Қазақстан халқы ұғымының конституциялық құқықтық категория ретіндегі мәні, мазмұны, ерекшелігі

Loading...


Дата09.09.2017
өлшемі102.12 Kb.
Қазақстан халқы ұғымының конституциялық – құқықтық категория ретіндегі мәні, мазмұны, ерекшелігі.
Бопабаев Е.Ч з.ғ.к аға оқытушы Абай атындағы КазҰПУ.
Жалпы, адам құқықтары – құқықтық мемлекеттегі ең жоғарғы құндылық. Өркениеттің мыңжылдық тәжірибесі жинақтаған адамның әмбебап құқықтарының жиынтығының құндылық мәні оларда жалпы адамзаттың қалыпты тіршілігі үшін қажетті табиғи және бұлжымас қасиеттер әлеуетінің жатқандығында. Бұл басты идеяны мемлекеттік аппарат қызметінде де негіз қалаушы идея деп тану аса маңызды деп ойлаймыз.

Түйінді сөздерқұқық, тұлға,конституция, декларация, әлемдік, пакт, саяси, коғам, полиция, президент, заң, ұлттық, тәуелсіздік.

Қазақстан Республикасының конституциялық құқық теориясында өзінің шешімін таппаған көптеген келелі мәселелер баршылық. Солардың бірі, Қазақстан халқының конституциялық құқықтық категория ретіндегі ұғымын беру болып табылады. Оның жалпы теориялық және тәжірибелік маңызы бар. Қазіргі кезеңде дамыған елдердің барлығы демократиялық және құқықтық мемлекетті қалыптастыруды негізгі бағыт ретінде ұстануда. Демократиялық мемлекеттің басты ерекшеліктерінің бірі, биліктің бастауы – халық болып табылатындығында. Сондықтан да, демократиялық дамуды басшылыққа алған Қазақстан үшін де халықтың билікке араласуын нақтылап, дамыта түсу қажет. Осы жағдайлардың барлығы конституциялық құқықтық тұрғыдағы халық ұғымын салмақтауға еріксіз бізді жетелейді.

Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 жылы қабылданған қазіргі қолданыстағы Конституциясында халықтың ұғымы нақты ашылып, талданбайды. Бірақ та, онда мынандай талап белгіленген: “Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді” [1, 7 б.]. Көріп отырғанымыздай, конституциялық деңгейде халық ұғымы бізде нақты айқындалмаған. Сондықтан да, біз жалпы халық, ұлт ұғымдарының мәнін ажыратып алуымыз қажет.

Отандық философиялық сөздіктердің бірінде, халық деген ұғым тікелей берілмесе, оның мәні халықтың орналасуы деген түсініктің аясында қамтылғандай. Бұл сөздікте былай делінеді: “Халықтың орналасуы-белгілі бір әлеуметтік ортада тіршілік ететін адамдар тобының жалпы адамзаттың, елдер тобының, жекелеген елдердің, сол елдердің ішіндегі нақты бір мекендерге дейінгі түрлі аймақтық бөлімшелердің жиынтығы. Философиялық, социологиялық тұрғыдан алғанда халықтың орналасуы қоғамдық өндірістің субъектісі және сонымен бірге объектісі деп саналады. Саяси экономикада халықтың орналасуы еңбек ресурстарының көзі және тұтыну объектісі: демеографияда-саны, жасы жән жынысы жағынан әр түрлі адамдар ұрпағының шоғырлануы: демографияда – белгілі бір территория шеңберінде орналасқан және орын ауыстыратын сол адамдар тобының жиынтығы [2, 470 б.].”

Мұның өзінен халық ұғымы бірнеше аспектіде қаралатындығын көруге болады. Біздің ойымызша, халықтың бірнеше бағыттағы мәнін конституционалист ғалымдарымыздың бірі, Д.К. Нұрпейісов төмендегідей кеңінен талдап көрсетеді: “Народ - 1) в науке конституционного права понятие, обычно подразумевающее все население данного государства, образующее единую социально-экономическую и политическую общность независимо от деления его на какие-либо национальные общности. В этом смысле современные конституции говорят о народе как о “носителе суверенитета и единственном источнике власти” в государстве.

Понятие народ может также означать обособленную от других национально-культурную общность, которая может и не быть связаны с территорией какого-либо государства (в этом случае термин “народ” синомичен иногда термину “нация”). 2) в историческом материализме это субъект истории, совокупность тех классов и социальных групп данного общества, которая является его основой производительной и преобразующей силой, главной движущей силой общественного развития. В более узком, конкретно - социологическом смысле народ - совокупность социальных групп, занятых в массовых видах деятельности в системе общественного разделения труда (прежде всего - в материальном производстве). Народ – единое социальное целое, поскольку имеет общую историческую судьбу, существенные признаки сходного образа жизни и нравов, а также чувство принадлежности к единой исторической общности. 3) субъект международно-правовой системы прав народов. Народ впервые стал общепризнанным субъектом международного права в 1945 году в результате закрепления в Уставе ООН принципа “равноправия и самоопределения народов” (см. самоопределения народов принцип). Ныне в международном праве закрепляется широкий круг прав народов, обобщаемый в различных конвенционных и результативно-декларативных актах (см. права народов). Вместе с тем общепринятого всем международным сообществом понятия народ до сих нет. Не только в международно-правовой, но и в этнографической литературе дискуссии на эту тему идут с ХІХ в.” [3, 110 б.]. Қарап отырсақ, халық мәселесі қай тұрғыда болса да, әлі толыққанды өзінің шешімін таба қоймаған мәселелердің қатарына жатады. Соңғы кезеңдердегі Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздіктерінің бірінде, халыққа мынандай конституциялық-құқықтық талқылау берілген: “Қазақ халқы-өз билігін тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы, сондай-ақ оны мемлекеттік органдарға өкілдік беру жолымен жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік құқықтық бірлігі.

Конституцияның 3-бабаның 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды.

“Қазақстан халқы” деген конституциялық ұғым тұрғылықты қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ортақ тілекпен ежелгі қазақ жеріндегі тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас эономика мен жарқын өмір салтының негізінде топтасқан адамдардың саяси этникалық тұрақты бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; конституциялық жолмен белгіленген ұлттық, конфессиональдық және азаматтық теңдікті, тең қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді; сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті, жалпы бауыр басушылықты, естеліктер мен үміттерді барынша нығайта түседі [4, 21-22 б.].”

Қазақстан Республикасының конституциялық-құқықтық дамуында заңдық тұрғыдан халықтың түсінігі де кезінде берілген. 16 желтоқсан 1991 жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заңның 6-бабында Қазақстан Республикасының халқы былай айқындалады: “Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, бұл халық Қазақстан Республикасындағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде тікелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттік органдар арқылы да мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асырады” [5, 133 б.]. Әрине бұл түсініктер қазіргі кезеңдегі қолданыстағы конституциямыздың негізін қалағаны көрініп тұр.

Халықты құқықтық тұрғыдан айқындаудың тағы бір маңызы жалпы мемлекет және құқық теориясымен айналысатын ғалымдар бүгінгі таңда, мемлекеттің негізгі белгілерінің біріне жатқызатындығында деп айтуға болады.

Әрине, бұл көзқарасты қолдамайтында пікірлер кездеседі. Мысалы, Ресейлік белгілі мемлекеттанушы ғалым В.Е. Чиркин бұл бағыттағы ойын былай түсіндіреді: “Вместе с тем сама по себе констатация населенности территории не служит признаком государства, как это считается с точки зрения классического (арифметического) подхода к понятию государства” [6, 93 б.], - дей келе халық пен мемлекеттіліктің арасындағы байланысты төмендегі оймен толықтыра түседі: “Есть и другие формы взаимосвязи государственности и населения, в том числе признак гражданства и негражданства человека, находящегося на территории данного государства, порядок регулирования государством правового положения определенных общностей людей, объединенных естественными причинами (например, этнические группы, молодежь) или создаваемых людьми в соответствии со своими убеждениями или иными факторами (политические партии или союзы писателей) и др.” Әрине, бұл мәселе бойынша қандай пікір болғанмен, халықсыз мемлекет бола алмайды. Сондықтан да, халық мәселесін мемлекеттік құқықтық тұрғыда айқындау қалай да болмасын маңызды болып табылады. Халықты мемлекеттік егемендікпен астастыра қарайтын ғалымдар да баршылық. Еліміздің белгілі ғалымдардың бірі, А.К. Котов Қазақстан халқына байланысты кезінде мынандай маңызды пікір айтқан болатын: “Феномен казахстанского народа образуемого многонациональным составом населения территории Казахстана из равноправных граждан различных национальностей, объединенных исторической судьбой вокруг коренной нации как консолидирующего ядра этой полиэтнической общности, и постоянно хозяйствующих на казахстанской земле, можно назвать социально-демографическим основанием государственного суверенитета Республики Казахстан.

Одного-его этнико-политической основание определяет государственный суверенитет, другое социально-демографическое основание, обусловливает государственный суверенитет Республики Казахстан, а вместе они, в своем взаимопроникновении, взаимодополняя друг-друга в динамическом равновесии, образует единство государственной власти в казахстанском обществе, источником которой являются, только будучи органически целостны как одна историческая нация-народ Казахстана” [7, 96 б.].

Қазіргі қолданыстағы конституциямызда көрініс тапқан халыққа байланысты түсініктер, осындай конституционалист ғалымдарымыздың теориялық негіздеуінен туындағанын аңғару қиын емес. Біз жоғарыда халыққа байланысты айтылған түсініктерді саралай келгенде, Қазақстан халқы деген түсініктің конституциялық – құқықтық тұрғыдағы маңызы, оның мемлекетпен саяси-құқықтық байланысты болатындығында деп санаймыз. Бұл мемлекеттегі халықтың негізгі өзегін құрайды.

Қазақстан халқын айқындаудағы тағы бір маңызды мәселе халық билікті қалай жүзеге асыратындығы. Ол туралы С.А. Табанов пен А.Ә. Оразова мынандай дұрыс пікір айтқан: “Мұнан кейін біз, халықтық биліктің екі нысанының тікелей (республикалық референдум және еркін сайлау) және өкілді демократияға (өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға беру) бөлінгендігін аңғарып отырмыз.

Өкілді демократия мен тікелей демократияның арасында орасан зор алшақтық болғанымен халықтың осы екі нысан арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.

Сонымен қатар, Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға, бірлестіктерге бірігуге құқығы бар” [8, 117 б.]. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында да көрініс тауып бекіген. Халық билігін жүзеге асырудың көріністері болып табылады.

Қазіргі кезеңде біздің ойымызша, халық, ұлт мәселесі көпшілікті ойландырып жүрген өзекті мәселеге айналуда. Соңғы кезеңде “Қазақ ұлты” деген түсініктің орнына, “Қазақстандық” деген ұғымды қолдану туралы пікірдің шығуы да, осы мәселелердің заңдық тұрғыда айқындалмауымен байланысты. Сондықтан да, конституциялық-құқықтық категория ретінде халық және ұлт мәселелерді ажыратуымыз қажет. Қазақ ұлты бүгінгі таңда мемлекетті қалыптастырушы және оған бірден-бір жауапкер болып отыр. Әрине, бұл мәселе саяси сақтықты қажет етеді. Біз Қазақстанда мекендейтін барлық ұлт өкілдерінің басын біріктіру үшін Қазақстандық патриотизмді дамыта түсуіміз қажет.

Мұндай жағдайды өтпелі кезеңдегі барлық мемлекеттер бастан кешірген. Қазақстан Республикасы ұлттық мемлекет болғандықтан, барлық қазақстандықтар осы ұлттық мемлекетті дамытуға үлес қосу керек. Конституциялық тұрғыда бұл мәселелер толық деңгейде өзінің шешімін таба алған деп санауға да болады.

Жалпы халық ұғымын конституциялық-құқықтық тұрғыда нақтылау, оны жүзеге асырудың бірден-бір негізі болып табылатындығы белгілі. Қазақстан халқы және қазақ ұлты деген ұғымдарды конституциялық-құқықтық тұрғыда айқындау, ағымдағы заңнаманы дұрыс қолдануды және оның тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Қазақстан халықының конституциялық құқықтық тұрғыдағы мәртебесінің маңызды қырларының қатарына жалпы Қазақстан халқының азаматтықпен байланысы жатады. Қазақстан халқы-азаматтық пен құқықтық тұрғыда байланысқан адамдардың жиынтығы.

Сонымен қатар, Қазақстан халқына Қазақстанды мекендейтін барлық ұлт өкілдері кіреді. Қазақстан халқы Қазақстанды мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың құқықтық байланысының жиынтығын береді.

Қазақстан халқының конституциялық құқықтық тұрғыдағы тағы маңызды қырларына егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылатындығыда жатады. Қазақстан халқының халық билігін жүзеге асыруға қатысу нысандары да қазақстан халқының конституциялық құқықтық мәртебесін айқындаушы негізгі ерекшелікті көрсетеді.

Қазақстан халқы дегеніміз-конституциялық құқықтық тұрғыда алғанда қазақстан аумағын мекендейтін азаматтықпен байланысқан өзара құқықтары мен міндеттері бар адамдардың жиынтығынан тұрады.



Пайдаланылған әдебиеттертізімі.


1. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі. - Алматы: Жеті Жарғы, 1996. – 368 б.

2. Нурпеисов Д.К. Национальная безопасность: правовой аспект // Научно-справочное издание. – Алматы. – 2003. - 168 с.

3. Философиялық сөздік / құраст. Р.Н. Нұрғалиев., Ғ.Ғ. Ақмамбетов. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы. – 1996. - 525 б.

4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. – 136 б.

5. Баймаханов М.Т., Вайсберг Л.М., Котов А.К. Становление суверенитета Республики Казахстан (государственно-правовые проблемы). – Алматы, 1994. – 153 с.

6. Бәйішев Ж. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы // Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – Б. 148-178 .

7. Бәйішев Ж. Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декаларция 1990 жыл 25 қазан // Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – Б. 107-111.

8. Бәйішев Ж. Тоғызыншы сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің кезектен тыс жетінші сессиясында 1978 жылғы 20 апрельде қабылданған Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы (Негізгі Заңы) // Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – Б. 33-72.

Резюме
Бопабаев Е.Ч- Абай атындағы КазҰПУ-нің



Тарих және құқық иститутының қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасың аға оқутушысы з.ғ.қ.

Қазақстан халқы ұғымының конституциялық – құқықтық категория ретіндегі мәні, мазмұны, ерекшелігі.
Понятие народ может также означать обособленную от других национально-культурную общность, которая может и не быть связаны с территорией какого-либо государства в этом случае термин “народ” синомичен иногда термину “нация в историческом материализме это субъект истории, совокупность тех классов и социальных групп данного общества, которая является его основой производительной и преобразующей силой, главной движущей силой общественного развития.

summary

Bopabaev E. Ch. - Candidate of Law Sciences, senior lecturer of Criminal Law Institute of History and Law at the Kazakh National Pedagogical University named after Abay, timsan_88@mail.ru
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...