Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының



жүктеу 89.22 Kb.
Дата08.02.2017
өлшемі89.22 Kb.
Қазақстан Республикасы  
Бас Прокурорының     
2015 жылғы 27 шілдедегі  
№ 95 бұйрығына      
2-қосымша       

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 29.02.2016 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі. 
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармалары (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру: 
      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады;
      2) қызмет берушінің кеңсесі арқылы;

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі:
      1) қызмет көрсетушіге Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. 
      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру. 
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – қызмет алушы).
      8. Жұмыс кестесі:
      1) қызмет берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі.
      2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбі мен сенбі аралығында, 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз. 
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қызмет берушінің орналасқан жері бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады. 
      9. Қызмет алушының болмаса сенімхат бойынша оның өкілінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінгендегі қажетті құжаттардың тізбесі (басқа елдерден келіп түскен сұраулардан басқа): 
      қызмет берушіге: 
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзіндіні беру туралы өтініш
      2) жеке куәлік (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет); 
      3) туыстарына ақпарат алу кезінде туыстық деңгейін растайтын тиісті құжаттар; 
      4) мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға ұсынған кезде - нотариуспен расталған сенімхат.
      Мемлекеттік корпорацияға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзіндіні беру туралы өтініш; 
      2) жеке куәлік (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет); 
      3) туыстарына ақпарат алу кезінде туыстық деңгейін растайтын тиісті құжаттар (туу туралы куәлік, заңды деректі анықтау туралы заңды күшіне енген тиісті сот шешімі); 
      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға ұсынған кезде - нотариуспен расталған сенімхат.
      Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған кезде қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсыну арқылы қолхаттың негізінде жүзеге асырылады (немесе оның өкіліне нотариуспен бекітілген сенімхат бойынша).
      Мемлекеттік корпорация нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, одан кейін қызмет берушіге әрі қарай сақтауға береді. Қызмет алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша қызмет беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды қызмет алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
      10. Қызмет алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет берушілердің немесе оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым қызмет берушінің басшысының атына, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қызмет берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Қызмет берушінің кеңселеріне шағымның қабылдануының расталуы оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      Мемлекеттік корпорация қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
      Қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылдануының растауы оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошта мекенжайы
      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетiледi. 
      Қызмет берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызмет алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі болмаса қызмет берушінің, Мемлекеттік корпорацияның кеңселері арқылы қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Қызмет алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Ағзасындағы өмір сүру қабілетін шектейтін функциялардың тұрақты бұзылуына байланысты денсаулығына қатысты проблемалары бар қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттігі болған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы арқылы 1414 және 8 80 00 80 7777 жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша барумен жүзеге асырады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
      1) қызмет берушінің: www.prokuror.kz; «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
      2) Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz.
      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының көмегімен қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. 
      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары қызмет берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414 және 8 800 080 7777.

«Қазақстан Республикасы Бас      


прокуратурасының Құқықтық статистика 
және арнайы есепке алу жөніндегі  
комитетінің есептері бойынша тұлғаның 
қылмыстық құқық бұзушылық жасауы  
туралы мәліметтердің болуы не болмауы 
туралы анықтама беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына   
1-қосымша             

Нысан


Қазақстан Республикасы         
Бас прокуратурасы Құқықтық       
статистика және арнайы есепке алу   
жөніндегі комитеті           
Төрағасының орынбасарына        
_____________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің 
аты (болған жағдайда))        
_____________________________________
(Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)   
мен пошта мекенжайы)        

Мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзіндіні беру туралы


ӨТІНІШ

      Сізден маған, мұрағаттық анықтама талап етілетін туысқандарыма қатысты мұрағаттық анықтама, мұрағаттық көшірме немесе мұрағаттық үзінді беруіңізді сұраймын: (қажетінің астын сызыңыз)


1.____________________,___________________________________,__________
   (туыстық дәрежесі)       (тегі, аты, әкесінің аты)        (ұлты)
19 _____жылы___________________________________________________ туған
(республиканы, өлкені, облысты, ауданды, қаланы, ауылды көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
             (туған жері, қоныс аударғанға дейінгі тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
(республиканы, өлкені, облысты, ауданды, қаланы, ауылды көрсетіңіз)
және 19__ жылы ______________________________________________________
__________арнайы қонысына келді (ауылды, колхозды, совхозды, ауданды көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
(арнайы қоныста болған республиканы, өлкені, облысты, ауданды, қаланы, ауылды және
_____________________________________________________ қоныс аударылды
           басқа да мәліметтерді көрсетіңіз)
2.__________________,______________________________________,_________
  (туыстық дәрежесі)       (тегі, аты, әкесінің аты)          (ұлты)
19_____жылы____________________________________________________ туған
(республиканы, өлкені, облысты, ауданды, қаланы, ауылды көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
       (туған жері, қоныс аударғанға дейінгі тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
(республиканы, өлкені, облысты, ауданды, қаланы, ауылды көрсетіңіз)
және 19__ жылы ______________________________________________________
____________________________________ арнайы қонысына келді
_____________________________________________________________________
(арнайы қоныста болған республиканы, өлкені, облысты, ауданды, қаланы, ауылды және
_____________________________________________________ қоныс аударылды
            басқа да мәліметтерді көрсетіңіз)
3. __________________,___________________________________,___________
   (туыстық дәрежесі)      (тегі, аты, әкесінің аты)         (ұлты)
19_____жылы____________________________________________________ туған
(республиканы, өлкені, облысты, ауданды, қаланы, ауылды көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
      (туған жері, қоныс аударғанға дейінгі тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
(республиканы, өлкені, облысты, ауданды, қаланы, ауылды көрсетіңіз)
және 19__ жылы ______________________________________________________
_______________________________________________ арнайы қонысына келді
(арнайы қоныста болған республиканы, өлкені, облысты, ауданды, қаланы, ауылды және
____________________________________________________ қоныс аударылды
          басқа да мәліметтерді көрсетіңіз)

      Қосымша:_______________________________________________________


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
           (құжаттардың саны мен тізбесін көрсетіңіз)

Өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты:


_____________________________________________________________________
             (қысқартпай көрсетіңіз, анықтама телефоны)
Қолы ___________________
20____ жылғы «__»_______

Ескертпе:


тектері, аттары және әкесінің аттары, туған күндері мен жерлері баспа әріптерімен толтырылады, өтінішті толтыру кезінде бұрынғы және өзгертілген өмірбаян деректері міндетті түрде көрсетілуі тиіс

«Қазақстан Республикасы Бас      


прокуратурасының Құқықтық статистика 
және арнайы есепке алу жөніндегі  
комитетінің есептері бойынша тұлғаның 
қылмыстық құқық бұзушылық жасауы  
туралы мәліметтердің болуы не болмауы 
туралы анықтама беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына   
2-қосымша             

_________________________________________


(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
қызмет алушы мекеменің атауы)      
_________________________________________
(қызмет алушының мекенжайы)      

Нысан


Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы 
ҚОЛХАТ

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам бөлімі (мекенжайын көрсету керек), Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік қызметті көрсету үшін (мемлекеттік қызметтің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:


      жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________________;
      2) _______________________________________;
      3) _______________________________________...

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің 
      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                (қолы)

      Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) __________


      Телефон _______________________
      Қабылдады: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы
      20 __ жылғы « ___ » ______________

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет