Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.66 Mb.
бет12/13
Дата15.01.2017
өлшемі2.66 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Автобасылым: таспалық (Автоотчет: ленточный) режиміне кіру.

  • Бір кесте негізінде басылым жасау және алынған басылымды қарап шығу (118 сурет).

    7 тапсырма



    1. Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, бұрын жасалған басылымдардың бірін таңдап алып, Конструктор режиміне кіру.

    2. Басылымға керекті өзгерістер енгізу, мысалы, қаріптің көлемін, фонның және әріптердің түсін, тақырыптың түрін өзгерту, сурет енгізу және т.б..

    3. Алынған басылымды қарап шығу. Егер басылымның түрі қанағаттанарлықтай болмаса, тағы да өзгерістер енгізу.

    4. Осы әрекеттерді басқа басылымдарға да қолданып шығу.

    8 тапсырма



    1. Көп кестелі басылым құрылатын кестелерді таңдап алу.

    2. Басты кесте үшін басылым жасау немесе бұрын құрылған басылымды қолдану (124 суретті қ.).

    3. Бағынышты кесте үшін басылым жасау немесе бұрын құрылған басылымды қолдану (123 суретті қ.).

    4. 2-қадамда құрылған басылымда бағынышты басылым орналастырылатын аймақ құру және қандай басылым шығарылатынын көрсету.

    5. Алынған басылымды қарап шығу (122 сурет).

    6. Конструктор режиміне кіру және құрылған көп кестелі басылымға қажетті өзгерістер енгізу. Алынған басылымды қарап шығу.

    7. Көп кестелі басылым құруды басқа кестелер үшін де орындап шығу.


    Бақылау сұрақтары:

    1. Басылым не үшін қажет?

    2. Басылымдар жасаудың қандай режимдерін білесіздер?

    3. Басылымдар шебері (Мастер отчетов) режимі басылымдар үшін өрістер таңдаудың қандай мүмкіндіктерін береді?

    4. Басылымға қандай элементтерді енгізуге болады?

    5. Басылымдар шебері режимінде басылымдардың қандай сыртқы түрлері мен стильдерін құруға болады?

    6. Басылымда жазуларды топтастырудың қандай қажеттілігі бар?

    7. Топтастыру аралығын қалай беруге болады?

    8. Автобасылым: бағанаға (Автоотчет: в столбец) режимі басылым құруда қандай мүмкіндіктер береді?

    9. Автобасылым: таспалық (Автоотчет: ленточный) режимі басылым құруда қандай мүмкіндіктер береді?

    10. Конструктор режимінің басылым құруда қажеттілігі қандай?

    11. Басылым құру үшін Конструктор режиміне қалай кіруге болады?

    12. Басылымды түзету кезінде Конструктор режимі қандай мүмкіндіктер береді?

    13. Басылымда жазу (надпись) фоны мен мәтінінің түсін қалай өзгертуге болады?

    14. Өрістің қарпін, қаріптің көлемін, қанықтылығын және т.б. осылар сияқты параметрлерді қалай өзгертуге болады.?

    15. Басылымға суретті қалай енгізеді?

    16. Access-те көп кестелі басылымдар жасаудың қандай тәсілдері бар?

    17. Негізгі және бағынышты басылымдардан шығаратын көпкестелі басылымдарды қалай жасайды?

    18. Басылымды қарап шығу?

    19. Беттің параметрлері қалай өзгертіледі?

    20. Басылымды қалай сақтайды?

    Зертханалық жұмыс №7 (2 сағат)

    Тақырыбы: БАСҚАРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЖӘНЕ МАКРОС ҚҰРУ.
    Мақсаты: MS Access МҚБЖ-де форма құру режимдерімен танысу. Басқару элементтерімен жұмыс жасап үйрену. Формамен макростар арасында байланыс орнату.
    Форма – көрнекі түрде берілген ақпараттар жиыны.

    Макрос - арнайы тілде жазылған макрокомандалар жиыны. МҚ жұмыс жасағанда дайын макрокомандаларды қолдану арқылы МҚ жүйелі ету мүмкіндігі бар.
    Форма құрудың төрт түрі бар:

    • Конструктор

    • Форма шебері (Мастер форм)

    • Автоформа (баған бойынша, ленталық, кестелік, қиылысқан (сводная) кесте, қиылысқан диаграмма)

    • Диаграмма

    Келесі терезеде көрсетілген (Сурет 20).





    Сурет 20. Жаңа форма құру терезесі


    1. Форма шебері арқылы тСТУДЕНТЫ кестесіне форма құрайық. Ол үшін ашылған терезеден форма шеберін және кесте атын таңдаймыз. ОК батырмасын басамыз.

    2. Келесі ашылған терезеде форма құруда керек өрістерді таңдаймыз (Сурет 21).




    Сурет 21. Форма құрудың екінші қадам терезесі

    1. Суретте көрсетілген 3 өрісте таңдаңыз. Ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 22).




    Сурет 22. Үшінші қадам терезесі.

    1. Ленталық түрін таңдап ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 23)




    Сурет 23. Төртінші қадам терезесі.

    1. Стиль түрі «Международный». Ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 24).




    Сурет 23. Соңғы қадам терезесі.

    1. Бұл терезеде форманы ашуға болады немесе оны конструктор режимінде өзгерту үшін ашуға және формға ат беруге болады. Біз Форма макетін өзгерту деген жерге белгі қойып (Изменить макет формы) форма атын фСТУДЕНТЫ деп өзгертейік те, дайын батырмасын басайық. Сонда форма конструктор режимінде ашылады (Сурет 25).



    Сурет 25. Конструктор режимінде ашылған форма


    1. Бұл терезеде тСТУДЕНТЫ кестесінің өрістер тізімі, форма шебері арқылы құрған формамыз және Элементтер тақтасы (Панель элементов) көріп тұрмыз. Элементтер тақтасында басқару элементтері орналасқан.

    2. Аталған тақтадан Батырма (Кнопка) элементін таңдап алып, форма Форма ескертулерінен (Примечание формы) төмен орналастырыңыз. Келесі терезе ашылады (Сурет 26).




    Сурет 26. Батырма құру терезесі

    1. Батырманың қызметін анықтау үшін, біз Категориялар өрісінен қажет категорияны таңдаймыз. Ол - формалармен жұмыс (работа с формой). Категорияны таңдағанда сәйкес әрекеттері ашылады.

    2. Ол жерден Форманы жабу (Закрыть форму) әрекетін таңдаймыз. Ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 27)




    Сурет 27. Келесі қадам терезесі

    1. Ашылған терезеден сурет түрін таңдаңыз. Сурет орнына Леп белгісін (!) таңдаңыз. Ары қарай батырмасын басамыз (Сурет 28).



    Сурет 28. Соңғы қадам терезесі


    1. Батырмаға ат береміз. Дайын батырмасын басамыз.

    2. Формадағы өзгерістерді сақтап, форманы ашыңыз (Сурет 28).




    Сурет 28. Дайын форма терезесі

    1. Батырманы басқанда форма жабылады.

    2. тПРЕДМЕТ кестесіне Автоформа режимдерінің бірінде фПРЕДМЕТ формасын құрыңыз.

    3. Диаграмма құру кестелерде сандық мәліметтер болса, солардың арасындағы қатынастарды көрсетуге өте қолайлы (Сурет 29).




    Сурет 29. Диаграмм түрлері

    1. тПРЕДМЕТ кестесіндегі студенттердің бағаларын көрсететін конустық диаграмманы құрыңыз.

    2. Макрос құруды қарастырайық. Ол үшін қабаттамадан макросты таңдап, Құру батырмасын шертіңіз (Сурет 30).



    Сурет 30. Макрос құру терезесі

    1. Макрокоманда өрісінен керек команданы таңдаймыз. Мысалы, Кестені ашу (Открыть таблицу) командасын таңдайық. Онда төмен жақта орналасқан жерде макрокоманда аргументін көрсетуіміз керек. Қай кестені жабамыз, соның атын тізімнен таңдаймыз. Мысалы, бізге тСТУДЕНТЫ кестесін ашу керек (Сурет 31).




    Сурет 31. Макрос құру терезесі


    1. Макросты мСТУДЕНТЫ атымен сақтап жабамыз. Содан кейін Қосу (Запуск) батырмасын басамыз. Нәтижесінде бізге тСТУДЕНТЫ кестесін ашып береді.

    2. Өз беттеріңізбен мПРЕДМЕТ құрыңыз. Ол макросты қосқанда фПРЕДМЕТ формасы ашылсын.

    3. Енді макрос пен басқару элементтерінің арасында байланыс орнатайық. Ол үшін жоғарыда құрған фСТУДЕНТЫ формасының конструктор режиміне өтіңіз. Элементтер тақтасынан батырманы алып формаға орнатыңыз. Батырма құру терезесін жауып тастаңыз.

    4. Формаға орнатқан батырманың оң жағын басып Қасиеттер терезсін (Свойства) ашыңыз (Сурет 31).




    Сурет 31. Батырманың қасиеттер терезесі

    1. Келесі параметрлерді орнатыңыз:

      • МАКЕТ қабаттамасы: Жазу (Подпись) – ВЫХОД, Ені (Ширина) – 2см, Биіктігі (Высота) – 2см, Шрифт өлшемі – 12, Көлдеу (Курсив) – да.

      • Оқиғалар (События): Батырманы екі рет шерту (Двойное нажатие кнопки) – Макрос таңдаймыз.

    Ары қарай макросқа ат беріп, MS Access-тен шығу командасын таңдаңыз. Форманы сақтап ашамыз. Нәтижесінде MS Access-тен шығамыз.
    Бақылау сұрақтары

    1. Форма құрудың неше тәсілі бар?

    2. Форма және макрос не үшін қажет?

    3. Форманы конструктор режимінде не үшін ашамыз?

    4. Басқару элементі дегеніміз не?

    Тапсырмалар

      1. ДАННЫЕ МҚ тКЛАСС кестесіне форманы Автоформа: кестелік түрімен құрыңыз.

      2. Алдыңғы зертханалық жұмыста құрған 2,3,4,5,6 сұраныстарына әр түрлі тәсілдермен форма құрыңыз.

      3. Конструктор көмегімен бос форма құрып оған 3 батырма орнатыңыз. Формаға» «БАС ФОРМА» деген атты Жазу (Надпись) компоненті көмегімен беріңіз. 1-ші батырма басқанда тПРЕДМЕТ кестесі ашылсын. 2-ші батырма басқанда – фПРЕДМЕТ формасы ашылсын. 3-ші батырмасын басқанда ДАННЫЕ МҚ жабылсын. Форманың түсін, өлшемдерін қасиеттер терезесі арқылы өңдеңіз.

      4. Қосымша 1 формаларын құрыңыз.


    ОСӨЖ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
    СОӨЖ №1

    Тақырыбы: Мәліметтер қорының басқа да модельдері.

    Мақсаты: Мәліметтер қорының иерархиялық, желілік модельдері
    Қарастырылатын сұрақтар:

    • Мәліметтер қорының постреляциялық моделі

    • Мәліметтер қорының көпөлшемді моделі.

    • Мәліметтер қорының нысанды-бағдарланған моделі.


    СОӨЖ тапсырмасын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:


    1. СОӨЖ тапсырмасын орындау формасы: Реферат.




    1. Тапсыру формасы: Рефератты қорғау, мәліметтер қорларынан мысалдар келтіру.




    1. СОӨЖ тапсырмасын орындау үшін келесі әдебиеттер ұсынылады:

    Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010.



    СОӨЖ №2

    Тақырыбы: Үш деңгейлі архитектура.

    Мақсаты: Үш деңгейлі архитектураның құрылымы, мақсаты.
    Қарастырылатын сұрақтар:

    • Пайдаланушының мәліметтер қорымен жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі модельдерін қарастыру;

    • Орталықтандырылған архитектурасы бар модель;

    • Файл-сервер архитектурасы;

    • Клиент-сервер архитектурасы;

    • Үшдеңгейлі архитетктура.


    СОӨЖ тапсырмасын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:


    1. СОӨЖ тапсырмасын орындау формасы: Реферат.




    1. Тапсыру формасы: Рефератты қорғау, мысалдар келтіру.




    1. СОӨЖ тапсырмасын орындау үшін келесі әдебиеттер ұсынылады:

    Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010.


    СОӨЖ №3

    Тақырыбы: Мәліметтер қорында пайдаланылатын ақпараттық жүйелер.

    Мақсаты: Ақпараттық жүйелер ұғымына анықтама, олардың қолданылу аумақтарына мысалдар келтіру
    Қарастырылатын сұрақтар:

    • Ақпараттық жүйелер анықтамасы;

    • Ақпараттық жүйелер архитектурасы;

    • Жергілікті ақпараттық жүйелер.


    СОӨЖ тапсырмасын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:


    1. СОӨЖ тапсырмасын орындау формасы: Реферат.




    1. Тапсыру формасы: Рефератты қорғау, мәліметтер қорларынан мысалдар келтіру.




    1. СОӨЖ тапсырмасын орындау үшін келесі әдебиеттер ұсынылады:

    Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010.



    СОӨЖ №4

    Тақырыбы: SQL тілі. INSERT, DELETE, UPDATE операторлары.

    Мақсаты: Осы операторлардың маңызы, олардың қолданылу мысалдары.
    Қарастырылатын сұрақтар:


    • INSERT – кестеге жазба енгізу операторы;

    • DELETE – кестеден жазбаны жою операторы;

    • UPDATE – кестені өзгерту операторы.

    • Осы операторларды MS Access кестелері мысалында жүзеге асыру.


    СОӨЖ тапсырмасын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:


    1. СОӨЖ тапсырмасын орындау формасы: Реферат.




    1. Тапсыру формасы: Рефератты қорғау, мәліметтер қорларынан мысалдар келтіру.




    1. СОӨЖ тапсырмасын орындау үшін келесі әдебиеттер ұсынылады:

    Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010.



    СОӨЖ №5

    Тақырыбы: SQL тілі. CREATE TABLE, DROP TABLE, ALTER TABLE операторлары.

    Мақсаты: Осы операторлардың маңызы, олардың қолданылу мысалдары.
    Қарастырылатын сұрақтар:


    • CREATE TABLE – кесте жасау операторы;

    • DROP TABLE – кестені жою операторы;

    • ALTER TABLE кесте құрылымын өзгерту операторы.

    • Осы операторларды MS Access кестелері мысалында жүзеге асыру.


    СОӨЖ тапсырмасын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:


    1. СОӨЖ тапсырмасын орындау формасы: Реферат.




    1. Тапсыру формасы: Рефератты қорғау, мәліметтер қорларынан мысалдар келтіру.




    1. СОӨЖ тапсырмасын орындау үшін келесі әдебиеттер ұсынылады:

    Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010.



    СОӨЖ №6

    Тақырыбы: SQL тілі және мәліметтер қорының қауіпсіздігі.

    Мақсаты: Мәліметтер қоры қауіпсіздігін сақтау мақсатында дайындалған іс-шаралар.
    Қарастырылатын сұрақтар:

    1. Мәліметтердің тұтастығы мәселесі;

    2. Транзакциялар;

    3. Блоктаулар.

    4. CREATE TABLE – кесте жасау операторы

    СОӨЖ тапсырмасын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:


    1. СОӨЖ тапсырмасын орындау формасы: Реферат.




    1. Тапсыру формасы: Рефератты қорғау, мәліметтер қорларынан мысалдар келтіру.




    1. СОӨЖ тапсырмасын орындау үшін келесі әдебиеттер ұсынылады:

    Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010.


    СӨЖ ОРЫНДАУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
    СӨЖ №1

    Жұмыстың мақсаты: мәліметтер қорының тұжырымдық моделін құру үшін пәндік аймақты сипаттау қерек: пәндік аймақты сипаттау тәсілдері, пәндік аймақты ақпараттық көрсетуді сипаттау, пайдаланушының ақпараттық қажеттілігін сипатау.


    СОӨЖ тапсырмасын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

    1. Төмендегі пәндік аймақтардың біреуін таңдап алып, сипаттама беру.

    2. Сипатталған пәндік аймақ бойынша мәліметтер қорының тұжырымдық моделін жасау.

    3. Аталған MS Access ортасында мәліметтер қорын құру.



    1. Сақтандыру компаниясы

    Пәндік аймақтың сипаттамасы:

    Сіз сақтандыру компаниясында жұмыс істейсіз. Сіздің міндетіңіз компанияның қаржылық қызметін бақылау.

    Компанияның Республика бойынша әртүрлі филиалдары бар. Әрбір филиалдың атауы, мекен-жайы және телефоны бар. Компания қызметі төмендегідей ұйымдастырылған: Сізге әртүрлі тұлғалар сақтандыру туралы келісім-шартқа отыру үшін арыз түсіреті. Сақтандыруға алынатын нысандар мен қауіп-қатер түріне байланысты келісім-шарт белгілі сақтандыру түріне жасалынады (мысалы, көлікті ұрланудан сақтандыру, үй мүлкін сақтандыру, ерікті медициналық сақтандыру). Келісім-шартқа отыру кезінде Сіз отыру күнін, сақтандыру сомасын, сақтандыру түрін, тарифтік мөлшерлеме және келісім-шарт жасалған филиалды тіркейсіз.

    Кестелер:

    Келісім-шарттар (Келісім-шарт номері, Жасау күні, Сақтандыру сомасы, Тарифтік мөлшерлеме, Филиал коды, Сақтандыру түрінің коды).

    Сақтандыру түрі (Сақтандыру түрінің коды, Атауы)

    Филиал (Филиал коды, Филиал атауы, Мекен-жайы, Телефоны).

    Есеп қойылымын жетілдіру:

    Келісім-шартты сақтандыру агенттері жасайтынын ескеру керек. Агентт туралы ақпаратты (Тегі, Аты, Әкесінің аты, Мекен-жайы, Телефоны), сондай-ақ агент жұмыс істейтін филиалды сақтау керек. Сонымен қатар мәліметтер қорынан ала отырып агенттің еңбек ақысын есептеу мүмкіндігін қосу керек. Еңбекақы сақтандыру сомасының белгілі бір пайызын құрайды (сақтандыру төлемі бұл тарифтік мөлшерлемеге көбейтілген сақтандыру сомасы). Пайыз келісім-шарт жасалған сақтандыру түріне байланысты болады.

    Осы айтылғандарды ескере отырып кесте құрылымына өзгеріс енгіз және де сұраныстарды өзгерт. Жаңа сұраныстар қос.


    1. Қонақ үй

    Пәндік аймақтың сипаттамасы:

    Сіз қонақ үйде жұмыс істейсіз. Сіздің міндетіңіз қонақ үй жұмысының қаржылық жағын бақылау.

    Сіздің жұмысыңыз төмендегідей ұйымдастырылған: Қонақ үй клменттерге белгілі мерзімге бөлмелер береді. Әр бөлме сыйымдылығымен, жайлылығымен (люкс, жартылай люкс, қарапайым) және бағасымен сипатталады. Сіздердің тұтынушыларыңыз әр түрлі тұлғалар, олар туралы Сіз белгілі ақпарат жинайсыз (Тегі, Аты, Әкесінің аты және ескертпелер). Жоғарыда көрсетілген параметрлер бойынша тұтынушыға жарайтын бөлмелерде бос орындар болғанда ғана тұтынушыға бөлме беріледі. Бөлмеге орналастырған кезде орналастыру күні тіркеледі, қонақ үйден кеткен кезде босату күні тіркеледі.

    Кестелер:

    Тұтынушылар (Тұтынушы коды, Тегі, Аты, Әкесінің аты, Паспорттық мәліметтер, Ескертпелер).

    Бөлмелер (Бөлме коды, Номері, Адам саны, Жайлылығы, Бағасы).

    Орналастыру (Орналастыру коды, Тұтынушы коды, Бөлме коды, Орналастыру күні, Босату күні, Ескертпе)

    Есептің қойылымын жетілдіру:

    Тұтынушыға бөлме беру туралы ақпаратты ғана емес, сонымен қатар бөлмелерге алдын ала тапсырыс беру туралы ақпаратты да сақтау керек. Сондай-ақ тұрақты тұтынушыға, сол сияқ белгілі тұтынушылар категориялары үшін жеңілдіктер жүйесі қарастырылған. Жеңілдіктер біріктіріледі.

    Осы айтылғандарды ескере отырып кесте құрылымына өзгеріс енгіз және де сұраныстарды өзгерт. Жаңа сұраныстар қос.


    1. Ломбард

    Пәндік аймақтың сипаттамасы:

    Сіз ломбардта жұмыс істейсіз. Сіздің міндетіңіз ломбард жұмысының қаржылық жағын бақылау.

    Сіздің жұмысыңыз төмендегідей ұйымдастырылған: Сізге қандай да бір тауарды кепілдікке қойып, ақша алу мақсатында әртүрлі тұлғалар келеді. Сізге келген әр тұтынушыдан оның тегін, атын, әкесінің атын және басқа да паспорттық мәліметтерді тіркейсіз. Кепілдікке әкелінген тауардың құнын бағалап болған соң, тұтынушыға бере алатын сомманы және өзіңіздің комиссиондық төлемақыңызды есептейсіз. Сонымен қатар ақшаның қайтарылу мерзімін анықтайсыз. Егер тұтынушы келіссе, онда сіздердің келісімдеріңіз құжат түрінде бекітіледі, ақша тұтынушыға беріледі, ал тауар сізде қалады. Көрсетілген мерзімде ақша қайтарылмаған жағдайда тауар сіздің меншігіңізге өтеді.

    Кестелер:

    Тұтынушылар (Тұтынушы коды, Тегі, Аты, Әкесінің аты, Паспорт номері, Паспорт сериясы, Паспортты беру мерзімі).

    Тауардың категориясы (Тауар категориясының коды, Атауы, Ескерту).

    Ломбардқа өткізу (Код, Тауар категориясының коды, Тұтынушы коды, Тауар сипаттамасы, Өткізу мерзімі, Қайтарылу мерзімі, Соммасы, Комиссиондық төлемақы).

    Есептің қойылымын жетілдіру:

    Тауардың меншік құқығы ломбардқа көшкеннен кейін, ломбард оны өткізу кезінде көрсетілген бағадан аз немесе көп соммаға сата алады. Нарықтағы жағдайға байланысты баға бірнеше рет өзгеруі мүмкін. (Мысалы, ломбард қожайыны қыс соңына қарай қыстық заттарды жеңілдетілген бағамен сатуы мүмкін). Бұл тауардың ағымдағы бағасынан басқа мүмкін болатын баға мәндерін сақтау керек.

    Кестелер құрылымына осы деректерді ескеретін өзгерістер енгізу және бар сұраныстарды өзгерту. Жаңа сұраныстар қосу.


    1. Жұмысқа орналастыру бюросы

    Пәндік аймақтың сипаттамасы:

    Сіз жұмысқа орналастыру бюросында жұмыс істейсіз. Сіздің міндетіңіз жұмысқа орналастыру бюросы жұмысының қаржылық жағын бақылау.

    Сіздің жұмысыңыз төмендегідей ұйымдастырылған: Сіздің бюроңыз әртүрлі жұмыс берушілер үшін жұмысшыларды және жұмыс іздеген әртүрлі кәсіптегі мамандарға бос орындар іздеуге дайын. Жұмыс беруші сізге келгенде оның стандартты мәліметтері (атауы, қызмет түрі, мекен-жайы, телефоны) мәліметтер қорында тіркеледі. Жұмыс іздеуші сізге келгенде оның стандартты мәліметтері де (тегі, аты, әкесінің аты, квалификациясы, мамандығы, басқа мәліметтер) мәліметтер қорында тіркеледі. Екі жақ талаптары қанағаттандырылғанда арнайы құжат дайындалады. Құжатта жұмыс іздеуші, жұмыс беруші, қызмет түрі және комиссиондық төлемақы (бюро табысы) көрсетіледі.

    Кестелер:

    Жұмыс берушілер (Жұмыс берушінің коды, Атауы, Қызмет түрі, Мекен-жайы, Телефоны).



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


    ©melimde.com 2017
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет