Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



жүктеу 91.42 Kb.
Дата16.01.2017
өлшемі91.42 Kb.
Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі   
№ 187 бұйрығына 2-қосымша

  «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 64 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1)  көрсетілетін қызметті беруші;
      2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
      3) «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) құжаттарды тапсырған күннен бастап:
      көрсетілетін қызметті берушіге - 1 (бір) жұмыс күні;
      Мемлекеттік корпорацияға:
      Астана қаласы бойынша – 1 (бір) жұмыс күні (құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      өзге өңірлерде – күнтізбелік 15 (он бес) күн (құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      порталға өтініш берген кезде - 1 (бір) жұмыс күні.
      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыруы үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
      6. Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі – «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды сандық қолымен (бұдан әрі – ЭСҚ) куәландырылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» жіберіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды және (немесе) қағаз жүзінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында сағ. 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз.
      Мемлекеттік қызмет жедел қызмет көрсетусіз «электронды кезек» тәртібімен таңдау бойынша көрсетіледі, электронды кезекті портал арқылы «брондауға» болады.
      3) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес стипендиат мәртебесін растайтын анықтама алуға өтініш (көрсетілетін қызметті алушы - стипендиаттар үшін);
      2) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес бітіруші мәртебесін растайтын анықтама алуға өтініш (көрсетілетін қызметті алушы - түлектер үшін);
      3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі).
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электронды өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы сұрау салуы ұсынылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілген қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) куәлігін ұсынған жағдайда, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде қорытындыны сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияның сауалы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
      Порталда электронды сауал қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметке сауал қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі (егер мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру қағаз тасымалдағышында қажет болса, оны алу орнын көрсету керек).
      10. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушы толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорациясының және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Министрлік басшылығының не оны алмастырушы адамның, не көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына жазбаша түрде жүзеге асырады.
      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.
      Өз қолымен әкеліп тапсырылған, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Портал арқылы шағым жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отыратын өтініштер туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара қабілетін немесе өзіне өзі қызмет көрсету, өз бетінше қозғалу, бағыт алу мүмкіндігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс-орталығы 1414 арқылы байланысумен тұрғылықты жері бойынша бару арқылы жүргізеді.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz   интернет-ресурсында;
      3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      4) www.e.gov.kz порталында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

«Болашақ» халықаралық    


стипендиясы стипендиатының  
мәртебесі туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша    

Нысан


«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті
___________________________________________
стипендиат ________________________________________
(Т.А.Ә. толық)
______________________________________ бағдарламасы
____________________________
(бакалавриат/магистратура/аспирантура
/докторантура/маман)
мамандығы _____________________________
(Республикалық комиссияның хаттамасы бойынша)
елі мен ЖОО __________________________
Қазақстандағы пошталық мекенжайы __________
___________________________________________
телефоны__________________________________
электрондық мекенжайы ____________________
ЖСН ____________________________________
(жеке сәйкестендiру нөмiрі) 

Өтініш


      Мен, _____________________________________________________,
________________________________________________________________
            (анықтаманы талап ету орнын көрсетіңіз)
      стипендиат мәртебесін растайтын анықтама беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісемін.

      Қолы _____________
      20__жылғы «___» _______

«Болашақ» халықаралық    


стипендиясы стипендиатының  
мәртебесі туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша    

Нысан


«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті
_________________________________________
түлек ___________________________________
(Т.А.Ә.толық)
туған күні ________________________________
(кк.аа.жж)
Қазақстандағы почталық мекенжайы _________
_________________________________________
телефоны (ұялы) _________________________
телефоны (үй) _____________________________
эл. мекенжайы ____________________________

Өтініш


      Мен, _____________________________________________________,
                (ЖОО және оқу елінің атауы)
___________________________________________________бағдарламасы,
_______________________________________________ мамандығы бойынша
  (бакалавриат, магистратура, докторантура)
_______________________бастап ____________________дейінгі
(оқуының басталу мерзімі)      (аяқтаған мерзімі)
кезеңде оқыдым.
      Сізден
____________________________________________________________
                (ұйымның атауы)
ұсыну үшін «Болашақ» бағдарламасының түлегі мәртебесін растайтын анықтама беруіңізді сұраймын.
      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісемін.

      қолы ________________


      20__жылғы «__» _________

      *Анықтама жетекшілер түлек туралы деректерді ұсынғаннан кейін беріледі.

«Болашақ» халықаралық    
стипендиясы стипендиатының  
мәртебесі туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша    

Нысан


(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.)
________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолжазба

      «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ филиалының № ___ бөлімшесі (мекенжайын көрсетілуі тиіс) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын, атап айтқанда төменде берілген құжаттарды Сіз толық тапсырмағандықтан мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтің атауын көрсету қажет):
      Жоқ құжаттар атауы:
      1) ________________________
      2) ________________________
      3) ...
      Осы қолжазба әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада құрылған.

      _____________________________                       ________


       ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері)             (қолы)

      Орындаушының ТАӘ ________________


      Тел. ______________
      Алған: ТАӘ /қызмет алушының қолы

      20___жылғы «___»______________


      _____________________________

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет