Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі маңҒыстау облысы, ТҮПҚараған ауданы форт-шевченко қаласы е.ӨМірбаев атындағы орта мектебі тақырыбы: «Қазақ ертегілерінің ТӘрбиелік мәНІ»

Loading...


жүктеу 155.13 Kb.
Дата15.05.2017
өлшемі155.13 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ
ФОРТ-ШЕВЧЕНКО ҚАЛАСЫ
Е.ӨМІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ


ТАҚЫРЫБЫ: «ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ»
БАҒЫТЫ: ТІЛ БІЛІМІ

ЖОБА АВТОРЫ: 3-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

ШАБАЙ ЗАРИНА ЕРБОЛҚЫЗЫ
ЖЕТЕКШІСІ: МҰХАНОВА КЛАРА ЖЕЛЕНҚЫЗЫ

Бастауыш сынып мұғалімі

2015 жыл

Мазмұны

І.Кіріспе бөлім.........................................................................................3-5

ІІ.Негізгі бөлім

2.1.Ертегінің түрлері................................................................................5

2.2.Ертегінің ерекшелігі..........................................................................6

2.3.Ертегінің тәрбиелік мәні...................................................................6-9



ІІІ.Қорытынды бөлім............................................................................10

Ұсыныстар................................................................................................11

Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................12

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,


Е.Өмірбаев орта мектебінің

3-сынып оқушысы

Шабай Зарина
«Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні»
атты ғылыми зерттеу жұмысына

Пікір

Халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан шығармаларының бірі ертегілер және олардың тәрбиелік мәні зерттеу барысында 3 «б» сынып оқушысы Шабай Зарина өзінің халық ауыз әдебиетінің бірі ертегілерге деген қызығушылығы және олардың тәрбиелік мәнін ұғына білді.Зарина ертегілердің түрлерін бар ынта-ықыласымен оқып,оларды өзінен кейінгі іні-қарындастарына түсіндіре айтып,кітапханалардан түрлі ертегі кітаптарды іздеп,оқиды екен. Өмірде қазақ ертегісінің тәрбиелік мәні зор екенін,яғни ертегіні оқу арқылы адам бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге болатынын Зарина түсіне білді. Ол зерттеу нәтижесінде бірнеше ұсыныстар тастамақшы. Осындай жас буын Заринаның талпыныс еңбегі жақсы бағаланып, ұсыныстары қабылданып, іске асырылады деген сенімдемін.



Жетекшісі: Мұқанова Клара

Мектеп директоры: Ибраева Гүлнар

Түйіндеме (Аннотация)

Жұмыстың тақырыбы: Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні.

Жұмыстың мақсаты: 1. Ертегілердің бала тәрбиесіндегі рөлін ашып

көрсету.


2. Қазақ ертегілерінің өміршеңдігін дәлелдеу.

3. Ертегі жанрын тәрбие үрдісінде қолдану.

4. Ертегілерді насихаттау жолдарын көрсету.

Жұмыстың міндеті: Ертегілердің маңызын зерттеу, ертегілерді күнделікті өмірде қолдануға үйрету.

Жұмыстың жаңалығы:


  1. Ертегіні күнделікті қолданудың жаңа түрлері.

  2. Аудиодискілер шығару, күнделікті қолданылатын қағаз, полиэтилен пакеттер сыртына ертегі кейіпкерлері суреттерін шығарса.

  3. Ойынға киетін бас киіміне, футболкаларға қазақ ертегілерінің атын жазып, кейіпкерлердің суретін салса.

  4. Дәптер, күнделік қойын дәптер сыртында насихатталса.

  5. Шеколад қораптары сыртына суреттерін салу.

  6. Компьютер, ұялы телефон беттеріне қазақ ертегілерінің суреттері шықса.

  7. Қазақ ертегілерінің дәріптеп, насихаттау туралы арнайы заң немесе ереже қабылдау керек.

Жұмыстың нәтижесі:

  1. Зертеу жаңалығын дәптер, күнделік щығаратын баспаханаларда қолдануға болады.

  2. Пакеттер шығаратын шағын кәсіпорындар жүзеге асыруына болады.

  3. Аудиодискілер шығарып балабақшаларда, үйде ұйықтар алдында тыңдауға болады.

  4. Қазақ ертегілерінің дәріптеу және насихаттау туралы заң немесе ереже керек деген ұсыныс заңдастырылса, онда бұл мәселе мемлекеттік дәрежеде шешіледі.


Кіріспе
Менің зертеу жұмысымның тақырыбы «Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні» деп аталады. Ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ниет туындады. Ертегісі жоқ ел жоқ әлемде. Бірақ әр елдің әр халықтың ертегілері сол халықтың сарқылмас рухани қазынасы.

Әр ертеегі арқылы өткен ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын білеміз. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Өкінішке орай, кәзіргі кезде радио, телевидение арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген көркем фильмдер, мультфильмдер жиі көрсетіледі. Ондағы кейіпкерлер есімі, жер-су аттары таныс емес және біздің менталитетімізге жан оқиғалар баяндалады. Ал, қазақ ертегілерін көру немесе тыңдау олардан көру әлдеқайда тиімді. Мен өзімнің зерттеу жұмысымды қазақ ертегілерін зерттеп, оқып, оларды кәзіргі ғылым мен техника дамыған заманда қалай дамыту керектігін және насихаттау жолдары туралы өз жаңалығы мен ұсыныстарымды көрсеттім. Бұл жаңалықтарым әрі пайдалы, әрі тиімді. Ертегілер өте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде өз жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі ертегілердің туындауына көп әсер еткен. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатаржаңа ертегілер туа бастайды және онда халықтың тұрмыс- салты, іс-әрекеті басты орын алады. Бұлардың бәрін халық ертегілері арқылы

көркемдеп, әр түрлі образдар арқылы бейнелейді. Ертегі балалардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.

Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсерленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегіде ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен қүбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрды ғажайыптың бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп, көрсету-ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертрекші де оның мазмұнын барын әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. Осы ауызша әңгімелері, ертегілері арқылы еңбекші халық бақыт

3

туралы, еркін өмір, жайлы мекен туралы үміт, армандарын баяндайды. Ертегіде баяндалатын сан алуан қызық уақиғалар шындықтан гөрі, көбіне қиял дүниесі тудырған. Ғажайып хал, қиял әңгімелері, орасан уақиғалы қазақ әңгімелері, салтпен, тарихпен байланысты оқшау әңгімелер- бәрі де ертегінің түрлері. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде «ертек» деп те айтылады. Содан ертегі айтушыны «ертекші», «ертегіші» дейді. Осы атты көп ертегінің басында әдейі айтылып, аумай аталып та отырады. Қазақ ертекшісінің де көптен көп ертегісін: «ертеде бір бай бопты», «ертеде бір ханым бопты», «ертеде бір кемпір мен шал бопты» деп бастайды. Немесе «ертек –ертек ерте екен» деген сияқты көп ертектерге ортақ ерекше өлеңше бастаумен келеді.



Небір жауыздық, зұлымдық жазаушылар, тоғызшарлар, ел арасындағы алаяқ қулар тағы да басқа халық ертегілерінде жиіркенішті роль атқарады. Оларға

халық арасынан шыққан ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал

еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді.

Ертегілердің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіне алсақта,ол белгілі бір сюжетке құралады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі.Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік,

үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекетер өткір сықақ-мысалмен бірігіп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Мысалы: Тасща бала туралы ертегілердегі әке-шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың тапқырлықтары ханның ақылынан да асып кетеді «Қырық өтірік» ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял-ғажайып оқиғаларды қызықты етіп, баяндау арқылы Тазша бала ханның байлығына ие болып, қызын алады. Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні қызықты етіп жеткізу айтушының шеберлігіне байланысты.

4

ІІ.Негізгі бөлім



2.1. Ертегінің түрлері

Қай елдің ауызша әдебиет шығармаларын алсақ та, барлығында ертегі халықтың шығармалардың мол с аласы екенін көреміз. Жалпы барлық ертегілерге ортақ ерекшелік: бұлар қара сөзбен айтылатын оқиғалы көркем әңгіме. Ертегілер мазмұны ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары: 1.Қиял-ғажайып ертегілер.

2.Хайуанаттар жайлы ертегілер

3.Тұрмыс салт ертегілері

4.Аңыз ертегілері.

Қиял ертегілерінің адамға дос күштерін аңғарып қарасақ, онда да көп мағына, көп сыр бар. Жанды, жансыз жақсы заттың бәрі де адамзаттың алыстан келе жатқан асыл арманын танытады. Ертегінің ерік қиялға апаратын алып қара құс, өзі ұшатын кілем, тұлпар ат бәрі де қиял пырағы. Жерде жүрген жүрісі өңдемеген, өзінің талап-тілегі таудай адамзат «аспанда ұшар ма едім» деген арманды ертеден ойлаған, үзбей ұзақ ойлаған. Жалпылдап ұшқан жапалақ пен қәдірсіз қарға шыққан көк күмбезге мен де шығып, сондай биік самғасам, сондай жылдам жеткізсем деген арман қиялын әкеп «алты айлықты алты аттайтын» тұлпарға, өз ұшатын кілемге, алып қара құсқа жинаған.

Бір алуан ертегілер – хайуанат жайындағы ертегілер.

Адам баласы өзінен өзге жанды, жансыз дүние, әсіресе айналасындағы хайуанаттардың тіршілігі, өмірі жайлы танып білуге талпынған талай аңыз ойлар, әңгімелер айтып таратқан. Қазақ елі де көп заманнан бері мал мен даланың аңы, құсымен үнемі көп араласып, келе жатқандықтан, хайуанаттар жайлы әр алуан ертегі әңгіме шығарған. Хайуанат жайлы ертегі барлық елде бар.

Хайуанат жайындағы әңгіме аңыздардың екі түрі бар. Бірінде хайуан мінез-

қылықтарын хайуанның өзін суреттеу үшін айтпай, адамдағы мінезді-құлыққа бейне, тұспал, мысқыл есебінде қолданған. Адамдағы кемдікті, мінді балдырайтып, ұлғайтып жиіренішті етіп көрсету үшін, сондай сын арқылы жаманшылық пен алысу үшін мысал етіп алу болған. Хайуан мінездерін әңгіме етудің екінші түрі – хайуанды анық хайуан етіп суреттейді. Оның жанды-жансыз дүние арасындағы өз қалпы, кейпімен жүрген шындығын, болмысын адам өз түсінігі арқылы анықтап, айқындап жетілте өткірлеп көрсетеді.

Шыншыл ертегілер-қазақ ертегісінің ең мол түрі. Шыншыл ертегіге халық өзінің дүниетануындағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы бас тірліктері - барлық мұң, мүддесін, тартыс, талабын жиіп, түйген.Бұл салалы ертегілер құр ертегі ғана емес, ауызша айтылған шебер көркем шығарма боп, халық романы, халық әңгімесі, новелласы болып та кетеді. Және мұнда қоғамдық тартыс, тап қайшылығы, қанау, зорлық, соған қарсы қалың еңбекші халықтың сыны, наразылығы, алыс-тартысы, алыс-арманы бәрі де

айқын көрінеді.

5

2.2.Ертегінің ерекшелігі

Аңыз ертегілер де қазақтағы көп ертегісінің бірі. Бұл топтың ерекшелігі барлығы да тарихта болған адамдар жайынан айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болады. Бұл оның ертегілерде тарихи адамдар өміріндегі уақиғалар дәл айтылмайды, көбінесе елдің өз жанынан қосқан, бірақ сол тарихта болғанын сыйымды тым іс, мінез, әрекеттер әңгімеленеді.

Бұл жай алыс ескілікте болған адамдар турасында бір болса, тіпті бертінде, жаңадан болған тарихтық адамдар жайында да бола береді. Тарихта ел жадында аты қалған белгілі бір қылық әрекетімен елге даңқты болған кісі болса, соның өмірінде шын болған мінез қалпынан туғызып, қиялдық, тың іс,

уақиғалар тізіледі. Ондай әңгімелерді аңыз дейді.

Аңыз ертегілерінің тағы бір ерекшелігі, ол әңгіме етілетін адамның өз өміріндегі шын ісі мен мінезінің сүрлеуінен, аңғарынан туады. Сондықтан

батыр жайындағы аңыз болса, тірліктегі батырлық іс-әрекетіне қосымша ұлғайтылып айтылған шығарма болады. Күлдіргі болса, оның сол күлдіргілік іс, мінездеріне қосылып, ұлғайтылып, молайтылып айтылған уақиға болады. Қысқасы, аңыз әңгіменің тарихтық адамды біржолата өзіне ұқсамаған кейіпке түсіріп әкететіне болмайды.


2.3.Ертегінің тәрбиелік мәні

Балалардың ой –өрісін кеңейтіп, дүние молырақ танытатын ертегілер бала ұғымын, түсінігін, дүниетанымын кеңейтеді. Тіл ұстартып, ұштай түседі, ойлау мен қиялын дамытады. Мысалы: «Қаңбақ шал» ертегісінде қауқарсыз шалдың ақылмен жеңуі, дәулердің күші көп, ақылы аздығы тыңдаушыны

қызықтырып, тіпті ертегіні баяндаушыға қосылып айтып кеткісі келетіндей әсерге бөлейді.
Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы тілек ертегілері қаншама?!Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін,мәдениетін

6

дәстүрін біледі және ой-өрісі қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы, «Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа,



жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос

жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады.

Алдаркөсе жайындағы қазақ айтатын аңыз ертегілер де көпке мәлім, алыс заманнан келе жатқан әңгімелер. Асан-қайғы жайындағы аңыздардан бұның тегі, түрі, мазмұн-мағынасы мүлде бөлек, өзінше көп тапқырлық ерекшелігі бар күлдіргі аңыздар. Аңыз ғана емес, Алдаркөсе туралы қызық әңгімелер – тұрмыс-салт ертегілерінің ішіндегі күлдіргі, халықтық сатиралы ертегілер.

Алдаркөсен жайындағы аңызда жалғыз қазақта емес, сыбайлас, туыстас өзбек, қарақалпақ, түрікмен елдерінде бар. Онда да Алдар бір пішінде күлдіргі алдағыш, мазақшы болып көрінеді. Алдаркөсе сараң байды, қу шайтанды алдайды, алтын егіп берем деп, өзі Алдардың қарындасы боп Алаша ханды алдап, масқаралайды.

Алдаркөсе әңгімелерінің негізгі тақырып мазмұнын алсақ, бұл көпшілік бұқара, қалың еңбекші ел санасы туған шығармалар. Сол көпшіліктің бір уақыт сараң, жеміт, сасық байға арналған таптық, қоғамдық мысқылын білдіріп, Алдардың Шықбермес Шығайбайды алдап, мазақ еткенін көрсетеді. Алдар жайындағы өте өткір күлдіргі, шебер әңгіменің бірі осы. Бұнда көпшілік бұқара дүние қоныс, шірік, арам қорда байдың сұм құлқынын өлтіре мазақ етеді. Алдаркөсе арқылы діннің қараңғы нанымдарына шабуыл жасайды. Алдардың шайтанды алдауы да, өте мағыналы әңгіме. Дүниенің жаралуы тұрасында қараңғы молдалардың ертегілерінің бәріне елдің иланбай күлкі етіп, ажуа қылғаны көрініп тұрады.

Алдаркөсе әңгімелеріне ұқсайтын шығарманың бірі – Жиренше әңгімелері. Бұның да дәлді қай заманда туғаны мәлім емес. Бұнда да Алдар әңгімесе сияқты, алғашқы шыққан түрінен кейіннен қосылған қоспа, жамау көп.

«Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кез келген қиыншылықты жеңуге үйрететіні және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның

тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақта

қыздың досы мысыөқ мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген адамдарға жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге қателік тәрбиелейді.

«Бес ешкі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Өте қызық, тартымды. Мұнда кедейдің бес ешкісі қарлы боранда далада қалады да, қасқырға жолығады. Сол кезде бәрі бірігіп, берек-бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі балаларды бір-біріне көмектесуге, берек бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді.

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі аңғалдықтың кесірін, шапшаңдықтың пайдасын айтады. Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады,

7

шапшаң тышөан жыл басы атанады.



«Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз байларды қарапайым кедей Алдардың ақылмен алдап кетуін баяндайды.

«Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа», «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» деген мақалды осы ертегі желісінен оқуға болады.

«Зеректік» ертегісіндегі үш жолаушының жол бойында кездескен нәрселерге зер салғандарын баяндайды. Яғни, балаларды қағілездікке, зеректікке тәрбиелейді.

Қазіргі кезде теледидардан көптеген шетел мультфильмдері жиі көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан телеарнасында сенбі, жексенбі күндері «Дара» ағылшын ертегісі, «Еріншектер елі», «Диего» ағылшын ертегісі болады. Ал, Еуразия телеарнасында жексенбі күні «Робот» деген шетел мультфильмі болады. Осы шетел мультфильмдерінің орнына қазақ ертегілерінің желісі бойынша мультфильмдер көрсетілсе, тек қана «Қазақстан» телеарнасында ған Алдаркөсе ертегісі желісі бойынша мультфильм көрсетіледі.

Адамгкершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адамгершілік тақырыбы мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіру ертегі арқылы беріледі. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – қазақ ертегілерінде десем артық айтпаған едім.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Ұрпақ тәрбиесі –келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологиялар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қияларын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзін-зі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасымен келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерімен талантымен дарындылығымен өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен. Қасиетті ертегілер

8

арқылы тәрбие берген , салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған. Сонымен



қатар еліміз егемендік алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуінде, бұл қасиетті ертегілердің халық ауыз әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз екенін

салыстырып көрсету.

Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-дамуды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Дүниеде балалар білі бергісі келетін олар «ол кім?», «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда?», «Қашан?» деген сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы табиғи заңдылық.

9

ІІІ.Қорытынды.


Мен өзімнің ғылыми жобамды қазақ халқының әр ертегісінің өзіне тән ерекшелігін саралай білу.Жобамдағы мақсат қазақ ертегілері адам өміріне байланысты іс-әрекеттер, күнделікті тұрмыстағы заттар арқылы берілсе, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады.

Ертегі-халық шығармасы, халық мұрасы. Бірақ ертегілер әр замандағы белгілі бір әлеуметтік салт-сааанннаға байланысты жарыққа шыққаны жжжоғарғы талдаулардан байқалады. иЕртегіде халықтың ескі наным, ұғымдары ғайыптан болатын уақиғааларды шын деп сенушіліктері бар.Сонымен бірге ертегіге үстем тап қауымдарының да (хан, бай, молдалар) әсер етіп отырғанын аңғаруға болады. Ертегіде айтылатын шындық пен ескі қиялды қазіргі жұртшылық әбден айырып таниды, сын көзімен қарап оқиды. Ертегі-ескі мәдениет мұрасы.

10
Ұсыныстар:
Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты,тартымды бала санасына лайықтай жеткізудімен өзімнің жаңалығым, шеберлігім деп таптым.

1.Күнделікті пайдаланатын заттар арқылы. Мысалы, ойынға киетін кепка, фудболка,сумка және күнделікті сыртына, қағаз пакет, қойын дәптер, шокалад сыртына шетел ертегілерінің суреттерін жапсырғанша, қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің суреттері салынса;

2.Қазақ ертегілері кейіпкерлерінен ойыншық жасап, драма театрларда ойын көрсетілсе (қуыршақ театры)

3.Аудиодискілерге жазылып, балабақшаларға таратылса. Үйде ұйықтар алдында балалар тыңдаса.

Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологиялар дамыған кезеңдегі балалардың ой қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу

мүмкіндігі бар.

Осы айтылған пікірім мен ұсынысым туралы ереже немесе заң қабылданса, бұл мәселе мемлекеттік дәрежеде шешілер еді.

11

Пайдаланылған әдебиеттер:





  1. «Иман және инабат» К. Оразбекова

  2. Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалану Р. Жұмағұлова

  3. «Ол кім? Бұл не?» балалар энциклопедиясы.

  4. Ана тілі 4- сынып.


12


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...