Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0.78 Mb.
бет1/6
Дата16.01.2017
өлшемі0.78 Mb.
  1   2   3   4   5   6
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ АНЫҚТАМА – ЖОЛ СІЛТЕУШІСІ
АЛМАТЫ, 2015

Білім алушының анықтама – жол сілтеушісі Алматы технологиялық университетінің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған, 30.06.2015 жылғы №11 хаттама.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.












ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМ-ЛЕКЕТТІК ТУЫ - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы 1:2.




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМ-ЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түстес.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ
Сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов


Алтын күн аспаны

Алтын дән даласы

Ерліктің дастаны

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген

Даңқымыз шықты ғой

Намысын бермеген

Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің, Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!


Қайырмасы:



ҚҰРМЕТТI БІЛІМ АЛУШЫ!
Осы басылым білім алушылар үшiн анықтама және Алматы технологиялық университетіндегі (бұдан әрi – АТУ) студенттiк өмiрге жол сілтеушi болып табылады.

Анықтама - жол сілтеуiшiсі университеттiң құрылымы, бөлiмдер мен бөлiмшелердің орналасқан жері мен телефондары туралы ақпарат бередi.

Сонымен бiрге, Сiз анықтама - жол сілтеушісінде ЖОО-дағы оқу үдерісінде кезігетін сұрақтарға жауаптар таба аласыз.

Бiздiң университетте бейiмделу үдерісінде «Білім алушының анықтама-жол сілтеушісі» Сiздiң сенiмдi көмекшiңіз болады деп үмiттенемiз.

Оқу бағыттары туралы, оқудан тыс уақытта студенттер өмiрiнiң спорттық және мәдени мүмкiндiктерi туралы, бiздiң ЖОО-ның инновациялық типті университетке айналуының стратегиялық жоспарлары туралы толық ақпарат алуға, сонымен бірге профессор-оқытушы құрамының жеке және зияткерлiк біліктілігін бағалауда Сiзге www.atu.kz Алматы технологиялық университетiнiң сайты көмектеседi.

МАЗМҰНЫ




МАЗМҰНЫ 7

Университет туралы жалпы мәлімет 7

Университет миссиясы, көрінісі, басым бағыттар мен стратегиялық мақсаттар 9

1 Алматы технологиялық унивеситетінің білім алушысына арналған ішкі тәртіп ережелері 10

2 Жастар кеңесі 14

3 «Технолог» газеті 15

4 Оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері 16

5 Білімді басқарудың автоматтандырылған «PLATONUS» жүйесінде жұмыс жасауға арналған нұсқаулық 29

6 Ғылыми кітапхана қызметін пайдаланудың жалпы ережелері 31

7 Білім беру қызметінің төлемақы тәртібі 34

8 Алматы технологиялық университетінің халықаралық ынтымақтастығы 34

9 2015-2016 оқу жылына арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар жоспары 39

10 Қысқаша анықтамалық ақпарат 40




Университет туралы жалпы мәлімет


Алматы Технологиялық Университеті (АТУ) бүгінде – Қазақстан мен Орталық Азиядағы тағам және жеңіл өнеркәсібі, бизнес, қызмет көрсету және қонақжайлылық индустриясы салалары бойынша білім мен ғылымның жетекші орталықтарының бірі. АТУ Болон Декларациясы мен Лиссабон Конвенциясының қағидаларына сәйкес бакалавриаттың – 22, магистратураның – 19 және PhD докторантураның – 11 білім беру бағдарламалары бойынша көп деңгейлі үздіксіз кәсіптік білім беру үлгісін табысты жүзеге асырады.

Халықаралық білім беру кеңістігіне бірігу мақсатында АТУ 2010 жылы Университеттердің Ұлы Хартиясына (Magna Charta Universitatum) қол қойып, Болон үдерісінің толық құқылы мүшесі болды.

АТУ Халықаралық университеттер қауымдастығының (IAU), Еуразия университеттері Одағының (EURAS), Еуропа ректорлары клубының (СRE), Халықаралық студенттермен алмасу жөніндегі қауымдастығының (IAESTE) мүшесі болып табылады.

Еуропалық Университеттер Қауымдастығы Кеңесінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі шешімімен Алматы Технологиялық Университеті Еуропалық Университеттер Қауымдастығының (EAU) мүшесі ретінде тіркелді.

2014 жылы Алматы Технологиялық Университеті Халықаралық ISEKI-Food (IFA) Қауымдастығына кірді.

2014 жылдан бастап Алматы Технологиялық Университетінде Халықаралық туризм және қонақүй менеджменті институтымен (HTMi, Швейцария) бірлесе «Туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандықтары бойынша қосдипломдық бағдарлама іске асырылуда.

АТУ әлемнің 86 университетімен келісімшарт жасасып, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығымен қоса оқу бағдарламаларын реформалауды, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді және халықаралық бағдарламаларға қатысуды көздейтін білімді интернациоландыру үдерісінің белсенді серіктесіне айналды.

АТУ «Биотехнология және азық-түлік» (BIO-NCP) бағыты бойынша FP7 ЕуроОдақ бағдарламасының үйлестірушісі болып тағайындалған.

АТУ-дың білім беру және ғылыми қызметінің жоғары сапасы: еуро-инженер EUR-ACE® белгісін табыс ету құқығын беретін ASIIN агенттігіндегі (Германия) Бейінді бағдарламаларды халықаралық аккредиттеумен; Институционалды аккредиттеумен; Мемлекеттік аттестаттаумен; Бакалавриат, магистратура және докторантураның барлық білім беру бағдарламаларын мамандырылған аккредиттеумен; ISO 9000 Сапа менеджменті жүйесінің сертификатымен; “EUROPEAN QUALITY” номинациясы бойынша халықаралық марапаттарымен, Іскерлік тәжірибедегі жоғары сапасы үшін Халықаралық қорының (Швейцария), Өнеркәсіпке қолдау қауымдастығының (Франция) алтын медальдарымен расталған.

2015 жылғы Қазақстанның үздік техникалық жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингісінде АТУ 5 орынды; 2015 жылғы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының Тәуелсіз рейтингісінде 10 орынды иеленді, ал тамақ және жеңіл өнеркәсібі, сондай-ақ қонақжайлылық индустриясы саласы бойынша негізгі бейінді мамандықтары Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының Бас рейтингісінде жыл сайын бірінші орындарға ие.

Кәсіпорындардың ұлттық бизнес-рейтингісінде АТУ Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында «Өтімділік көрсеткіштері» номинациясында 2-ші орында тұр.

АТУ-дың жабдықталған материалдық-техникалық базасы бар: оқу-ғылыми-өндірістік орталықтар, өзекті бағыттар бойынша жұмыс жасайтын ҒЗИ, дәрісханалар мен зертханалар, заманауи компьютерлік кластар, кітапхана және оқу залдары, жатақханалар, асханалар, мәжіліс және спорт залдары, дәрігерлік бөлім және баспахана. Оқу ғимараттары мен жатақханаларда интернетке (WiFi) тегін кіруге мүмкіндіктер бар. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет