алынған. Мәліметтер Маркасы өрісі бойынша сұрыпталған. Кестелердегі жазбаларды таңдап алу шарттары мынадай болуы тиіс: немесе "волга" маркасындағы автомобильдер, немесе түсі "ақ" автомобильдер. Экранда сұранысқа кіретін барлық өрістер көрсетілетін болады. «Авто» кестесінің бастапқы түрі 55-суретте, ал сұраныс құру арқылы алынған мәліметтер 73-суретте көрсетілген.


    описание: z5
    72 сурет. Құрастырылған сұраныс
    описание: z6
    73 сурет. Сұраныс арқылы алынған мәліметтер

    Таңдап алу шарттары қатынас (салыстыру) операторлары мен операндтардан (мәндерден) тұрады. Операндтар ретінде мыналар қолданылады:

    - литералдар – тікелей мағынасы бойынша қабылданатын мәндер, мысалы, сан, қатар, күн;

    - тұрақтылар - өзгермейтін мәндер, мысалы, True, Иә, 1200;

    - идентификатор - өріс мәніне сілтеме жасау, басқару элементі немесе сипаттамалар түріндегі өріс қасиеттері, мысалы, Идентификатор.Қасиет немесе [Кесте аты]![Өріс аты].

    Шарттарды құрастыру кезінде нақты мәндер мен қатынас белгілерін тікелей көрсету керек ( < , >, <= , > = , < >). Символдық мәндер тырнақшалармен қоршалып көрсетіледі. Бір қатарда келтірілген шарттар "ЖӘНЕ" белгісімен, ал әртүрлі қатарлардағы шарттар - "НЕМЕСЕ" белгілерімен біріктіріледі. Интервалға қатысты мәнді тексеру үшін Beetwen... And конструкциясы қолданылады, мысалы: Beetwen 5 And 100 - (5, 100) аралықтарындағы мәндер. Егер мәнді көрсетілген мәндер тізіміне кіргізу керек болса, IN операторын қолдану керек, мысалы , IN ( 100, 200, 500 ) – қажетті мән 100, 200 немесе 500 мәндерінің бірі болуы тиіс. Құрама шарттар құру үшін And, Not, Or операторларын қолдануға болады. Шарттарды саймандар тақтасындағы Құрастыру (Построить) батырмасын немесе жанама (контекстік) менюдегі Құрастыру жолын таңдау арқылы Өрнек құрастырушысы (Построителя выражений) көмегімен де құру мүмкіндігі бар.

    74-суретте сұранысқа жаңа кесте қосу кезінде шақырылатын жанама меню көрсетілген. Оны шығару үшін тышқанның оң жақ батырмасын кестелер орналасатын сұраныстың жоғарғы аймағындағы бос орында шерту керек.
    описание: z7

    74 сурет. Жанама (контекстік) менюді шақыру


    75-суретте екі «Авто» және «Зауыт» кестелерінен тұрғызылған сұраныстың мысалы келтірілген. «Авто» кестесінен – Нөмірі, Маркасы, Бағасы өрістері, ал «Зауыт» кестесінен – Зауыт атауы (НаименЗавода) өрісі алынған. Мәліметтер сұрыпталмаған. Кестелерден жазбаларды таңдап алу шарттары ретінде автомобиль бағасының 5000 мен 10000 аралығында болуы көрсетілген. 76-суретте осы шарттарды қалыптастыратын Өрнектер құрастырушысы келтірілген.
    описание: z9
    75 сурет. Бағасы өрісіне арналған шарт көрсетілген сұраныс
    описание: z8
    76 сурет. Бағасы өрісі үшін өрнек құрастыру
    Бағасы өрісі үшін Таңдау шарты қатарына Өрнек құрастырушысын шақыру үшін контекстік менюді шақырып, Құрастыру (Построить) қомандасын орындау керек. Одан соң Құрастырушының бірінші бағанасында «Операторлар» бумасын ашып, екіншісінде қатынас (салыстыру) операторларын крсетіп, үшіншісінде – Beetwen операторын екі рет шерту қажет. Осы операторға арналған өрнек терезенің жоғарғы жағында Between «Өрнек» And «Өрнек» түрінде пайда болады. Ондағы өрнектер орнына сандық мәндерді –5000 және 10000 – енгізу керек. Мәннің ақырғы түрі: Between 5000 And 10000. 77-суретте осы сұраныс бойынша алынған мәліметтер көрсетілген.
    описание: z10
    77 сурет. 2-сұраныстан алынған мәліметтер
    Сұраныста өріс мәндері арқылы есептеулер жүргізіп, олардың нәтижелерін басқа бір (сұраныс бойынша құрылатын) кестедегі жаңа өріске мән етіп тағайындауға болады. Есептелінетін өрнек сұраныс бланкының өрісіндегі бос ұяға Өрнек N (Выражение N) болып енгізіледі, мұндағы N – өрнек нөмірі, мысалы: Өрнек 1: [Бағасы]*[Саны]. Есептеулер кезінде арифметикалық өрнектер мен Access-тің ішкі функциялары қолданылуы мүмкін. Мұндай өріске жаңа ат (Подпись) беру үшін курсорды есептелінетін сол өріске орналастырып, контекстік менюдегі Қасиеттер командасын таңдап, «Жалпы» («Общие») ішкі парақшасының Подпись қатарына жаңа ат енгізу қажет.

    78-суретте есептелінетін өрнегі бар «Зауыт» кестесінің негізінде құрылған сұраныс көрсетілген. Бұл өрнек зауыттың бір ай ішінде шығаратын автомобильдерінің санын анықтайды. Ол Жылғы Авто саны (ЧислоАвтоВгод) өрісінің негізінде құрылған және сұраныста ол былай болып жазылады:



    Өрнек1: Cint ([зауыт]![ Жылғы Авто саны] / 12) .

    Cint() функциясы алынған мәндерді бүтін санға дейін дөңгелектеп жазуға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қасиеттері терезесі арқылы оның «Жалпы» («Общие») парақшасында бұл өрнек орналасқан өріс аты өзгертілген (79 сурет). 80-суретте осы сұраныстан алынған мәліметтер көрсетілген. Мәліметтер Зауыт Аты өрісі бойынша реттеліп берілген.

    описание: z11
    78 сурет – Есептелінетін өрнегі бар сұраныс

    описание: z12
    79 сурет– Өрнек орналасын өріске жаңа ат беру

    описание: z13
    80 сурет– 3-сұраныс арқылы алынған мәліметтер

    Тұтынушы таңдап алу шарты ретіндегі өрістің нақты мәнін сұранысты орындау кезінде енгізуіне болады. Ол үшін сұраныс параметрінің атын тік жақшаларда беру қажет, мысалы, [автомобиль түсі]. Сұранысты орындау кезінде бұл ат Параметрдің атын беріңіз (Введите значение параметра) атты сұхбаттасу терезесінде пайда болады. Осындай сұраныс түрі 81-суретте көрсетілген. Сұраныс «Авто» кестесінің Нөмірі, Маркасы, Қуаты өрістерін пайдалану жолымен құрылған. Жазбалар тұтынушы енгізген шарттарға сәйкес кестеден таңдалып алынады – ол автомобиль қуатының мәні. Қажетті автомобиль қуаты (150 қуатты) енгізілетін терезе 82-суретте көрсетілген. 83-суретте осы сұраныс арқылы алынған мәліметтер көрсетілген.


    описание: z14
    81 сурет– Мән енгізуді талап ететін сұраныс


    описание: z16
    82 сурет– Қажетті мәнді сұрату арқылы енгізу терезесі
    описание: z15
    83 сурет– 4-сұраныс арқылы алынған мәліметтер
    Конструктор терезесінде тұрып, осындай сұраныстарды саймандар тақтасындағы Түр (Вид) немесе Іске қосу (Запуск) батырмалары арқылы жасауға болады. Ал мәліметтер базасы терезесінің «Сұраныс» («Запрос») парақшасында тұрғанда, сұранысты Ашу (Открыть) батырмасы көмегімен орындау мүмкіндігі бар. Сұранысты бірінші рет «Сақтау» («Сохранение») терезесі арқылы дискіде сақтау кезінде оның нақты атын көрсету қажет (84-сурет). Кейіннен сұранысты қайта сақтау үшін осы Сақтау батырмасын шерту керек немесе сұраныс терезесін жабу кезінде сақтау қажет.
    описание: z4
    84 сурет - Сұранысты дискіде сақтау терезесі
    3. Қарапайым сұраныстар жасау
    Қарапайым сұраныс режимінде сұраныс құру үшін осыған арналған Шебер іске қосылады, ол өзара байланысқан кестелер мен сұраныстардың керекті өрістерін таңдап алу негізінде жасалады. Сұраныстың осылай дайындалған бланкында таңдап алу шарттары мен есептелетін өрістер жасалмайды. Алайда жазбаларды топтастырып, осы топтардың әрқайсысы үшін олардың қосындысын, орташа мәнін, минимумы мен максимумын және топтағы жазбалар санын анықтап, нәтижелік (итоговый) сұраныс құру мүмкіндігі бар.

    Қарапайым сұраныс құру мысалын қарастыралық. 85-суретте қарапайым сұраныс құру кезіндегі сұхбаттасудың бірінші қадамы көрсетілген. Мұндағы өрістер «Авто» кестесінен алынады. Олар Нөмірі, Маркасы, Бағасы, Қуаты және Сатып алынған мерзімі өрістері. Сұхбаттасудың екінші қадамында (86 сурет) сұраныстың қандай болатыны – жазбалардың барлығы шығарылатын көрнекті (подробный) ме, әлде нәтижелік (итоговый) пе, сол көрсетіледі. Мысалда көрнекті басылым келтірілген. Сұхбаттасудың үшінші қадамында сұраныстың аты енгізіледі (84 сурет). 85-суретте қарастырылып отырған қарапайым сұраныс негізінде «Авто» кестесінен алынған мәліметтер көрсетілген.


    описание: zp1
    85 сурет– Қарапайым сұраныс үшін өрістер таңдау

    описание: zp2
    86 сурет– Қарапайым сұраныс түрін таңдау


    описание: zp3
    87 сурет– Қарапайым сұранысқа ат беру


    описание: zp5
    88 сурет– Қарапайы сұраныс негізінде алынған мәліметтер
    Енді қарапайым сұраныс арқылы қорытынды нәтижелер құрастыру кезіндегі мәліметтер түрінің өзгеруін қарастырайық. Қарапайым сұраныс қайтадан «Авто» кестесі негізінде тұрғызылады, оның Түсі, Бағасы, Қуаты өрістерін таңдап алайық. Сұхбаттасудың екінші қадамында (83-сурет) сұраныстың нәтижелік сұраныс болатынын көрсетеміз. Қорытындылар (Итоги) батырмасын басып, Бағасы өрісі үшін қосынды, ал Қуаты үшін орташа мәні есептелінетінін көрсетеміз (89 сурет). Оның үстіне «Жазбалар санын анықтау» («Подсчет числа записей») қатарындағы жалаушаны белгілеп қоямыз. 90-суретте «Авто» кестесінен нәтижелік қарапайым сұраныс негізінде алынған мәліметтер көрсетілген. Мұнда қорытынды нәтижені қайталанатын мәндері бар мәліметтер үшін есептеген жөн. 90-суреттен «Авто» кестесінде Түсі өрісінде мәні «ақ» болып келетін 4 жазба бар екендігі көрініп тұр.
    описание: zp11
    89 сурет– Қарапайым сұраныс үшін нәтижелік мәндер беру

    описание: zp10
    90 сурет– Қарапайым нәтижелік сұраныс бойынша алынған мәліметтер
    4. Айқасқан сұраныстар құру
    Айқасқан сұраныс (Перекрестный запрос) режимі мәліметтерді жинақы түрде электрондық кесте форматында көрсету үшін айқасқан сұраныстар құратын Шеберді іске қосады. Шебердің 1-терезесінде – айқасқан сұраныс құруға негіз болаптын сұраныс немесе кесте көрсетіледі. 2-терезеде – жолдар тақырыбы ретінде қолданылатын өрістерді, ал үшіншісінде – бағаналардың тақырыбы ретінде қолданылатын өрістерді көрсету керек. 4-терезеде есептеулер жүргізілетін өрістер мен есептеу түрі беріледі. Алдын ала келісім бойынша мәліметтердің орташа мәнін есептеу тағайындалған, алайда басқа да есептеу түрлерін де беруге болады (Топтық операция – Групповая операция қатары арқылы). Соңғы терезеде сұраныстың аты енгізіледі. Бұл режим екі немесе одан да көп өрістерде берілген ақпараттарды талдауға арналған.

    Айқасқан сұраныс құру мысалын қарастырайық. 91-суретте сұраныс құруға қажетті кестені сұрайтын («Авто» кестесі) сұхбаттасудың бірінші қадамы келтірілген. Екінші қадамда жолдардың тақырыбы ретінде алынатын өріс таңдалады – ол Маркасы өрісі (92 сурет). Үшінші қадамда бағаналардың тақырыбы ретінде алынатын өріс таңдалады – ол Түсі өрісі (93 сурет). Сұхбаттасудың төртінші қадамында есептеулер жүргізілетін өріс (Бағасы өрісі) және есептеу функциясы (қосындысын шығару) көрсетіледі (94 сурет). Сұхбаттасудың соңғы қадамында сұраныстың аты енгізіледі (95 сурет). 96-суретте «Авто» кестесінен айқасқан сұраныс негізінде алынған мәліметтер көрсетілген. «Авто» кестесінің бастапқы түрі 88-суретте келтірілген.



    описание: ze1
    91 сурет– Айқасқан сұраныста кесте таңдау
    описание: ze2
    92 сурет– Жолдар тақырыбы ретінде қолданылатын өрісті таңдау
    описание: ze3
    93 сурет– Бағаналар тақырыбы ретінде қолданылатын өрісті таңдау
    описание: ze4
    94 сурет– Есептелінетін өрісті таңдау
    описание: ze5
    95 сурет– Айқасқан сұранысқа ат беру

    описание: ze6
    96 сурет– Айқасқан сұраныстан алынған мәліметтер
    5. Қайталанатын жазбалар

    режимінде жұмыс істеу



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


    ©melimde.com 2017
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет