Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие



жүктеу 250.03 Kb.
Дата28.05.2017
өлшемі250.03 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕ

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Астана

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырым-дамасы Білім және ғылым Министрінің 16 қараша 2009 жылғы № 521 бұйрығымен бекітіліп, Республиканың үздіксіз білім беру ұйымдарына ұсынылады.

КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы қоғамда адамнан тек политехникалық білімді болуын талап етіп қана қоймай, жоғары деңгейдегі мәдениет пен ғылым мен техниканың түрлі салаларында терең мамандануын ғана емес қоғамда өмір сүріп тіршілік ете білуді талап етеді. Баланың тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік,белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасу мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады.

Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзат-тық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, ден-саулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады. Осы сияқты қасиеттерді білім алушылардың бойында қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушыларды тәрбилеудің тұтастығы жөніндегі мемлекет саясатының бағыты Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында оқушыларға құқықтық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында, Қазақстан Республика-сында адамгершілік-жыныстық тәрбие беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республи касында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білім беру үйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу бағдарламасында атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасы (бұдан былай Тұжырымдама) тәрбие саласындағы мемлекеттік жалпы стратегиялық саясаттың мақсаты мен міндетін, тәрбие мазмұнының негізгі бағыттарын және оларды іске асыру шарттарын айқындайтын құжат болып табылады.



ТӘРБИЕНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ: АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ

Білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік іс-әрекетке осы заманғы көзқарастың ерекшелігі тәрбие үрдісіндегі жүйелілік және сол жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін факторлар мен шарттардың біртұтас жиынтығы болып табылады.

Нормативті-құқықтық базаға жасалған талдау «жеке тұлғаның еркін дамуы», «адам құқы», «жеке тұлғаның мүддесі» және т.б. ұғымдардың жан-жақты қолданылатындығын көрсетті. Осылайша тұжырымдап айту алдымен білім беру ұйымдарының бастапқы деңгейін демократия-ландыруға мүмкіндік береді. Басым құндылықтар ретінде дербес даму, өзін-өзі табысты көрсету және өзін-өзі анықтау ерекшеленеді.Білім берудің жаңа үлгісінде іскерлік сипат байқалып, өз бетінше үздіксіз білім алуға ұмтылуды қалыптастыруға және шығармашыық қабілетті дамытуға бағытталған. Соның негізінде балаларды және жастарды мектеп жасына дейінгі, орта білім беретін, орта кәсіби, жоғары кәсіби білім, қосымша білім берудің түрлі деңгейлерін қамтитын тәрбие жүйесі құрылуда.

Тәрбие үдерісі ғылыми әдістемелермен қамтамасыз етіліп, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 2006-2011 жылдарға арналған республикалық тәрбиенің кешенді бағдарламасы, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының аймақтық деңгейінде тәрбие беру бағдарламасы жасалып, енгізілді; авторлық бағдарламалар дайындалуда; тәрбие үдерісінің тиімділігін бағалу мен жеке тұлғаның тәрбиелік деңгейінің өлшемдері жасалды.

Тәрбие үдерісін кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жүргізіліп келеді. Мектептердің, кәсіптік мектептер пен колледждің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, жоғары оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі проректорлары, сынып жетекшілері, педагогтар-ұйымдастырушылар, аға вожатыйлар, әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар, еңбек ақылы сынып тәрбиешілері, қосымша білім беру педагогтары мен әдіскерлер штат бірліктеріне енгізілді.

Қазақстан Республикасының бірқатар білім беру ұйымдарында нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды ескеретін педагогтар мен ата-аналардың, оқушылардың сұрыныстарына бағытталған тәрбие беру жүйесі құрылды және ол табысты қызмет көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде жеке тұлғаға тәрбиелік ықпал жасаудың диапозоны кеңейді. Алайда, Республика аймақтарында тәрбие беру ісінде шешімі табылмаған көптеген проблемалар бар, оларға мыналар кіреді:

● тұлғаға қоғамдағы әлеуметтік жағдайлардан жаңа талаптар жүйесі туындауы;


  • тәрбиенің мақсатын және басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін нақты идеологиялық бағдар жеткіліксіздігі.

● қоғамның әлеуметтік жіктелуі, қоғамның кірістер бойынша күрт қарама-қайшылануы; халықтың кейбір бөлігінің еңбек етпей табылған молшылықты дәріптеуі зияндық, әлеуметтік әділеттікке сенбеушілік сезімдерін тудыруы;

  • оқыту рөлінің жоғары бағаланып және қазақстандық жаңа ұрпақтың қалыптасуындағы тәрбие рөлінің толық бағаланбауы;

  • педагогтардың жалпы адамзаттық және жалпы мемлекеттік құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды қалыпқа келтіру әрекеттері үнемі тиімді бола бермеуі;

  • әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі;

  • адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларының толық қалыптаспауы;

  • бұқаралық ақпараттар құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы кері ықпал етуі;

  • тәрбиенің жаңа парадигмасын ғылыми-әдістемелік жағынан жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

  • педагогтардың осы заманғы тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі;

  • балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарының тәрбиелік потенциалы тиімділігінің төмендігі;

  • еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жоғалуы;

  • балалар мен жастар қызығушылықтары бірлестіктер жүйесінің шектеулілігі (клубтар, үйірмелер, секциялар т.б.) және олардың іс-әрекеттерінің жеткіліксіздігі.

Жоғарыда көрсетілген проблемаларға сүйеніп, жас ұрпақтың тәрбиесі осы заманғы қоғамды дамытудың және еліміз қауіпсіздігінің негізін мен мемлекеттік саясатын құрайтын басты стратегиялық міндеттер ретінде қаралуы тиіс.

Бүгінгі күні үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие мәселесінің жағдайына сай келетін білім алушыларды тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамасын жасау қажеттілігі туып отыр. Тұжырымдама Қазақстандағы тәрбие саясатының Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары», Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және бақылаусыздық пен панасыздықтың алдын алу» Заңы, Қазақстан Республикасының «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «АҚТҚ ЖҚТБ-ның алдын алу» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Заңы Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға арналған Стратегиялық жоспары, 2015 жылға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту Тұжырымдамасы анықтаған негізгі қағидаларын дамытады және т.б. Тұжырымдама тәрбиенің жалпыұлттық басымдылық екендігін айқындайды. Ұсынылып отырған тәрбие Тұжырымдамасы білім беру ұйымдарын біріңғай жүйелі басқарудың құрамдыжүйесінің элементі болады.Осы дайындалған Тұжырымдамаға сәйкес оны іске асыру жоспары әзірленеді.


Тұжырымдама құрылымы:

  1. Кіріспе.

  1. Тәрбиенің қазіргі жағдайы: Аналитикалық шолу.

3. Тәрбие құндылықтары.

4. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері.

5. Тәрбие үдерісін ұйымдастыру ұстанымдары және методологиялық негізі

6. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны.

7. Тұжырымдаманы іске асыру шарттары.

8. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер.



9. Сөздік.

ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Құндылық – көпшілік адамдар мақұлдайтын және ортақтасатын жақсылық, әділетттілік, патриотизм деп бағалайтын жеке тұлға үшін қоғамдық-мәнді әлеуметтік бірлік, қоғам, тұтас материалдық, әлеуметтік объектілер. Ол барлық адамдарға эталон, идеал болып қызмет етеді, оларды құруға педгогикалық үдеріс бағытталған.

Адам – абсолютті құндылық, жоғары субстанция, «барлық танымның өлшемі». Біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқығы және бостан-дығы. Қазргі жағдайда адам дамуы зерттеу объектісі ретінде ғана емес, алдымен, аса маңызды мәдени үлгілер жасаушы және өзінің ынтасымен шығармашылыққа ұмтылушы, шығармашылық және таным субъектісі ретінде ұсынылады.

Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы. Екі адамның некелесуіне қарап отбасы құрылды деп қарау қате пікір, бала дүниеге келген күннен бастап отбасы құрылады.

Отан, туған өлке – тағдыр берген, ата-бабасынан қалған, өз халқының мәдени, рухани мұрасымен, оның өткен тарихымен байланыстыратын әр адамның теңдесіз, бірегей туған жері.

Денсаулық, салауатты өмір салты – бақытты, үбірлі өмірдің міндетті шарты; өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарау адамның ішкі табиғи қажеттілігі болуы тиіс. Елбасының «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына Жолдауында – денсаулық республиканың стратегиялық дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып танылады.

Еңбек – адам болмысының негізі, «адам өмірінің мәңгілік табиғи шарты». Рухтанған, саналы, шығармашылық еңбек – адамның табиғи қасиетінің анағұрлым табиғи көрінісі.

Білім – әрбір жеке тұлғаның және әлеуметтік прогрестің дамуына қажетті шарт. Оқудың нәтижесі – білім. Білімнің тәрбиелік мәні жеке бастың қамында емес, мақсатқа жетудің құралы.

Мәдени мұра – барлық адамзаттың және әр халықтың рухани және материалдық өмір саласындағы орасан зор байлығы. Нағыз мәдениет өзіне мәңгі бақи шындықты, мейрімділікті және әсемдікті біріктіреді.

Тіл – адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы, аса маңызды әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі.

Достық – өзара сыйластық қарым-қатынастағы дербес, еркін таңдау. Достық адалдық және өзара көмек беруді ғана емес, сонымен қатар, ішкі үйлесімділікті, ашық-жарқындықты, сенімді және махаббатты айғақтайды. Біз досымызды alter ego (басқаша Мен) деп атауымыздың мәні бекер емес.

ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мақсат – жас ұрпақтың тәрбиесіне біріңғайкөзқарас қалыптастыру, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру және сабақтастықты қамтамасыз ету.

Міндеттер:

  • жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуін актуалдандыру;

  • тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастыру-шылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдісте-мелік және т.б. ресурстарды шоғырландыру;

  • балалар мен жас өспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;

  • жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;

  • жас қазақстандықтарды толераттылық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;

  • балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көз-қарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау;

  • өмір бойы білімін арттыруына, кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі табысты көрсетуіне қажетті жағдай жасау.



ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Көзқарас – ол білім беретін мекемелер ұстазының немесе басшысының педаго-гикалық қызметтеріндегі белігілі бір өзара байланысты түсіну, идеялар мен тәсілдер жиынтығын қолдануға ниеттенген іс-әрекеттерін жүзеге асыруда алатын бағыты.

Антропологиялық көзқарас тәрбиеленушілерді бірегей және тұтас жеке тұлға ретінде қарап, адам туралы білім кешенінде кең көлемді есеп жүргізуге бағыттайды.

Тұлғаға бағытталған көзқарасы – тәрбиеленушінің өзара байланыстағы түсініктер, идеялар және іс-әрекет тәсілдерін қамтамасыз ету мен өзін-өзі тану, дербестігін құру және өзін-өзі табысты көрсету үдерістер жүйесін қолдау, оның қайталанбас жеке тұлғалық дамыту арқылы педагогикалық қызметтегі әдіснамалық байланыс.

Тәрбиедегі әрекетшіл көзқарас – жеке тұлғаның бірлігі оның әрекетшілдігінде екендігі туралы көріністен туындайды. Бұл бірліктің көп үлгілі формадағы қызметі жеке тұлғаның құрылымына тікелей және жанама түрде өзгеріс жасаудан байқалады; жеке тұлға өз кезегінде бір мезгілде тікелей және жанама түрде дербес даму сұранысын өтейтін барабар қызметтің түрлері мен формаларын жүзеге асырады.

Кешенді көзқарас – тәрбиеге кешенді көзқарастың мәні бірлікті, әртүрлі кешендердің тұтастығын қамтамасыз етуді құрайды, соңғы нәтижеге себепші болатын -жеке тұлғаның жан-жақты даму үндестігі дәрежесіне ие болады.

Аксиологиялық көзқарас – санадан «беретін» және адамның әлемге, адамдарға, өзіне қатысты әмбебап жалпы адамзаттық құндылықты қамтиды; табиғатпен, әлеуметпен, мәдениетпен барлық өтіп жатқан қарым-қатынасындағы жеке тұлғалық мәндерді тәрбиелеуде білім алушы өз білімінің, өмірінің мәніне ие болуына бағытталған.

Амбивалентті көзқараста алғашқыда екі жақтың бір-біріне қайшылықтарын жоятын, оларды есепке алу негізінде педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді қарастыру көзделеді.

Жүйелі көзқарас объектіні күрделі, оны құрайтын бөліктерді жинақтауға болмайтын және иерархиялық құрылым ретінде қарастыруды көздейді және жүйе жасаушы факторларды анықтауды, сыртқы байланысты талдауды мөлшерлейді.

Синергетикалық көзқарас тәрбиені тура себеп-салдарлық тәуелділікке негіздемей, тек, біркелкі емес түрде өтетін үдеріс ретінде қарастырады; маңызды дәрежеде өзін-өзі ұйымдастыратын, көптеген ішкі және сыртқы ықпалдарға себепші болатын: заңдылық пен кездейсоқ, болжамдық пен стихиялық, реттелген және ұйқы-тұйқы үдеріс.

Орта көзқарасы тәрбиешілерді жеке тұлғаны дамыту үдерісін жағдайға және ортаның сипаттамасына тәуелді қарастыруға бағыттайды.
ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ:

Тәрбие қағидасы – тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдасытру-дың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі.

Табиғилылық қағидасы тәрбие табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды тәрбиелеуде олардың жеке тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне негізделеді.

Мәдени сәйкестілік қағидасы тәрбие жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетіндігін, жалпы адамзаттық құндылықтарға сай дәстүрлер мен ұлттық мәдени нормаларға және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады.

Мақстаттылық қағидасы мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық сұранысқа нақты есеп жасауды, тәрбие қызметінің басты түрлерін дұрыс таңдауды қарастырады.

Гуманистік бағыт қағидасы әрбір жеке тұлғаға құрметпен қарайтын, оның бостандығын және әлеуметтік құқын мойындайтын гуманистік идеяны және бағытты бірінші орынға қояды; педагогтың білім алушыларға және тәрбиешілерге өздерін-өздері дамытуға жауапкершілікті субъекті ретінде қарауын, сондай-ақ, субъектінің-субъектіге көңіл бөледі.

Этникалық қағида этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдниет жасаушы ортаны қалыптастыруды, азаматтық келісім және үйлесімдікке, қоғамдық қатынаста табысқа жетуді қарастырады.

Бiрлiк талабы мен сабақтастықты қамтамасыз ету қағидасы – мұғалiмдердiң мектеппен, мектептен тыс мекемелермен, отбасымен достастығын құру, тұлға дамуының барлық сатыларында тәрбие сапасын көтеру.

Тәрбиенің үздіксіздік қағидасы жеке тұлға ғұмырының барлық кезеңдерінде оның жан-жақты дамуын болжайды: оның шығармашылық әлеуетінің үдемелі баюын және күш-қуаты мен қабілетін толық пайдаланып, кәсіби шеберлігі мен мәдени өсуін мөлшерлейді.

Әлеуметтік өзара іс-әрекеттер тиімділігі қағидасы түрлі ұжымдардағы білім беру жүйесінде тәрбие жүргізуді болжайды және білім алушылардың қарым-қатынас сферасын кеңейтуге, әлеуметтік-мәдени конструкциялық үдерістерді дербес анықтауға, барабар коммуникация жасауға жағдай туғызып, жалпы әлеуметтік бейімделуін, өзін-өзі көрсете білуін қалыптастырады.

Әлеуметтік барабар қағидасы ұйымдастырылатын тәрбие үдерісінің әлеуметтік ортаға тәрбие мазмұны мен тәсілдерінің сәйкестігін талап етеді. Тәрбиенің міндеттері нақты әлеуметтік-экономкалық жағдайларға бағытталады және балалардың әртүрлі әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға болжамдық дайындығын қалыптастыруды мөлшерлейді.

Демократияландыру қағидасы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеттеріне, педагогикалық бірлестікте, ынтымақтастыққа және бірлескен авторлыққа негізделген жүйені шамалайды. Ол сондай-ақ, педагогикалық басшылық, өзін-өзі басқару, бірлесіп басқару және жеке реттеу жүйесінің құрылымына кіретін өзара байланысты, өзара келісуді болжайды. Бұл қағида оқушыларды еркіндік, жеке адамгершілік рухында тәрбиелеуді қарастырады.

Вариативтілік қағидасы білім беру мекемелерінде жүзеге асырылатын кең таралымды, көп үлгідегі тәрбие бағдарламаларын мөлшерлейді, білім алушының жеке тұлғалық дамуының дербес траекториясын анықтауды көздейді.

ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАЗМҰНЫ
ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ:

  • білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;

  • балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;

  • өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру;

  • мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;

  • жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;

  • қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру;

  • қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;

  • балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;

  • отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.

Тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру үдерісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады.

ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ

Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысыты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.

Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Тәрбие мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады.

Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос, ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға (қарындас) патриот, немере (немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, оқушы, ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ мүшесі, көш басшы, еңбекші, иегер, әлем азаматы, қалалық (ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы, көрші, эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі.



ТӘРБИЕНІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып

тәрбие жұмысының мынадай б а ғ ы т т а р ы айқындалады:

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленуші-лердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе. Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін көтеру әрі азаматтық патриоттық, құқықтық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу; білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беруде мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру;

Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру;

Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады. Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау бірінші қатарға қойылады. Тәрбиеленушілердің санасында дәстүрлі ұлттық және моралдық құндылықтар жандандыру отбасы негізінде қалыптастыруды ұялату.

Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру. Өзін-өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымында жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өз өзін-өзі тану өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуеттік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Адам – адам, адам - қоғам, адам - техника, адам - табиғат жүйесіне терең білім қалыптастыру; Өзін-өзі тану нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін-өзі жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп, адам толысуын, өмір рахаты мен оның мәнін жете түсінеді.

Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру тұлғалық қасиет (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алу, белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды.

Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, иделдарды, нормаларды айшық-тайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және түзетуге көмек береді.

Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарас-тың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әркеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.

Эстетикалық тәрбие рухани - адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді. Адам бойында қазіргі кезең дамуының маңызды міндеттері болып саналатын өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары сана-сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет, әлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық қызметімен әлемдік құндылықтар туралы танымын толық іске асыратын, ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет әлемінде және адамдармен қарым-қатынаста қалыптастыру.

Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын алушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, тәрбиелену-шілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асырылады.

Еңбек және экономикалық тәрбие балалардың, жас өспірімдердің, және жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметі-

нің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады; адамның жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп іс-әрекет жасау, қажетті ресурстарды жұмылдырып, істің мәнісін дұрыс бағалап, өз іс-әрекетінің қажетсіз қалмауына мән беріп, олардың түпкілікті тиімділігін тиянақтап жаңа өндіріс және қоғам жасауды көздейді. Жастардың бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары құндылық ретінде қалыптастыру.

Кәсіби-шығармашылық тәрбие кәсіби және жеке құзыреттілік көзінің мәнін қалыптастыруды (арнайы, профилды, коммуникативті, әлеуметтік, интеллектуалды, ақпараттық, дербес) және т.б. қосымшаларын білуін, білім алушылардың дәстүрді және кәсіби қауымдастық құндылықтарын игеруін, ұжымдық мәдениет пен кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайды.

Интеллектуальді мәдениетті дамыту білім алушылардың белсенді ойлау қызметінің дамуын, негізгі құндылықтарды және осы заманғы ғылыми дүниетанымды қалыптастыру; олардың сана-сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті мен білімге құмарлығын дамыту.


ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ ШАРТТАРЫ

Тұжырымдаманы жүзеге асырудың негізгі шарттары төмендегідей болып табылады:

  • балалар мен жастар тәрбиесінің болашағын, саяси және әлеуметтік маңыздылығын өзектілендіру;

  • интелектуалдық, педагогикалық ұйымдастырушылық, экономикалық әдістемелік және кадрлар және тағы басқа ресурстарды тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда шоғырландыру;

  • ашық ақпараттық, білім беру, коммуникативтік, әлеуметтік және тұлғалық кеңістікті құру, балалар мен жастардың жауапкершілікті және өз бетінше болу қажеттілігі үшін тәрбие ортасын қалыптастыру;

  • тәрбиеленушілердің рухани, интелектуалдық және өз денсаулығы мен өмірі, әлеуметтік біліктілігі мен жауапкершілігін көтерудің ұйымдастырушылық жағдайларын жасау;

  • балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне толеранттылық, келісім және ұлтаралық мәдениет пен қарым қатынасты тәрбиелеу;

  • қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа позитивті көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік педагогикалық жағдай жасау;

  • кәсіби бағдар мен тұлғаның өзін өзі іске асыруына және өз білімін үздіксіз жетілдіру қажеттілігіне жағдай жасау.

Тұжырымдаманы жүзеге асырудың негізгі ресурстары:

Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету тәрбие үдерісі Қазақстан Республика-сының білім беру саласының нормативтік-құқықтық құжаттарына толық сәйкес келуі және онда туындайтын проблемаларды шешу мақсатында қайтарымды байланыс қамтылады.

Ақпараттық қамтамасыз ету – заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану, мектеп және жоғары оқу орындары ішілік БАҚ-тар, тәрбие мәселелері бойынша баспа қызметін пайдалану және т.б.

Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ғылыми-әдістемелік кешендерді жасау, вариативті бағдарламалар, тәрбиелік және ақпараттық технологияларды енгізу, педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін көтеру және қайта даярлау жұмыстары жүзеге асырылады. Тәрбие үдерісін ұйымдастырудың таңдаулы тәжірибелерін кең тарату, зерттеу және анықтау; тәрбие жұмысында және оларды ұйымдастыруда да жаңа технологияларды игеру; адамның рухани әлемінің қалыптасуын қамтамасыз етуге қызмет көрсететін тәрбиенің мәдени сәйкестілігіне бірізді бағдар алу қамтылады.

Ұйымдастырушылық-басқарушылықты қамтамасыз ету білім беру ұйымдарында және олардың құрылымдарында тәрбие жұмыстарын қолайлы жоспарлау негізінде тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және олардың жұмыстарын үйлестіруге жағдай жасау; негізгі және қосымша білім беру мазмұнын интеграциялау, толассыз зерттеу, тиімді жұмыстарды қорыту және кең тарату, тәрбие үдерісіне мониторинг жасау.

Матриалдық-техникалық қамтамасыз ету тәрбие жұмысына қажетті материалдық, техникалық жағдай жасау, тәрбие жұмысын респуб-ликалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру, тәрбие үдерісіне қатысушыларды икемді ынталандыру жүйесін тиімді пайдалану қарастырылады.

Психологиялық-педагогикалық қолдау психикалық-педагогикалық түзетуді дамытуды қажетсінетін әртүрлі категорияларға қатысты балалар мен жастармен жүргізілетін жұмыстарды арттыруды (дарынды, тәуекелшіл топтардың өкілдері, шектелген мүмкіндіктегі балалар мен жастар) қамтиды.

Кадрлық қамтамасыз ету «әлеуметтік педагог», «қосымша білім беру педагогі», «балалар бос уақытын ұйымдастырушы менеджер» мамандықтарын классификаторға енгізуді; тәрбие жұмысымен шұғылданатын барлық категориядағы педагогикалық қызметкерлердің мамандықтарын көтеру және қайта даярлауды қамтамасыз етуді; сынып жетекшілерінің, кураторлардың, мектеп психологтары-ның, әлеуметтік педагогтардің («қиын» балалармен жұмыс жөніндегі, және т.б.) қызметтік міндеттерін нақты бөлуді; педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен кәсіптік техникалық оқу орындарында «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» кафедраларын жандандыру және педагогикалық колледждер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің жазғы демалыстарын ұйымдастыруда педагогикалық практикадан өтуін қайта жаңғыртуды мөлшерлейді.

Барлық білім беру ұйымдарында (мектептерде, кәсіптік колледждер мен жоғары оқу орындарында) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі проректор, топ кураторлары, сынып жетекшілер қызметтік міндет ендіріліп және олардың іс-әрекетін балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарының жұмысымен өзара іс-әрекет қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету



ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ОРЫНДАУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

Қазақстан Респубикасында тәрбие Тұжырымдамасын жүзеге асыру:



  • тәрбиенің басымдығы мен маңызын қоғамның сезінуін, оның қоғамдағы мәртебесін нақты бекітеді;

  • білім беру жүйесінің барлық деңгейінде тәрбиенің үздіксіздігін және сабақтас-тығын қамтамасыз етеді;

  • балалардың, жас өспірімдердің және жастардың тәрбиелілігін жоғары деңгейіне жеткізеді;

  • салауатты өмір салтын норма ретінде бекітеді;

  • қоғамның рухани және адамгершілік деңгейі жоғарылайды;

  • барлық деңгейлі білім беру ұйымдарында қолданыстағы өзін-өзі дамытушы тәрбие жүйелерін қамтамасыз етеді.

Тұжырымдаманы іске асыру барысында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тиімді жүзеге асатын тәрбиенің қахзақстандық үлгісі құрылады.
СӨЗДІК

Тәрбие – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеттері (достастық).

Тәрбиелік үдеріс – ол өзіндік даму, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі іске асыруға бағыттау мақсатында .педагогтар мен балалардың өзара іс-әрекеттері.

Тәрбие жұмысы – ол анағұрлым толық өзіндік дамуы мен өзін-өзі табысты көрсету мақсатында ересектер мен балалардың бірлескен тіршілік әрекеттерін ұйымдастыру жөнінде мақсатты бағытталған қызмет.

Тәрбиелік жүйе – 1) тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара іс-қимылдары үдерісінде туындайтын (мақсаттар, субъектілер, олардың қызметі, пікірлесу, қарым-қатынас, материалдық база) және ұжымдық өмір бейнесі ретінде интегративті сипаттамалар мен оның психологиялық жағдайы қамтылған тұтас әлеуметтік организм; 2) өзінің басты қызметі – тәрбиеге қатысты ретке келтірілген ашық әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе.

Қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу үдерісінде сұраныстарын жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие және оқу үдерісі Қосымша білім беруді ұйымдастыру тұлғаның жеке дамуына, кәсіби шеберлігін анықтауына, балалардың шығармашылық еңбекке бейімделуіне, олардың қабілеттерін көрсете білуіне, қоғамдық өмірге бейімделуіне, азаматтық өзіндік санасын қалыптастыруына барлық жағдайды жасайды.

Қазіргі заманғы тәрбиеші – ол саясаттың, нарықтық педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу үшін тәрбиенің жаңа әлеуметтік-экономикалық шартын педагогикалық негізде ойлай білуге, нарықтық қатынастың келу салдарын, жаңа үрдістерді педагоги-калық мақсат ұстанымында бағалауға, педагогикалық іс-әрекеттің баламаларын салыстыруға, олардың ықтимал-ды мүмкіндіктерін болжауға қабілетті, талдау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін меңгерген кәсіби шебер.

Тәрбие қағидасы – тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдасытру-дың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі.

Өзін-өзі тәрбиелеу – субъективтік мақсатта жеке тұлғаның мүдде-сінде мақсатты түрде құрылатын және оның қасиеті мен қабілетінің дамуын саналы басқаратын үдеріс.

Өзін-өзі басқару – оқушылардың және студенттердің шығармашылық потенциалын ашуға, олардың өзін-өзі табысты көрсетуге мүмкіндік беретін өзін-өзі ұйымдастырудың тәсілі.

Әлеуметтену – адамның өмір бойы дамуы мен қалыптасуындағы әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісінде қоршаған ортамен өзара іс-қимыл, сондай-ақ, өзі өмір сүретін қоғамда өзін-өзі дамыту және өзін-өзі табысты көрсету.

Әлеуметтік белсенділік – адамның әлеуметтік қарым-қатынас жағ-дайындағы іс-әрекетті жүзеге асыратын дайындығы.

Өзіндік сана-сезім – әлеуметтік қарым-қатынасына, сұранысына, мотивіне, мәніне тән индивидтің өзі туралы сезіну және уайымдау жүйе-сінде пайда болатын жоғарғы сана.

Толеранттылық – сезгіштіктің олардың қайталанушы әсерлер нәтижесінің төмендеуі салдарынан фрустаторлар мен стрессорларға психологиялық тұрақтылық, төзімділік, шыдамдылық.







Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет