Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Loading...


Дата16.01.2017
өлшемі58.53 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ


c:\documents and settings\admin\local settings\temporary internet files\content.word\логотип_дурысы.jpg

ПжПИ ғылыми кеңесінде бекітілген

«___ » __________ 2015 ж. № ___ хаттама

Ғылыми кеңес төрайымы

Педагогика және психология

институтының директоры

____________________С.М.Кеңесбаев





«6М050300-Психология» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2015

Қабылдау емтиханының бағдарламасы:


  • Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;

  • ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6М050300-Психология» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.


Құрастырушы: пс.ғ.к. Бекмуратова Г.Т.

Психология және арнайы білім беру кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды: № ___ хаттама, «____» ___________2015 ж.





Кафедра меңгерушісі:

___________

З.А.Мовкебаева


ПжПИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________


А.Т.Ақжолова



Қабылдау емтиханының бағдарламасы Педагогика және психология институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № хаттама, « » ___________ 2015 ж.



Жалпы және әлеуметтік психология
1. Жалпы психологияға кіріспе.

Жалпы психологияның пәні, міндеттері және қызметтері. Психологияның принциптері: бейнелеу, субъект (антропологиялық), даму, сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психикалық құбылыстардың жүйелік детерминациясы. Психика тіршілік иелерін объективті болмысты бейнелеу формаларының бірі ретіндегі жалпы түсінік. Сана және бейсаналық. Психологияның пәні жайлы түсініктердің дамуының негізгі сатылары. Психологияның салалары және психологиялық практиканың міндеттері. Психологияның әдістері. Психологиялық құбылыстарды зерттеудің объективтік әдістері: байқау, өзін-өзі байқау, әңгімелесу, адамдардың іс-әрекеті өнімдерін талдау. Табиғи және лабороториялық эксперименттер. Психодиагностикалық тесттер



2. Іс-әрекетті психологиялық талдау.

Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекеттің құрылымы. Іс-әрекеттік субъектісі. Іс-әрекеттің мотивтері мен мақсаттары. Іс-әрекет және психикалық процестер. Іс-әрекет және қарым-қатынас. Әрекет адам іс-әрекетінің бірлігі ретінде. Психоморика жайлы түсінік. Әрекеттің қимыл құрамы.



3. Мотивация және еріктілік психологиясы.

Мотивацияның негізгі теориялары: бихевиоризм, психоанализ, гештальтпсихология, гуманистік психология, мотивацияның Отандық теориялары (А.Н. Леонтьев, Д.Н. Узнадзе және олардың мектебі). Іс-әрекеттің психологиялық теориясындағы мотивация мәселесі. Жетекші іс-әрекет және жетекші мотивация түсінігі (Д.Б. Эльконин). «мотивтің мақсатқа жылжуы» механизмі (А.Н. Леонтьев). Құрылғылар (установки) мотивтер ретінде.



4. Жалпы психологиядағы тұлға.

Тұлға түсінігі. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік және даралық. Тұлға типологиясы (А.Ф. Лазурский, Э.Шпрангер, К.Г. Юнг). Психологиядағы тұлғаны зерттеу әдістері. Тұлға құрылымы жайлы түсінік. Тұлға құрылымының негізгі блоктары. Тұлға құрылымындағы сана және өзіндік сана. Тұлғаның дамуы. Өмірлік жол – тұлға дамуының әлеуметтік-мәдени формасы ретінде (Б.Г. Ананьев). Тұлғаның дамуы – оқыту және тәрбие үдерісіндегі толық бағытты қалыптасуы ретінде (Л.С. Выготский және А.Н. Леонтьев мектептері).



  1. Қарым-қатынас – әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде.

Қарым-қатынастың құрылымы, мазмұны, түрлері және механизмдері. Қарым-қатынастың негізгі жақтары: коммуникативті, перцептивті және интерактивті; олардың бірлескен іс-әрекет сипаты мен қарым-қатынастағы серіктестікпен қатынас сипатымен байланысы (Г.М. Андреева, Е.С.Кузьмин). Табысты қарым-қатынас факторлары. Қарым-қатынас және іс-әрекет.

  1. Шағын топтың психологиясы.

Топтық феномендерді зерттеудің жетекші бағыттары. Шағын топтарды психологиялық талдаудың жалпы сипаттамасы. Топтық құбылыстарды зерттеу әдістерінің жалпы сипаттары. Тұлға және топ. Топта норма ережелерінің құрылу мәселесі. Топтық өзара әсер ету тәсілдері және механизмдері. «Конформизм» құбылысы. Топ – дамыту жүйесі ретінде. Топтық динамика түсінігі. К. Левин және оның динамикалық теориясы.

Қазіргі кездегі тұлға теориялары

  1. «Қазіргі кездегі тұлға теориялары» курсының негізгі сипаттамалары.

Тұлға теориялары. Тұлға теорияларының компоненттері. Тұлға теорияларын бағалау критерилері. Адам табиғаты туралы негізгі қағидалары.

2. Тұлға теорияларындағы психодинамикалық бағыт.

Психоаналитикалық дәстүр. З. Фрейд – психоанализдің негізін қалаушы. Психоанализдің әдіснамалық мәртебесі. Психоанализдегі қазіргі бағыттар. К.Юнгтің аналитикалық психологиясы. А. Адлердің жеке даралық психологиясы.



3. Эго-психология және тұлға теорияларындағы онымен байланысты бағыттары: Эрик Эриксон, Эрик Фромм және Карен Хорни.

Эрик Эриксон: тұлғалық эго-теориясы. Эго-психология: психоанализ дамуының нәтижесі. Тұлға дамуының психологиялық-әлеуметтік сатылары. Э.Эриксонның «ұқсастық» тұжырымы. Эрик Фромм: гуманистік тұлға теориясы, оның негізгі тұжырымдары мен қағидалары. Карен Хорни: әлеуметтік-мәдени тұлға теориясы, оның негізгі тұжырымдары мен қағидалары.



4. Гуманистік бағыттағы тұлға теориялары.

К.Роджерстің клиентке бағытталған психотерапиясы. А.Маслоудың «өзін-өзі белсендендіру» түсінігі. А.Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы.

Гештальттерапия. Ф.Перлз – гештальттерапияның негізін қалаушы. Гештальтерапияның негізгі ұғымдары: «гештальт» , «фигура-фон» және т.б.

Экзистенциялық психология. Экзистенциялық психологияның негізгі ұғымдары: сана және өзіндік сана, еркіндік және жауапкершілік, өмір мен өлім, өмір мәнін іздестіру.



  1. Бихевиористік бағыттың тұлға теориялары.

Б.Скиннердің бихевиоризмі: мінез-құлық – психологияның пәні ретінде, мінез-құлықты басқару – мақсат ретінде, ал байқау әдісі – психологиялық талдаудың басты әдісі ретінде.

  1. Тұлға теориясындағы әлеуметтік-когнитивтік бағыт: А.Бандура және Д.Роттер.

Әлеуметтік-когнитивтік теорияның негізгі қағидалары. Модельдеу арқылы үйрету. Байқау әдәсі арқылы үйрету мен оқытуды бекіту. Әлеуметтік үйрету (оқыту) теориясы: негізгі тұжырымдамасы және қағидалары (Д.Роттер).

  1. Когнитивтік бағыттағы тұлға теориясы

Дж.Келлидің «конструктілер» теориясы. Жеке даралық таным – мінез-құлықтың негізі ретінде. Жеке тұлғаның «Конструктілер» теориясы. Рационалды-эмотивтік терапиясы (РЭТ). А.Эллис- РЭТ негізін қалаушы. А.Бек, Д.Майхенбаум – қазіргі кездегі когнитивтік-бихевиористік бағыттың көрнекі өкілдері. РЭТ негізгі ұғымдары: иррационалдық сендіру (убеждения), «парызды» және «міндетті» түсініктері.
Психологияның теориялық-әдіснамалық негіздері

  1. Ғылым әдіснамасы туралы жалпы түсініктер.

Әдіс ұғымы. Ғылыми білім рефлексиясының түрлері және формалары. Әдіснамалық білімнің құрылымы. Ғылыми зерттеудің объектісі және пәні түсінігі. Әдіснама мен психологияның қатынасы. Таным теориясындағы субъективтік және объективтік білім. ХХ ғасырдағы ғылыми революция. Ғылыми білімнің жаңа критерийлері. Позитивизм және оның рөлі. Парадигма түсінігі. «Ғылым», «философия» және «дүниетаным» түсініктерінің қатынасы. Әдіснамалық білімнің деңгейлері және бағыттары. Әдіснамалық білімнің функциялары. Ғылыми танымның формалары, құралдары, идеалдары және нормалары.

  1. Психологиялық ғылымның категориалық талдауы.

Психологиялық білімнің ерекшеліктері. Қазіргі психологиядағы теориялық және эмпирикалық әдістер туралы түсініктер.

  1. Ғылым әдіснамасындағы себептілік және детерменизм.

Себептілік ғылыми түсіндірудің қағидасы ретінде. Биологиялық детерминизм және әлемнің классикалық бейнесі. Себептілікті түсіндірудің жаңа бағыттарының қалыптасуы.

  1. Психология жеке ғылым ретінде.

Психологиядағы алғашқы ғылыми парадигмалар. Психологиялық теориялардың құрылымы және ерекшелігі. Психологиялық теориялар.

5. Психологиядағы дағдарыс.

Психологиядағы дағдарыс мәселесінің қойылуы. Жалпы психологиялық теориялардың классификациясы.

6. Іс-әрекет теориясы психологияның әдіснамалық бағыты ретінде. Іс-әрекеттік делдалдық. Іс-әрекет теориясы – жалпы психологиялық парадигма ретінде. Іс-әрекеттік бағыттың перспективалары.

7. Психологиядағы парадигмалар.

Морфологиялық және динамикалық парадигмалар. Жаратылыстану ғылымының және гуманитарлық парадигмалар. Әлемнің классикалық бейнесі.



8. Психологияның әдіснамалық қағидалары.

Психологиядағы іс-әрекеттік бағыт және белсенділік қағидасы. Жүйелілік принципі. Б.Ф.Ломов әдіснамасындағы жүйелілік принципі.


Этнопсихология

  1. Қазіргі кездегі этнопсихологияның негізгі теориялық-психологиялық аспектілері.

Этнопсихология білімдердің пәнаралық саласы ретінде. Қазіргі этнопсихологияның негізгі бағыттары. Этнопсихологиялық зертеулердің негізгі бағыттары.

  1. Қазіргі кездегі этнопсихологияның негізгі принциптері мен категориялары.

Этнопсихологияның принциптарі бастапқы теориялық-әдіснамалық жағдайлары ретінде. Этнопсихологияның категориялық аппараты түсініктердің көпдеңгейлі жүйесі ретінде. Этнос түсінігі – этностық-әлеуметтік ағза ретінде. Әлеуметтік-этникалық мәдениет түсінігі. Ұлттық-этникалық ерекшеліктер – этнопсихологияның негізгі категориясы ретінде. Ұлттық-этностық ерекшеліктердің көрініс беру деңгейлері.

  1. Тұлға этнопсихологиялық мәселе ретінде.

Тұлғаның этнопсихологиялық детерминанты. Мәдениет контекстіндегі тұлға. Тұлғаның әлеуметтиптік мінез-құлық ұғымы. Әмбебап және этностық тұлғалық бітістер. Норма мен патологияның этнопсихологиялық мәселелері. Тұлғаның этностық сапалырын психологиялық талдау.

  1. Ұлттық психология этнопсихологиялық феномен ретінде.

Қоғамдық сана құрамындағы ұлттық психология. Ұлттық мінез және психикалық тұрпат. Ұлттық өзіндік сана, оның негізгі типтері мен функциялары. Ұлттық сезім, ұлттық дәстүрлер және әдет-ғұрыптар этностық мінез-құлықтың өңделген моделі ретінде. Менталитет және этностық дүние суреті туралы ұғым.

  1. Қазақстандағы этнопсихологиялық идеялардың қалыптасуы мен дамуы.

Әбу-Насыр әл-Фарабидің этнопсихологиялық ерекшеліктері туралы. М.Қашқари, М.Х.Дулати, К.Жалайырдың этнопсихологиялық көзқарастары. Ш.Уалихановтың қазақ этнопсихологиясының дамуына қосқан үлесі. Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің этнопсихологиялық мағынасы. ХХ ғасырдың басындағы ойшылдар мен қайраткерлердің шығармаларындағы ұлттық психология мәселелері (Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев және т.б). Т.Т.Тәжібаев, М.М.Мұқанов, Н.Жандильдин, Қ.Б.Жарықбаев еңбектерінің мәні және олардың ұлттық психология аумағындағы ғылыми зерттеулердің дамуын белсендірудегі рөлі. Егеменді тәуелсіз Қазақстан республикасындағы қазіргі заманғы этнопсихология ғылымының негізгі мәселелері.

Педагогикалық психология

  1. Педагогикалық психологияның негізгі мәселелері.

Педагогикалық психологияның пәні мен міндеттері. Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы. Педагогикалық психологияның негізгі бағыттары. Онтогенезде адамның психикалық дамуының жас ерекшеліктері. Оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтары. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті мен ақыл-ой дамуы, олардың қарым-қатынасы мен еңбегінің, субъетілік танымының қалыптасуы. Мұғалімнің еңбек психологиясы, мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы, оқушының мектептегі ұжымдағы қарым-қатынасқа түсуі.

  1. Даму туралы түсінік.

Адамның психикалық дамуының жалпы бағыты. Психикалық дамудың қозғаушы күштері. Дамудың әлеуметтік жағдайы. Оқыту мен дамудың өзара байланыстық мәселесін шешуге Л.С. Выготский, Ж.Пиаже, Б.Скиннера, Дж.Брунер, С.Пейперт, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов концепциясының қосқан үлесі. Л.С.Выготский, Ж.Пиаже, С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев және т.б. зерттеулеріндегі интеллектінің дамуы. Ақыл-ой дамуының деңгейлері.

  1. Оқыту психологиясы.

Оқу іс-әрекетінің құрылымы мен қалыптасуы. Оқу іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы. Оқу іс-әрекеті – іс-әрекеттің ерекше түрі. Жалпы оқыту теориясындағы оқу іс-әрекеті теориясы. Мотивациялық бағдар мен іс-әрекеттәің табыстылығы. Оқыту стратегиялары. Оқу үдерісінің психологиялық талдауы. Оқыту мәселелері. Л.С. Выготский мектебіндегі оқыту құрылымы мен баяндалуы. Білім, білік дағдының қалыптасуы мен меңгерілуі.

  1. Тәрбие психологиясы.

Тәрбие психологиясының өзекті мәселелері ғылым ретінде. Тұлғаны қалыптастыру және дамыту факторлары. Тұлға тұрақтылығы мінез-құлқы мен жағдайын жасай отырып өзінің тұлғалық позициясын іске асыратын адамның қабілеті ретінде. Тұлғаның адамгершілік дамуы.

  1. Педагогикалық қарым-қатынас.

Білім беру үдерісіндегі субъектілердің өзара қарым-қатынасы. Оқу-педагогикалық ынтымақтастық. Білім беру үдерісіндегі қарым-қатынас. Бірлескен оқу іс-әрекетінің түрлері. Педагогикалық өзара әрекеттегі «кедергілер».
Ұсынылaтын әдебиeттep тiзiмi:

  1. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. — М.: Педагогика, 1980. — т.1

  2. Ананьев Б.Г. О проблеме современного человекознания. — М., Наука, 1977.

  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. –Алматы., 1996.

  4. Божович Л.И. Проблемы формирования личности. /под. ред. Д.И.Фельдштейн. Москва-Воронеж, 1995.

  5. Выготский Л.С. Психология. М., 2003.

  6. Выготский С.Л. Психология развития как феномен культуры. — М., 1996.

  7. Выготский С.Л. Собр. Сочинений в 6-ти т. — М.: Педагогика, 1983. Т.5

  8. Гамезо М. Атлас по психологии. –М., 2001.

  9. Гиппенрейтер Ю.Б. Романов В.Я. Психология памяти. -М., 1999.

  10. Горбатенко А. Общая, прикладная психология. – М., 2002.

  11. Гуревич П.С. Психология. –М., 1999.

  12. Джемс У. Психология. –М., 1999.

  13. Жарықбаев К.Б. Сангилбаев О.С. Жантану атауларының түсіндерме сөздігі. Алматы, 2006.

  14. Климов Е.А. Общая психология. Общеобразовательный курс. М., 2001.

  15. Леонтьев А.Н. Лекции по общей психологии. - М.: Смысл; КДУ, 2005.

  16. Лурия А.Р. Лекции по общей психологии. - СПб.: Питер, 2005.

  17. Мацумото Д. Психология и культура. СПб., 2002.

  18. Маклаков А.Г. Общая психология. Спб.: Питер, 2004.

  19. Маслоу А. Новые рубежи человеческой природы. Москва, 1999. 180б.

  20. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005. — 290 б.

  21. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Орысша- қазақша психологиялық сөздік. Алматы: Print –S, 2005.

  22. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. - СП б.: Питер, 2005.

  23. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов-на-Дону: Феникс, 2004.

  24. Стюарт-Гамильтон Ян. Что такое психология. Спб.: Питер, 2002.

  25. Станкин М.И. Психология общение. – М., 2004.

  26. Тәжібаев Т. Жалпы психология. – Алматы, 1993.

  27. Түрікпенов Ж. Жалпы психология. – Алматы, 1996.

  28. Фромм Э. Душа человека. Москва, 1992.

  29. Фрейд З. Введение в психоанализ. Лекции. — М., — Наука, 1989.

  30. Ярошевский М.Г., Анцыферова Л.И. Развитие и современное состояние зарубежной психологии. — М.: Педагогика, 1974. — 225-235 б.


2015-2016 оқу жылында

6М050300 – Психологиямамандығы бойынша

магистратураға түсу үшін сұрақтар



  1. Психология әдіснамасының міндеттері мен қызметі.

  2. Ғылыми зерттеуді жоспарлау мен ұйымдастыру принциптері.

  3. Психологиялық ғылым қoғaм дамуының негiзi ретiнде.

  4. Психологиядағы дағдарыстар және оның Л.С.Выготский бойынша талқылануы.

  5. Гуманистiк психологиядағы тұлға теориялары.

  6. Шетелдiк өзiндiк сана-сезiмнiң қазiргi кездегi теориялары.

  7. Қазiргi кездегi психотерапияның мәселелерi.

  8. Тұлға туралы кеңестiк теориялар.

  9. Қолданбалы және теоретикалық психология байланысының мәселелерi.

  10. Психологияның принциптерi және олардың әдiснамалық маңызы.

  11. Тұлғаның өзiндiк сана-сезiмiнiң әлеуметтiк-тарихи шарттылығы.

  12. Өзiндiк сана-сезiм тұлғаның даму факторы ретiнде.

  13. Қазақстан психологтарының негізгі зерттеу бағыттары.

  14. А.Н. Леонтьевтің психологияға қосқан үлесі.

  15. Психологиялық ғылым мен тәжірибенің қазіргі кезендегі мәселелері.

  16. Өзіндік сана-сезімнің құрылымы.

  17. Тұлғаның бихевиористикалық және небихевиористикалық теориялары.

  18. Психологиядағы жүйелі және кешенді көзқарас.

  19. Өзіндік сана-сезім психика мен мінез-құлықты ұйымдастыру факторы ретінде.

  20. Білім беру жүйесіндегі қазіргі психологиялық технологиялар.

  21. Психологиялық зерттеудің әдістері.

  22. Шығармашылық тұрғыда өздігінен даму барысындағы тұлғаның қалыптасудағы психологиялық негіздері.

  23. Эксперименталдық ғылым ретіндегі психологияның дамуы (В. Вундт, Г. Гельмгольц, Г. Эббингауз).

  24. Психология ғылымына С.Л.Рубинштейннiң қосқан үлесi.

  25. Іс-әрекет және қарым-қатынас.

  26. Тұлғаның шетелдік зерттеулері.

  27. К. Левин және оның динамикалық теориясы.

  28. Л.С.Выготскийдiң мәдени-тарихи теориясы.

  29. Құндылық бағдардың өзіндік сана-сезімі.

  30. Гештальтпсихология және бейненің тұтастылық мәселелері.

  31. Психиканың іс-әрекеттік табиғаты туралы. (С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев).

  32. Психологиялық ғылым мен тәжірибенің байланысы.

  33. Қазіргі ЖОО-дағы тұлғалық-бағдарлық оқыту.

  34. Жоғарғы психикалық қызметтер туралы Л.С. Выготскийдің теориясы.

  35. З.Фрейдтің тұлға тұжырымдамасы.

  36. Қазіргі білім берудегі психологияның орны.

  37. Бихевиоризм. Д. Уотсонның 1913 ж. манифесті.

  38. Психология және психотерапия.

  39. Психология әдістерінің жіктемесі.

  40. Қазақстан Республикасындағы психологиялық мамандарды даярлау мәселелері.

  41. Л.С. Выготский және оның жас шамасы туралы ілімі.

  42. Психология қогамның даму факторы ретінде.

  43. Психологиядағы қазіргі әдіснамалық жағдай.

  44. Қазақ азғартушыларының психологиялық көзқарастары.

  45. П.Я. Гальперин бойынша ақыл-ой әрекеттерінің кезеңдік қалыптасуы.

  46. Т.Тәжібаев пен М.Мұқановтың этнопсихология дамуына қосқан үлесі.

  47. Психоанализдің негізгі теоретикалық қағидалары.

  48. Тұлғаның шетелдік тұжырымдамалары.

  49. Психологиялық зерттеулер мен математикалық статистиканың әдістері.

  50. Қазіргі кезеңдегі этнопсихология мәселелері.

  51. Қолданбалы психологияның қазіргі жағдайы мен тенденциялары.

  52. Адам психикасындағы санадан тыс, сана алды және саналының байланысы.

  53. Оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық мәселелері.

  54. Тұлғаның өзіндік сана-сезімінің оқу әдістері.

  55. Бихевиоризм және қазіргі кезеңдегі психотерапия.

  56. Қазіргі кезең психологиясы интегративтік ғылыми білімдердің даму жүйесі ретінде.

  57. Бағыттылық тұлғаның интегративтік қасиеті ретінде.

  58. Адамның психикасының дамуына қазіргі кезеңдегі көзқарас.

  59. Психологиялық ғылымның әлеуметтік-мәдени және философиялық бастауы.

  60. Психологиялық ғылымдағы генетикалық бағыт (Ж. Пиаже)

  61. Тұлға психологиясы қазіргі кезең психологиясының негізгі саласы ретінде.

  62. Қазіргі адам психикасының дамуындағы әлеуметтік-мәдени компонент.

  63. Адам психикасындағы биологиялық және әлеуметтік сәйкестендіру мәселесі.

  64. Қазіргі кезеңдегі психологияның негізгі бағыттары.

  65. Дамыта оқытудың қазіргі теориялары.

  66. Қарым-қатынастың теоретикалық тұжырымдамалары.

  67. Қазіргі кездегі білім берудің психологиялық мәселелері.

  68. Психика мен іс-әрекеттің даму кезеңдері.

  69. Іс-әрекеттің мақсаттары мен себеп-салдары.

  70. Аффектілер және оның биологиялық маңызы. Аффектінің ерекше белгілері.

  71. Этникалық стереотиптер және жалған сенімдер.

  72. Жеке мінезді зерттеу тәсілдері.

  73. Жалпы және арнайы қабілеттер (Б.М.Тепловтың, А.Н.Леонтьевтың, В.В.Давыдовтың көзқарастары).

  74. Л.С.Выготский және ойлаудың тарихи-мәдени даму мәселелері

  75. Психика эволюциясы және оның пайда болуы.

Каталог: docs -> postupaushim
postupaushim -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
postupaushim -> Бекітемін Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры
postupaushim -> Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы
postupaushim -> БАҒдарламасы алматы, 2015 Бағдарламаны құрастырушылар: г.ғ. д., профессор Каймулдинова К. Д
postupaushim -> Бекітемін Көптілді білім беру институтының директоры
postupaushim -> Бекітілді, хаттама №5 15 қаңтар2015 ж профессор Жанбеков Х. Н. 6М060700-Биология мамандығына магистратураға оқуға түсуге арналған емтихан сұрақтары Алматы, 2015ж
postupaushim -> БАҒдарламасы алматы, 2015 Бағдарламаны құрастырушылар: г.ғ. д., профессор Каймулдинова К. Д
postupaushim -> Құрастырушы: э.ғ. д., профессор Курманалиев К. К., э.ғ. к. Джубалиева З. У
postupaushim -> БАҒдарламасы алматы, 2015 Бағдарламаны құрастырушылар: г.ғ. д., профессор Каймулдинова К. Д
postupaushim -> Ақпараттық жүйе туралы ұғым. Экономикадағы, юриспруденциядағы, инженерлік іс-әрекеттегі, білім берудегі және басқада халық шаруашылығындағы салалардағы ақпараттық жүйелердің орны және ролі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...