Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» мм көрсететін мемлекеттік қызметтер



жүктеу 74.26 Kb.
Дата28.01.2017
өлшемі74.26 Kb.
Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

«Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ көрсететін мемлекеттік  қызметтер
                                                           Төлқұжаты  (АХАТ)                                  

1

Мемлекеттік қызметтің аталуы

«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»

2

Мемлекеттік қызметті ұсынатын орган

«Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ (АХАТ )

3

Көрсетілетін қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету орыны

«Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» (АХАТ)

6

Мемлекеттік қызмет көрсету реті

Құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа – Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде Қазақстан Республикасы бойынша акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде – көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.


7

Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы не оның уәкілетті өкілі көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынатын қажетті құжаттардың тізбесі:
азаматтық хал актісі жазбасын қалпына келтіру үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарында акті жазбасының жоқтығы туралы жоғалтылған жазба болған жер бойынша облыстық (қалалық) азаматтық хал актілерін жазу мұрағатының анықтамасы;
4) көрсетілетін қызметті алушының және оның жақын туыстары (ата-анасы, балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен қарындастары) туралы деректер толық көрсетілген өмірбаян;
5) еңбек кітапшасының көшірмесі, егер көрсетілетін қызметті алушы студент болса – оқу орнынан туған күні мен жері көрсетілген анықтама (бар болса);
6) егер көрсетілетін қызметті алушы әскери міндетті болса, әскери билеттің көшірмесі (бар болса);
7) көрсетілетін қызметті алушының 3*4 мөлшердегі екі фотосуреті;
8) мемлекеттік бажды бюджетке төлегенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат.
Егер азаматтық хал актілерін тіркеу 2008 жылға дейін жүргізілген болса, мынадай құжаттардың:
9)
егер некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған болса, неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің;
10) егер бар болса, балалардың тууы туралы куәліктерінің;
11) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) не ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлігінің;
12) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің (егер бар болса);
13) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде нотариалды куәландырылған сенімхаттың;
14) егер көрсетілетін қызметті алушы зейнеткер болса, зейнеткер куәлігінің (орталыққа жүгінген кезде мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында түседі) көшірмесі ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді көрсетілетін қызметті беруші немесе орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжаттар нысанында алады.
 Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері немесе орталық қызметкері құжаттар түпнұсқаларының түпнұсқалылығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан соң түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық берген нысан бойынша жазбаша келісім береді.
Мемлекеттік қызметті орталық арқылы көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға:

1) сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні;
2) сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
5) құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Заңды күшіне енген сот шешімі негізінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы мыналарды:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігін (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;
3) мемлекеттік тіркеу орны мен уақыты көрсетілген актілік жазбаны қалпына келтіру туралы соттың заңды күшіне енген шешімін ұсынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар:
1)
өтініштің қабылданған күні;
2) қоса берілген құжаттардың саны;
3) құжаттарды беру күні, уақыты;
4) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған маманның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген қолхат беріледі.
Оралмандар Қазақстан Республикасына заңды көшіп келгені туралы және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы қолдаухаттары туралы ішкі істер органдары берген құжаттарды қосымша тапсырады.
Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру үшін көрсетілетін қызметті алушы азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге қажетті мәліметтерді растайтын құжаттарды (жұмыс немесе оқу орнынан анықтама, білімі туралы құжаттар, мемлекеттік мұрағаттардың анықтамалары) ұсынады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 
9-тармағындакөрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық бермеген жағдайда орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
 

8

Мемлекеттік қызмет көрсету құны және төлем реті

Мемлекеттік қызмет ақылы/тегін көрсетіледі.
Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге байланысты куәліктер берілгені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының 
Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық түрде маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:
1)
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар – тууы туралы куәлiктері тiркелгенi және қайта берілгенi үшін;
2) жеке тұлғалар – азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары қалпына келтірілген және өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн растайтын құжаттар ұсынған ретте мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
Орталықта мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
Орталықта «электрондық үкімет» порталының төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлем жүргізу мүмкіндігі көрсетілген.
 

9

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1)Құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа – Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде Қазақстан Республикасы бойынша акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде – көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты:
көрсетілетін қызметті берушіге – 20 (жиырма) минут;
орталыққа – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты:
көрсетілетін қызметті берушіде – 20 (жиырма) минут;
орталықта – 15 (он бес) минут.
 

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:
Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы тиісті куәлік беру.
 

11

Нормативті-құқықтық актілер

«Неке (ерлі-зайыптылық)  және отбасы туралы» ҚР  2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодесі.
«Азаматтың хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1559 қаулысы


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет