Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері



жүктеу 59.57 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі59.57 Kb.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
C-4 санаты үшін: жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, Астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-4

138 248

186 552

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, анықтама үшін телефондар: 555-870, e-mail: onalbaeva.a@minagri.gov.kz, «Б» корпусындағы барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:



  1. Ауыл шаруашылығы кооперациясы департаменті Кооперация стратегиясы және оны ілгерілету басқармасының бас сарапшылары, санаты С-4, 2 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Аумақтарда ауыл шаруашылығы кооперациясын ілгерілету бойынша стратегиялық құжаттарды әзірлеу және қалыптастыруға, ауыл шаруашылығы кооперациясы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныс енгізуге, ауыл шаруашылығы кооперациясы саласындағы мемлекеттік саясат тиімділігін жоғарылатуға, ауыл шаруашылығы кооперациясы саласындағы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарын және басқа салалық бағдарлама көрсеткіштерін әзірлеу және түзетуге қатысу, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өндірістік көрсеткіштерін талдау жүргізуге, әлемдік тәжірибені зерделеуге және ауыл шаруашылығы кооперациясы саласындағы халықаралық байланыстарды кеңейту және дамытуға қатысу; жеке және заңды тұлғалар өтініштеріне, сондай-ақ ҚР Президенті әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінің ауыл шаруашылығы кооперация стратегиясын және оны ілгерілету мәселелері бойынша тапсырмаларына жауап дайындау; Алқа отырысы, мәжіліс және басқа шараларды өткізу үшін ауыл шаруашылығы кооперация стратегиясы және оны ілгерілету мәселелері бойынша презентациялық материалдарды және баяндама дайындауға қатысу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Ауылшаруашылық ғылымдары саласында: мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы немесе агрономия немесе өсімдік қорғау және карантин немесе жеміс-көкөніс шаруашылығы немесе аграрлық техника және технология немесе ветеринария саласында: ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында: технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша) немесе стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) немесе биотехнология мамандығы бойынша жоғары білім. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Мынадай құзыреттерінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесу өткiзудiң орны: Астана қаласы, Кенесары көшесі 36, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғимараты.

Әңгімелесу өткiзудiң мерзiмi «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларымен реттелген.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар шақырылады.


________________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені ________ _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ __ ______________________________________ _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берілген құжаттар:

Мекен жайы және байланыс телефоны ______

__________ _____                     


   (қолы)                              (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«____»_______________ 20__ ж.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет