Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0.78 Mb.
бет4/6
Дата16.01.2017
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5   6

5 Білімді басқарудың автоматтандырылған «PLATONUS» жүйесінде жұмыс жасауға арналған нұсқаулық


Университетте білімді басқарудың автоматтандырылған «Platonus» жүйесі енгізілген.

Білімді басқарудың автоматтандырылған «Platonus» жүйесі - қашықтықтан оқытуды қолдайтын жүйе (әрі қарай жүйе), төмендегі мүмкіндіктерді біріктіріп, Интернет/Интранетте оқу орталығын жасауға мүмкіндік беретін қазіргі заманауи бағдарламалық қамсыздандыру болып келетін - бағдарламалық тұғырнама, ол:




Жүйеге кіру

1. Жұмысты бастамас бұрын колданушы алдымен браузерді қосу керек (Mozilla Firefox, Opera, Internet Explorer);

2. Браузердің мекен – жай жолағында жүйе орналасқан мекенжайды, ғаламдық шығу мүмкіндікке ие болған жағдайда http://edu.atu.kz теріп, ал жергілікті шығу мүмкіндігіне ие болған жағдайда http://192.168.120.150 теру қажет. Бастапқы бет шамамен келесi түрдi қабылдайды (1- сурет), бұл бетте тілді таңдап, келесі авторландыру беті ашылады (2-сурет).

3. Жүйеге кіру үшін авторландыру пішінінде жүйедегі рөлін таңдап (студенттер үшін: Білім алушы) лақап атын (әрі қарай – логин өрісіне) және құпия сөзін («Құпия сөзі» өрісіне) енгізіп, содан соң «Кіру» пернесін басу қажет. Логин мен құпия сөзді тіркеу Офисінде алуға болады, әр студент үшін логин мен құпия сөз жеке беріледі. Осы деректерді жоғалтқан жағдайда немесе жүйеге кіру мүмкіндігі жоқ кезде ақпараттық технологияларды басқару (АТБ) бөлімшесіне хабарласуыңыз қажет.

1 сурет - Жүйеге кіру (тілді таңдау)

2 сурет - Жүйеде авторландыру



Жүйенің интерфейсі

Авторланған соң келесі бет жүктеледі, ол жүйенің Интерфейсі (3-сурет). Сервердің барлық беттеріндегі жиынтық элементтер үлгісін жүйенің Интерфейсі пайдаланады. Бұл қолданушыға бағдарламада жеңіл қалыптасуға және жүйенің барлық мүмкіншіліктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

3-суретте негізгі элементтердің нұсқауы бар бағдарламаның үлгісі көрсетілген.

Қолданушының атқаратын қызметтер топтамасы

Қолданушының блогында (жоғарғы оң жақтағы бұрышта) қолданушы блогінің келесі мүмкіндіктеріне ие бола аласыз:



  • Кітапхана;

  • Чат;

  • Форум;

  • Басқа бетке;

  • Шығу.

Басты мәзір

Бұл қолданушының атқаратын әрекеттерін таңдаудағы басты құралы болып табылады. Білім алушы үшін оқу аудитория, журнал, оқу кестесі, жеке оқу жоспарлары, академиялық күнтізбе, транскрипт, апелляциялар және хабарламалар ұсынылған.

3 сурет – Жүйенің интерфейсі

Жеке мәліметтерді қарау және өзгерту

Қолданушы өздігінен өзгертулер енгізуге ыңғайлы қолданушының есептік жазбасында бірнеше қатарлық атрибуттар бар («Настройки» бейнесінде). Бұл қолданушының тіркеу карточкасындағы жолақтары:



    • логин;

    • құпия сөз.

Толығырақ «Platonus» ББАЖ-мен электрондық кітапханада танысуға болады.

6 Ғылыми кітапхана қызметін пайдаланудың жалпы ережелері


Университет Ғылыми кітапхана қорында миллиондаған оқулықтар, ғылыми басылымдар жинақталған. Кітапхана сайтында (http//library.atu.kz) «Ғылыми кітапхана» бетінде электрондық каталог, электронды ресурстар және мақалалар деректер базасы мен кітапхана құжаттары туралы негізгі мәліметтер насихатталған.

Электронды ресурстар орталығы мен оқырман залдарында Интернет жүйесінің барлық ресурстарын, сонымен қатар оқулықтардың толықмәтінді деректер базасын, оқу-әдістемелік құралдар мен мақалаларды, электрондық каталогты пайдалану мумкіндіктері бар.



    1. Оқырмандардың құқықтары, мiндеттерi және жауапкершілігі

АТУ білім алушылары кітапхана - ақпараттық қызмет түрлеріне:

  • кітапханалық - іздеу аппараттар (каталогтар, картотекалар) жүйесі арқылы кітап қорының кұрамы жәйлі толық мәлімет алуға;

  • библиографиялық және анықтама – ақпараттық қызметтерін пайдалануға;

  • уақытша пайдалану үшін оқу залдарымен абонементтерден керекті құжаттарды алуға;

  • құжаттарды үйге абонементтерден алуға;

  • ақпарат көздерiн iздестiру мен таңдауда кеңесшiлiк қызмет алуға, сонымен қатар Интернет жүйесін пайдалануға;

  • алынған құжаттардың қайтару мерзімін ұзартуға құқығы бар.

Ғылыми кiтапхана оқырмандарына АТУ ректоры бекiткен тiзбектер мен прейскуранттарға сәйкес қосымша ақылы қызметтер көрсетедi.

Оқырмандар ғылыми кітапханаға кірерде және құжаттарды аларда оқырман билетін көрсетуге міндетті.

Кiтаптарды, басқа баспасөз туындылары мен материалдарды алар кезде оқырмандар басылымды мұқият тексерiп шығады. Қандай да бiр ақау табылған жағдайда ол жөнiнде кезекшi кiтапханашыға хабарлайды. Олай болмаған жағдайда кiтапты бүлдiргенi үшiн басылымды соңғы пайдаланған оқырман жауап бередi.

Оқырмандарға өз оқырман билетін басқа адамдарға беруге және де басқа адамдардың оқырман билетін пайдалануға тиым салынады. Осы ережені бұзған оқырмандар Ғылыми кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.

Оқу орнынан кетерде оқырмандар өзiне жазылған басылымдар мен оқырман билетiн кiтапханаға қайтарады.

Басылымды жоғалтқаны немесе бүлдiргенi үшiн жауапты оқырман оны дәл сондай басылыммен немесе оның көшiрмесiмен, немесе кiтапхана құны бiрдей деп тапқан басылыммен алмастырады.

Оқырманға мыналар рұқсат етiлмейдi:


  • қызмет бөлмелерi мен кiтап қоймасына рұқсатсыз кiруге;

  • кiтапханаға сырт киiммен кiруге;

  • кітапхананың ішінде шылым шегуге;

  • құмар ойындарын ойнауға;

  • тамақ пен сусындар алып келіп ішуге;

  • оқу залынан құжаттарды кітапханашының рұқсатынсыз алып шығуға;

  • кiтапхана бөлмелерiнде тыныштық пен тәртiп бұзуға.

Пайдалану ережелерін бұзған оқырмандар Ғылыми кітапхананы пайдалану құқығынан келесі мерзімге дейін айырылады:

  • тыныштықты бұзған үшін – 1 айға;

  • қызметтік міндетін орындау барысында кітапханашаға тіл тигізгені үшін – 2 айға;

  • үйге алған кітаптардың тапсыру мерзімін бұзған немесе уақытылы мерзімін ұзартпаған үшін – 3 айға;

  • кітапханашының рұқсатынсыз оқырман залынан кітап алып шыққан үшін – 6 айға;

  • ғылыми кітапхананы пайдалану ережесін бернеше қатар бұзғаны үшін – 1 жылға;

  • қасақана басылымдарды бүлдіргені (белгi салу, сызу, парақтарын жыртып, мұқабасын бүлдіргені) үшін кітапхананы пайдалану құқығынан мүлдем айырылады. Ғылыми кітапхананы пайдалану ережелерін өрескел бұзған студенттер жәйлі мәліметтер деканаттар мен ректоратқа беріледі.



6.2 Оқырмандарды ғылыми кітапханаға жазу тәртібі

Ғылыми кiтапханаға тіркелуде білім алушылар студенттік билетін, төлқұжатын, оқытушылар, қызметкерлер мен оқырмандардың басқа категориялары үшiн – төлқұжатын немесе қызмет куәлiгiн, 3х4 өлшемдi екі фото суретiн өткізуі тиіс. Бірінші курс білім алушылары деканаттардан немесе оқу бөлімінен түскен тізім негізінде жазылады. Оқырман билеті барлық абонементтермен оқу залдарын пайдалануға құқық береді.

Оқырман билетiнiң қолданылу мерзiмi – бiр жыл. Ғылыми кiтапхана жыл сайын өзi белгiлеген мерзiмде оқырмандарды оларға жазылған әдебиеттiң бәрiн көрсетуiмен қайта тiркеуден өткiзiп, оқырман билетiн ұзартады. Қайта тiркеуден өтпеген оқырмандарға кiтапхана қызмет көрсетпейдi.
6.3 Оқу залын пайдалану қағидалары

Оқу залында тек қана оқу залы қорынан алынған құжаттармен пайдалануға болады.

Әдебиеттерге тапсырыс сұраныс парағын толтыру арқылы беріледі.

Энциплопедияларды, анықтамалық, басылымдарды, сөздіктерді сирек кездесетін және құнды басылымдарды, кітаптың жалғыз және соңғы данасын, сонымен қатар, кітапханааралық абонементтен алынған басылымдарды тек қана оқу залдарында пайдалануға рұқсат етіледі.


6.4 Абонементтi пайдалану қағидалары

Оқырмандар абонементтерден үйге әдебиеттерді алу үшін, міндетті түрде оқырман билеттерін көрсетіп, сұраныс парағын дұрыс толтырулары, алған кітаптардың формулярларына қол қоюы қажет.

Кітап формуляры мен сұраныс парағы оқырманға әдебиет беру және кітапханашының оны қабылдау фактісін растайтын құжаттар болып табылады.

Абонементте әдебиет үйге мына мерзiмге:



  • оқу әдебиеттері бiр семестрге немесе бір оқу жылына;

  • ғылыми әдебиеттер – 5 кiтаптан асырмай – 1 айға;

  • көркем әдебиеттер – 3 кiтаптан асырмай – 1 айға.

Топ сабақтарында пайдалану үшiн әдебиет абонементте оқытушының жазбаша талабы бойынша берiлiп, топтың кезекшi білім алушысына қол қойуымен тiркеу журналына жазылады. Топ сабағына алынған әдебиет үшiн оқытушы жауап бередi.

Ғылыми кітапхананың жұмыс тәртібі

Дүйсенбі - жұма 9-00 –ден 18-00 – ге дейін

Үзіліс 13-00 – ден 14-00 – ге дейін

Сенбі 9-00 – ден 12-00 – ге дейін

Сессия кезінде 9-00 – ден 19-00 – ге дейін

Жексенбі демалыс күн

Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет