Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі Департамент), 010000, Астана қ

Loading...


жүктеу 67.08 Kb.
Дата16.01.2017
өлшемі67.08 Kb.
Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі - Департамент), 010000, Астана қ., Республика даңғылы, 52, анықтама телефоны 8 (7172) 773257, e-mail: AKozybakova@astana.mgd.kz, Департаменттің Экономикалық тергеулер қызметінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыру:

Департаменттің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы криминалистикалық бөлімінің аға офицер – бас маманы С-GDO-5 (2 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын және басқа да құқықтық-нормативтік актілерін, заңмен белгіленген мемлекеттік қызметкердің міндеттерін сақтау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыруда талдау, әдіснама, анықтама және өзге де материалдарын дайындауға қатысу; департаменттің, басқарманың, бөлімнің басшыларының, жедел-мәжіліс кеңестерінің, алқа шешімдерін орындау; криминалистикалық техника мен шығыс материалдарына белгіленген тәртіпте жалпы тапсырыстар құру; тергеу әрекеттері, жедел-іздестіру шараларына, сонымен қатар оқиға орнын, объектілерді және заттай дәлелдемелерді қарауға қатысу; қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, сонымен қатар жедел-іздестіру материалдары бойынша кешенді криминалистикалық және арнайы, аса қиын, комиссиондық зерттеулер жүргізу; экономикалық зерттеулер, оның ішінде шаруашылық операциялар зерттеулері, бухгалтерлік зерттеулер, қаржы-несие зерттеулері; зерттеудің бекітілген әдісі мен мерзімдерін сақтау; зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз ету. Бөлімнің есеп-тіркеу жұмысын жүргізу. Жоғары тұрған Министрліктің, Комитеттің, Департаменттің басшылығының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету.

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: экономикалық зерттеулердің (шаруашылық операцияларды зерттеулер,) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсиби білімі.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде екі жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы. Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде екі жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы. Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Департаменттің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы криминалистикалық бөлімінің жетекші маман - офицері С-GDO-6 (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын және басқа да құқықтық-нормативтік актілерін, заңмен белгіленген мемлекеттік қызметкердің міндеттерін сақтау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыруда талдау, әдіснама, анықтама және өзге де материалдарын дайындауға қатысу; департаменттің, басқарманың, бөлімнің басшыларының, жедел-мәжіліс кеңестерінің, алқа шешімдерін орындау; криминалистикалық техника мен шығыс материалдарына белгіленген тәртіпте жалпы тапсырыстар құру; тергеу әрекеттері, жедел-іздестіру шараларына, сонымен қатар оқиға орнын, объектілерді және заттай дәлелдемелерді қарауға қатысу; қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, сонымен қатар жедел-іздестіру материалдары бойынша кешенді криминалистикалық және арнайы, аса қиын зерттеулер жүргізу; компьютерлік технологиялар, ұялы байланыс құрылғылары саласы, азық-түлікке жатпайтын халық тұтыну тауарлары саласы бойынша (контрафактілік тауарлар бойынша, сонымен қатар аудио-видео бағдарламалар, тауарлардың кедендік бағасын анықтау) зерттеулер жүргізу; зерттеудің бекітілген әдісі мен мерзімдерін сақтау; зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз ету. Бөлімнің есеп-тіркеу жұмысын жүргізу. Жоғары тұрған Министрліктің, Комитеттің, Департаменттің басшылығының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету.

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Департаменттің Салық және кеден салаларындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасы кеден саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу бөлімінің жетекші маман - офицері С-GDO-6 (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын және басқа да құқықтық-нормативтік актілерін, заңмен белгіленген мемлекеттік қызметкердің міндеттерін сақтау. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ашуға бағытталған жедел- іздестіру іс-шараларын жүргізу. ЭЭкономикалық және қаржы қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша алдын алу, ашу, тергеу бойынша тапсырмалар орындау.



Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» кодексін және Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін білу. Міндетті түрде полиграфологиялық зерттеу және жеке тұлға құзыреті бойынша тестілеу.



Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар: құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Департаменті қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына сәйкес белгілетін болады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – конкурс жүргізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде. Құжаттар Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Департаментінің Адами ресурстары басқармасына қағаз жүзінде қабылданады (Республика даңғылы, 52, 503 бөлме), тел.: 8 (7172) 773257, сондай-ақ, электрондық түрде e-mail: AKozybakova@astana.mgd.kz. Конкурсқа қатысу үшін электрондық пошта арқылы құжат тапсырған азаматтар құжаттардың түпнұсқасын тестілеу өтуге бір жұмыс күні қалғанға дейін ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар саны

1. Өтініш;

2. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

3. Қазақстан Республикасының азаматы куәлігінің көшірмесі;

4. Білімі туралы құжаттың көшірмесі (диплом мен қосымшасы);

5. Әскери қызметті өткенін немесе Қорғаныс Министрлігінің әскери-оқыту резервтерін дайындау бойынша мамандандырылған ұйымдарында әскери дайындық өткенін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел әскери қызметке шақырту мерзімін ұзартуын немесе босатылуын растайтын құжаттың көшірмесі;

6. 3х4 (4 дана) көлемдегі фотосурет.

7. Жақын туыстарын көрсетумен, соның ішінде бұрынғы жұбайы, А4 форматында басылған түрінде және өз қолымен жазып толтырылған өмірбаян;

8. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

9. Құқық статистикасы және арнайы есеп органдарынан сотталмағандығы туралы, сот тәртібімен бір жыл ішінде қасақана жасаған құқық бұзушылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтамалар;

10. Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес кандидаттың және оның жұбайының мекен жайы бойынша мемлекеттік кірістер органдарына табыс және мүлік туралы ұсынылған декларациялары жөнінде растайтын құжаттар.

Құжаттардың көшірмесін қабылдағанда салыстыру үшін олардың түпнұсқасы көрсетіледі немесе нотариалды расталған көшірмелері қабылданады.



Толық емес пакет құжаттарын ұсыну оларды қабылдамауға негіз болып табылады.

Конкурс кезеңдері туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараттық стендтерінде, жалпыға жетімді орындарында, сонымен қатар оның www.astana.kgd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
: sites -> default -> files -> u1323
files -> Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы
files -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшiн жұмыстарды қабылдау
u1323 -> Жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі
u1323 -> Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: c-r-5 санаты үшін
u1323 -> Алкоголь өнімдерін сақтау мен бөлшектеп өткізуге лицензия алу туралы жаднама
u1323 -> Алкоголь өнімдерін сақтау мен бөлшектеп өткізуге лицензия алу туралы жаднама
u1323 -> Алкоголь өнімдерін сақтау мен көтерме өткізуге лицензия алу туралы жаднама
u1323 -> Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: c r 4 санаты үшін
u1323 -> Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: c-r-5 санаты үшін


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...